Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет55/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
Байланысты:
annotation15100

2.13.
 
Социологиядағы кәрілікті зерттеу мәселесі 
 
Адамның қартаюы – адамзатты ежелден мазалап келе жатқан жұмбақ. 
Философтар ғасырлар бойы қартаюдың себептерін талқыласа, көптеген 
діндер кәрілікке киелі маңыз берген. Алайда қартаю үрдісінің биологиясы әлі 
күнге дейін толық зерттелген жоқ, тіпті адамның қартаю шапшаңдығын 
тежеудің әдістері де табылмай келеді. Ғалымдардың толассыз зерттеулеріне 
қарамастан, адамзат кәрілікті жеңудің ауылынан әлі тым алыста. 
Қартаю – басқа да тірі ағзалардың табиғи қартаюы сияқты 


биологиялық үрдіс. Сол үрдістің салдарынан адам денесіндегі барлық ор-
гандар мен жүйелер жұмысы біртіндеп әлсірейді. Жасы келген адамның 
денесіндегі физиологиялық өзгерістер ең алдымен биологиялық қыз-
меттердің бәсеңдеуіне әкеп соғып, метаболикалық стресстерге қарсы тұру 
қабілеті төмендейді. Мұндай келеңсіз өзгерістер әдетте адамның 
психологиялық және мінез-құлық пен жүріс-тұрыс ырғағының құбылуына 
себеп болады. Қартаюдың биологиялық аспектілеріне кәріліктен туындайтын 
өзгерістер ғана емес, жалпы денсаулықтың нашарлауы да жатады. 
Қазіргі кезде геронтогенездің бөлінуі қартаю мен кәрілік кезеңі, бүтін 
комплекстік әлеуметтік–экономикалық, биологиялық және психологиялық 
себептермен байланысты, сондықтан жоғарғы онтогенез кезеңдерін түрлі 
ғылым салалары қарастырады. Мәселен, биологиялық, нейрофизиологиялық, 
демографиялық, психологиялық және т.б. 
Қартаю – бұл организмде жас өзгерістерінен заңды түрде туындайтын 
физиологиялық процесс деп қарастырады медицина ғылымында. Қартаю 
процестеріне әртүрлі жүйелерде әртүрлі жылдамдықта байқалатын жас 
шамалық өзгерістердің дамуы тән. Адамның жас шамасы календарлық және 
биологиялық болып бөлінеді. Адамның биологиялық жасы оның зат алмасу, 
құрылымдық, қызметтік, реттеушілік ерекшеліктері мен бейімделу 
мүмкіншіліктерінің жиынтығымен анықталатын жағдайы болып табылады. 
Кәсіби зияндылықтар, ауыр физикалық еңбек, ауыр күйзелістер, кофе, күрең 
шәйді қолдану, ішімдік ішу, темекі шегу сияқты факторлер қартаю процесін 
жеделдете түседі. Жастың қартаюына байланысты адамның салмағы да 
өзгереді. 35-60 жас аралығындағы ерлерде салмақ жыл сайын 0,2-0,8 кг-ға 
өседі. 60 жастан кейін май қатпарының өсуіне қарамастан дененің жалпы 
салмағы азаяды. Осы сияқты өзгерістер әйелдерде де байқалады. Жас келген 
сайын көлденең-жолақ бұлшық еттердің, бауырдың, лимфа жүйелерінің 
атрофиясы (сему) байқалады. Адам салмағының төмендеуіне сүйек 
жүйесінде байқалатын өзгерістердің біраз әсері бар.
Қартайғанда ДНК-нің байланысу қарқыны төмендейді, қайта түзелетін 
РНК мөлшері азаяды, осыған байланысты түзілетін белоктардың 
құрылымында өзгерістер байқалады. Қартайған организмде иммунитеттің 
жасушалық және гуморальдық факторлері белсенділігінің төмендеуі орын 
алады.
Қартайған сайын жүректің жиырылу саны төмендейді, осыған 
байланысты минуттық көлемі және жүрек индексі азаяды. Қан 
тамырларында 
атеросклерозды 
процестер 
қалыптасады, 
ол 
қан 
айналымының төмендеуіне әкеледі, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі 
төмендейді. Артериялық қан тамырларының тарылуына байланысты 
қарттарда қан қысымының көтерілуі (140/90 мм. сын.бағ.) байқалады. Вена 
тамырларында склерозды процестер жүреді, вена қан тамырларының 
созылғыштық қасиеті төмендейді, венадағы қысым төмендейді, қанның 
іркілуі байқалады, ол тромбоз ауруларының пайда болуына әкеліп 
соқтырады. Май зат алмасуы бұзылады, қан құрамында майдың, 
холестериннің көбеюі байқалады, ол жүректің ишемиялық ауруларының 


дамуына әкеліп соқтырады. Тыныс алу мүшелері жағынан өкпенің тіршілік 
ету көлемі төмендейді, тыныс алу жиілігі өседі, өкпенің созылғыштық
бронхының өткізгішітік қасиеттері төмендейді, қанайналым бұзылады, 
өкпеде іркілу процестері байқалады. Осыған байланысты қарт адамдарда 
өкпенің аурулары (іркілу пневмониясы) жиі кездеседі. Қартайған кезде 
эритроциттің саны кемиді, гемоглобин мөлшері (120 г/л) азаяды, яғни 
қаназдық ауруы дамиды, витаминдер мен минеральды заттар мөлшері 
азаяды. Қанның ұю жылдамдығы жоғарылайды, тамыр ішінде тромбының 
пайда болуы жеделдейді.
Қартайған сайын ес-сана қызметі де төмендейді, есте сақтауы 
төмендейді, ұмытшақтық пайда болады. Ұйқы уақыты азаяды, күндіз қалғып 
кететін сәттер байқалады. Қартайған кезде ерікті қимыл-әрекеттерді реттеу 
механизмдері бұзылады, кеңістіктегі дене қалпын бақылауы қиындай түседі. 
Бұлшық еттердің салбырап, оның ширығу қасиетінің төмендеуіне 
байланысты кейбір мүшелердің қызметі (үлкен, кіші дәретте ұстай алмау 
сияқты) бұзылады. 
Қарт адамның тағы бір ұрымтал тұсы – иммун жүйесінің әлсіреуінен 
келетін аурулар. Тіпті қазіргі медицинада қауқары кеткен кәрі ағзаның күші 
келмейтін кейбір ауруларға қатысты «кәрі адамдарға тән ауру» деген түсінік 
те бар. Мысалы, жас адам өкпенің қабынуынан тез-ақ айығып кетсе, мұндай 
кеселдің кәрі адамның түбіне жетуі де соншалықты оп-оңай. 
Жүрек, бүйрек, ми және өкпе сияқты органдардың жұмысы нашарлайды. 
Бұған белгілі бір мөлшерде осы органдар жасушаларының жоғалуы мен 
олардың қайтып орнына келу мүмкіндігінің төмендеуі себеп. Қарт адамның 
жасушалары жас кезіндегі мүмкіндіктерін біртіндеп жоғалтады. Жасушадағы 
кейбір ферменттердің де жұмысы баяулайды. Бір сөзбен айтсақ, адам 
ағзасындағы қартаю үрдісі барлық деңгейде жүретін көрінеді. Қартаю 
кезіндегі ми жұмысындағы елеулі өзгерістер – лезде есте сақтау қабілеті мен 
дереу ойлау қабілетінің баяулауы. Осы екі фактор қарттардың қоғам 
ырғағымен өмір сүру мүмкіндігін шектеп, көптеген зерттеулердің басты ны-
санына айналып отыр. Сөйте тұра, егер қарт адамның заманауи білімді көп 
талап етпейтін белгілі бір тапсырманы шешуіне жеткілікті уақыт берілсе, 
қарттар жастарға көп есе жібере қоймайды. Әсіресе сөздік қоры, жалпы білім 
жағынан немесе адамның өзі үйренген саласына қатысты ойлау қабілетіне 
келгенде кәрілікке байланысты «өнімділіктің» төмендеуі, тіпті де 
байқалмауы мүмкін. 
Кәрілікке байланысты адам ағзасында байқалатын физиологиялық 
процестер көп ғалымдардың пікірлері бойынша біріншілік ауру болып 
есептелінбейді, бірақ организмнің қызмет ету мүмкіншілігінің шектелуіне 
әкеліп соқтырады, оның әртүрлі залалды әдеттерге төзімділігін төмендетеді. 
Кәрілік – адамның тарихи–эволюциялық дамуының әртүрлі сатыларында 
және әртүрлі экологиялық–популяциялық және әлеуметтік топтар ішінде 
шартты және шекаралық түрде ауысып тұратын биопсихологиялық және 
әлеуметтік тарихи түсінік. 


Адамның дүниеге келген уақытынан бастап өмір сүру кезеңі 3–тен 24–
ке жетуі мүмкін. Оның ішінде ең қарапайым және қолайлы топтастыру 
бойынша адамның өмір сүру кезеңдері 3 кезеңнен тұрады: 
• Балалық шақ кезеңі; 
• Жетілу кезеңі; 
• Кәрілік кезеңі. 
Ежелгі грек философы және математик Пифагор (б.э.д. ІҮғ.) адам 
өмірінің кезеңдерін жылдың 4 мерзіміне сәйкес келетіндей 4 кезеңге бөледі: 
• Қалыптасу кезеңі – «көктем» (0-20 жас); 
• Жастық кезең – «жаз» (20-40 жас); 
• Күш қайраттың тасу кезеңі – «күз» (40-60 жас); 
• Солу–кәрілік кезеңі – «қыс» (60-80 жас); 
Тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде және әртүрлі елдер шекарасында 
кәріліктің басталу кезеңі әртүрлі болады. Оны төмендегі берілген кестеден 
байқауға болады[3;35-36]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет