В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет1/4
Дата12.03.2018
өлшемі1,33 Mb.
#38609
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК



ПОӘК

«Морфемика негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

оқу-әдістемелік материалдары



№ 1 басылым

«_10_» _06__ 2015 ж.


ПОӘК 042-0.1 00 /01-2015







5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«Морфемика негіздері» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



СЕМЕЙ

2015

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Курстық жұмыс

5 Студенттердің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Адвербиалдану – сөздің үстеу тобына өтуі

1.2 Адъективация – сөздің сын есімдер тобына өтуі

1.3 Аффикс – тіл элементі

1.4 Грамматика – (грек. – әріп, жазу) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар

1.5 Грамматикалық категория – бірыңғай мағынасы бар грамматикалық тұлғалар қатарларының қарама-қарсы қойылатын жүйесі

1.6 Деривация – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау процесі

1.7 Етіс – етістікке тән грамматикалық категория

1.8 Қосымша морфема – морфеманың бір түрі

1.9 Морфема – (грек.) тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба

1.10 Морфология – (грек. форма және сөз, ілім) тілдегі сөз тұлғалардың құрылысы мен мағынасын айқындайтын тіл механизмдерінің жүйесі

1.11 Түбір – сөдің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік

1.12 Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын айтамыз.

1.13 Морфемалар - сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері.

2 ДӘРІСТЕР

1 модуль «Морфемика негіздері» пәнінің негізгі мәселелері



№1 дәріс тақырыбы: Морфемика туралы түсінік.

Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Морфемиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері

  2. Морфемиканың басқа салалармен байланысы .

Морфемиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері. Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектерді морфемалар деп атайды. Морфеманың өзіне тән мағынасы(мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Морфемалар түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөлінеді.

Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.

Мысалы: айт, тіл

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін мағыналарды айтамыз.

Мысалы: тіл-і, тіл-сіз, айт-ыл, айт-ылар, айт-атын

Қосымша морфемалар сөз тудыратын және форма тудыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар (морфемалар) жалғаулар деп аталады.

Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан (лексика-грамматикалық) категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды-грамматикалық категория қатарына жатады. Ал жалғаулар сөйлем ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалық категорияға жатқызылады.

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды жұрнақтар болып екіге бөлінеді.

Жалаң жұрнақ мағына, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақ. М/ы: -ім, -пе, -шы, -қыш, -шік, -лік

Құранды жұрнақтар: -ымды, -імді, -малы, -мелі, -қылықты, -кілікті т.б.

Жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Төл және кірме жұрнақтар

  2. Көне және жаңа жұрнақтар

  3. Тірі және өлі жұрнақтар

  4. Жалаң және құранды жұрнақтар

  5. Дара мағыналы және көп мағыналы жұрнақтар

  6. Синоним және омоним жұрнақтар

  7. Құнарлы және құнарсыз жұрнақтар

Морфемиканың басқа салалармен байланысы

Тіл-тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі-тілдің сөздік, екіншісі-тілдің грамматикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінен біртұтас тіл құралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете алады.

Сөз дегеніміз – қыры-сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздің мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, даму тарихы, қолданылу ерекшелігі, жасалу жолы т.б. алуан түрлі жақтары бар.

Сөз – айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның аты я атауы болса, әрине ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол мағына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол ұғымды білдіретін белгілі я сол ұғымның мазмұнының бейнесі ретінде қалыптасатындықтан, бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады.

Тілдің сөздігі осындай әр алуан мағыналары бар сөздерден құралады. Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық тұрмыстың сала-салаларымен байланыс-қатынасын, сондай-ақ жеке сөздердің лексикалық мағыналарын, сөздердің шығу тарихы мен мағыналарының даму, қолданылу өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.

Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі қарай топшылай түсіп, топ-топқа бөліп, олардың әр тобына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады.

Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалық сөз арқылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бәрін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің көиегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Морфемиканың зерттеу объектілері

  2. Морфемиканың Морфемиканың зерттеудің мақсат-мүдделері.

  3. Морфемиканың басқа салалармен байланысы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

№2 дәріс тақырыбы: Түбір морфема (негізгі), аффикстік морфема(қосымша).



Дәріс сабағының мазмұны:

1.Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымдық бөлігі.

2. Морфема туралы түсінік. түбір морфема(негізгі), аффикстік морфема(қосымша).

Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымдық бөлігі.

Көп ғасырлар өз ықпалын сақтап келе жатқан дәстүрлі зерттеу үшін грамматикалық категориялар негізгі роль атқарады.

Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымды бөлшегі

Дәстүрлі зерттеулер мен грамматикаларда тіл бірліктері сөз бен сөйлем деп, сол екеуін қарсы қоя немесе бірімен бірін байланыстырып, өзге тілдік қасиеттерді осы екеуінің айналасына топтап және солардан шығарып, әрі қарай таратып, салалап әкету әлі күнге үзбей жүргізіліп келеді. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде морфологияның сөз тұлғалары былай сараланады:

1. белгілі тұтас мағына беруде сандарына қарай:

А) жалаң сөздер, б) күрделі сөздер деп бөлінсе,

2. солардың әрқайсысы іштей тағы да:

А) түбір сөз,

ә) туынды сөз,

б) қос сөз,

в) біріккен сөз,

г) қысқарған сөз,

3. ал қос сөздер болса:

А) қайталама қос сөздер,

ә) қосарлама қос сөздер т.т. тұлғаларда;

4. мағыналық дербес болу не дербес бола алмау жағынан:

А) мағыналы сөздер,

ә) жартылай мағыналы сөздер,

б) мағынасыз сөздер тәрізденіп, үнемі сөз, сөздер дегендердің айтылып, қолданылуымен жалғаса береді. Осының барлығы, айналып келгенде, тіл деңгейлерінің іштей бір-бірімен байланыстылығы ескеріліп зерттелу қажет болады. Осы міндет тұрғысынан келіп,лексика мен грамматиканы, фонетика мен морфологияны, морфология мен синтаксисті т.т. байланыстыратын морфема деген нақты грамматикалық бірлікті жүйе есепті зерттеу міндетін қазақ ғалымдары, профессорлар А.Қалыбаева мен Н.Оралбаева мойындарына алған.

Морфема дегенмен қатарласып, морф терминін де қолданамыз. «Орыс грамматикасында» бір морфеманың бір, екі, көп морфтары болуын негіздеп, нақты обьекті сөз болғанда, оны морф деп атайды. Бұлай атау қазақ тілі үшін қосымшаларға әбден сайма-сай келеді. Түбірлерге де сай келетін жерлері аз емес,бірақ орыс тілі түбірлерімен бірдей деп айту қате болар еді.Үй-і-н-е дегенді нақтылай түскенде,үй – түбір морфема, ол осы сөзформа-ның лексика-грамматикалық тірегі, зат есім. Түбірден соңғы –і аффиксі морф,өйткені тәуелдік жалғауының 3- жағының морфемасы дегеннің өзінде оның : -і, -ы, -cі, -сы деген 4 түрлі морфы бар, бұлардың өзі екі түрлі морфонемалы құрылымды болып келеді.Үй-ім-е, аға-сы-на т.т. сөзформалар ең кіші мағыналы бөлшектерге морфтар тұрғысынан талданып, баяндалуы – қашан да тап сол обьектінің нақтылығынан келіп шығады. -ім мен –сы,сондай-ақ –е мен –на т.т. айтсақ та мрфема дегеннен көрі морфтар деп тану, қай морфеманың морфтары деп адекватты атауымызға да бірден-бір мүмкіндік береді.

Морфтардың түрлері. Қызметі.

Сөз дегеніміз - өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып табылады.

Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық құрпамындағы бөлшектерінің, синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз.

Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау үшін, ең алдымен негізгі морфологиялық ұғымдарды біліп алуымыз керек. Ол ұғымдар: морфема, түбір морфема, аффикстік морфема — дегендер.

Морфема дегеніміз — сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі. Морфема түбір морфема, аффикстік  морфема болып  екіге бөлінеді. Мысалы, оның анасы кім? дегендегі  ана+сы сөзінде  екі морфема бар. Ана — түбір морфема, -сы (тәуелдік жалғауы) — аффикстік морфема. Оның деген сөз де солай: о — түбір морфема, ның — аффикстік морфема, кім — түбір морфема. Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. |Морфемалардың  ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, үйшіктерге деген  сөзінің құрамында төрт морфема бар. Оның біріншісі — үй, ол заттық мағынаны білдіреді; екіншісі — шік, бұл кішірейткіш мағынаны білдіреді, үшіншісі — тер, көптік мағынаны білдіреді, төртіншісі — ге, бағыт мағынасын білдіреді. Бұлардың ішіндегі үй морфемасы       түбір сөз болғандықтан — заттық, лексикалық мағынаны, үйшік туынды түбір болғандықтан — лексика-грамматикалық мағынаны, ал қалғандары (-тер, -ге) аффикстік морфемалар болғандықтан — грамматикалық мағыналарды білдіріп түр. Лексикалық  мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема  деп аталады да, лексика-грамматикалық немесе грамматикалық  мағыналарды білдіретін морфемалар — аффикстік морфема немесе көмекші морфемалар деп аталады. Түрлі тілдердегі түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты әр түрлі болып келеді. Мысал үшін қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып көрелік. Қазақ тіліндегі жаз+у, жаз+ба, жаз+ыл+ған  деген  сөздерді орыс тіліндегі пис+ать, за+пис+ка, пере+пись деген сөздермен салыстырсақ, қазақ сөздерінің түбірі жаз — орысша сөздердің түбірі — пис. Жаз түбірі өздігінен жеке, сөз ретінде қолданыла алады, ал орыс тіліндегі пис— түбірі өздігінен дербес қолданыла алмай, сөз құрамында ғана (письмо, писание, письменный) қолданылады. Оның үстіне пис— түбірі тек заттық мағынаны ғана білдірсе, жаз түбірі әрі заттық мағынаны (жаз ісі), әрі лексикалық мағынаны (бір нәрсені хатқа түсіру), әрі грамматикалық мағынаны (етістіктің бүйрық райы, екінші жақ) білдіреді.

Пис- сияқты орыс тілінде дербес қолданыла алмайтын түпкі түбірлерді тіл білімінде «өлі түбірлер» деп атайды. Жоғарыда айтылғандарға қарап, қазақ тілінде өлі түбірлер мүлде жоқ екен деген қорытынды шықпауға тиісті. Онда да өлі түбірлер бар. Бірақ тым аз. Мысалы, бүл+ік, бүл+ін, бүл+дір деген сөздерді бір-бірімен салыстырсақ, олардың өлі түбірі — бүл деген де, ал -ік, -ін, -дір дегеңдер — сөз тудыратын аффикстер. Семіз, семір сөздерінің өлі түбірі сем-, ал жақ, жан сөздерінің өлі түбірі — жа-. Тырдай, жұрдай, нарттай сөздерінің аффикстері — дай да, ал олардыц түбірлері — тыр-, жұр-, нарт-.

Бұлардың өлі түбір болатын себебі — олар өздеріне тиісті қосымшаларынсыз жеке тұрып, қолданыла алмайды. Тек қосымшаларымен бірге алынғанда ғана олар сөз ретінде ұғынылады. Бұл жерде біз тарихи тұрғыдан алғанда ғана олар түбір бола алатындығын айтып отырмыз. Әйтпесе бұлар қазақ тіл білімінде қосымшалармен бірге бір сөз ретінде қабылданып кеткен. Сондықтан да, қазақ тіліндегі түбір мейлі мағынасы жағынан болсын, мейлі формасы жағынан болсын түбір  ретінде де, бір-бірімен сәйкес келе береді.

Бұл жердегі «түбір» деген мен «түбір сөз» деген бір емес. Мәселен, орыс тіліндегі пис— морфемасы — түбір, ал писать – түбір сөз. Қазақ тіліндегі жаз морфемасы — әрі түбір, әрі түбір сөз. Өйткені пис морфемасы дербес қолданыла алмаса, жаз түбірі дербес сөз ретінде қолданыла береді.    Қазақ тіліндегі бұл қасиет түркі тілдері  мен ағылшын тіліне де тән.

Жоғарыда біз «пис — түбірі тек заттық мағынаны ғана білдіреді» дегенді айттық.   Орыс тіліндегі кейбір түбірлер (негізгі морфемалар) мағынаны да білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда заттық мағынаны  білдіретін түбір лексикалық мағынаны білдіретін сөз  ретінде қолданылады да, заттық мағына мен лексикалық мағына бір-бірімен  астасып, қабаттасып кетеді. Мысалы, орыс тіліндегі бег (бежать), дар(дарить), дом (домик) дегендер — пис түбірі сияқты  түбір морфемалар. Солай бола тұрса да, бұлар лексикалық мағыналары бар дербес сөздер ретінде де қолданылады. Демек, орыс тілінде түбір (корень) деген үғым өз алдына   дербестігі жоқ пис(писать), веж- (вежливый) тәрізді түбірлерді де, өз алдына дербестігін сақтаған бег, дар, дом тәрізді түбір сөздерді де (пис-, веж-, деген  сөздер емес, олар тек түбірлер) қамтиды. Ал қазақ тілінде пис-,  веж— сияқты түбірлер    жоқ, онда      оқы(-ған),    жаз(-ған), бүлін (-ген) деген тәрізді түбір сөздер бар.

Енді түбір  мен  негіз  деген  терминдердің  мән-мағынасына келелік.

Түбір (корень) деп — сөздің ешбір  жұрнақсыз-ақ, заттық (кейде лексикалық) мағына бере алатын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін түп бөлшегін айтамыз.  Мысалы,  письмо,  писать,  выписка,  опись сөздеріндегі пис— морфемасы немесе столик, столовая, настольный,сөздеріндегі стол — морфемасы түбір болып саналады.

Негіз (основа) деп — сөздің ешбір жалғаусыз-ақ (жұрнақсыз емес) өз  алдына   тұрып,    лексикалық   мағына    бере    алатын, өзгермейтін, түрленбейтін негізгі бөлшегін айтамыз.  Негіз  әдетте түбірден де,  түбір  мен  жұрнақтың  қосындысынан  да  жасалына береді. Яғни, түбір сөз де, туынды сөз де негіз бола алады. Осыған орай олар түбір негіз, туынды негіз деп те аталынады. Мысалы: дом,холод, один, завтра, комнат+а, бел+ый, смотре+ть — бұлар түбір негіздер; надомн+ый, комнатушк+а, холодноват+ый,  побелеев+ший посмотре+ть — бұлар туынды негіздер.  Болмаса қазақ тіліндегі егіншіліктің деген сөзді талдап көрелік. Мұның түбірі (түбір негізі) — ек, бірінші туынды негізі — егін, екінші туынды негізі — егінші, үшіншісі туынды негізі — егіншілік; ал -тің — аффикстік (көмекші) морфема.

Түбір әр түрлі сөз таптарына ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас түбірі бастық, басшы, басшылық, баспа, баспалдақдеген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдердің де, баста, басқар, бастат деген етістіктердің де түбірі болып саналады.

Негіз белгілі бір сөз табына жататын әр түрлі формаларға ортақ морфема ретінде қызмет етеді. Мысалы, басқар+ып, басқар+ғалы,басқар+ған, басқар+ар, басқар+атын дегендердің бәрі етістіктер. Бұлардың ортақ негізі (основа) — басқар морфемасы. Дәл осылар сияқты бастық+тарбастық+қа, бастық+тан, бастығ+ың деген зат есім формаларының ортақ негізі — бастық сөзі.

Аталған мысалдардан байқалатын бір нәрсе — орыс тіліндегі көптеген негіздердің құрамында олардың қай сөз табына тән екендіктерін аңғартатындай грамматикалық көрсеткіштер (аффикстер) болады. Мысалы: комнат +а, комнатушк+а — бұлар зат есімдер; бел+ый, побелевш+ий — бұлар сын есімдер; смотре+ть, посмотре+ть — бұлар етістіктер. Егер осы сөздердің кұрамындағы —а,   -ый/ий,   -тьграмматикалық көрсеткіштерін негіздерден бөліп алсақ, онда ол негіздер өздігінен дербес қолданыла алмайды. Ал қазақ тіліндегі негіздердің құрамында  ол сөздердің қай  сөз табына қатысты екендігін аңғартатындай грамматикалық көрсеткіштердің болуы шарт емес. Мысалы: бас — I) зат есім, 2) етістік; бастық- (зат есім, етістік), басшы (зат есім, етістік); ақ— 1) сын есім, 2) етістік. Соған қарамастан бұл түбір негіздер (бас, ақ) және туынды негіздер (бастық, басшы) дербес сөз ретінде жеке қолданыла береді.

Бұл құбылыс жалғыз    қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тілдері мен ағылшын тілінде де солай. Оны мына салыстырудан  көруге болады: книг+а — кітап — Ьоок; больш+ой — үлкен — big; чита+ть— оқы — read. Мұндағы орыс сөздері екі морфемадан — аффикстік морфемадан, ал қазақ, ағылшын тілдеріндегі балама сөздер бір ғана түбір морфемалардан құралған.

Қазақ тіліндегі    түбір (негізгі) морфемаларда дербестік бар. Олар дербес сөз   ретінде    қолданыла    алады.    Ал    аффикстік морфемаларда  мұндай дербестік жоқ. Олар әрқашан сөз құрамында ғана қолданылады   және  сөзден  тыс  ешқандай  мағына   білдіре алмайды.         Түбір морфема   мен   аффикстік   морфемалардың   тағы   бір айырмашылығы  — егер аффикстік морфемалар сөздердің белгілі бір  тобының (мысалы, зат есімнің немесе сын есімнің) кұрамында ғана қолданылса,  түбір  морфемалар  бір  емес,   әр  басқа  сөз  табына қатысты сөздердің  кұрамында  ұшыраса  береді.   Мысал,   білімнен (біл+ім+нен) деген сөздің кұрамындағы -ім және -нен аффикстік морфемалары   сөздердің   зат   есім   деп   аталатын   тобында   ғана ұшырасса, біл деген түбір морфема сөздердің зат есім (мысалы: білім) тобында ғана емес, сонымен бірге, етістіктер тобында (білдіру, біліну, білісу), сын есімдер тобында да (білгіш, білімді) ұшыраса береді. Бір сөзбен айтқанда, аффикстік морфемалар белгілі бір сөз табына ғана телулі болады.

Аффикстік морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан түрліше болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, ол түбірдің мағынасын нақтылай, саралай түсетін аффикстер бар. Ол    аффикстің атын — жұрнақ деп атайды. Мысалы, көлшік деген сөздің құрамындағы  -шік жұрнағы заттық ұғымды  білдіретін көл деген түбірге жалғанып, оның лексикалық мағынасын нақтылап тұр (ойыс  жерге жиналып қалған су, кішкентай ғана көл).

Сондай-ақ, түбір морфемаға жалғанып, бір сөзді екінші сөзбен  байланыстыратын, олардың өзара   қарым-қатынасын   білдіретін  аффикстер болады. Олардың атын — жалғау деп атайды. Мысалы, көлдің жағасы дегендегі —дің мен —сы аффикстері сөз тудырып тұрған   жоқ, көл, жаға деген сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұр.

Түбір морфемадан сөз тудыратын аффикстерді — сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасыдеривациялық мағына деп аталады. Сөз бен сөзді байланыстырып,   олардың бір-біріне қатынасын білдіретін аффикстер — сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық мағыналары реляциялық мағына деп аталады.

Сөйтіп, аффикстер (аффикстік морфемалар) екі үлкен топқа бөлінеді екен. Олар: жұрнақ пен жалғау. Жұрнақ (суффикс) — сөз тудырады, ал жалғау (окончание немесе флексия) — сөз түрлендіреді. Ескерте кететін нәрсе — жұрнақтардың ішінде де жаңа сөз тудырмай, сөз формасын өзгертетін, сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын жүрнақтар болады. Мәселен, қазақ тіліндегі көсемше, есімше жұрнақтары сондай   жұрнақтар. Мысалы: кел+іп кетті, жүр+гелі отыр, т.б.

Әрбір жеке тілде олардың грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне  қарай жұрнақ үш түрге жіктелінеді. Олар: 1)приставка, 2) инфикс, З) суффикс (постфикс). Префикс түбірдің алдына қосылады. Мысалы:   в+ходи+ть, ис+ходи+ть,  на+ходи+ть,   по+ходи+ть,     с+ходи+ть,  у+ходи+ть, со+труд+ник/ница, пре+по+дава+тель+ница. Инфикс түбірдің ішіне қыстырылады.  Бұл латын тілінде бар, орыс тілінде жоқ. Ал суффикс түбірден соң    жалғанады.     Мысалы:     бала+лық,     жылқы+шы, работ+ник, учи+телъ, дом+ик.

Орыс тілінде префикс пен суффикс бар. Казақ тіліндегі жұрнақ орыс тіліндегі  суффикске сәйкес келеді де, түбірден соң жалғанады. Түркі  тілдерінде орыс тіліндегі тәрізді префикстер жоқ. Түркі  тілдерінің бірі — казақ тіліндегі бей+маза, бей+таныс, бей+уак, бей+хабар, на+разы, на+мақүл деген сөздердің құрамындағы бей-, -на морфемаларының префикс екендігі рас. Бірақ ол қазақ тілінде префикс ретінде қызмет атқармайды. Бей-, на- префикстері иран тілдерінен енген сөздердің құрамында ғана қолданылып, сол сөздермен  бірге келген, бөлшектенбейтін біртұтас тұлға (форма)  ретінде ұғынылады.

Жалғаулардың жұрнактардан айырмашылығы — жұрнақгар сөз тудырса, жалғаулар форма тудырады.  Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне   жаңа      мағына   үстеп,   туынды   сөз   жасайды.

Жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикалық бірлікке (сөзге) айналып,  бүтін сөз ретінде қаралады.  Мысалы,  су деген түбірге жұрнақ жалғасақ, су+лы, су+лык, су+ла, су+лан+дыр+у деген туынды  сөздер жасалады. Бұлардың мағыналары әр басқа. Ал солсу деген түбірге жалғау жалғасақ, су+ға, су+ым, су+лар деген сөз формалары жасалады. Бұл соңғы сөздердің лексикалық мағыналары — біреу ғана, ал формалары — әр түрлі. Ол жалғаулар тек грамматикалық мағыналар туғызады. Айталық, су+ға дегенде — септік мағына, су+ым дегенде — тәуелділік мағына, ал су+лар дегенде — көптік мағына бар.

Жалғаулар әр уакыт тек грамматикалық мағына туғызады десек біз қателесеміз. Кейде  оның жұрнақ орнына жұмсалып, лексикалық мағына да туғызатын кездері болады. Мысалы, босқа, текке, бекерге, кешке деген сөздерді тарихи түрғыдан бос+қа, тек+ке, бекер+ге, кеш+ке деп, түбір және аффикстік морфемаларға жіктеуге болады. Мүндағы -қа/-ке, -ға/ге аффикстері барыс септік жалғауы екендігі ақиқат. Бірақ олар бүл жерде сөз түрлендіруші қызметінен айырылып, сөз тудырушы қызметке ауысқан. Сөйтіп, олар өзі жалғанған сөздерді үстеулерге айналдырған. Тіліміздегі жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғаулары да дәл осындай қызмет атқара алады. Мысалы: баяғы+да, күн+де, әуел+ден, кенет+тен, төте+сі+нен, рет+і+мен, кезек+пен т.б.

Қазақ тілінде -у жалғауы жалғанған біраз етістіктер тұйық етістік формасынан зат есімдерге айналған. Мысалы: жабу, егеу, көсеу, қашау, бояу т.б. Бұлардың құрамындағы -у морфемасы о баста форма тудырушы (тұйық етістік формасы) қосымша болған. Қазір ол форма тудырушы емес, сөз тудырушы жұрнақ ретінде танылып жүр. Шындығында да солай. Ол тұйық етістіктің жалғауы бола тұрып, кейінгі ғасырларда зат есім, сын есім (бітеу, түзу) тудыратын жұрнақтарға айналған. Сондықтан, қазіргі кезде оны (У морфемасын) қазақ тілі оқулықтарында «тұйық етістіктердің жұрнағы» деп атайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Сөз формасы деген не?


  1. 2.Сөздің негізгі түрлері?

  2. 3. Туынды түбірлерге мысал келтіріңдер.

  3. 4. Түбір морфема және аффикстік морфема дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

№3 дәріс тақырыбы: Морфемалардың мағынасы мен қызметі. Морфемалардың басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі.


Дәріс сабағының мазмұны:

1. Морфемалардың мағынасы мен қызметі

2. Морфемалардың басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі

Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің табиғатын, қызметі мен өз ара байланысу және тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау үшін және олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс негізде жасау үшін де өте-мөте қажет.

Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфома (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.

Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да (бас, қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да), бірнеше морфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы)құрала береді. Сөз құмындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдірсе, екіншісі (-шік)кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді. Мағыналық тұрғыдан қарағанда, морфема сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады. Сөз де, морфема да дыбыстан немесе дыбыстардың тіркесунен құралады. Дыбыс – тілдің ең кіші единицасы, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайджы. Дыбыс – тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық единицасы. Егер жеке дыбыс мағынамен байланысса, яғни мағыналық единица ретінде қызмет атқара қалса, онда оның сөз немесе көмекші морфема болғаны. Мысалы, орыс тіліндегі в городе, о роботе дегендегі в,о – предлогтар да, қазақ тіліндегі о баста, о заманда дегендердегі о – ол деген есімдіктің ықшамдалған түрі, ал іні-м, киім-і дегендердегі -м, -і – көмекші морфемалар. Келтірілген бұл мысалдар мағынаның дыбысқа емес, сөзге және сөздің мағыналық бөлшегі – морфемаға тән екендігін дәлелдей түседі.

Сонымен, морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы.

Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Негізгі (немесе түбір) морфеманың жалпылама лексикалық мағынасы заттық мағына деп аталады.

Түбір сөз бен түбірдің, негіз бен сөздің формасы жағынан бір-біріне сәйкес келуі, орыс тіліне қарағанда, түркі тілдерінде әлдеқайда жиі ұшырасады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, сөздің негізгі ары қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін бір ғана түбірдің өзінен (мысалы, жас, қол) құралған жалаң негіз түрінде де, екі немесе одан дакөп морфемадан (жас-тық, қол-тық-та) құралған туынды негіз түрінде де ұшыраса береді. Жалаң негізден, яғни тек жалаң түбірдің өзінен, құралған сөздер түбір сөздер деп аталады, туынды негізден, яғни түбір мен жұрнақтың қосындысынан құралған сөздер туынды сөздер деп аталады.

Енді көмекші немесе аффикстік морфемалар жайында. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема негізгі немесе түбір морфема деп аталса, грамматикалық мағынаны білдіретін морфема көмекші немесе аффикстік морфема деп аталады. Олар, мысалы, түркі тілдерінде дербес сөз ретінде қолданыла алады. Ал аффикстік морфемаларда мұндай дербестік болмайды. Сондықтан да олар көмекші морфемалар деп аталады. Аффикстік морфемалар әрқашан сөз құрамында қолданылады. Олар сөзден тыс, ешқандай мағынаны білдіре алмайды. Аффикстік морфемалар сөз құрамында қолданылғанда ғана, белгілі бір мағынаны білдіреді. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы аффикстік морфемалар (-шік, -ке) осы сөздің және т.б. осы сөз тәріздес басқа да сөздердің құрамында қолданғанда ғана, белгілі бір мағыналарға ие бола алады. Сөз құрамында аталған аффикстік морфемалардың алдыңғысы (-шік) түбір морфеманы (көл)нақтылай түсіп, кішірейткіш мағынаны білдірсе, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Морфемалардың мағынасы мен қызметі қандай?

2. Морфемалардың басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі не?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі :


  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.

  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.

  3. Баранникова Л. И. Введение языкознание. Саратов, 1973.

  4. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркських языков. М., 1969.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Қосымша:

  1. Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.

  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі съөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.

  5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.

  6. Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.

  7. Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.

  8. Кодухов В. И. Введение языкознание. М., 1979, 1987.

№4 дәріс тақырыбы:. Лексика-грамматикалық морфемалар туралы түсінік. Лексика-грамматикалық дербес морфемалар. Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар.



Дәріс сабағының мазмұны:

1.Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар.

2.Дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшілер.

3.Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар.

Сөздің құрамы мен құрылымы туралы мәселе түркология ғылымында ХХ ғасырдың бас кезінен, түркологияның бірлігі В.В. Радловтың зерттеулерінде кездеседі. Содан бері бұл мәселеге көңіл аударылып, әр түрлі пікір алысулар мен жиындарда ғылымдардың тұжырымдамалары тиянақталып, жеке жинақтар да шыға бастады. Сөздердің жарты құралы екі бөліктен тұрады. 
1. Түбір (негіз) тұлға ( түбір морфелялар)
2. Аффикстер (қосымша морфелялар)
Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, бір ізге түскен пікірді Түрік тектес тілдердің көбінде сөздердің құрылым жүйесі анық көрініп тұрады. 
Негізгі түбір морфема сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі негізі деп саналады да, ол сөздің лексикалық мағынасын білдіреді. Сондықтан негізгі морффолс сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйытқысы болып табылады. Негізгі морфема - мағынасы жағынан да, қызметі жағынан да дербес қолданыла алатын морфема. Ал қосымша морфелада олардың дербестігі жоқ. 
Қосымша морфема негізгі морфемаларға қосылып айтылады да, сол арқылы белгілі лексика –грамматикалық мағынаға ие болады. Мәселен, -ды, -да, -ын, -ін, -малы, -мелі т.б. қосымшаларын алсақ, осы күйінде одан ешнәрсе ұға алмадыңыз, себебі жеке тұлғада ешқандай мәні, мағынасы жоқ. Бұлардың сын есім (-ды, -ді) мен зат есім (ын, -ін) тудырушы жұрнақ екенін негізгі морфолоға қосып аяқтағанда ғана (ақыл –ды, ег-ін) білеміз. 
Қосымша морфолаларды өз ішінде жұрнақ және жалғау деп атау ертеден қалыптасқан. Жұрнақтар өзара жаңадан сөз тудырушы жұрнақтар және функциональды сөз түрлендіруші жұрнақтар болып тағы екі салаға бөлінеді де, жалғаулар септік, көптік, жікутік, тәуелдік болып сараланады. Бұл қосымшалардың атқаратын қызметтеріне қарай және өзі қосылған сөздеріне лексикалық не гарамматикалық мағына үлесуіне байланысты әр түрлі болып келеді. 

Тілімізде көмекшілердің сөз құрамында алатын белгілі орны бар. Көмекшілер негізінен дербес сөздің соңында тұрады,яғни дербес сөзден кейін тіркеседі. Бұл заңдылық тілдің жалғамалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Жалғамалы тіліміздің ерекшелігі бойынша қосымша түбір сөзге жалғанады, қосымшы негізінен сөз соңында тұрады,сондықтан біздің тілімізге сөз соңы қосымшалар тән. Осы заңдылық тек қосымшаларға ғана емес, барлық грамматикалық единицаларға қатысты. Міне,сондықтан тіліміздегі көмекшілер де дербес сөзден соң тұрады яғни дербес сөзге тіркеседі. Мысалы:Үйдің жаны, сенен-гөрі,ол-туралы,жұмыстан-кейін, келген-сайын, айту-керек, қазір-ақ, осы-ма,өмір-бойы т.б.

Көмекшілердің ішінде осы жалпы заңдылықтан аутқитын жағдайлар да бар. Сын есімнің күшейтпелі,асырмалы шырайларының көрсеткіштері –күшейткіш көмекшелер жоғарыда айтылған жалпы ереже бойынша емес,дербес сөздің алдынан тіркеседі. Мысалы: өте жақсы, тіпті үлкен, керемет әдемі, тіптен биік, ал қызыл, қып-қызыл, біп-биік, жап-жақсы, әп-әдемі, т.б.

Көмекшілердің ішінде осы жалпы заңдылықтан ауытқитын жағдайлар да бар. Сын есімнің күшейтпелі,асырмалы шырайларының көрсеткіштері-күшейткіш көмекшілер жоғарыда айтылған жалпы ереже бойынша емес, дербес сөздің алдында тіркеседі.мысалы:өте жақсы,тіпті үлкен,керемет әдемі, тіптен биік, ал қызыл, қып-қызыл, біп-биік, жап-жақсы, үп-үлкен, әп-әдемі,т.б.

Күшейткіш көмекшілердің сөз алдынан қолданылуы сын есімнің табиғатына тікелей байланысты. Сын есім заттың белгісін білдіретін сөз табы болғандықтан,ол қашанда зат есімнің алдынан тіркеседі. Заттың сындық білдіретін бірнеше сөз қатарласа зат есімнің алдынан тіркесу тілдегі заңды құбылыс. Олай болса, заттың белгісін білдіретін бірнеше анықтауыштардың ішінде жалпы мағыналысы грамматикалық қызметке көшкен.сондықтан олардың сөздің алдында тұруы заңды деп санаймыз. Әрине,күшейткіш буындардың жағдайы өзгешерек,бірақ олардың да сөздің алдынан келуі сын есімнің жалпы орнымен тікелей байланысты.

Сөйтіп, күшейткіш көмекшілер ғана сөз алдында қолданылады,қалған көмекшілердің бәрі дербес сөздің соңынан тіркеседі. Бір сөзге бірнеше көмекші тіркескенде де, бірінен соң бірі сатылай дербес сөзге тіркеседі.

Осы ерекшелігіне қарап көмекшілерді сөз соңы көмекшілер деп бөлуге болады. Сөз соңы көмекшілерге көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер жатады. Ал сөз алды көмекшілерге күшейткіш яғни сын есім шырайларының аналитикалық форматтары жатады.

Қазақ тіліндегі көмекшілердің дербес сөзбен тіркесу мүмкіндігі түрліше. Олардың бәріне ортақ жалпы белгісін ескеріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:1)дербес сөздің формасын талғайтын көмекшілер;2)дербес сөздің тұлғасын таңдамайтын көмекшілер.

Дербес сөздің тұлғасын таңдамайтын көмекшелер.

Қазақ тіліндегі көмекшілердің бір тобы түрлі формалы дербес сөзге тіркесе береді.Мысалы: сен-ақ, өте биік,келеді де кетеді,келді де кетті,жігіт те,көрген де,өте жақсы,ұқыпты да,өте үлкедеу.Бұл топтағы көмекшілер сөзге ешбір қосымшаның көмегінсіз тіркеседі.Дербес сөздің формасын таңдамайтын көмекшелерге жалғаулық,демеулік шылаулар,күшейткіш көмекшілер жатады.Мысалы:бір сұрауға лұқсат етесің бе?Оспанның үйіне мен қайын енесі болып,қасқа сиырды жегіп барып отырмақпын ба? -Апыр-ай, Оспанның тырнағына ілігіп қалады ма екен? Әйел тәуекелден тайып,болмаса қорқып шыға алмай қалып отыр ма?Шынымен-ақ Оспанның құрығынан құтылып кеттік пе?( Ғ.Мүсірепов). Келтірілген сөйлемдерде бір ғана сұрау шылауы түрлі –түрлі формалы дербес сөзге тіркесіп тұр,оның тіркескен түрлі формалы сөздерін әрі қарай да жалғастыра беруге болады.Бірақ осы мысалдардан да оның өзі тіркесетін дербес сөздің формасын таңдамайтынын аңғаруға болады.

Ал күшейткіш көмекшілердің сөз формасын таңдамауы олардың сөздің алдынан тіркесуіне байланысты,сын есімге қаатысна да байланысты.Бұлар-дың жағдайы сөз формасын таңдамайтын басқа көмекшілерден гөрі ерекшелеу.

Сөз формасын таңдамайтын көмекшілердің мағынасы дербес сөздің формасына да,мағынасына да,ол форманың мағынасына да тәуелді емес,сондықтан да ол дербес сөздің формасын таңдамайды.дербес сөздің формасын таңдайтын көмекшілердің мағынасы белгілі форманың мағынасына байланысты болса, бұл көмекшілер де ондай қасиет жоқ.Осы ретте дербес сөздің тұлғасын таңдамайтын көмекшілердің мағынасында дербестік басым екенін айту керек.Бұл көмекшілердің мағына дербестігі олардың жалпы мағыналарымен,грамматикализациялану дәрежесінің жоғарлығымен,өздері шыққан сөз табынан алыстауымен де байланысты.

Дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшілер.

Бұл топқа белгілі формалы сөздерге ғана тіркесін көмекшілер жатады. Мысалы:сен үшін, үйдің жаны, келе бастады т.б. Бұл мысалдардағы көмекшілер тіркесінен дербес сөздің формасын өзгертуге болмайды:сенде (саған)үшін емес, сен үшін, үйге жаны емес,үйдің жаны, келіп басталды емес,келе бастады. Мұндай сөз формасын талғайтын көмекшілерге:көмекші есімдер,көмекші етістіктер, септеулік шылаулар жатады.Бұлардың қайсысы болсындербес сөздің белгілі формада тұруын керек етеді. сондықтан дербес сөздің құрамындағы қосымшаны дербес сөзбен көмекшілердің байланыстырушысы деп қарауға да болады. Мысалға көмекші есімнің дербес сөзге тіркесін алайық. Дербес сөз бен көмекші есімді байланыстыратын белгілі морфемалар бар, олар –ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауының 3-жағы.Ілік септік жалғауы дербес сөзге тіркеседі,ал көмекші есімге тәуелдік жалғауының 3- жағы жалғанады.Бұл екі қосымшасыз дербес сөз бен көмекші есімнің бірімен –бірі байланысуы мүмкін емес,сондықтан олардың тіркесінде бұл екі қосымша міндетті элемент болып саналады.Олй болса ілік септік жалғауы,тәуелдік жалғауы дербес сөз бен көмекші есімді байланыстырушы морфемалар ретінде қаралу керек.

Дербес сөздің формасын таңдап тіркесетін көмекшілердің бірі –септеулік шылаулар.Септеулік шылаулар атау және барыс,шығыс,көмектес септікте тұрған дербес сөздерге тіркеседі. А.Н. Кононов септеулік шылаулар сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік қатысты білдіреді, сондықтан септеулік шылаулар септік системасымен тікелей байланысты, сонымен бірге септік жалғаулары бере алмайтын синтаксистік қатысты білдіреді екен. Бұдан шығатын қортынды:септеулік шылаулардың сөз формасын таңдауы,алдымен,шылаулардың мағынасына байланысты, екіншіден,ол мағынаның қай септіктің мағынасына жақындығына байланысты.Басқаша айтқанда, септеулік шылаулардың мағынасы мен белгілі мағынасында белгілі байданыс бар.Септеуліктердің әр септікке байлаулы болуы, белгілі септікті керек етуі олардың мағына байланысынан шығады. Атау септікпен: үшін,сайын,сияқты,секілді,тәрізді,туралы,жайында, шамалы шақты,қаралы,ғұрлы,ғұрлым шылаулары тіркеседі.мсалы:сен үшін,үй сайын,ол сияқты,біз сықылды,сен турасынан.

А. Н. Кононов атау септікпен тіркесетін септеуліктер құрал,мақсат,себеп, ұқсату мағынасынан білдіретінін айтады.

Қазақ тілінде бұл септеуліктердің мағынасы одан да кеңірек.Осы септеулік шылаулар білдіретін мағыналар көбіне субъектіге немесе затқа қатысты:Ол телефон арқылы сөйлесті дегенде субъектінің қимылды жасау мақсаты,Асан тәрізді дегенде субъектіге,затқа ұқсату,сен туралы дегенде қимылдың қатысын сияқты мағыналарды білдіреді.сонымен бірге сандық ұғымға болжал мағынасын да қосады.

Барыс септік формалы сөзге тіркесетін септеулік шылаулар шейін,дейін,қарай,тамн,салым, т.б. осы көмекшілердегі заттардың аралық шегі сияқты мағына барыс септік білдіретін бағыт,мекен мағыналарымен тікелей байланысты:үйге дейін,қалаға шейін,үйге қарай,көлге таман дегендердің бәрінде дербес сөздегі мекен мағынасына бағытталған қимылдың шегі айқындалған.Бұл арада да барыс септіктің мағынасы мен оған тіркескен септеулік шылаудың мағынасының байланысы көрініп тұр.Септеулік шылаудың мағынас барыс септіктің мағынасын толықтырып,айқындап тұр,өйткені ол мағыналар байланысты.

Шығыс септік формасын керек ететін септеуліктер:гөрі,бері,әрі,кейін,соң, бұрын,бетер т.б. Шығыс септік қимылдың басталар нүктесін,мекенін білдіреді. Мсалы:таудан әрі,ауылдан бері,орманнан кейін,ауылдан соң дегендердің бәрінде септік білдіретін басталатын мекен,орын мағынасы толықтырылған,нақтыланған,Егер шығыс септіктегі дербес сөз мезгіл мағыналы болса,онда қимылдың,уақиғаның басталар мезгілі айқындалады:күзден бері,бір жылдан соң,екі ай бұрын дегендерде де септеулік көмекшілердің бәрі қимыл-уақиғаның басталар уақтын дәлдеп тұр.Көмектес формалы сөзді қатар,бірге септеуліктер керек етеді.Көмектес септікпен тіркесетін септеуліктер осы септіктерді зат іс-әрекетпен қосарланған тағы бір зат,іс-әрекеттің барын білдіреді.Сөйтіп,септеулік шылаулардың мағынасы белгілі септіктердің мағынасымен өте тығыз байланысты,сондықтан септеулік көмекшелер өзінің мағынасымен толықтырады.Татар тіл білімі ғалымдарының септеулік көмекшілерді септік категориясының көрсеткішіне жатқызуы да осы жағдайлармен байланысты.

Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Түбір дегеніміз дегеніміз не?

  2. Қосымша дегеніміз не?

  3. Грамматикалық ұғымдар дегеніміз не?

  4. Лексика-грамматикалық дербес морфемалар. Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемаларға қайсысы жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.



2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991

  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

2 модуль Аффикстер морфонологиясы
№5 дәріс тақырыбы:. Бір және көп функциялы қосымшалар. Қосымшалардың семантикасы.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Аффикстер морфонологиясы туралы түсінік

2. Аффикстер морфонологиясы.

Аффикстер морфонологиясы туралы түсінік

Агглютинативті тілдердің бір түбірде екі, үш, бес, сегізге дейін аффикстер үстеліп, тізбектеле қосылып қолданылуын тіл мамандары «әр аффикс бір-бірден ғана мағына беруінен» деп түсіндірді. Мысалы, орыс тіліндегі книг, коров, сондай-ақ домов т.б. алады да,әрқайсысында,жыныстық (родовое), жекеше не көпше екені,тірі не тірі емес,ілік септігі т.т. көп функциялы деп сипаттайды. Книг - қазақша кітап-тар-дың түрінде мағыналардың әрқайсысы үшін белгілі аффикстердің қосылатыны мысал етіп дәлелденеді. Тап осы келтірілген мысал дәлел де бола алады.

1.шындығына келгенде,өзге түркі тілдері сияқты қазақ тілінде де аффикстер басым көпшілігінде бір функциялы болып келеді.Бұған біз жалғаулардың,олардың ішінде, көптік жалғаулардың ішінен –лар,-лер дегенін арнайы бөліп алып,көрсетейік.бала-лар немесе олар дегендер мен біз-дер,сен-дер,сіз-дер, сондай-ақ,жіктік жалғауларының да: бала-сыз-дар,бара-сың-дар,отыр-сың-дар т.басқаларға зер салсақ,-лар тек көптікті білдіреді,ал 1-жақ па, 2-жақ па,оның анайы,сыпайы түрлері ме – бәрі де -лар,- дар арқылы емес,жіктеу есімдіктерінің мән мағынылары,жақтарымен ажыратылып,таны-лып тұр.

2.Мысалға –ді(оның –ды т.б.морфонемалық варианттарын қосып) дегенді алайық.Бұл,мәселен,кел-ді және кел-е-ді дегендерде қолданылады.Осы екі сөздегі тұлғаластар жұрнақша ма,жалғау ма,екуі бір ме,біреу ме әлде омомрф па? Бұл екуі –бір емес.Өйткені,біріншіден,соңбір емес.Өйткені,бірінiшіден,ол келе ме?-деп, -ді 3-жақ жіктік жалғауын түсіріп айтуға да болады.Біріншідегі-ні бұлай етуге келмейді.

3.Екі, үш,көп функциялы аффикстер де өзінен соң қосымшалар үстеліп,өзіне тән болып телінетін бір мағынаысын сақтап,өзге грамматикалық функцияларынан айрылады.Мсалға,етістік жасаған кез келген жұрнақты алайық.Ойын-а >ойна;мін-е- >; ою + ла,ән +де + т т.т.зат есімнен етістікке айналуына сәйкес бұларда:сен ойна болып: а) 2-жақ, б)жекеше, в)анайы түрде,г) бұйырыла, д)келер шақта және е) болымды яғни іс жүзіне асырылуға тиіс –міне осы сияқты 6 түрлі катигориялық мән-мағынаға ие болады.сондықтан біз бұл жұрнақтарды лексикалық единица жасап тұрған конверсиялық қызметіне 6 грамматикалық функцияның да жүгін көтеруші полифункциялы морфема деп қараймыз.Осы туынды түбірлерге бұйрық райдан басқа етістіктің өзге категорияларының жұрнақшалары қосылды-ақ дегенше,конверсиялы функциясынан өзгелері мән-мағыналарын жояды.

4. Қосымшалардың көп функциялы болуы сол қосымшалармен қосылып қолданылатын сөзформалардың сөйлемде бастауыш және баяндауыш болып тұрғандығы қызметтерімен тікелей байланысты.

А) Жоғарыда мысал етіп келтірілген және солар тәрізді:ойн-а,ой-ла,сөй-ле-с, ұз-а-р т.б.баяндауыш болғанда, негізгі лексикалық мағынасының үстіне 6 грамматикалық қызымет атқарады.

Б) Зат есімдер де,мейлі негізгі түбір,мейлі:оқушы,оқытушы,оқырман,дәрі-гер,орақ,егін т.т. оқушы –оқу озаты,оқытушы сабақ түсіндіріп тұр,ол –сүйікті дәрігер,анау ілулі тұрған –орақ т.б.:

1) зат атаулары болумен бірге, 2) 3-жақты, 3) жекешені білдіреді,сондықтан да кез келгенін ол деген есімдікпен орын ауыстырып қолдануға болады.

5.Тәуелдеулі септеулердің барыс септігіндегі әке-м-е,апа-м-а,сондай-ақ: аға-сы-на,іні-сі-не, жатыс септігіндегі: үй-і-нде,қалта-сы-нда,табыс септігіндегі: ұл-ы-н, ата-сы-н т.б.,көп функциялы қосымшалар жатады.

6.Жіктік жалғауларының есім мен 4 етістікке ортақ бірінші және екінші жақтарының жекше түрлері,сондай-ақ бірінші жақтың көпшесінің мрофема,морфттары әр уақыт көп функциялы болып кедеді.Бұған ол жалғаулардың өздері:мен,сен,сіз,біз деген жіктеу есімдіктерінен пайда болып қалптасулары негізгі себептерден саналса,жіктік жалғауларының предикативтік қызыметі де шешуші ролъатқаратыны шүбә туғызбайды. Мен оқушы-мын дегенде, а)1-жақ, б)жекеше, в)нақ осы мезгілде екені,сөйтіп баяндауыш болып келетінін қосқанда 4 функция атқарып тұр.Сіз дәрігерміз,біз кел-се-к, мен бар-ды-м т.б.жіктік жалғауларының грамматикалық функциялар осылар сияқты.Бұлар тәрізді жіктік жалғаулары айдан анық өз материалды көрнісін тауып тұрғанда,сөйлемдегі бастауыштардың бар немесе түсіріліп айтылуы тілдегі заңдылықтардан саналады.Ілік пен тәуелдеуді сөздер тіркесі жөнінде де осыны айтуға болады.

7.Логикалық пен грамматикалықтың тұтас көрінісі предикат-баяндауштардың қызыметіндегі жоғарыда айтып,талдап өткен заңдылық, бірңғай мүшелер яғни баяндаштардың да үнемі жіктік жалғаулы түрлері толық келе беруін міндеттейді.Мысалы: “Кеше үйге барып,кітаптарымды алып,бүгін кешке қайтып оралдым” дегенді алсақ,осындағы ең соңғы орал-ды-м алдыңғы екі етістік үшін де грамматикалық функциялардың толық көрсеткіші болып,оның өзін де: а) –ды жедел өткен шақты,б)- м бірінші жақ,в) жекешнні білдіреді.

Құрмалас сабақтас сөйлемдегі бағыныңқы,басыңқы сөйлемдердің бастауыштары бір субъект болмайиындықтан және баяндауштарында жіктік жалғауының жоқтығы бағыныңқысының бастауышы болуына әкеп соғады.Мен келмей сен кетуші болма;балалары келіп,үй іші мәре-сәре болды.Сіз ерте келмегенде,біздің бүгін бұл үйде болуымыз екі талай еді. т.т.

8.Менің кітаб-ым,сенің үй-ің, біздің ұл-ымыз, сіздің бала-ңыз т.т.осылар тәрізді тәуелдік жалғауларының бірінші жақ жетекшісі мен көпшесі,сондай-ақ екінші жақтың анайысы мен сыпайысы да көп функциалар тобына жатады.Бұларда үшүштен грамматикалық мәнмағына бар.Солардың үшіншісі –бәріне ортақ яғни бұларды ол деген жіктеу есімдігімен орындарын аустыруға болады.Баламыз келді;кітабім үйде;Ұлыңыз(ол) қайда оқиды?т.т.

9.Тіліміздегі қосымшалардың бәрі біз айтып,сипаттап,түсіндіріп жүрген мағыналарда қолданыла бермейді.Мсалы, зергер.дәрігер т.б. -гер аффиксін алайық.Адам- гер-шілік,жау-гер-шілік салстырғанда, біріншіден, бұл соңғылардың қолданылуда адам-гер,жау-гер деген негіздері жоқ, екіншіден,адамгер-ші,жау-гер-ші болып та айтылмайды.Бұлар сол –гершілік деген комплексттүрінде әуре-гершілік т.т. лексикалық единицалар болып есептеледі.Мейір-імді,мейір-ман,адам-шылық пен адам-дық,т.т.толып жатқан параллель сөзжасамдар бар.қазақ-ы деген де парсы тілі сөзжасамның саяси,әдеби,мәдени т.б. секілді морфеманың бір альтернативті морфы.

10.Бір тұтас морфемадай болып кеткен күрделі аффикстердің біреуі –шілік,-смақ,т.т. колхозшылық,қол тиімді,білген сымақ тәрізденіп; бұлар сияқты:азшылық,көпшілік,молшылық,жоқшылық т.т.бар.

11. Аффикстер тәрізді морфонологиялық ерекшелікте сәйкестене қолданылудан альтернатты морфтар дәрежесіне түскен көмекші единицаларда бар.Олар сұрау шылаулары: ма, ме, ба,бе, па,пе, (бар ма,жоқ па, аз ба,көп пе? Т.т.

12.Өзгелерді былай қойғанда,етіс аффикстерінің ішкі мәндерімен байланысты agens, patiens, олрдың грамматикалық берілу жолдары, сөйлем құрамы мен құрылымдарына тигізетін әсері т.т.ұшы- қиыры жоқ құбылыстар бар. Бәрі де логика мен грамматика байланысы тұрғысынан,семантикалық зерттеулердің арнаулы объектілкрі болуға тиіс.

Аффикстер морфонологиясы.

Көмекшілердің абстракциялану дәрежесі қаншалықты түрлі болса,оның құрлысы да соншалықты түрлі.Оны анық көрсету үшін,есім көмекшілердің құрлысына тоқталайық,өйткені етістіктің аналетикалық форманттарының құрлысы жеке зерттелген.

Есім көмекшілерге көмекші есім,сын есім шырайының күшейткіш-морфемалары,шылаулар жатады.Шылаулар есім сөзге де,етістікке де тіркесе береді.Сондықтан оны таза есім аналитикалық единицалар деп айту қиын.Бірақ етістіктің аналитикалық единицаларымен байланысты зерттеуде олар айтылмаған,сондықтан оларды есім көмекшілер қатарында алуға болады.

Есім көмекшілердің құрлысын тарихи тұрғыдан алу бұл жұмыстың мақсатына жатпайды.Олардың көбінің құрлысы өзгерген,морфемаларының жігі жойылған,ал бірсыпырасының құрамындағы морфемалар қазір де байқалып тұрады.Бірақ олардың құрамында қанша морфема болса да,тілде қазір бір морфеманың қызыметін атқарады.Есім көмекшілердің құрамындағы осы ерекшелікке қарай оларды негізгі және туынды деп топқа болуге болады.

Негізгі көмекшілер деп құрамын морфемаға бөлуге келмейтін аналитикалық единицаларды айтамыз.Мысалы:да,мен,ақ,ғой,мыс,әрі,не,та-ман,маң,қас,жан,іш,сырт,арт,шейін,сайын т.б.Трихи тұрғыда бұлардың да бірнеше морфемаға бөлуге келетіні түркологияда дәлелденіп жүр.Мсалы: үш < үш-ін,дейін < тегін, т.б. Қазіргі тілдің даму сатысында бұлардың құармындағы морфемалардың жігі сақталмаған,сондықтан оны қазіргі тілдің даму сатысындағы дәрежесіне сай негізгі көмекшілер деп бөлінеді.

Негізгі аналитикалық единицларға көмекші есімдер түгел жатады.Сонымен бірге,бұл топқа шылаулардың басым көпшілігі жатады:сайын,дейін,кейін,таман,қатар,гөрі,әрі,мен ал,бірақ,егер,әлде,не,я,ақ, ғана,тек,түгел,ғой,түгіл,екш,-мыс.

Туынды көмекшілердің құрамындағы морфемалардың морфемалардың жігі көрініп тұрады.Мсалы:Сен жөнінде жақсы хабар естідік.Мұнда жөнінде –шылау.Оның құрамындағы тәуелдік,септік жалғауыанық көрініп тұр.Бірақ ол жалғаулар бұл арада өз қызыметінде тұрған жоқ,олардың мағынасы сақталмаған,сөйлемдегі сөздермен септік формасы бойынша қарым-қатынасқа түспейді.Оның құрамындағы морфемалар өз қызыметінен мүлдем айрылған,сондықтан ол тілде қазір біртұтас единица қызыметін атқарады,соған лайық ол тұтастықта қаралады.Тілдегі мұндай көмекші сөздер белгілі құрамда ғана ол біртұтас мағына беруге қалыптасқан.Басқаша айтқанда,оның құрамындағы морфемалар түбір болып,тұтасып көнерген.Мұндай көмекшілерге мыналар жатады:бойы,бойда,бойынша, жайлы,жайында, жөнінде, тәрізді, сияқты, секілді, әйтпегенде, болмаса, себепті т.б. Есім көмекшілердің бәрі осылай дыбыстық құрамы біртұтастықта деуге болмайды.Кейбір көмекшілердің құрамындағы морфемалар біртұтас дыбыстық құрамға жетпеген аралары ашық,тек тіркесе қолданылып бір мағыны беретіні де бар:неге десең, тек қана, егерде, және де, бірақ та, сол себепті, т.б. осы келтірілген шылаулардың әрқайсысы екі морфемадан тұарады,олар сол бөлек дыбыстық құрамын сақтаған,біраұ бір мағына беріп,бір единица қызыметін атқарады.Осындай есім көмекшілердің құрам ерекшелігіне қарай оларды дара және күрделі көмекшелер деп бөлуге болады.

Дара есім көмекшілерге біртұтас дыбыстық құрамдағы көмекші сөздер жатады.Олар: не,я, яки, мен, де, сайын, дейін, қарсы, қарай, салым, бері, әрі, соң, кейін, егер, ақ, ғана, арт, тек, түгіл, гөрі, ал,бірақ, әлде, жоқ, арт,қас, жан, маң, өте, алд, аса,тым,тіпті,бойында, бойынша, жайлы, жайында, жөнінде,тәрізді,секілді,сияқты, сықылды, әйтпегенде,болмаса, себебі, тым, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, орасан керемет т.б. мұндай көмекші сөздің құрамында қанша морфема болса да, олар біртұтас дыбыстық құрамға кіреді және ол морфемалар өзінің бұрнғы қызыметінен айрылған өз қызыметі тұрғысынан олар –өлген морфемалар. Олардың құрамында морфемалары бары да,морфемааларға бөлуге келмейтіндері де тілде бірдей қызыметте жұмсалады. Күрделі көмекшелер ең кемі екі морфеманың тіркесінен құралады және ол морфемалардың арасы бөлек тұрады.Мұндай күрделі единицалар мыналар: не үшін десең, сол үшін, сол себепті, неге десең, өйтсе де, онда да, олай да, ал ендеше, олай болса, сонда да, алда-жалда, сол себепті, не болмаса, және де, сонан соң, егер де, бірақ та, тек қана т.б.

Есім көмекшілердің құрамы,құрлысы түрлі-түрлі.Оларды бір модельге сыйғызу мүмкін емес,сондықтан бұл жасалған топтастыруда олардың жалпы белгілері ескеріледі. Мұнда олардың осы ең жалпы белгілеріне сүйеніп жасалған екі түрлі топтастыру оларды ішкі ерекшеліктерін,ұсақ белгілерін қамтымауы да мүмкін.Бірақ алдымен олардың ең жалпы белгілері ескерілуі қажет болғандықтан,мұндай топтастырулар жасалады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Бір функциялы қосымшалар

2.Көп функциялы қосымшалар

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет