Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Білім еліне саяхат.
Мақсат- міндеттері: 1. Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек - Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, бала - бақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.
2. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.
3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері.
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.
- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз. Бүгін - мереке. Еліміздің түкпір - түкпірінде білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір - бірімізге қуаныш сыйлайық.
— Армысың асыл күн, армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.
- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?
- Жылылық, қуаныш, т.б.
Тәрбиеші балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, алдарында қызықты тапсырмалар күтіп тұрғандығын айтады. Оқу іс - әрекеті барысында бірнеше аялдама болатындығын, әр аялдамада сұрақтарға жауап беретіндіктерін, тапсырмаларды орындайтындықтарын және дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәліметтер алатындықтарын хабарлайды.
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
1. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы.
Бұл аялдамада өлең - тақпақтар, жұмбақ - жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.
- Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады, болашақта көркем әдебиет арқылы қызықты әңгіме, ертегілерді оқып, өлең - тақпақ, жаңылтпаштар жаттайтындарын айтады.
2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.
- Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.
- Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.
«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.
1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А - а - а», - деп айтады.
2. Қыз бала: «А - а - а», - деп әндетеді.
3. Анасы сәбиін: «А - а - а - а», - деп әлдилейді.
Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.
3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.
1. Балалар онға дейін санайды.
2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.
3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:
Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кеттi. Бұтақта неше торғай қалды? (Жауабы: 2 торғай қалды).
Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып, бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін игеруге бағытталатындығы айтылады.
- Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім - сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп - өркендеуіне үлесін қосады.
Дәптермен жұмыс
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:
1. Балабақшада не үйрендіңдер?
2. Балалар мектепке не үшін барады?
3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?
4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?
ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.
б) Дәптерде берілген мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату
|
Қорытынды
|
Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады
|
|
Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жомарт күз
Мақсат- міндеттері: 1. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.
2. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойларын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал - мәтелдер жинағы
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінің күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік.
Балалардың жауаптары:
- Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр.
- Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады.
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған. Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Тірек сұрақтар:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күз екенін қайдан білдіңдер?
3. Неліктен жомарт күз дейміз?
4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер?
5. Неліктен күзді жақсы көресіңдер?
6. Күз туралы не білесіңдер?
7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны. Балалар серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратады. Үлгі жауап:
- Мынау - қайыңның жапырағы. Түсі сары, пішіні сопақша болып келген.
Дәптермен жұмыс
Сұрақтарға жауап беру.
1. Күзде жапырақтарда өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?
2. Жапырақ түсуі қай кезде басталады?
3. Күзде бау - бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі?
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
а) Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.
Элеватор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.
Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.
Қырман - астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.
ә) Бидайдың сабағының суретін салу.
б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.
|
Қорытынды
|
Тәрбиеші М. Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтар қояды.
Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
- Маңай, айнала неге сап - сары? Тоғай неліктен сарғайып кеткен?
- Құстар қайда және не үшін қайтып кетті?
- Маңай деген сөзді тағы қалай айтуға болады? (Айнала).
- Құстар қайтып кетті дегенді ше?
- Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
|
|
Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Бау бақшада
Мақсат- міндеттері: 1. Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіндіру.
2. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумен дері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал - мәтелдер жинағы
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
Тәрбиеші бір ыдысқа көкөністердің, бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып алып келеді.
- Ыдыстағы заттарды бір ауыз сөзбен қалай атауға болады? (Жемістер, көкөністер).
- Көкөністерге не жатады?
- Қауын, қарбыз, қияр, қызанақ, т.б.
- Көкөністер қайда өседі?
- Көкөністер бақшада өседі.
- Жемістерге не жатады?
- Алма, алмұрт, шие, өрік, т.б.
- Олар қайда өседі?
- Бақта өседі.
- Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп те айтамыз. Бау - бақша - жеміс - жидек, көкөніс егілген жер. Бау - бақша әр үйдің айналасында болады.
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
Осы жерде орам жапырақ және қызанақ сөздеріне де сөздік жұмысы жүргізіледі.
Орам жапырақ - бақшада өсетін көкөніс түрі. Қызанақ - қызыл түсті көкөніс.
2. Суретпен жұмыс
Дәптердегі екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. «Бау - бақшаны жинау» тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3. Жұмбақтар шешу.
1. Көк ала лағым
Көгалда жатып семірді.
2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
Шешулері: қарбыз, сәбіз.
- Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма, әлде көкөніске жата ма?
- Көкөніске жатады.
- Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
- Шешуі: алма. Алма жеміске жатады.
- Тағы қандай жемістерді білесіңдер?
- Алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.
4. «Сиқырлы қоржын» дидактикалық ойыны.
Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.
Мысалы: алма - тәтті, домалақ, түсі - қызыл, көк, сары; сәбіз - қатты, сопақша; бұршақ - ащы, сопақша.
Балаларды екі топқа бөліп, бірінші топқа көкөніс деген сөзге, ал екінші топ жеміс сөзіне сөйлем құрастырады. Екі топ балалары көкөніс, жемістердің қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету.
- Түстеріне, пішініне қарап, бір - бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар. (Қай топтың асығы көп, сол топ жеңімпаз атанады).
5. дәптермен жұмыс.
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
а) Екі тәрелкедегі жемістерді (алмұрт, алма, өрік) атау.
- Бірінші тәрелкеде неше алмұрт, неше алма және неше өрік бар?
- Екі алмұрт, бір алма, төрт өріктің суреті салынған.
- Екінші суретте не жетпей түр?
- Бір алмұрттың суреті жетпейді.
- Алмұрт туралы не білесіңдер? Әңгімелеңдер.
- Алмұрт - жеміс. Бақта өседі. Алмұрттың құрамында көптеген дәрумендер бар.
- Дәл осындай етіп, екі тәрелкеге қияр мен қызанақтың суретін салыңдар. Қияр мен қызанақ қайда өседі?
- Қияр мен қызанақ - көкөніс. Олар бақшада өседі.
ә) «Теңестір» жаттығуын орындау.
- Шөп арасында неше қоян жүр?
- Үш қоян.
- Суретте неше сәбіз берілген?
- Екі сәбіз.
- Онда қояндарға тағы неше сәбіз керек?
- Бір сәбіз керек.
6. Жаңылтпаш жаттау.
Алма теріп балақайлар,
Алақайлар,
Талапайлар.
|
Қорытынды
|
- Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. Еңбектің арқасында жақсылық та, қуаныш та, байлық та болады.
|
|
Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау
Достарыңызбен бөлісу: |