қиын кезеңдерді қайта жеңіп алу үшін не қажет, не керек, өз өміріне жаңа
жаңалықтар енгізгісі келсе соған бар күшін салып талпынатынын айтып
кеткен. Қарт адамдарға бұл дағдарыс көбінде қатты уайымшылдыққа әкеліп
соғады.
Қарттық шақтың 55-60 жас аралығын мосқал кезең деп атауға болады
немесе бұл кезеңді «Әлеуметтік орта» десек те артықтық етпейді. Қандай да
әлеуметтік өзгерістер осы кезеңнің жеке өмірінде орын табады. Көптеген
адамдар үшін бұл кез зейнетке шыққан кезде басталады, яғни осы кезде
белгілі бір әлеуметтік ортаға деген белсенділігі төмендей түседі. Әсіресе
өзінің тұрақты жұмысынан басқа ештеңемен айналыспаған, ешқандай оқуға,
басқа мамандық алуға, қандай да бір қосымша ұйымдарда болуға
қызығушылығы соқпаған зейнеткерлер үшін бұл өте ауыр жағдай. Бірақ
қаншалықты зейнетке шыққанымен кәрі адамдар өз әдеттерін тастамайды.
Өзінің жанұясына не болмаса тағы басқа жұмыстарға қызығып күнін
өткізеді. Мосқал адамдар бәрібір әрі қарай өз ұрапағына көмектесулері
міндет деп сезінеді. Олар үшін бұл кезеңде ең басты бақыт немерелері. Ал
осы кәрілік кезеңде өз қосағынан айырылу ең қиын кезеңге ұзақ бейімделуге
әкеп соғады. Өмірлік жарынан айрылып, жалғыз қалуы адамды үлкен бір
өзгеріске алып келеді, яғни адам өзін жесірлік қатарына қосып, алдағы
уақытта өзінің де аз өмірін қалғанын сезіп, бұрынғы кездегідей қатты дауыс
шығарып сөйлеуге әлі келмей мінезінде меланхоликтік тип басымырақ
болады. Қоршаған ортасынан, айналасынан алшақтайды. Жесір қалушылық
еркектерге қарағанда әйелдерге үш есе соққы болып тиеді. Сондықтан ер
адамдар алғашқы жарынан кейін тез үйленіп алса, әйелдердің біразы өмірінің
соңына дейін жалғыз өтеді. Мысалы, 85 жасқа дейінгі 5 әйелдің 4-і жалғыз
болып өтеді деп айта аламыз. Жалғыз басты қарттар практикалық не
биологиялық қиындықтарға жиі кездеседі. Осы қиындықтардан өз күшімен
шығуға тырысады, мысалы, түрлі тұрмыстық мәселелер немесе қаржы
мәселесін шешу.
Халықтың қартаюы алуан түрлі салалар – экономикалық өсуге, қор
ж
ə
не ақша жинау үдерісіне, салық салуды тұтыну мен ұрпақтар арасындағы
трансферттерге
ə
серін тигізеді.
Ə
леуметтік салада бұл адамдардың
денсаулық жағдайына, отбасы құрамына, өмір салтына, тұрғын үй
жағдайлары мен халықтың көші-қонына
ықпал жасайды. Халықтың қартаюы
– демографиялық феномен ғана емес, ол саяси саладағы үдерістердің
детерминантасы да болуы мүмкін ж
ə
не бұл ең алдымен электораттың
қартаюы мен саяси өмірде түрлі жас топтарының мүдделерді көрсету
м
ə
селесі. Халықтың қартаюы - егде жастағы адамдардың экономикалық
ж
ə
не
ə
леуметтік белсенді халыққа т
ə
уелділігінің өсуімен сүйемелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: