Сагалиева Жанар Каукербековна Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы, Орта білім беру ғылыми- зерттеу институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты


Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады



бет4/5
Дата22.09.2023
өлшемі10,37 Mb.
#182022
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оқу сауаттылығы

Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады. 1. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу — мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. 2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу — мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу. 3. Детальді түрде оқу- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
  • 4. Сөз мағынасын контекстен ажырату — мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару. 5. Мәтін құрылымын түсіну — мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
  • 6. Болжай білу — оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі. 7. Мәтін түрлерін ажырата білу — әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, хабарландыру, т.б.
  • Оқушылар оқылым барысындағы тапсырмалар
  • 1.Мәтіннің мазмұны мен жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу тәсілі арқылы сұрақтарға жауап беріп, басты тірек сөздерді табады. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу тәсілі арқылы дұрыс жауабы бар сөйлемді табады. Мазмұн бойынша сұрақтар: Мәтіндегі кейіпкерлерді атаңыз. Мұқыш неше жаста? Мұқышқа атасы не үйреткен? Мұқыштың нағашылары қайда тұрады? Нағашылары Мұқышқа не сыйлады? 
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет