Садырова М. С


Макс Вебердің әлеуметтік құрылым туралы концепциялары



Pdf көрінісі
бет40/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Макс Вебердің әлеуметтік құрылым туралы концепциялары


М. Вебердің бұл мәселе туралы көзқарасы К. Маркстің көзқарасына
өте жақан деуге болады. М. Вебер де К. Маркс сияқты таптың
экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық
категория деп төсінген. Бірақ та М. Вебердің К. Маркстен бұл мәселе
бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден, М. Вебердің пікірі бойынша 
таптың белгілерін тек қана, К. Маркс сияқты, меншікпен доғаруға
болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде
мамандық, білім деңгейі, қызметкердің қабілеті, дипломы, т. б. белгілері 
бар. Екіншіден, әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус 
деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде 
аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К. Маркстың таптық
құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым
М. Вебердің социологиясында үлкен орын алады. Әлеуметтік 
стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс 
Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен және оларды 
тудырушы меншік қатынастарымен қатар әлеуметтік мәртебе мен билік те 
маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған. М.Вебердің 
К.Маркстен 
айырмашылығы, 
ол 
экономиканы 
ұйымдастыруды 
стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың 
бастапқылығы тезисінен бас тартты және “стратификацияның үш автономды 
өлшемдері” туралы өз ұғымын тұжырымдады [27].
Оның ойынша стартификациялаудың үш өлшемі бар. Олар:
1.
Байлық – экономикалық статус.
2.
Билік - саяси статус. 
3.
Мәртебе - әлеуметтік статус. 
Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатындығы
айтылады. Әлеуметтік тап - өте өлкен топ. Сол топқа кіретін адамдардың
бәрінің де бірдейге жақын материалдық, әлеуметтік және т. б.
жағдайлары болуы міндет. М. Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, 
адамның өмірлік мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері 
бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. М. Вебердің түсіндіруінде тап деген
адамдардың тек қана нарықтық экономикаға байланысты топтары. Ал
нарықтық экономика тек капитализм дәуірінде пайда болады. Жалпы
М. Вебер адамзат қоғамында тек қана екі типтік қоғам болады дейді. Бірі 
нарықтық емес, екіншісі нарықтық қоғам. Сонымен тап деген әлеуметтік
топ тек қана капитализм қоғамында пайда болады. Осы қоғамда
нарықтық экономиканың ең маңызды тірегі капитал. Бірақ та нарықтық
экономиканың басқа да тіректері болады. Олар – мамандық, білім, жұмыс
істеу қабілеті, т. б. Капитализмнен бұрынғы қоғамда таптар орын
алмаған. Ол қоғамдардағы стратификациялау процестерін сословие, каста,
статус деген бөлінулерге байланысты делінеді. М.Вебердің түсіндіруі
бойынша капиталистік қоғамда таптардан басқа, таптық деңгейге 
жетпейтін біраз статустық топтар да орын алады. Ол теңсіздіктің негізгі үш 
құрамдас бөлігін бөліп қарап, оларды өзара байланысты, бірақ сонымен бірге 
елеулі қатынастарда тәуелсіз деп есептеді: мүліктік теңсіздік, мәртебелік 


мерей және билік. Билік деп адамның (немесе адамдар тобының) 
жоспарларды іске асыру, іс-қимыл жасау немесе белгілі бір саясатты, тіпті 
басқа адамдар мен топтар тарапынан болған келіспеушілікке қарамастан, 
жүргізу қабілетін айтады. 
Стратификацияның үш тобы да бір қоғамның ішінде, бір адам 
материалында болады, әр түрлі конфигурацияларда, бір қоғамнан бір қоғамға 
және бір тарихи кезеңнен басқа бір тарихи кезеңге көшіп жүре береді. 
Капитализмдегі таптарды, топтарды М.Вебер мынадай ретпен
белгілейді:
1.
Меншік иелері (тап);
2.
Интеллектуалдар, менеджерлер, әкімшілік қызметтегі адамдар тобы 
(тап); 
3.
Ұсақ буржуазиялық тап, ұсақ бизнесмендер, т. б.; 
4.
Жұмысшы табы. 
М. Вебер осындай қорытындыны XIX ғасыр аяғы және XX ғасыр
басындағы европалық капитализмнің шындығына байланысты жасаған.
Сонымен, тап дегеніміз М. Вебердің анықтамасы бойынша, нарықтық
экономикаға байланысты адамдардың өлкен топтары. Олардың негізгі
белгілері: тапқа кіретін адамдардың белгілі бір мөлшерде материалдық
ресурстарға ие болуы; олардың белгілі өмір жағдайы; олардың айрықша
өмір жолы. М. Вебер статустық топтарға аса өлкен көңіл бөлген. Бірақ та 
оларда таптық та, статустық та белгілері бар. Статустық тап деп, М. Вебер
бюрократияны атаған. Нарықтық экономикаға, не болмаса товар, ақша,
капитал деген категорияларға тікелей қатынасы жоқ топтарды ол 
статустық топтарға жатқызған. Чиновниктер қоғамының байлығына иелік 
етіп, өндірісті бақылауға алады, ал бірақ та олар меншіктің иелері
бола алмайды. Сондықтан олар әлеуметтік тап емес. Қоғамда статустық
топтардың саны өте көп болуы мөмкін, ал таптардың саны аз келеді. 
Әлеуметтік статус мәселесін қарастырғанда оның негізгі белгілері - 
әлеуметтік сыйлау, мәртебе, бедел, партиялық сыйпат, саяси бағыт
кеңірек талдауды талап етеді. Әлеуметтік статустық топтардың өзіндік
өмірі, тұрмысы қоғамда алатын орны, мақсаты, тіпті діні, саяси
бағыттары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет