Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет89/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ
 
 
Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы оның алдына көптеген күрделі 
мəселелерді  қойып  отыр.  Олардың  негізгілері  дүниежүзілік  деңгейде 
биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді  
Химиялық  өндірісті  дамыту,  энергия  көздерін  жəне  табиғат  байлықтарын 
ұқыпты пайдалану, ауаның, судың жəне топырақтың тазалығын сақтау өзекті 


 
73 
мəселелердің бірі болып саналады. Бұл адамның денсаулығын сақтаумен өте 
тығыз  байланысты.  Сондықтан  да  табиғатты  қорғау  адамды  қорғау  деген 
ұғыммен тікелей үндесіп жатады. 
 
1991  жылы  Қазақстан  Республикасының  «Табиғи  ортаны  қорғау 
туралы» заңы, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің 
«Арал  өңірі  халқының  тіршілік  жағдайларын  түбірінен  өзгерту  жөніндегі 
шаралар  туралы»  арнайы  қаулысы  қабылданды.  Мұның  бəрі  де 
республикамызда табиғат қорғау мəселесіне мемлекет тарапынан үнемі назар 
аударылып тұрғанына толық дəлел бола алады. 
 
Ірі  кəсіпорындарда  қалдықсыз  əдістерді  енгізу,  тұйық  жүйе  бойынша 
істеуге  көшу,  жанармайлардың  ауаны  ластамайтын  түрлерін  пайдалану  да 
ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мəселе болып отыр. 
 
Өндіріс  орындарында  табиғатты  ластауға  жол  бермейтін  құрылыс 
материалдарын  ойлап  шығару,  оларды  пайдаланудың  мерзімін  ұзартуға 
басты көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол. 
Қазақстандық  өнертапқыш  Ғ.Наурызалин  ауа,  су  өткізбейтін  құрылыс 
материалын  жасаудың  жаңа  əдісін  тапты.  Оның  ойлап  тапқан  құрылыс 
материалы  дүниежүзілік  деңгейдегі  материалдардан  ең  берік  деп  саналатын 
«Бетон 20» -дан жүз есе сапалы болып шықты. 
 
Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал 
бесігі. Ақындардың көп жырлаған тақырыптырының бірі -- адам мен табиғат 
бірлігі. 
 
Қазақ халқының ұлы кемеңгері Абай ҚҰнанбаев та өз шығармаларында 
төрт  түлікті  шаруашылықты,  аңшылық-саяткерлік  өмірді  табиғат 
лирикасымен ұштастыра жырлаған. 
 
Адам  өзінің  іс-əрекеті  арқылы  табиғатта  ұзақ  уақыт  аралығында  бір-
біріне  байланысты  үйлесімді  жүріп  жатқан  заңдылықтарға  əсер  етіп,  кейде 
олардың  бұзылуына  жағдай  жасайды.  Ормандардың  бейберекет  қырқылуы, 
жерді  қалай  болса  солай  пайдалану,  қырғын  соғыс  зардаптары,  табиғатты 
талан-таражға салуы соған мысал бола алады. 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстанның  көптеген  өңірі  экологиялық  апатты  аймақ 
болып табылады. Бұл 18 мың км аймақты алып жатыр. 
 
1949  жылдан  1989  жылға  дейін  бұл  жерде  467  ядролық  жарылыс 
болып, сынақтар өткізілді. Осындай жойқын əрекеттерден Семей аймағының 
табиғаты  мен  халқы  өте  ауыр  зардап  шекті.  Халқының  тағдыры 
толғандырған азаматымыз Олжас Сүлейменов Семей полигонына қарсы жəне 
халықаралық  ядролық  қаруға  қарсы  қозғалыс  ұйымдастырып,  Семей 
полигонының  жабылуына  өз  үлесін  қосты.  Мұндай  сынақ  аймақтары 
Қазақстанның  34  нүктесінде  су  айдындары  бейберекет  пайдаланудан  жəне 
түрлі  минералды  тыңайтқыштарды,  түрлі  пестициттер  мен  гербициттерді 
қолданудан  да  су  қорлары  ластанып  тартылады.  Оны  Арал  теңізінің 
тартылуы  жайынан,  Балқаш  көлі  суының  азаюынан  көруге  болады.               
(Тіршіліктану кітабынан) 
 
 
 


 
74 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет