Зерттеу көздері:басқару, басқару іс-әрекеті мәселесі қарастырылған философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулер; Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласына қатысты қаулы қарарлары, Білім және ғылым министрлігінің орта негізгі білім беру, жоғары кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамалары, мемлекеттік бағдарламалары, нормативтік құжаттамалары; алыс және жақын шетелдік, қазақстандық психолог, педагог ғалымдардың ғылыми жетістіктеріне негізделгенозық тәжірибелері; ғылыми- әдістемелік журналдар; докторанттың ғылыми-ізденушілік және практикалық тәжірибесі.
Зерттеу кезеңдері:зерттеу жұмысы 3 кезеңмен өткізілді.
кезең (2015-2016 жж.) – зерттеу проблемасы саласынан материалдар жиналды, талдау жасалды, ғылыми аппарат негізделді, жоғары педагогикалық оқу орындарының озық тәжірибелері жинақталып, қорытыланды, тәжірибелік- эксперимент жұмысының бағдарламасы әзірленді.
кезең (2016-2017 жж.) – басқарушылық стиль, басқарушылық рөлдер, басқарушылық түрлері, басқарушылық құзыреттілік бойынша материалдар сұрыпталды, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі ұғымының мәні анықталды. Педагог-менеджер тұлғасының құрылымы жасалды, сипаттамасы негізделді. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі және оның мазмұны жасалды. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының деңгейін анықтаудың диагностикалық әдістемесі (сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар, тест түрлері, ойын-жаттығулар және т.б.) іріктелді. Болашақ педагогтардың басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі жасалды. Базалық міндетті пәндер, бейіндеуші міндетті пәндер бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар, тренингтер мен педагог-менеджер үйірмесі бағыттарын анықтау және оларды жүзеге асыру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Айқындау, қалыптастыру эксперименті жүзеге асырылды, аралық кесінділер алынды.
кезең (2017-2018 жж.) – тәжірибелік-эксперимент жұмысы кезеңінде қол жеткізген қорытынды нәтижелерге талдау жасалды және статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді, қорытыланды. Диссертация материалдары талапқа сай рәсімделді.