Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет86/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

Ұлттық теңгенің шығуы. 
      Біздің  ұлттық  болмысымызды,  бейнемізді,  тарихымызды  дəлелдейтін 
рəміздеріміздің бірі  ұлттық  валютамыз—теңге.  Ұлттық  валюта  əрбір дербес 
мемлекеттің  егемендігін,  тəуелсіздігін  білдіреді.  Еліміз  егемендік  алуына 
байланысты 1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының 
Парламентінде  Қазақстанның  өз  ұлттық  валютасын  шығару  туралы  мəселе 
қойылды.  Жаңа  теңгені  шығару  үшін    ағылшынның  «Харрисон  жəне  оның   
ұлдары»  фирмасымен  келісім  шарт  жасалды.  Сөйтіп,1993  жылы 
1,3,5,10,20,50,  жəне  100  теңгелік  ақшалар  Қазақстанға  жеткізілді.  Оларды 
қолдан жасаудан  қорғанатын 16  құпия белгісі бар.  Қазақстан  теңгесі  қазіргі 
ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
 
       1993  жылы  12  қарашада  Қазақстан  Республикасының  президенті 
Н.Ə.Назарбаев  «Қазақстан  Республикасында  Ұлттық  валютаны  енгізу 
туралы»  Жарлыққа  қол  қойды.    Осы  жарлық  бойынша  1993  жылы  15 
қарашада  сағат  8-де    ұлттық  валюта  –  теңге  Қазақстанның  территориясына 
енгізілді.  Ресей  үлгісіндегі  қазыналық  жəне  банктік  билеттердің 
айырбасталуы 20 қарашада сағат 18-де тоқтатылды.  
Қолма-қол  ақшалардың,  рубльдік  шоттардың,  салымдар  мен 
міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы 
бойынша жүргізілді.  
Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 1000 
рубль  шегінде  ақша  айырбастай  алды.  Айырбас  бір  рет  қана  жүргізіліп,  ол 
туралы төлқұжатқа мөр қойылды. 1000-нан асатын рубльдер арнайы жекебет 
шотына  аударылып,  оны  алты  ай  мерзімі  ішінде  пайдалануға  құқықсыз 
болды. 
15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен де, рубльмен де 
есеп айырыса алды. 
  
Қазақстан  теңгесі  соңғы  жылдары  тұрақты  жəне  заңды  төлем  құралы 
болып 
қана 
қоймай, 
еркін 
алмастырылатын 
валюталарға,шексіз 
айырбасталатын жəне біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет