Садуова Жанар Қабденовна Павлодар қаласы, 2017 жыл Түсініктеме



бет1/19
Дата29.01.2022
өлшемі193,94 Kb.
#116004
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Павлодар қаласының №37 жалпы білім беру мектебі

Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебі

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінен суммативті бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығы

Құрастырған: тарих пәнінің мұғалімі Садуова Жанар Қабденовна



Павлодар қаласы, 2017 жыл

Түсініктеме
7-сынып оқушыларына арналған Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінен суммативті бақылау жұмыстарына арналған тапсырмалар жиынтығы осы курстың мазмұнын қамтитын он үш тараудың материалдары бойынша құрастырылады.
Мақсаты – оқушылардың әр тараудан алған білімдерін тексеріп, бақылау және біліктілік деңгейлерін нақтылау.
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінен суммативті бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығын пайдалана отырып, оқушылардың бойында төмендегідей білім-біліктілік дағдыларды қалыптастыру көзделеді:

  • оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірбиесін меңгерту;

  • оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды дұрыс тауып, нақты жауабын беру;

  • гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген, құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;

  • игерген білімін ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымымен қалыптастыру;

  • меңгерген білімдерін тексерістің барлық түрлерінде көрсете білу қабілеттілігін қалыптастыру;

  • пәнаралық байланыстарды сақтай отырып, оқушылардың пәнге деген танымдық-қызығушылығын арттырып, шығармашылық белсенділіктерін жоғарылату.

Бақылау жұмысына арналған тест 25 сұрақтан құралған. Тест түрлері оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын арттыруға, шығармашылық әрекетті қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Оқушылардың білімін бақылауда бірнеше тест түрлерін пайдалануға болады:

  1. Дұрыс жауапты таңдау тесті.

  2. Сәйкестендіру тесті.

  3. Баламалы тест.

  4. Толықтыру тесті.

Тест тапсырмаларын түрлендіріп өткізудегі міндеті:

  1. Оқушы өткен тақырыпты қайталай отырып, тестпен жұмыс істей білетіндіктерін байқау және білімдерін тексеру.

  2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, есте сақтау ерекшеліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеу арқылы нақтылыққа, іскерлікке, сенімділікке үйрету, өз ббілімін тексеруге дағдыландыру.

  3. Оқушыларды ізденімпаздылыққа, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жоғарыда көрсетілген тест түрлерін пән мұғалімдеріне оқушылармен ҰБТ, ОЖСБ өткізуде дайындық ретінде қолдануға болады. Оқушылар өз білімдерін тексеріп бақылау арқылы жоғары нәтижеге жету үшін өзіндік ізденіс, шығармашылыққа талпынады және білімділік қабілеттері атады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет