Садирбекова динара калымбековна



бет28/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

Педагогикада модельдеу өздерінің күрделілігі мен көлеміне байланысты зерттеу және өндіріс түрінде қиындық тудыратын объектілерді жақындастыруды білдіреді. Модельдеу әдісі диаграммалардың, суреттердің және қысқаша ауызша сипаттамалардың көмегімен кіріктірілген динамикалық жүйе түрінде педагогикалық феноменді бейнелеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық жүйенің моделін құру – педагогикалық теория мен тәжірибе арасындағы байланыс, зерттелетін құбылыс саласындағы теориялық тұжырымдардың толықтығын тексерудің тиімді құралы [163].
Модельді құру – жалпы және бірлік арасындағы байланыстың жалпы ғылыми принципін нақтылау, онда олардың жаңа сапасын құру кезінде пайда болатын араласуы мен өзара әрекеттесуінен жаңа модель пайда болады. Бұл модель маңызды теориялық және әдіснамалық түсініктемелерді талап етеді, ондай болмаған жағдайда оның сипаттамасы өмір тіршілігіне қатысы жоқ, жай ғана сұлбаға абстракцияға айналуы мүмкін.
Педагогика саласында модельдің мінез-құлық жүйесіне тән «ерекшеліктер жүйесін» қамтитын стандартты түрі бар. Екінші түрі – құрылым ретіндегі модель; іс-қимыл, құрылатын үдерістің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін механизм.
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің басқару құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері оның құрылымдық компоненттері, басқару құзыреттілігінің мазмұны, осы модельдің тиімділігін қамтамасыз ететін механизмдер, қағидалар мен технологиялар екінші типті модельді пайдалануды талап етеді.
Біз болашақ педагогтың басқару құзыреттілігін қалыптастыру үшін модель әзірлеу кезінде педагогика ғылымында негізделген модельдеу принциптерін
басшылыққа алдық. Соның ішінде, адами басымдықтар қағидаттарын, ізгілендіру тұжырымдамасын, оған сәйкес модельдің орталық бейнесі – адам тұлғасының дамуын, өзін-өзі дамыту қағидаларын негізге аламыз. Модельді жасауда динамикалық тұрғыдан икемді болуы ескеріледі, ол – өзгерістер енгізу, қайта құрылымдау, күрделендіру немесе жеңілдету, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстың белгілі бір аспектілерін нақты бөлу кезінде көрінетін модельдің мәнерлілігі мен айқындық принципін сипаттайтын көріну принципі, зерттеушінің жеке нанымынан зерттеудің дербестігінде көрінетін объективтілік принципінен көрінеді.
Осы әзірленген болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі педагогикалық жүйелердің сипатына тән тұтастық, ашықтық, құрылымдық, қоршаған ортаның өзара байланысымен сипатталатын динамикалық педагогикалық жүйе деп саналады.

  • Басқарушылық құзыреттілігіне ие, бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлауға қоғамның сұранысы

  • Мұғалім мәртебесін көтерудің мемлекеттік деңгейде қолға алынуы


  • Мақсаттық
    Мұғалімнің қоғамда лайықты орын иелену, өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі



Мақсаты: болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру

Әдіснамалық тұғырлары: жүйелілік, құзырлылық, тұлғалық бағдарлық, іс-
әрекеттік, аксиологиялық

Принциптері:субъективтілік, өзін-өзі жүзеге асыруға бағыттылық, «келешекті
саналы ұғынушылық», стратегиялық бағдарлылық, білім беру субъектілерімен өзара әрекеттестік




Мазмұны: Базалық пәндерге қосымшалар, бейіндік пәнге қосымшалар, педагог-менеджер үйірмесі бағдарламасы













Әдістері



Формалары




Құралдары

Интербелсенділік,
жобалаушылық (болжау, модельдеу, жобалау, бағалау), тренингтік, имитациялық (имитация, тәжірибе алмасу, топтық рефлексиялар, проблеманы
топтық шешу) және т.б. әдіс- тәсілдер

Дәріс-конференция, семинар-тренинг, дебат-дискуссия, имитациялық сахналастыру, педагогикалық практика

Дәстүрлі оқу құралдары, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, электронды құралдар





Өлшемдік

Технологиялық
Деңгей- лері
Жоғары Орта Төмен

Педагогикалық шарттары: білім беру субъектілерінің өзара әрекеттесуін формалармен, құралдармен қамтамасыздандыру; оқытушы мен студенттің тиімді педагогикалық қарым-қатынасын орнату; педагогикалық практика үдерісінде
оқытушы-студент-мұғалім, оқу-кәсіби қоғамдастығын құру










Тәжірибелік - эксперимент










Анықтау




Қалыптастыру




Қорытындылау











Ұйымдастырушылық
Сурет 4 - Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі
Модельді жасау барысында гуманитарлық білім беру технологиясының нысандарында басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру басқарушылық қызметке дайындықтың мақсаттық, білім беру, іс-әрекеттік және тәжірибеден тұратын үш саласын қалыптастыруға бағытталған. Олардың әрқайсысы педагогикалық жоғары оқу орны студенттері үшін тиісті құндылықтарды қалыптастыруды ұсынады. Біз ұсынған болашақ мұғалімнің басқару құзыреттілігін қалыптастыру моделі келесі мақсаттық, технологиялық, өлшемдік және ұйымдастырушылық бөліктерді қамтиды: (сурет 4).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет