Сағынтайұлы Нұрсұлтан


Екі өлшемді жүйелі қоспа есептері



бет2/3
Дата28.08.2022
өлшемі33,05 Kb.
#148300
1   2   3
Байланысты:
Динара Қоспа есептері

Екі өлшемді жүйелі қоспа есептері


  1. Күміс пен мыс(ІІ) нитраттары қоспасын термиялық жолмен толық ыдыратқанда ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1.4655 болатын газдар қоспасы(қ.ж.) түзілген. Бастапқы қоспадағы тұздардың массалық үлестерін есептеңіздер.

  2. Массасы 21.4г кремний менмырыштың қоспасын натрий гидроксидімен қыздырып өңдеген кезде 17.92л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспадағы кремнийдің массалық үлесін анықтаңыздар.

  3. Сутегі бойынша тығыздығы 19.9 болатын көлемі 5.6л (қ.ж.) этан мен пропанның қоспасын жаққанда алынған газды массасы 160г 20%-тік натрий гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізген. Түзілген ерітіндідегі заттың массасын анықтаңыздар.

  4. Массасы 8.06г калий перманганаты мен калий хлоратынан тұратын қоспаны айырғанда 1.568л (қ.ж.) оттек түзілді. Қоспаның құрамындағы заттардың массасын есептеңіздер?

  5. Массасы 2.00г алюминий мен мырыштан құйманы сілті ерітіндісімен өңдегенде 1.904л (қ.ж.) сутек бөлінді. Қоспадағы металдардың массалық үлестері?

  6. Массасы 0.89л мырыш пен магний қоспасына сұйытылған күкірт қышқылымен әсер еткенде 0.448л сутегі бөлінсе, қоспаның құрамы қандай?

  7. Марганец(II) пен натрий нитраттары қоспасын қақтағанда бөлінген газдар сілті ерітіндісінде толық жұтылғанда бір ғана тұз түзілген. Бастапқы қоспадағы тұздардың массалық үлестерін анықтаңыздар.

Үш өлшемді жүйелі қоспа есептері


  1. Массасы 6.75г үш түрлі белгісіз металдардың қоспасын сілті ерітіндісінің артық мөлшерімен өңдегенде, көлемі 1.12л (қ.ж.) газ бөлінген. Ерімей қалған 3.48г қалдықты сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен өңдегенде, 504мл (қ.ж.) газ бөлініп, нәтижесінде 2.22г металл күйінде қалдық қалған. Қалған белгісіз металды ыстық концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде, 784мл (қ.ж.) газ бөлінген. Қоспаны өңдеген кезде металдардың тотығу дәрежелері +2 ге дейін өзгереді деп есептей отырып, қоспаның сапалық және сандық құрамын анықтаңдар.

  2. Жалпы массасы 29.8г кремний, мырыш және темір қоспасын натрий гидроксидімен өңдегенде көлемі 13.44л (қ.ж.) газ бөлінген. Мөлшері тура сондай қоспаға тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 8.96л газ бөліген. қоспаның құрамындағы заттардың массаларын анықтаңңыздар.

  3. Құмырсқа, сірке және қымыздық қышқылдары берілген. Массасы 3.48г осындай қоспа толық тотыққанда 2.026дм3(қ.ж.) СО2 түзілген. Қоспаның дәл осындай үлгісін

Пропорциясыз есептер шешу

бейтараптау үшін массасы 200г күйдіргін натр ерітіндісі (ω(NaOH)=1.4%) қажет. Бастапқы қоспадағы қышқылдардың массаларын есептеңіздер.



  1. Массасы 18.36г KNO3, AgNO3, Cu(NO3)2 қоспасын қақтағанда газдар қоспасының 4.032л (қ.ж.) болған. Қатты күйдегі қалдықты сумен өңдегенде оның массасы 3.4г кеміген. Бастапқы қоспадағы тұздардың массалық үлестері?

  2. Массасы 15.5г Са(ОН)2, СаСО3, CaSO4 қоспаны тұз қышқылымен өңдегенде 1.12л газ және 6.8г ерімеген қалдық түзілді. Бастапқы қоспадағы кальций гидроксидінің массалық үлесі?

  3. Мырыш және оның нитратының қоспасын ашық ауада тұрақты массаға дейін қыздырғанда қатты қалдық массасы бастапқы қоспа массасына тең болды. Бастапқы қоспадағы мырыштың массалық үлесі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет