шегі бұл концепцияда индивидтің және отбасының физикалық қабілетін
сақтауға қажетті өмір сүрі деңгейімен анықталады. Өмір сүру адамның
маңызды қажеттіліктерін төмен деңгейде қанағаттандыруға мүмкіндік
беретін табыс деңгейімен өлшенеді.
Салыстырмалы кедейлік концепциясына сәйкес кедейлік индивид пен
отбасының тек қана экономикалық мүмкіндіктерін бейнелеп қана қоймайды,
сонымен қатар оның өмір салты мен өмір сүру деңгейін,
өмір сапасын
көрсетеді.
Батыстық ғалымдар кедейлік туралы
Кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс
Еуропада бұл мәселе еретден қарасырылып келеді.
Кедейлікті ХУ111 ғ. А. Смит., Т. Мальтус, Д. Рикардо сияты ұлы
ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын
құбылыс ретінде сипаттаған. Т. Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік
халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады.
Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның
туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т. Мальтустың
көзқарасы бойынша мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын
тек
қана арттырады, бұл процесс аштық, әртүрлі ауырулар, соғыс сияқты
тиімді “көмекшілер” арқылы реттеліп отырады.
Х1Х ғ. Ортасында Г. Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың
бірі ретінде баға береді. “Әлеуметтік статика” деген еңбегінде ол кедейлік
пен теңсіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді.
Яғни, өндірісті тоқату мүмкін болмағандықтан бұл мәселені толық шешу
мүмкін емес. Г. Спенсер кедейлікке қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның
жеке проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қыйыншылыққа мойымай,
проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол
береді. Ол сонымен қатар кедейліктің нақты критерийлерін анықтау мүмкін
еместігін өзінің методологиялық тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең
ауыр түрі – қайыршылық. Г. Спенсер кедейлікті тұлға дамуының қозғаушы
күші ретінде де бағалайды. Ф. Гиддинс кедейлікті екі түрлі бағалайды: бір
жағынан ол
жоюға болмайтын зұлымдық, екінші жағынан әлеуметтік
прогресс серігі.
Ж. Прудон кедейлік - әлеуметтік игілік, оны жою жолдары еңбек
өнімділігінің өсуімен қатар ашылады деген қөзқарас айтады. Ол абсолюттік
және салыстырмалы кедейлік түрлерін бөліп сипаттайды. Салыстырмалы
кедейлік адамзатқа тән белгі. Өндіріс өскен сайын адамдардың да
қажеттіліктері өседі де, адамдардың жағдайы қоғам талаптарына сәйкес
келмей қалады.
Э. Реклю “Байлық пен кедейлік” атты еңбегінде кедейліктің ең ауыр
түрі – қайыршылықты бөліп көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге
қажетті
минимум керекті заттарды есептеп көрсете отырып, негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайтын адамдарды ғана кедейлер қатарына жатқызған.
Оның тұжырымдауы бойынша, кедейлікті жеңудің шарты – ауыл
шаруашылығы мен өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бірдей
бөлу.
Ағылшын ғалымдары Ч. Бут пен С. Раунтри Х1Х ғ. аяғында зерттеу
жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу,
киім кию, баспанамен қамтамасыз етілу қажеттіліктерін өтей алу
мүмкіндіктерін алған. Ч. Бут адамның табыс деңгейін, негізгі қажеттіліктерін
өтеу деңгейін, денсаулығы мен жұмысқа деген қабілетін сақтап отыруға
керекті нормалар мен стандартттарды анықтауға тырысқан. Ч. Бут пен С.
Раунтри бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар.
Олар Лондон
мен Нью-Йоркте жүргізген социологиялық зертеулерінің нәтижесінде
халықтың 30 пайызы өмір бойы кедей күйінде болып отыратынын
дәлелдеген. С. Раунтри зерттей келе, кедейліктің алғашқы және екінші
кезектегі түрлерін бөліп көрсеткен. Алғашқы кезектегі кедейлік түсінігі
адамдар қаражаттарын дұрыс пайдаланғанның өзінде негізгі қажеттілктерді
өтеуге шамасы келмеген жағдайда, ал екінші кезектегі кедейлк түсінігі
адамдардың ақшаны дұрыс қолданбауына байланысты төмен материалдық
жағдайға ұшырағанда қолданылады. С. Раунтри алғаш болып кедейлер мен
жай ғана қаражаттарын дұрыс қолданбайтын
адамдардың арасындағы
айырмашылықты көрсеткен. Ол тек қана негізгі қажеттіліктерді
қанағаттандыруға керекті отбасының деңгейін есептей отырып, кедейліктің
шегін анықтаған. С. Раунтри абсолюттік кедейлік түсінігі қаражатты дұрыс
қолданудың өзінде отбасының негізгі қажеттіліктерін өтеуге жағдайы
келмегенде қолданылса, салыстырмалы кедейлік түсінігі адамның не
отбасының ақшаны дұрыс қолданбауының нәтижесінде кедейлікті
бейнелейді.
ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса
бастады. М. Оршанский бюджетті
сұраудың мәліметтер бойынша
тұрмыстың, киіну және т. б. ең керекті қажеттіліктердің сандық
параметрлерін қалыптастырған. Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып,
АҚШ-та 80-інші жылдарға дейін қолданылып келген кедейліктің
салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель коэффициенті бойынша табыс
мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген шығын көлемі ұлғая
түседі.
ХХ ғасырдың 70-інші жылдары жоқшылық концепциясы қалыптасты. Оның
негізін салушылар Маршалл мен П. Таунсенд. Олардың қөзқарасына сәйкес,
қоғамда ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей
деп есептелген. П. Таунсенд “Ұлы Британиядағы кедейлік” атты еңбегінде
салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: “ Өздері өмір сүретін
қоғамның өміріне араласа алмайтындар,қоғамда қалыптасқан өмір сүру
деңгейі мен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей
болып есептеледі”.Оның айтуынша ағылшындардың 25 пайызы үнемі
кедейлікте өмір сүрсе, 50 пайызы кедейліктен қорқып өмір сүреді.
А.
Маккоулидің айтуынша, адамдардың жағдайы өмір сүріп жатқан
қоғамның өмір деңгейіне сәйкес келмесе, кедей болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: