Сахнада жариялаусыз хор кетеді



Дата31.05.2022
өлшемі14,5 Kb.
#145632
Байланысты:
7 мамыр
14, «Химиялы элементтерді периодты ж йесі» б лімі бойынша жиынты , ия дер айт, кибер бож 3, ТЖБ адебиет 4-токсан 10 сынып, тест 10 тіл, тест әдеб, 8-қаз.тілі олимп, 9 сынып Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері. (1), ҚАЗАҚ ТІЛІ 10 омж ,, (1), Қысқа мерзімді жоспар5 сын 2 аапта (1), httpsokulyk.kzwp-contentbooks311311.pdf, Modern and Minimal Company Profile Presentation 2, джт 6

Сахнада жариялаусыз хор кетеді.
Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ___________ береміз.


Жүрекке адалдықтың ескен гүлін


Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!


_______________________________________________ қабыл алыңыздар.

Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,


Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің – деп, сіздердің құрметтеріңізге__________________________________________________
Қабыл алыңыздар!

Мың бұралып билеген


Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті ___________________биіне береміз.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп жас шәкірттеріңіздің арнау өлеңдерін қабыл алыңыздар!
Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен__________________________________________________________

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,


Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет