Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет90/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
Тапсырмалар

  Мəтіндегі  заң  саласына  байланысты  атаулар  мен  терминдерді  теріп 
жазыңыз. 
◘ 
Заң терминдері мен атауларды қатыстырып, сөйлем құраңыз. 
● 
Мəтінге күрделі жоспар жасаңыз. 
● 
Мəтінді жоспар бойынша əңгімелеңіз. 

 Мəтін мазмұнының негізінде сұхбат құрыңыз.      

Ата  заңды  қарап,  Қазақстан  Республикасының    табиғатты  қорғау  туралы 
баптарынан үзінді келтіріңіз.  
◘ 
Берілген  сөйлемдердегі  –уде  қосымшасы  қызметінің  мағынасын 
түсіндіріңіз, басқа мəндес формада беріңіз: 
 
Уланған  өзен-көлдер  əсерінен  өсімдіктер  мен  жəндіктер  де  өлуде. 
Табиғат жылдан-жылға ластануда. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы 
талқылануда.  Польша  мен  Англия  ғалымдары  қоршаған  ортаны  ластауға 
қарсы күресуде жəне өсімдік пен ағашты көп өсіруге көңіл бөлуде. 

Сұрақтарға жауап беріңіз. 
Сіз «Семей− Невада» қозғалысы туралы не білесіз? 
Əскери полигонды жабудың қоршаған ортаны қорғау мəселесіне қатысы бар 
ма? 
Өзіңіз тұрған ауылдың (қаланың, облыстың) тазалығы қандай?  
Дұрыс деңгейде деп есептейсіз бе?  
Егер сіз қала əкімі болсаңыз, қала экологиясын жақсарту үшін не істер едіңіз? 

«
Экологиялық таза тағам» дегенді қалай түсінесіз? Сұхбат құрыңыз. 
Үлгі:  −Біз  күнделікті  пайдаланып  жүрген  тағамдар  құрамында  химиялық 
қоспалар бар сияқты, сен қалай ойлайсың? 

 
... 

«
Арал  тағдыры»  тақырыбына  семинар  өткізіңіз.  Төмендегі  мəтінді 
пайдаланыңыз: 
Нақ  бүгіндері  Арал  апаты  күшейіп  барады.  Өйткені  Арал  теңізі 
аймағындағы  экологиялық  ахуал  соңғы  кездері  күн  өткен  сайын  нашарлап 
күрделене  түсті.  Демек,  өңірде  табиғат  пен  адамдар  тура  келген  үш  бірдей 
зауалға душар болды: Климат құрғап, күрт континентальді бола бастады, жер 
мейлінше сортаңдап, құнарлығын жоюда, егістік пен ауыз суға пайдаланатын 
судың сапасы күрт нашарлап кетті. («Жас Алаш» газетінен) 
Сөздік 
Ахуал – положение 
Душар болу – подвергаться 
Күрт – резко 
Ауыз су – питьевая вода 
Құнарлығы −  

С$ра тарга жауап бері із:
 
Сіз былтыр отбасыңызбен дем алуға бардыңыз ба?  
Қай жақта дем алдыңыз?  


 
75 
Демалыс орнының табиғаты қандай?  
Дем алушылар Қазақстанның қай жерлерінен келеді?  
Дем алушылар көл жағасында не істейді?  
Сізге дем алуға барған жеріңіз ұнады ма? 

 Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды жалғаңыз, аударыңыз. 
Демалыс  орнына  біз  автобус...  бардық.  Мен  биыл  туристік  базаға 
пойыз... келдім. Менің əріптесім шипажайға ұшақ... ұшты. Əріптесімнің досы 
автобекетке  такси...  жетті.  Менің  балам  өзінің  достары...  жорыққа  жаяу 
шықты. Адамдар жағажайға машина... келді. Біздің мекеменің қызметшілері 
демалысқа өздерінің отбасылары... кетті. Біз ұжымымыз... демалыс күні қала 
сыртына шықтық. 
 

С$хбат
 
-               
Сіз биыл еңбек демалысына шықтыңыз ба? 
-               Иə, қазан айында. 
-               Қай жақта дем алдыңыз? 
-               Мен биыл күзде Сарыағаш шипажайында болдым. 
-               Сіз онда жолдамамен бардыңыз ба? 
-               Иə, жолдаманы мекеме кəсіподағы берді. 
 -              Жолдаманың бағасы қанша тұрады, неше күндік? 
-               20 күнге - 15 мың теңге. 
-               О, жақсы, қымбат емес екен. 
-               Сарыағашта емделдіңіз бе? 
-               Иə, асқазан, бауырымды емдеттім. 
-               Қазір денсаулығыңыз жақсарды ма? 
-               Иə, өзімді жеңіл жəне жақсы сезініп жүрмін. 
-               Сарыағашқа немен бардыңыз? 
-               Мен онда Алматы арқылы пойызбен бардым. 
сөздік 
шипажай - курорт  
жолдама - путевка
 
◘ 
Төмендегі үлгі бойынша сөз тіркестерін жазыңыз, дағдыланыңыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет