46
Қысқартып айтсақ, Қылмыстық кодекспен тыйым салынған əрекеттер –
қылмыс болып табылады.
Жаңа Қылмыстық кодекстің демократиялық мемлекетке сəйкес
жақтары бар. Бұрынғы заңдарда өлім жазасы көп айтылса,бұл заңда көптеген
жағдайда азайтылған. Жаңа Қылмыстық кодексте адамды түрмеге
отырғызбай-ақ жазалау түрлері бар. Əрине, əрбір қылмысқа берілер жазасы
бар. Түрме көп жағдайда адам баласын түзетеді деген, əрине, қате пікір.
Бұрынғы Қылмыстық кодексте жалпы жəне ауыр қылмыс деп қылмыстың
тек екі ғана түрін қарайтын, жаңа Қылмыстық кодексте қылмыс түрлерін
бірнеше санаттарға бөлген. Онша ауыр мес қылмыстар, ауырлығы орташа
қылмыстар, ерекше ауыр қылмыстар. Қамау жазасы алғашқы екуіне
қолданылуы мүмкін. Əскери қызметтер бойынша шектеу жазасы тəртіптеуші
əскери бөлімдерде ұстау арқылы жүзеге асырылады. Əскери адамдар болса,
оларды əскери шенінен айырады.
(«Заң» газеті)
Достарыңызбен бөлісу: