Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет36/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Кесте
 
Мысалдар 
Категориялық 
жағдаят 
Өріс 
орталығы 
Өріс 
перифериясы 
Категориялы 
қ мағына 
Айу 
ағаш 
сайалайды 
Темпоралдық 
жағдаят 
-ды 
(сайалайды) – 
шақ 
көрсеткіші 
ағаш 
Өткен шақ 
Балық 
қармақ 
қабар 
Темпоралдық 
жағдаят 
-ар (қабар) – 
шақ 
көрсеткіші 
қармақ 
Келер шақ 
 
Сонымен, уақытқа байланысты мағыналық қатынас сайалайды және 
қабар етістіктері арқылы мысалда көрініс тапқан. Ал, ағаш және қармақ 
сөздері айу мен балықтың нақты нені сайалайтындығын және нені 
қабатындығын көрсететіндіктен, өріс перифериясы болып тұр және сөйлемде 
толықтауыш қызметін атқарып тұр. Сайалайды етістігі өткен шақтық 
мағынаны білдіріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр. Ал, қабар 
етістігі келер шақтық мағынаны білдіріп, сөйлемде баяндауыш қызметінде 
тұр. 
Мысалдарда берілген сөздердің баяндауыштық және толықтауыштық 
қызметі олардың тіл жүйесіндегі құрылымдық қызметі болып табылады және 
категориялық 
жағдаят 
бойынша 
темпоралдық 
мағынаны 
береді. 
Темпоралдық мағына олардың семантикалық функциясы болып табылады 
және семантикалық функция өз құрамындағы жекелеген тіл бірліктерінің 
құрылымдық функциясымен байланысты болып табылады. Ал, жекелеген тіл 
бірліктері айу, ағаш, сайалайды, балық, қармақ, қабар болып табылады. Айу 
мен балық зат есім, сөйлемде бастауыш мағынасын атқарып тұр. Сонымен 
қатар, бұл мысалдарда локальдылық категориясы да өріс алатындығын 
байқауға болады. Құрылымдық қызмет сөйлеумен байланысты динамикалық 
сипатта болатын құбылыс болып табылатындықтан, сөйлемдердегі берілген 
мысалдардың етістіктеріне жалғанған шақ көрсеткішіне байланысты олардың 
категориялық мағынасы да өзгеріп отыратындығын байқауға болады және 
соған сәйкес категориялық жағдаят та өзгеріске ұшырайтындығын айта 
кетуге болады. 
Сонымен, А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі фонеманың функционалды 
ерекшелігі сингарможуан және сингарможіңішке дауысты дыбыстардың 
фонема құрамында болуына байланысты болып табылады. Дауыссыз 
дыбыстар 
дауысты 
дыбыстарға 
бағынады. 
Яғни, 
фонемалардың 
функционалдылығы қазақ тілінің сингармонизм заңына негізделеді. Егер, 


91 
фонема жуан болатын болса, оған жалғанатын дыбыс та жуан, егер фонема 
жіңішке болса, оған жалғанатын дыбыс та жіңішке. 
Сөз көп мағыналы құбылыс. Таңба болса дербес өмір сүріп, өзі белгілеп 
тұрған затпен тікелей байланыста болмайды деген пікір де айтылады. 
Мысалы, «а» дыбысы дербес емес, өйткені оның әр түрлі фонетика- 
семантикалық жүгі болады. Сондай-ақ, дыбыстың мағынасының да өзіндік 
тарихы бар екен, сол мағына арқылы ол фонетикалық және лексика- 
семантикалық жүйеде байланыс жасайды. Сондықтан тіл элементін 
кездейсоқ деп тануға болмайды. 
Этнограф-ғалым Леви-Стростың пікірінше, тіл-мәдениетті игерудің ең 
тиімді жолы әрі жүйелі мәдени құбылыстың жетілген түрі. Соған 
байланысты қоғамдағы ғылым, өнер, дін, басқа да қоғами сананың 
көріністері тілге негізделген мәдени құбылыстар [19,43]. 
Қазақ фонологиясында дыбыстардың бір-бірінен айырмасын іздеп, 
оларға сипаттама жасау тұңғыш тіл маманы А.Байтұрсынұлының 
зерттеулерінен басталады. А. Байтұрсынұлы қазақ фонетикасының іргелі 
ұғымдарын жүйелеп берді. Әрбір ұғымды қатаң терминологиялық мәнде 
көрсетіп, оларды арнайы атаулармен атады. Қазақ фонетика ғылымының 
айырым белгі терминдерін жасап, жүйелеп қалыптастырды [106,93]. 
Сингармонизм тек дауыстылардың үндесуі ғана емес, сөзді құрап тұрған 
барлық дыбыстардың біркелкі не жуан, не жіңішке болып үндесуі екенін 
соңғы кездердегі зерттеулерде жиі айтылады. Оның үстіне бұл үндестік 
қазақтың төл сөздеріне және ертеректе енген кірме сөздерге, олардың бір 
буынды түрлеріне де, көп буындыларына да тән екендігі көрсетіледі, яғни 
сөздің қалау таңбаланғанына қарамастан, ішінде жуан-жіңішке дауысты 
дыбыс әріптері жазылғанмен, тұтасымен не жуан, не жіңішке дыбысталуы 
тиіс [107, 23]. 
Қазақ тіліндегі сөздер сингармониялық тембріне қарай жалпы төрт түрде 
үндеседі: олар жуан, жіңішке, еріндік, езулік. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет