Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет20/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Тәуелділік теориясы
Тәуелділік теориясы кедей елдерді бай елдердің тарихи қанауының 
жаһандық теңсіздігін түсіндіретін экономикалық және әлеуметтік даму 
моделі. Бұл теориялық бағыттың өкілдері әлемдегі кедейлік үшін 
жауапкершілікті дамыған елдерге артады. Бай елдер жүйелі түрде бай 
елдерді өздеріне бағынышты ету үшін қанады. Бұл бұзушылық процесс 
көптеген жүз жылдықтар бойы созылып, әлі күнге дейін жалғасуда. 
Тәуелділік теориясына сәйкес кедей елдерде өмір сүруші адамдар бұрын 
ауқатты болған. А.Г. Франктың пайымдауынша бай елдердің дамуына 
көмектескен отарлау процесі кедей қоғамдардың әлсіреуіне алып келді. 
Тәуелділік теориясы бай және кедей елдердің экономикалық жағдайы бір 
біріне өзара байланысты және оларды жеке қарастыруға болмайды деген 


идеяға негізделген. Прогресс жолында бір қоғам екіншісінен артта қалады 
деуге болмайды. Керісінше, олардың ойынша, дамыған елдердің гүлденуі 
дамуы оған қарағанда төмен елдер есебінен болып отыр. 
Валлерстайн «әлемдік экономика» терминін енгізе отырып кез келген 
елдің гүлденуі не құлдырауы жалпы ортақ жүйенің салдары деп 
пайымдайды. Оның айтуынша әлемдік экономика бай қоғамдарға 
пайдасын әкелсе, әлемнің басқа бөлігіне зиянын келтіреді. Бұл үш түрлі 
фактормен айқындалады: Тар маманданған, экспортұа бағытталған 
экономика;өндірістік қуаттың жеткілдіксіздігі; сыртқы қарыз.
 
 
1.8.
 
Әлеуметтік өзгерістер теориясының даму бағыттары 
 
Әлеуметтануға бір бөлініс тән, оныңыз пайда болу сәтінен бастап күні 
кешелерге дейін қаншалықты табанды болса, соншалықты күмәнді де болып 
шықты. Бұл «бастапқы күнә» үшін барлық жауапкершілік өзінің ілімін 
«әлеуметтік статика» және «әлеуметтік динамика» деп екіге бөлген 
«әлеуметтану атасы» Огюст Конт (1798-1857) мойнында. Бұлай бөлудің 
негізіне оншалық анық емес, метафора алынған болатын, оны Герберт 
Спенсер (1820-1903) кейінірек едәуір анықтай түсті. Әңгіме қоғам мен 
биологиялық организм арасындағы ұқсастық жайында. Әлеуметтік статика 
деп адамзат қоғамының анатомиясын, оның құрамдас бөліктерін және 
олардың орналасуын (органдарымен, қаңқасы және бұлшық еттерімен бірге 
дене анатомиясына ұқсастырып) зерттеу түсінілді, ал әлеуметтік динамика
Конттың ойы бойынша, физиологияға, яғни, қоғамның ішінде болып 
жататын процестерге (дене функциялары – тыныс алу, метаболизм, қан 
айналуы секілді) ден қоюға тиіс болатын. Қоғамның дамуының түпкі 
нәтижесіде организм эволюциясының нәтижесіне (эмбрионнан кәмелетке 
дейін) ұқсастырылды. Оны орнықты қалпы бар, қоғамның әлдене 
қозғалысына қарамай-ақ байқап-бақылап талдауға болады деп топшыланды.
Герберт 
Спенсер 
де, 
терминологияны 
өзгерткенімен, 
сол 
көзқарастарды ұстанды. Оның «құрылым» мен «функцияны» бір-біріне 
қарама-қарсы қоюы жүз жылдан астам уақыт әлеуметтанушылық тілдің 
өзегін құрады. «Құрылым» ұғымы әлеуметтік бүтіннің ішкі құрылысын, яғни 
пошымын, ал «функция» ұғымы – оның қызметінің, яки тәсілдерін зерттеуді 
аңғартатын. Конт секілді, Г. Спенсер де қоғамды, онда болып жатқан 
процестерден бөлек, әлдене қатқыл мән,і бар, сезілетін объект деп 
қарастыруға болады дегенді айтады. Басқаша айтқанда, қоғамның 
кұрылымын оның функциясынан (қызметінен) бөліп алу мүмкіндігі 
мойындалды. 
Аталған 
идеялардың 
әдіснамалық 
мұрасы 
зерттеушілік
процедуралардың екі тұрпатын бір-біріне қарама-қарсы қою болды, мұны 
Конт: қатар өмір сүру (яғни, белгілі бір әлеуметтік феномендердің неліктен 
ылғи да бірге көрінетінін анықтау) заңдарын іздеу және оларға кереғар ілесе 
жүру (яғни, белгілі бір әлеуметтік феномендердің неліктен басқа біреулерінің 
не алдынан не соңынан келетінін анықтау) деп сипаттаған. Бұл бөлу 


оқулықтардың көпшілігіне мықтап енген; оларда «синхронды (яки 
кроссекциялық) зерттеу» - қоғам уақыттық статикалық перспективада 
қарастырылатын зерттеу, ал «диахрондық (яки дәйекті) зерттеу» – уақыт 
ағымын қамтып, әлеуметтік өзгерістерге баса көңіл бөлетін зерттеу деп 
анықталды. Мұндай амалдар әлеуметтік өзгерістерді осы заманғы 
(диахрондық) зерттеуге елеулі ықпал етті. Бұл зерттеу классикалық табиғи 
метафора мен соған байланысқан бөлу мен қарама–қарсы қоюды мұра етіп 
қабылдады, бірақ оны тікелей Конттан, Спенсерден және XIX ғасыр 
әлеуметтануының мэтрлерінің емес, XX ғасырдың жүйелер теориясы, 
функционализм, немесе құрылымдық функционализм сықылды ықпалды 
бағыттары арқылы қабылдады. Аталмыш бағыт аясында талдап әзірленген 
қоғамның жүйелік моделі органицизмге тән идеялар жиынтығын біріктіріп, 
қорытты. Өзгерістерді талдауда әдетте пайдаланылатын тұжырымдамалық 
аппарат, түгелімен ең алдымен жүйелік модельден алынады, тіпті ғалымдар 
мұны түсінбесе немесе өздерін жүйелік және құрылымдық – функциялық 
теориялардың жақтасушымыз деп санамаса да солай етіледі. Тек таяуда ғана, 
«жүйелік модельге», қоғамның процесс тұрғысынан, қарастырылатын 
«балама бейнесі» немесе морфогенетикалық көзқарас тұрғысынан қарсы 
қойылды да, соның салдарынан әлеуметтік өзгерістерді зерттеуде 
пайдаланылып келген тұжырымдамалар тиісінше модификацияға ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет