В. Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алып, төргі бөлмеден шығып кетті.
С.Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алғысы келді де, төргі бөлмеге өтіп кетті.
D.Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алып, төргі бөлмені аралады.
4. Мәтіннен мына сөздердің синонимін табыңыз:
қарт-
өмір –
үнемі –
Оқылымнан кейінгі тапсырмалар:
Тапсырмалар мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары ретінде құрастырылды. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай етіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алады.
Оқушылар жұптарға бөлінеді. (Мұғалім сөздік қоры аздау оқушы мен сөздік қоры молдау оқушыны жұптастырады. Жұпта сұрақтарды өзара талдайды).
Мұқыштың атасы қандай адам?
Атасына ақсақалдардың сөзі қалай әсер етті?
Мұқыштың дастарханнан 3–4 кәмпитті алып кеткенін қалай бағалайсың?
Бұл әдепсіздік пе, әлде еркелік пе?
Шығармадан қандай ұлттық құндылықтарды көре алдың?
Сондықтан қазақ тілі сабағында оқылым дағдыларын дамыту үшін тапсырмаларды жүйелі құрастырудың маңызы зор. Оқылым дағдыларының ерекшеліктерін меңгеру –оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады.