Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет39/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

2.4
 
А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі дауысты дыбыстар жіктелімі 
 
«Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың 
жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, 
оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер 
құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы», - 
деп жазды тұңғыш қазақ әліпбиінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы [1, 
400]. 
Қазақ әліп-биі – қазақ тілі әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының 
мәдени өмірінде түркі халықтарымен бірге қолданыста болып табылатын әр 
түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. 
А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу 
құралында» (қазақша әліппе) 
буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, 
жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, харіп 
секілді 
терминдер берілген. Ал, 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 
1928 жылға дейін бірнеше рет басылған «Тіл құрал» оқулықтары (қазақ 
тілінің сарфы) қазіргі таңдағы қазақ тіл біліміндегі 
зат есім, сын есім, сан 
есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ 
сияқты 
терминдердің негізін қалаған оқу құралдарының бірі. 
А.Байтұрсынұлы терминдерінің күштілігі сөздің ішкі мағыналық 
құрылымына негізделген. Фонетикалық принциптің ең негізгі авторы А. 
Байтұрсынұлы. Дауысты дыбыс дегеніміз не? Кез-келген нәрсенің естілуі 
дыбыс, өзеннің сылдырап аққаны естілсе, дыбыс, ағашқа ұя салған 
құстардың тамылжыта ән салғаны естілсе, дыбыс, яғни естілген нәрсенің 
барлығы дыбыс. Дауысты дауыс бар деген сөз, ал дауыссыз дауыс жоқ деген 
сөз. 
Қазақ грамматологиясының негізін қалаған А. Байтұрсынұлы. 
А.Байтұрсынұлы төте жазуды дыбыс әдіс жолына негіз еткендігін ескерсек, 
дыбыс негізді әдіс арқылы метатіл орын алады. А. Байтұрсынұлы қазақ тіл 
білімі ғылымында грамматологияның метатілін қалыптастырды [109]. 
Тілдің дыбысталу мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн 
дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп 
аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және 


96 
көреміз. Әріп – жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.Айтылғанда, 
өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстардауысты дыбыстар 
деп аталады [110,11]. 
1912 жылы жарияланған «Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ 
тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты
бар деп беріледі. Дыбыстар дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болады. 
Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болып 
бөлінеді [1,147]. 
Дыбыс пенен харіфтің бір зат еместігін А.Байтұрсынұлының 
еңбектерінен байқауға болады. Яғни, екеуі екі бөлек нәрсе.А. 
Байтұрсынұлының «Оқу құралындағы» тілдегі бар дыбыстың бас-басына 
арналған белгісі /әрпі/ бар болуы керек деген тұжырым үнемі жазу
тәртібінде негізге алынды. Емле –жазу үшін шығарған нәрсе, жазу –тіл үшін 
шығарған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге 
ыңғайлау керек деген пікірін негізге алсақ, тіл харіф үшін шығарған нәрсе 
емес, харіф тіл үшін шығарған нәрсе болып табылады. Олай болса харіфі жоқ 
деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ харіфті іздеп табу керек. 
Харіфке бола тілді бұзбайды, тілге бола харіфті бұзып өзгертеді. Осы қағида 
А.Байтұрсынұлы жасаған төте жазуда көрініс табады. Әліпби ережесіне 
сәйкес дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың харіфтерінің алдына 
сүйеу таяқ қойылып жазылады. 
Дауысты харіфтер: а –ا, о –ﻭ, ұ –ؤ, ы –и –ی, е –ڍ, ہ. Мысалы, 
«ұ» 
әрпінің 
алдында берілген ا таяқ сүйеу болу үшін қойылған. Бұл 
«ұ» 
әрпі сөз басында 
келсе ғана қойылатын таяқ, бұл таяқ оқылмайды, тек сүйеу үшін ғана 
қойылады деп ережеде арнайы айтылған. Мысалы: ұр – ١
رؤ , ұн – نؤا, ұқ –قؤا. 
Бұл мысалдан дауыссыз дыбыстың дауысты дыбысқа бағынғандығын және 
соңғы дауыссыз дыбысты өзгертіп, жаттығу ретінде беру арқылы 
ұ 
дыбысын 
үйрену жеңіл болатындығын байқауға болады. 
Дауыссыз харіфтер: б –ب, п –پ, т –ت, ж –ج, ш –چ, д –د, р –ر, з –ز, с –س, ғ – 
ع, қ –ق, к –ڬ, г –گ, ң –ڭ, л –ڶ, м –م, н –ن. Жарты дауысты, яки орта 
дыбыстардың өз алдына оңаша харіфтері жоқ. Олардың орнына бүтін 
дауысты «у» һәм «й» харіфтері жүреді. Жарты дауысты дыбыстардың 
харіфтері екендігі, дауысты дыбыстардың соңынан я алдынан бір буында 
келгенінен ғана байқалады. Бір буынның ішінде дауысты дыбыстардың 
соңында я алдында «у» я «й» тұрса, ол жарты дауысты харіфтер болады, 
мәселен: «ау» деген сөзде «у» дауысты харіфтің соңында тұр. Мұнда «у» 
бүтін емес, жарты дауысты харіф. «Ай» деген сөзде «й» дауысты харіфтің 
соңында тұр. Мұнда «й» бүтін емес жарты дауысты харіф, «у» һәм «й» 
харіфтері дауысты дыбыстарға да, жарты дауысты дыбыстарға да ортақ 
харіфтер болғандықтан, «тел» харіфтер деп аталады [1,147]. 
Ал, 1927 жылы жарияланған «Жаңа мектеп» журналының № 2 санында 
жарияланған Елдестің «Қазақ дыбыстары» деген мақаласына байланысты 
Қызылорда, 28.04.1927 жылы жарияланған «Дыбыстарды жіктеу туралы» 
мақаласында А.Байтұрсынұлы өз пікірін білдіреді.Сонымен, біздің 


97 
қарастыруымызша, А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 
екі түрлі жіктелім 
орын 
алғандығын байқауға болады. 
1.
1912 жылы жарияланған «Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ 
тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты (а, о, у, ы, э), 17 дауыссыз (б, п, т, 
ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н), 2 жарты дауысты (у, й) бар деп берілген 
жіктелім. 
2.
А.Байтұрсынұлының Қызылорда, 28.04.1927 жылы жарияланған 
«Дыбыстарды жіктеу туралы» мақаласында 12 дауысты (толық дауыстылар 

а, е, о, ұ, ы
, шала дауыстылар - 
р, ң, л, м, н, у, и
) және 12 дауыссыз (б, п, т, ж, 
д, з, с, ш, ғ, қ, к, г) бар деп берілген жіктелімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет