Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет12/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

Айдынбек бәрін көріп шығып, кейбір жас ғалымдармен жеке-жеке қысқа-қысқа әңгімелесіп шыққаннан кейін мұхит тереңінің әлі де ашылмай жатқан сан қырлы мәселелеріне назарын аударды. Өйткені, ол ойлайтын нәрсе сан мың еді. Кемедегі жұмыс бөлмесі, демалыс бөлмесі мен зертханалар ешқашан да бос қалған емес. Ондағы қым-қуыт жұмыстар да енді Айдынбекке еш таңсық емес. Бұл жолғы мәселе енді мүлдем бөлек. Ол өткендегі құпия кеме. Бірақ әзірге ол көзге шалынбады. Өткендегі дей дыбыс пен әуен де жоқ. Оларды тез қабылдап, кеме бортында жаңғырықтыра әсерге бөлейтін күрделі жүйелерде тып-тыныш қалған. Бәрі де бейнебір істен де шыққандай. Тып-тыныш дүние. Ғалымдар да бұл кезде демалып, біразы ұйықтап жатқан. Жертәулігі кестесі бойынша түн мезгілі болған соң демалудың да жөні бар еді. Тек каюталардың жанындағы дәліздерде арнайы кезекшілер күзетте тұр. Автоматты жүйелер ызың қағуда.

Айдынбек те алдында ұйқыға жатқан. Бірақ көз іле алмады. Неге екені белгісіз, көзін жұмса болғаны, қайдағы бір жартылай түсінікті оқиғалар лек-легімен көз алдынан өтіп жатады. Бұдан сәл-ақбұрын осы кеменің іші, бүкіл каюталар абыр-сабыр болатын. Енді кұлаққа үрғантанадай тып-тыныш. Осының бәрі де бір жағынан темірдей тәртіптің нәтижесі. Мұндай жүйе болмаса, онда істе береке бола ма? Бәрі де бала - бақшадағыдай каюта-каюталарына кіріп-кіріп алып, төсектерінде шырт ұйқыда жатыр. Алғашында Айдынбектің өзі де сөйтіп жатып еді. Бірақ болмады. Көп жата алмай, ұйыктай алмай қайта түрегеп кеткен. Енді ұйқы кайда?! Мүлдем шайдай ашылып кеткен. Неше тәулік дұрыс ұйықтай алмаса да, тап бір әскери адамдардай ұйқы дегенді ұмытып, сергектеніп кеткен. Ойлағаны: «Өткендегі құпия кеме қайда екен?», «Неге көрінбейді көзге?», «Ол қайда жоғалған?» деген ойлар. Ол әзірге байқалмады. Ал Айдынбек болса одан үмітін үзбек емес. Әрбір минутты қалт жібермеуге тырысып-ақ жүр. Біресе сырт қараңғылығындағы құбылыстарды жер бетіндегідей анық етіп көрсететін құралдарды, енді бірде мұхит тереңінен тырс еткен дыбыс атаулыны тез қабылдап алатын кұралдарды қадағалаумен әлек.

Ал өткендегі елес-қыз көріне кеткендей бір көрініс елес берген кезде жүрегі дүрсілдей соға жөнеліп, тұра бойы толқып, жер-дүниеге сыймай да кетеді. Бірақ қанша үміттенсе де ол елес-қыз да қайтып көзге шалынбады. Бірақ, оның есесіне, неге екені белгісіз, көзін жұмса болғаны, сол кыздың елесі емес нағыз өзі қарсы алдына келіп, өзінен бір көмек сұрағандай болады. Айдынбек ондайда ерекше елең ете қалады. Бірақ ол бұл көргендерін ешкімге айтқан жоқ. Су тереңінде адам мұндай нәрсені айтса, басқалар мұнын ақыл-есіне басқаша қарауы ықтимал. Дәрігерлер, психологтар келмек. Ондай кез­де ғылыми ізденіс түгілі кеме ішінде үлкен әбіржу орын алады. Сол үшін де шыдап бақты. Ал бір жағынан әлгі бір қыз су теренінен көмек сұрап айқайлағандай да болып елестеп кетеді кейде. Ол қаншалықты денесін түршіктірсе де оның қайталана беруін де қалайтын сияқты ішкі дүниесі. Бұл Айдын­бек үшін қайталанбас бір өмір де сияқты. Осыны көру үшін ол елде жүргенде қаншама әрекет жасады, күресті. Сөйтіп, бәрі бірде өздегенін жасады. Сөйтіп жеткен мұхит тереңі бұл. Енді қайдан ұйқысы келсін. Демалыстың ақысын елге барған соңалмақ. Үйде жылайтын бала жоқ, әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жок. Сонда қалай демаламын десе де өз еркі. Раушаны болса да бәйек болып, жас баланы күткендей күтігі жүргені.

Айдынбек осындай ойлармен айнала төңіректі қарайтын арнайы бөлімге келді. Онда үлкен иллюминаторлар көп. Төңіректе кездей соқ бола қалатын құбылыс атаулының бәрін де тіркеп отыру қажет қашан да. Айдынбек осы жағын баса ойлаған. Кемеден талай шақырым қашықтықтағы құбылыстарды көз алдында тұрғандай етіп көрсететін құралдардың өзі неге тұрады. Ол бөлімде сырттағы құбылыстарды мұкият бақылап жүретін биороботтар да жеткілікті. Бүгінде оларсыз күнің қараң. Небір қиын деген, небір қатерлі деген жерлерге әуелі солар барады. Ал өздері демалған кезде болса да барлык жағдайды бақылап-барлап, солар жасайды. Әр бөлімде бір- бір кезекші техник те отырады. Олардың негізгі міндеттер, болса да ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу емес, кеменің техникалық жағын қадағалау. Осы бөлімдегі техник — Самат Тілеуханұлы. Ол ұйықтаудың орнына каюталар мен үлкен бөлімдерді аралап көріп жүрген Айдынбекке таң қалды. Са­мат Айдынбек кірген бетте орнынан ұшып түрегеліп сәлемдесті. Бұл Айдынбектің басшылығын сыйлағаны емес, оның жасының үлкендігі мен сыйлылығын қадір тұтқаны еді. Жалпы басшы кіріп келгенде осылай сәлемдесу қай-қай мекеме- де де орын алған. Саматтың бұл сәлемі жан дүниесін жарып шыққан шынайы сәлем еді. Айдынбек онысын құптады. Бұл бір жағынан үлкен мәдениеттіліктің белгісі де еді. Айдынбек те онымен бар ынта-ықыласымен амандасып, хал-жағдайын, деңсаулығын, жұмыс барысын сұрап барып, басқа мәселеге көшті.

  • Ал, қалай, мұхит тереңі тыныш па? - деді жай ғана.

  • Әзірге тыныштық, аға, - деді жас жігіт Самат.

Ғалым басын бір-екі изеп қойды. Үндемеді. Әдетте, қашан да тыныш болғанды қаламай ма, адамдар?

Айдынбек біртүрлі болып кідіріп те қалған. Жалпы, кемеде тыныш жағдайдың болғанын кім қаламайды?! Тыныштық болғаны керек, әрине. Ал бірақ айнала-төңіректің тым тып-тыныш болғаны да ғалымдарға ұтымды емес. Су тереңіне түсіп, осыншама жағдайға барған соң бекер болмай, бір жаңалықтың көзін ашқан да пайдалы. Сонау қазақтын кең даласынан келіп, су астын тіміскілеп жүргенде ешқандай жаналыққа тап болмау да өздері Үшін көңілсіз саяхат болмақ. Қай-қайсысының көкейінде де жаңалық ашуға, ғылымға үлкен үлес қосуға деген ниет жеткілікті. Басшы ғалымның ұйқысының қашып жүргені де содан. Оған қоса басшылық жауапкершілік те ұйқыны шайдай ашпай ма? Бұл жолы Жебеуші де аса белсенді емес. Өткендегі бейтаныс кеме, елес-қыз қайтып белең бермеген соң, ол кісі де сүлесоқ қалған. Бәрінің де осында тездетіп қайта оралуларына негізгі себеп болған да сол құпия кеме болатын. Енді ол көзге түсе қоймаған соң қайдан белсенді бола қойсын. «Осы жолы ешбір жаңалықсыз оралар ма екен біз» деп те ойлаған енді әрбірі.

Сәл үнсіздіктен кейін Айдынбек сөзін жалғады.

  • Күрделі бақылау жүйелерінің жұмысы қалай?

  • Бірқалыпты, аға.

  • Ешқандай бөгде дыбыс тіркеген жоқ па?

  • Өзіңіз көріп тұрғандай, аға, - деді жас жігіт.

Айдынбек экранды жүйелерді мұқият қарап шықты. Жігіт оның қасынан шықпайды. Еңкейсе, еңкейіп, тікейсе, тікей- еді. Ғалым қалай қарай бұрылса, ол да солай қарай бұрылады. Жігіт сөйте жүре Айдынбектің бозғылттау жүзіне жиі-жиі көз тастап «Неге демалмадыңыз? Шаршайсыз ғой?», «Денсаулығыңызға нұқсан келтіріп аласыз ғой?» деп те қояды ішінен. Бірақ ол ойын дауыстап айта алмайды. Үлкен ғалым, үлкен басшыға ондай сөз айту қайда. Ол қай экранға үңілсе, Самат та сол экранға жақындаған. Сөйтіп тұрып біршама уақыт та өтті-ау. Екеуі бөлім ішінде ұзақ айналды. Бір кезде ғалымды тыныштандыру үшін техник мынаны айтты:

  • Біз қазір сол құпия кеме болған орында тұрмыз. Ол дәл осы ендік пен бойлықтың қиылысында болған. Байқап тұрғаныңыздай, олар баяғыда-ақ өз бағыттарымен кеткен. Мен өз басым, оларды жердікі емес, басқа бір ғаламшардан ұшып келгендер деп білемін. Мына мұхит тереңіндегі кейбір тіршілік иелері сияқты тіршілік кешер болса, олар осы кезге дейін бізге бір белгі бермей ме?

  • Бұл пікіріңде ойланарлық екен, -деді Айдынбек, - кім біледі, солай болса, солай да шығар. Су астында тіршілік ететін пенделер болса, болса да осы кезге дейін тыныш қалмас еді. Мен бұл пікіріңе қосыламын, қарағым. Тек мұқият болайық не нәрсегеде. Жұмбақ көп, өзің білесің. Мұндай да әрбір минут қымбат, інім. Менің ұйқы көрмей жүргенім де сол. Ав­томат жүйелерге де аса арқа сүйей беруге болмайды ғой. Олар қанша жұмыскер болса да, оны жасаған, жаратқан адамның өзі емес. Біз де Ұлы Жаратушының алдында дәл солардай пенде емеспіз бе? Оның үстіне, автоматты жүйе дегенің кез келген сәтте қателеседі, кез келген сәтте істен шығып қалады. Жер ғаламшарымызды сонау алыс кеңістіктен зерттеген ғарыш кемелерінің бірінің «Жерде ешқандай да тіршілік жоқ» деп жалған мәлімет беріп, ғалымдардың аузын аштырғаны бар емес пе? Оны өзін де жақсы білесің.

  • Оны білемін, аға, — деді жігіт, - автоматты жүйелерге сене беруге болмайды. Мен де оларды сол тұрғыдан жиі-жиі қадағадаймын, аға. Олар қанша күрделі болса да адамның көмекшісі ғана. Бұл пікіріңіз дұрыс. Тек адам баласына бір мезгіл демалыс та керек қой, аға.

Ғалым жігіттің нені мегзеп тұрғанын түсіне қойды. Бірақ оның ол сөзіне ренжіп, жекудің еш жөні жоқ-ты. Оны жаны ашыған соң айтып тұр. Басшы қатты қажып, денсаулығын жоғалтып, жүмысқа жарамай қалса, бүкіл жоспарда, зерттеулер де жайына қалмак. Ол осы жағын ескертіп тұр. Айдынбек те қазіргі өз реңінін мәз емес екенін жақсы сезеді. Бірақ жастыққа басы тиіп, көзі жұмылған бойда көз алдына әлденелердің елестей бастайтынын алдындағы жас жігітке қалай айтады. Оны айта жөнелсе, жігіт тіпті де абдырап кетпек. Сон- дықтан да ғалым бар құпиясын ішінде сақтап тұр. Сыртқа шығарғысы келмейді. Өзінен өзгені қинағысы да, ойға қалдырғысы да келмейді. Сапарластарының тыныш ұйықтап, тыныш тұрып, қызметтерін тыныш атқара бергендерін қалайды ішінен. Көз алдындағы жазықсыз жас жігітті де сондай сергек күйде ұстағысы келеді. Осындай үнсіздіктен соң ғалым әрі-бері жүріп алды да:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет