Негізгі бөлім
Өлшеуге арналған аппараттар. Таразы - заттардың массасын анықтауға арналған өлшеу аппараты. Массаның өлшеу әдістеріне қарай таразылар екі топқа бөлінеді: механикалық және электрондық (электрлі - механикалық).
Өлшеу дәлдігіне байланысты лабораториялық таразылар келесі топтарға бөлінеді:
Дәлдігі жоғары емес таразылар(дәлдігі грамдарға дейін)
Дәлдігі жоғары таразыларт (дәлдігі 1 - 10 мг аралығында болатын )
Аналитикалық таразылар:
а) кәдімгі (қарапайым) таразылар (дәлдігі 0,1 – 0,2 мг аралығында)
б) жартылай микрохимиялық таразылар (дәлдігі 0,001-0,02 мг аралығында)
в) ультрамикрохимиялық таразылар (дәлдігі 10-6 - 10-9 мг аралығында)
Дәл өлшеуге арналған таразылар. Бұлардың ішіндегі ең қарапайымына аптека таразысы жатады. Бұндай таразыларда массасы 100 грамға дейінгі заттарды өлшеуге болады. Өлшеу кезінде бұл таразылардың дәлдігі төмен болатындықтан концентрациясы дәл ерітінділерді дайындау мүмкін емес. Сондықтан аналитикалық жәмыстар үшін олар қолданылмайды.
Таразылардың түрлері. Өлшеу аппараттары әртүрлі белгілеріне қарай бөлінеді: қолданылуына, орнатылуына, автоматизациялық дәрежесіне, өлшеудегі көрсетілуін алуына қарай бөлінеді.
Қолданылуына қарай таразылар бес негізгі топқа бөлінеді:
жалпы мақсатта;
технологиялық;
зертханалық;
метрологиялық;
арнайы мақсатта .
Жалпы мақсатта қолданылатын таразылар столға қоятын, жылжымалы платформалық және стационарлық болып бөлінеді. Автоматты тіркеу және өлшеу нәтижелерін қосу үшін басып шығарушы аппараттар мен құрылғылар қолданылады.
Жалпы мақсатта қолданылатын таразылар мынанадай түрлерге бөлінеді:
құру тәсіліне қарай – жылжымалы (столға және еденге қоятын) және стационарлық;
автоматтандыруына қарай – автоматты, жартылай автоматты және автоматты емес;
Технологиялық таразы жабдықтарына өнімді, шикізатты және жартылай фабрикаттарды өлшеуге және мөлшерлеуге арналған технологиялық тразы және мөлшерлегіштер жатады.
Зертханалық топқа зертханалық таразылар кіреді. Олар қолдану шарттары және өлшеу дәлдігімен ерекшеленеді. Өндіріс процестерінде және ғылыми мекемелерде термохимиялық бақылау ретінде зертханалық таразылар қолданылады.
Метрологиялық топқа әртүрлі операцияларды тексеруге арналған метрологиялық таразылар. Метрологиялық таразылар тұрақтылық және анықтылықпен ерекшеленеді.
Өлшеу құрылғылардың тобына арнайы өлшеулерге арналған таразылар жатады.
Көрсеткіш құрылғылардың түрлеріне гирлік, шкалалық, циферблаталық, цифрлық және электрондық түрлері ажыратылады.
Таразыдан көрсеткіш алу тәсілін қарай:
жергілікті (көрсеткіш қондырғысымен); көрсеткішін алу визуалдық (бақылау) турде және өлшеу нәтижелерін тіркеу болады;
дистанционалдық (ара қашықта өлшеу нәтижелерін жіберу); визуалдық және көрсеткішті тіркеу болады.
Жалпы мақсатта қолданылатын таразылардың көлемін шартты белгілеу үшін цифрлік және әріптік индексациясы қолданылады.
Бірінші әріппі таразының салмақ қабылдауына қарай бөлінетін қондырғылар (Т- тензометриялық және т.б). Екінші әріппі таразылардың құру тәсіліне қарай (жылжымалы, столға қоятын, станционарлық ). Әріптерден кейінгі сандар, өлшеу шегін көрсетеді (1000 кг дейін - килограм , 1000 кг жоғары - тонна). Өлшеу шегін көрсететін саннан кейінгі әріп таразының көрсеткіш қондырғысын білдіреді (Г- гирлік, Ш- шкалалық, Ц- цифрлік).
Кейінгі сан көрсеткішін алуын көрсетеді (1 – визуалдық, 2 – тіркелуі, 3 - дистанциондық).
ТН-2Ц13 таразының белгілеуі: тензометриялық, столға қоятын, 2кг, цифрлік және визуалдык көрсеткішін алу.
Зертханалық таразылар басқаша белгіленеді: ЗТТ- зертханалық техникалық таразылар; ЗАТ – зертханалық аналитикалық таразылар; ЗТТ – зертханалық тең йықты таразылар.
Технологиялық және техникалық таразылар. Бұл таразылардың дәлдігі алдыңғылардан біршама жоғары және оларда массасы 200 грамнан бірнеше кг-ға дейінігі заттарды өлшеуге болады. Арретирлі құрылғысы мен теңгерім гайкілерін пайдалана отырып, таразыны стол үстіне орнатып болған соң ғана өлшеу жұмыстарын бастауға болады. Мұндай таразылардың бір жерде орнықты тұрғаны дұрыс.
ВТА-60/6 (15, 30)-7, ВТА-60/6 (15, 30)-7-А, ВТНЕ-3(6, 15, 30)L, ВТНЕ-3(6, 15, 30)L1, ВТНЕ-3(6, 15, 30)H.
Техникалық таразыларды: порциондық, кондитерлік, пошталық, есептік және столға қоятын таразылар деп те атауға болады.
Техникалық таразыларды өндірісте, саудада, асханаларда шикізат пен материалдарды өлшеуге кеңінен қолданылады.
1 – сурет. ВТА-60/3-7 техникалық таразысы
2 – сурет. ВТА-60/6-7-А техникалық таразысы
3-сурет. CBС-5 техникалық таразысы
4- сурет. SW-2P техникалық таразысы
Аналитикалық таразылар – заттың массасын жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған приборлар. Қазіргі кезде лабораторияларда пайдаланылып жүрген мұндай таразылардың дәлдігі – үтірден кейін төртінші санға дейін. Аналитикалық таразыларда өлшеудің өздеріне тән ерекшеліктері бар:
гирлер салынған қобдиша таразының оң, ал өлшенетін заттар (реактивтер, материалдар, эксисаторлар және т.б) таразының сол жағына қойылады;
таразының заттар қоятын және гірлер қоятын екі тостағаншаның тазалығын, рейтердің өз орнында тұруын және таразының нольдік нуктесін тексеру;
таразының сол жақтағы есігін ашып, тостағаншаның ортасына зерттелетін затты қойып, есікті жабады;
таразының оң жақтағы есігін ашып, тостағаншаның ортасына гір қойып, есігін жабады;
таразының арретирін ашып, стрелканы ауытқуын бақылайды. Егер стрелка оңға қарай ауытқыса, арретирді жауып, таразыны есігін ашады да, тостағаншаға қосымша тағы гір қояды. Содан кейін есікті жауып, арретирді ашады. Егер стрелка солға қарай ауытқыған жағдайда оң жақтан артық бір гірді алу керек. Осыдан кейінгі өлшеу лимбаларды бұрау арқылы іске асырылады. Өлшеу аяқталған соң гірлерді қобдишаға салады, лимбаны бұрай отырып «0» -ге келтіріп, тостағаншаларды тазалап, есіктерін жабады.
5- сурет. ВЛ аналитикалық таразысы
ВЛ аналитикалық таразы (ГОСТ Р 53228-2008) қатты және сұйық заттарды өлшеуге арналған.
ВЛ аналитикалық таразылар ғылымда, өндірістік зертханаларда, медицинада, білім алу орталықтарында және т.б салаларда қолданылады.
Сонын ішінде химияда, атомдық және тағамдық өнеркәсіптерде кеңінен қолданылады.
Аналитикалық таразылардың ерекшілігі:өлшеу жылдамдығы жоғары, жұмысқа ыңғайлы.
6 – сурет. ВЛ-С аналитикалық таразысы
Зертханалық электрондық таразылар зертханаларда, ювилирлік дүкендерде, өндірісте қолданылады.
Техникалық сипаттамасы:
- граммен және каратпен өлшеу;
- автоматтық тестілеу және нолге келтіру;
- автоматты түрде дисплей өшуі;
- ішкі калибрлеу ;
- салынған аккумулятор;
- RS 232, принтерге немесе компьютерге қосылады.
7 – сурет. Электрондық таразысы
8- сурет. CAS SW-W электрондық таразысы
CAS LP-II электрондық таразы қазіргі кезде саудада, дүкендерде кеңінен қолданылады. LP-II таразы басқа электрондық тразылардан айырмашылығы дисплейға мәлімет теру жылдамдығымен ерекшеленеді.
9 – сурет. CAS DL электрондық таразысы
CAS DL электрондық таразы - ең қарапайым болып табылады CAS SW-W - арнайы электрондық таразылар, саудада, ет және балық өндеу цехтарында сулы және қаттырылған өнімдерді өлшеуге арналған.
Торзиондық таразылар – 500 мг дейінгі жүктерді тез және дәл өлшеу үшін қолданылады.
ВТ- 500 торзиондық таразы - медициналық мекемелерде аз мөлшердегі әртүрлі заттарды өлшеуге арналған. Торзиондық таразылардың ерекшілігі өлшеу дәлдігі қысқартылып және оңайлатылған, қолдануға ыңғайлы.
10 – сурет.ВП-15Т.2 таразы : 1 –аяқтары ; 2 - жүк қоятын платформа ; 3 – режим ауыстырғыш; 4 - клавиатура; 5 – әріптік және сандық дисплей (АДЦ); 6 – сандық индикаторы «Масса», «Цена», «Стоимость»; 7 – қақпақ ілгешегі ; 8 - этикетка шығарушы ; 9 - басып шығаратын құрылғы; 10 – желіні ажыратқыш; 11 - ампула дәрежесі; 12 - өлшеу қондырғысы;13 – желі шнуры
Достарыңызбен бөлісу: |