Садырова М. С


Отандық ғалымдар кедейлік турады



Pdf көрінісі
бет52/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Отандық ғалымдар кедейлік турады 


Кедейлік мәселесі ТМД елдерінде соңғы 10-15 жыл көлемінде кеңінен 
зерттеліп келеді. Бұл мәселе Кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзекті зерттеу 
объектісіне айналды. Кеңес өкіметі кезінде С. Г. Струмилиннің бастауымен 
1918 жылы Петроградта жұмысшылардың бюджеті мен тұрмысы алғаш рет 
зерттелді. С. Г. Струмилин жұмыс бюджеті мен тұтынуды талдаудың 
негізінде алынған ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған.
Кейін осы зерттеуді А. М. Стропани одан әрі жалғастырып, Кеңес Одағының 
40-тан астам қаласында жүргізген. Бұл зерттеулердің нәтижесі жұмысшы 
табының материалдық жағдайы, тамақтануы туралы біраз ақпарат алуға 
мүмкіндік берді және 1920 жылы Харьков, Донбасс, Петроград, ал 1921 
жылы Ташкент, 1922 жылы Орал, т. б. аймақтарда бюджетке байланысты 
жаңа зерттеулер жүргізуге жол ашты.
Г. С. Полляк жұмысшы табының өмір сүру деңгейін өлшеудің әдістеріне 
байланысты мәселеге жаңаша қарауға тырысқан. Ол жеке жалақымен қатар 
жұмысшылардың бюджетінде мемлекет тарапынан берілетін ақшалай және 
заттай әлеуметтік жәрдемдердің барлығын ескерген.
1918 жылы міндетті минималды жалақы енгізу үшін өмр сүру 
минимумын есептеуге алғаш рет талпыныстар жасалған. Өмір сүру 
минимумын есептеу методологиясы болмагандықтан, оның негізі ретінде 
азық- түлікке кететін шығын алынып отырған. Ол нақты тұтынуға 
байланысты жүргізілген бюджеттік зерттеулердің не физиологиялық 
нормалардың негізінде есептелген. Ал бұл көрсеткіш физиолог-ғалымдардың 
есептеген физиологиялық нормаларынан әлдеқайда төмен болған. Азық-
түлікке кететін шығындардың үлесі өмір сүру минимумының жалпы 
көлемінің 26-72 пайыз аралығын құраған. Өмір сүру минимумы әртүрлі 
болуы минималды жалақы орнатуға мүмкіндік бермеген. Соған байланысты 
Кеңес Одағында 30-шы жылдардан бастап өмір сүру минимумын есептеу 
толығымен тоқтатылған.
Отандық ғалымдар кедейліктің тұрақты және жылжымалы түрлерін 
ажыратады. Біріншісі кедейлік кедейлікті тудырады деген көзқарасқа сәйкес 
келеді. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі денсаулықтың нашарлауына, 
біліктіліктің төмендеуіне алып келеді. Соның нәтижесінде тұлға өзін төмен 
бағалап, құнын жоя бастайды. Кедей обасыларынан шыққан балалар 
келешекте кедейлер санын толықтыруы әбден ықтимал. Бұл райда ұрпақтан 
ұрпаққа берілетін кедейлік туралы айтылады. Жылжымалы кедейлік кедей 
адамның жоғары сатусқа өтуін не бай, орта тапқа жататын адамның 
статусының төменге қарай жылжуын бейнелейді. Л. А. Гордон кедейліктің 
әлеуметтік және экономикалық түрін бөліп көрсетеді. Әлеуметтк кедейлік 
әлсіз кедейлерге, экономикалық кедейлік күшті кедейлерге қатысты. 
Әлсіздердің кедейлігі түсінігі еңбек етуге жарамсыз, аз еңбек ететін 
адамдарға, көп балалы отбасыларына, асыраушысы жоқ отбасыларына, 
мүгедектерге, ауыру, психологиялық тұрақсыз адамдарға қатысты 
қолданылады. Күштілердің кедейлігі түсінігі жұмысқа қабілетті, қалыпты 
өмір стандарты бойынша өмір сүруге жағдайы келетіндердің қиын жағдайға 
түсуін бейнелейді. Кедейлік көп мағаналы, қарама-қайшы түсінік. Кедейлікті 


тамақ, баспана сияқты материалдық ресурстар тұрғысынан ғана түсінуге 
болады. Сонымен қатар өмір сапасын да ескеру керек. Оған тұрғындардың 
денсаулық жағдайы, таза сумен, су құбырымен, канализациямен, жылу беру 
жүйесімен қамтамасыз етілу не қолы жетпеуі кіреді. Кедейліктің таралуы 
және көлемі туралы ақпаратты балалар өлімі, сауаттылық пайызы, мектептік 
біліммен балалардың қамтылуы сияқты көрсеткіштер де береді. Кедейлікті 
сипаттайтын көрсеткіші адамның қоғамның өміріне белсенді қатысуға қол 
жеткізілуі. 
Ғылымда кедейліктің деңгейін анықтауға көмектесетін әртүрлі 
категориялар мен түсініктер бар. Ең көп қолданылатын категориялардың бірі 
өмір сүру деңгейі категориясы. Өмір сүру деңгейі жалпы индикатор ретінде 
көрінеді. Өмір сүру деңгейі дегеніміз тұрғындардың қажетті материалдық 
қажеттіліктер мен қызметтермен қамтамасыз етілуі, олардың қол жеткен 
тұтыну деңгейі және тиімді қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі.
Өмір сүру деңгейін зерттеуге мемлекеттің тұрғындары не жекелеген 
әлеуметтік топтар, табысы әртүрлі деңгейдегі отбасылары қатыстырылады.
Социологтар түрғындардың өмір сүру деңгейінің төрт деңгейін көрсетеді: 
1.
Жеткіліктілік. 
2.
Қалыпты деңгей ( адамның физикалық және интеллектуалдық күшін 
қалыпқа келтіруді қамтамасыз етуші ғылыми негізделген нормаларға 
сәйкес тұтыну). 
3.
Кедейлік (Адамның жұмысқа қабілеттілігін сақтау мақсатындағы 
тұтыну).
4.
Қайыршылық ( биологиялық критерийлердің минималдық деңгейіне 
сәкес адамның тек қана өмір сүруін ғана қамтамасыз ететін жағдайлар 
мен қызметтерді тұтыну).
Халықаралық деңгейде өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесін құруға 
алғашқы талпыныстарды 1960 жылы БҰҰ-ның жұмыс тобы жасаған. Қазіргі 
кезге дейін бұл көрсеткіш нақты жалақы индексімен анықталып отырған. 
Өмір сүру деңгейінің соңғы нұсқаларының бірін БҰҰ-ы 1978 жылы жасады. 
Оған көрсеткіштердің 12 негізгі топтары кіреді.
1.
туу, өлім және т. б. демографиялық сипаттамалар; 
2.
өмір сүрудің санитарлық-гигиеналық жағдайлары; 
3.
азық-түлік тауарларын тұтыну; 
4.
тұрмыс жағдайы; 
5.
білім және мәдениет; 
6.
еңбек жағдайлары мен еңбекпен қамту мәселелері; 
7.
халықтың табысы мен шығыны; 
8.
өмір құны мен тұтыну бағалары; 
9.
көлік мәселесі; 
10.
демалысты ұйымдастыру; 
11.
әлеуметтік қамсыздандыру
12.
тұлға бостандығы. 
Кедейлер көріп отырғандай материалдық және басқа әлеуметтік 
байлықтарды өмір сүру деңгейінен төмен деңгейде тұтынады. Кедей болу 


дегеніміз адамның тамақты тек физикалық өмір сүруді қамтамасыз ететіндей 
деңгейінде тұтынуы, биологиялық қажеттіліктерін толық қанағаттандыра 
алмауы. Яғни, адам организм қанша қаласа сонша тамақ іше алмайды. Кедей 
болу деген – дұрыс, жарасымды киіне алмау. Кедей болу деген – адам дұрыс 
баспанада тұра алмайды. Кедей адам керекті білім мен мамандықты ала 
алмайд, белгілі бір ш Ең төмен тұтыну себеті тауарлар мен көрсетілген 
қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып 
табылады. Ол азық-түлік себетінен, азық-түлік емес тауарлар мен 
көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардан тұрады. Ең төмен 
күнкөріс деңгейі жыл сайын тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейлік шегін, 
әлеуметтік саясаттың бағыттарын анықтауға, халықты әлеуметік қорғау 
жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, жалақының, зейнетақының, 
жәрдемақының және өзге де төлемдердің белгіленетін ең төмен мөлшерін 
негіздеуге арналған.
Ең төмен күнкөріс деңгейімен қатар, кедейлік шегі бар. Кедейлік шегі – 
қоғамдағы экономикалық мүмкіндіктерге қарай белгіленетін, адамның ең 
төмен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті кіріс шегі.ығынды қажет 
ететіндіктен балаларына да қажетті білімді бере алмайды. Кедей адамның 
мақсаты - өзіне, отбасына қажетті тамақ табу, оларды қалай киіндіру, 
баспана тауып беру. Кедей адамның жеке меншігі де аз мөлшерде. 
Меншігінің аздығы сонша, ол адамның күнделікті қажеттіліктерін өтеуге де 
жетпейді. Ресей социологтары мен экономистері нарықты қатынастар 
жағдайындағы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштерін 
жасады.
Кедейлікті анықтауда тікелей көрсеткіштер - ең төмен күнкөріс деңгейі 
мен кедейлік шегі. Бұлар кедейліктің деңгейін анықтаудағы заңдастырылған 
ресми көрсеткіштер. 
Кедейлікті жалпы сипаттаушы көрсеткіштеріне өмір сүру деңгейінің 
критерийлері, өмір сүру құнының индексі, жан басына шаққандағы ұлттық 
табыс кіреді.
1.
Тұрғындардың табысы. 
2.
Тұрғындардың тұтынуы мен шығындары.
3.
Тұрғындардың ақшалай жинақтары.
4.
Мүлік пен тұрғын үй жинағы.
5.
Тұрғындардың әлеуметтік жіктелуі.
6.
Тұрғындардың аз қамтамасыз етілген топтары.
Тұрғындардың жағдайын өлшеу үшін әтүрлі түсініктер мен категориялар 
қолданылады. Олардың кейбіреуін атап көрсетуге болады.
-
Өмір сүру минимумы (кедейлік табалдырығы). 
-
Минималдық тұтыну бюджеті.
-
Зейнетақының минималдық мөлшері.
-
Минималдық жалақы мен зейнетаының сатып алу қабілеті.
-
Кедейліктің коэффициенті (деңгейі)
-
Табыстың жетіспеуі
-
Кедейлік зонасы. 


-
Кедейліктің әлеуметтік портреті.
Абсолюттік кедейлік деңгейі негізгі товарлар мен қызметтердің 
корзинасының құнын (бағасын) және отбасының табысын салыстыру арқылы 
есептеледі. Салыстырмалы кедейлік тұрғындардың кедей бөлігі мен ауқатты 
бөлігінің табыс деңгейлерін салыстыру арқылы анықталады. Бірақ та, 
кедейлік деңгейін бағалаудың ешуақытта толық объективті бола алмайтынын 
ескеру керек. Сондақтан да кедейлік шегін аз ғана көтеру не азайту 
тұрғындардың едәуір бөлігінің кедейлер қатарына қосылуына, ал 
кедейлердің одан әрі қайыршылануына алып келеді. 
Абсолюттік кедейлік деңгейі негізгі товарлар мен қызметтердің 
корзинасының құнын (бағасын) және отбасының табысын салыстыру арқылы 
есептеледі. Салыстырмалы кедейлік тұрғындардың кедей бөлігі мен ауқатты 
бөлігінің табыс деңгейлерін салыстыру арқылы анықталады. Бірақ та, 
кедейлік деңгейін бағалаудың ешуақытта толық объективті бола алмайтынын 
ескеру керек. Сондақтан да кедейлік шегін аз ғана көтеру не азайту 
тұрғындардың едәуір бөлігінің кедейлер қатарына қосылуына, ал 
кедейлердің одан әрі қайыршылануына алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет