36
«Әбу-Шахма» киссасында, Әзірет Омар халифаның1 жалғыз баласы Әбу-Шахма Құддысқа (Иерусалимге) барып, шарап ішіп, шатасады. Бұл қылығы мұсылман дініне қайшы келетіндіктен, әділ Омар халифа туған баласы Әбу-Шахмаға жүз қамшы дүре салдырып, өлтіреді. Бұл:
Жатқызды қара жерге туған айды, Ұруға Әфлахұн құл бата алмайды. Қамшымен біразырақ ұрып еді, Шырқырап ғазіз Сұлтан жата алмайды, -
деп суреттеледі. Әділ Омар халифа бұйырған жүз қамшының сексен бесінде Әбу Шахма өледі, сонда: «қалған 15 қамшыны қайда салу керек? - деген сұраққа Омар халифа - өлік денесіне салу (ұру) керек?» - депті. Омардың әділдігі осылай дәріптеледі.
«Дариға-қыз» қиссасында Әзірет-Әлінің мықтылығы әңгімеленеді. Балуан кыз Дариғаның Әзірет-Әлімен 15 күндей үздіксіз күрескені, ақырында Мұхаммет пайғамбардың әруағына сыйынып, Әзірет-Әлінің оны жығып тынғаны, соның арқасында қызға үйленгені баяндалады. Дариғаның шарты да өзін жеңіп шыққан кісіге тию екен. Ең алғашында, Мұхамметтің осы күреске Әзірет-Әліні жібергісі келмеуі айтылады. Заты, туған қызы - Бибі Фатиманың үстіне тағы әйел алуына қарсы болса керек, сонда:
Алладан Дүлдүл деген ат алғанмын, Өзіңнен он жасымда бата алғанмын. Барма деп меселімді қайтарсың, Алланың арыстаны2 атанғанмын, -
деген салмақты да салқын желеу айтады Әзірет-Әлі. Сондықтан Мұхаммет амалсыз рұқсат береді, өйткені пайғамбардың өзінің де осы кезде төрт (Қадиша, Айша, Қапса, Зейнеп) әйелі бар екен. Дариғаны Әзірет-Әлі алады да, біраз бірге тұрады. Дариға екі қабат қалады, онан туған баланың атын Мәді-
1 Бұл Омар – араб еліндегі үшінші халифа, соның біріншісі Мұхаметтің өзі, екіншісі Әбубәкір (екә жыл) халифа болады, үшіншісі – Омар 10 жыл халифа болған адам.
2 Арыстан деуі – Иран тілінде шер-арыстан деген сөз. Әли шер – Әли арыстан мағынасында (Саади. Гулистан. М. –Л., 1957, с. 30).
Мәһди (немесе Шахмардан - адамзаттың патшасы д.м.) қояды. Жеті жасқа толғанда, Мәді әкесін іздеп жүріп, оқыс кездеседі. Осы бала Әзірет-Әлінің басқа балаларының бәрін қыран-жапқандай етіп жығады. Сонда намыстанып, онымен Әзірет- Әлі өзі күреседі. Күресіп жүріп Мәді өзінің бабасы Мұхаммет пен әкесі Әзірет-Әліге сыйынады да, көтеріп әкетеді. Екеуі бірін-бірі осы арада таниды. Әкесіне қол тигізгені үшін бала қатты ұялып, тұра қашады. Құтыла алмасын біліп, жер астына түсіп кетеді. Сонымен бұлардың бәрінде де Мұхаммет пайғамбар, оның әулеті дәріптеледі.
«Мұғыраж» (Жеті қат көк» д.м.) атты қиссада Мұхамметтің жеті қат көктің үстінде отырған құдайға барғаны сөз болады. Мұны төрт періште пыраққа (қазір «пырақ» дейміз) мінгізіп апарыпты-мыс. Сонда барып қайтуы - сонша тез. Мұхаммет орнынан түрегелгенде, шапанының етегі қағып кетіп, ожаудағы су ақтарылады, ал қайта оралғанда, сол ожаудың ішіндегі су әлі түгел төгіліп бітпепті-міс. Мұхаммет сол күннен бастап пайғамбар (иранша: пайғам-хабар, бәр - әкелуші) атанған екен.
«Кербаланың шөлі» («Сайқалда» да кездеседі) атты поэма бар, мұнда Хұсайынның (Әзірет-Әлінің баласы, Мұхамметтің жиені). 75 кісімен бірге Жәзит1әскерінен өлуі (шәһит болуы) әңгімеленеді, мұның алдында Әбу-Мүсілімнің екі баласымен бірге Көпе (Куфа) шәһәрінде жазықсыз қазаға ұшырауы толғанады. Ақыр соңында Исфаған (Асфаһән) шәһәрінен керкуданға (носоргқа) мініп келіп, Мұхаммет Ханафия (қазақша Әнепия Әзірет-Әлінің бір баласы, Исфаған шәһәрінің сол кездегі патшасы) өлген ағасы Хұсайынның кегін алады, Омар-Сағитты жекпе-жекте өлтіреді. Сонда:
«Мұхаммет бу Ханифа білсең атым, Жәһән, хайуанға мағлұм сыфатым», —
деп, қарсы алдында тұрған Омар-Сағитты көздеп атады, табан астында көзін жояды. Қолбасшы Омар-Сағиттың әмірімен Хұсайынды бауыздаған Шымырға қарап Мұхаммет-Әнепия (Ханапия) лағнат оқиды, төрт көз итке айналдырып жібереді.
1 Жәзит – мұны жыраулар бұзық адам етіп көрсетеді, дұрысында мұсылманнан шыққан алғашқы философ-ғалым. Ол 680 жылы өлген, Мағауяның баласы, 3 жыл халифа болған.
«Зарқұм» қиссасы да, «Мұхаммедия» атты кітап та, - бәрі сол ісләм дінін уағыздаудың сарынымен шыққан толғаныстар. Бұл тәрізді қисса, кітаптарды айта берсек, таусылмас еді.
XIX ғасырдың аяқ шенінде жазылған казактың төл шығармаларында да араб дінінің әсері тайға таңба басқандай анық көрініп тұрады. Қазақ ауылындағы инабатты діндар адамдар да сөйлеген сөздеріне арабтан, құраннан үзінділер қосарлап айтпаса, сөзінің сәні кірмейтіндей дағдыға айналады.
Әуелі аят-хадіс сөздің басы, Қосарлы бәйітсәмал келді арасы, -
деп, данышпан Абай тауып айтқан. Осы өлеңде айтылған «аят- хадіс»,
«бәйітсамал» бәрі де ел түсіне бермейтін сөздер.
«Ләйлі - Мәжнүн» атты поэма да - шығыстікі. «Ромео мен Джульеттадай» қайғылы уақиға дүние жүзінде жоқ», деп Батыс елдері баяғыда-ақ айтқан болатын. Мұны мәңгіге шегендеп берген Уильям Шекспир (XVI ғасыр) еді.
Әрине, Шығыс елі «Ромео мен Джульеттаны» XIX ғасырға дейін білген де жоқ, оның «Ләйлі — Мәжнүн» атты өз әңгімесі ежелден (VII ғасырдан) келе жатыр, «Ромео мен Джульетта» Батыс еліне кең тарады, бірақ Шығысқа «Ләйлі - Мәжнүннің» тарауынан көп төмен еді, «О, Ләйле» деген сөзбен басталмайтын өлең, жыр кемде-кем.
XI ғасырдың орта шенінде Иран елінен шыққан жолаушы Насир-и Хисрау: «Ләйлі - Мәжнүн» жөніндегі әңгіме өте-мөте қызық1, - деген екен. Арабиядағы Танфа қаласының жанында бір заманда Ләйлі тұрған, ал кейін бұзылып қалған корғанды маған бәдәуилер көрсетті, - дейді ол.
«Ләйлі мен Мәжнүн» туралы тұңғыш жазылған дастан азербайжан ақыны Ілияс Ниазамидікі (XII ғасырда). Орта Азияда Әлішер Науаидікі (XV ғасырда), ал араб тілінде XII ғасырға дейін «Ләйлі-Мәжнүн» жөнінде дастан жазылған жоқ2, - дейді академик И.Ю.Крачковский.
Өзінің «Араб әдебиетіндегі «Ләйлі -Мәжнүн» атты повестің көне тарихы» деген көлемді еңбегінде И.Ю.Крачковский осы әңгіменің VII ғасырда бәдәуилердің Әмір руынан шыққанын
1 Насири-Хасрау. Сафар-намэ. М. – Л., 1933, с. 173.
2 И.Ю.Крачковский. Избр. Соч., т.ІІ. М.-Л., 1966, с. 588.
дәлелдейді. Оны Мәжнүн атты ақын жазды дегенді айтады1. «VII ғасырда атақты Қайыс ақын - Мәжнүн атанған екен», - дейді совет дәуіріндегі иранист Е.Э.Бертельс (1890-1951).
Осы «Ләйлі-Мәжнүн» уақиғасы қазақ халқының аузында ертеден бар. Өзіміздің төл шығармаларымызға да әсерін тигізген. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» қиссасындағы сияқты - Ләйлінің әкесі де жетімге қызын бермейді. Баян сұлуды да Қарабай басқа біреуге ұзатпақ болады. Ләйлі мен Баянның көретін күндері - бір. Олар өліп тынады.
М.Сералиннің «Гүлқашима» атты поэмасында да қосыла алмай арманда кеткен ғашықтың сарыны бар. Тіпті Мұхтар Әуезовтің
«Қаракөз» атты пьесасында (алғашқы вариантында) «Ләйлі -Мәжнүннің» ізі айқын көрінеді. Өйткені Ләйлі мен Мәжнүн де немере туыстар. Қаракөз бен Сырым да сондай немере туыс болатын, бірақ осылардың бәрі де, сарындас болғанымен, көшірме емес.
«Жүсіп-Зылиха» қисассы да араб діні арқылы тарады. Бұл
«Жүсіп-Зылиха» құранда да, «Тәуретте де» (Библияда да) айтылады, бізге сол құран арқылы келген. Шынында да, Жүсіп «Тәуретте» (Библияда) Мұса дінінің кітабында бар, сонан арабқа келіп, Мүхамметтен бұрынғы пайғамбардың бірі атанады. Жүсіптің әкесі «Тәуретте» Иаков деп атайды. Осы қиссада Жүсіпті ағалары құлдыққа сатып жібереді де, әкесі Жақыпқа: «Жүсіпті қасқыр жеп кетті», деп хабарлайды, ешкінің қанына малынған Жүсіптің көйлегін көрсетеді. Туған баласы Жүсіпті жоқтап жылаумен Жақыптың көзі соқыр болады. Артынан әлгі қасқырға тіл бітіп, ағаларын әшкерлейді, өзінің жемегенін айтып, өтірігін шығарады. Осы уакиғаның түп қазығы - «Тәурет», одан кұранға кірген де, бізге содан алынып, қисса болып қазақшаға шыққан.
«Тақ Сүлеймен» ертегісі де - «Тәуретте» айтылатын патша Соломон туралы. Мұны да араб елі Мұхамметтің алдындағы пайғамбардың бірі деп ұғады.
Қазақта «Қызыр - Ілияс» жөнінде ертек бар, осындағы Қызыр мен Ілияс-екі атау. Соның бірі Қызыр-жолаушылардың жәрдемшісі, ал Ілияс - теңізде кемелер қарық болғандарға көмек беретін пайғамбар, ол орыстардағы Николо Морской тәрізді. Осылардың бәрі де - арабтан немесе Мұса дінінен келгендер.
«Мұхаммедияны» («Кітаби Мұхаммедия») Стамбулдан шыққан Челеби Мұхаммед деген кісі 1855 жылы жазған екен.
Бұл кітапта басынан аяғына дейін мұсылман діні, Мұхаммед
1 Сонда, 583-632-беттер.
пайғамбардың әулеті мен зау-заты түгел мақталады. Осы кітаптың үшінші бетінде:
Мәгер күнләр бір күн әмри тағдыр, Отырмыштым Кәлибулиде сырра. Кәлибулиниң ол ғашықларинден, Дірілдилер келіп хатыма тұрра, -
деген өлең бар. Мұның қазақша мәнісі:
Күндерде бір күн тағдырдың әмірімен, Кәлибулиде (қаланың аты) жасырын отыр едім. Кәлибулидің қызғылықты әйелдерінен
Біразы келіп, қасыма тізіліп қалды, -
деген екен (Челеби — Мұхаммед осы кітабында көрген түсін баяндайды)1.
Молдалардан да мұны түсінетіндері кемде-кем еді. Бертін келе Ғабдолла Тоқайдың мұсылман дініне қарсы жазылған «Сулы қадімше» («Ескіше» д.м.) атты өлеңінен соң ғана түсінікті болды. Ғабдолла Тоқай да осы өлеңінде өз түсін айтады. «Мұхаммедияны» келемеждейді.
Мәгер күнләр де бір күн әмри трактир, Отырмыштым ки бір пивнойда сирра: Қолыми сілтедім фани жиһ әнден.
Ауызда - папирос, алдымда - сирра, Трактирларының ол ғашықларындән Тізілдиләр келіп хатыма тұрра2, -
дейді. Заты, Тоқайдың түсінде ұжмаққа аттанатын мекені осы арақхана болса керек. Дінді бұдан күшті келемеждеген шығыс халықтарында ешкім болмаған шығар.
Қазақ халқына араб әдебиетінің неше түрлі жолмен келгені - даусыз шындық, соның ішінде орыс тілі арқылы да кіргені
1 «Кітаби Мұхаммедия» (Челеби Мұхаммед) 1227 жыл деп көрсетеді. Мұхаммед дінінің жыл санауы – Мұхаммет пайғамбардың арабша
«Хиджра» деп атайды. Ал «Хиджра» Иса пайғамбар дінінің жыл санауынан 582 жыл кейін.
2 Ғабдулла Тоқай. Күңел жәмешліре. Қазан, 1926, 100-бет.
бар. Орыс халқының араб елін зерттеуі XIX ғасырдың басында өрістеді. Мысалы, 1603 жылы патриарх Иов жазған әңгімеде «Июдеи же и Еллины, Скифы же и Латыня», «Аравития и Бессермены»1 дегендер айтылады. Осындағы «иодеи» деп отырғаны палестиналык еврейлер, «еллины» — гректер, «скифы» — қыпшақтар, «латыня» — латын елдері, «аравития»
— арабтар, «бессормены» — «басұрмандар» деуі өзгертіліп айтылған
«мұсылмандар» дегені еді.
Академик И.Ю.Крачковскийдің айтуынша Россияда арабистика (араб тану ғылымы) В.В.Розеннен (1849-1908) басталады. В.В.Розен әлемге аян Н.Я.Марр, В.В.Бартольд, С.Ф.Ольденбург, П.К.Коковцов сынды ғалымдардың сүйікті ұстазы екен2.
Бұлардан бұрын да бөгде тілдер арқылы арабтан орыс тіліне кірген сөздер болтан. Мысалы Н.А.Аристов пен П.М.Мелиоранский сынды ғалымдар «Арбат» сөзін (Москвадағы қонак үйдің атын) XIII-XIV ғасырларда Алтынорда қыпшақтары арқылы орыс тіліне кірді дегенді айтады. Ал миткаль (кездеменің бір түрі), кандалы (кісен) украинша кайданы делініп, одан барып, орыс тіліне сіңеді. Ал, кездеменің тағы бір түрі французша муар аталады, бірақ москвалық русьтерде «мухояр» деген сөз шығыстан баяғыда келіп кіргенін ұмытып кетіпті де, француздың жаңағы муар дегенін қолданыпты. Ендеше: «Россияға араб элементі Алтынорда кезінде кірді де, бері келе француз, неміс мәдениетінің әсері арқылы қайта келеді. Расына келсек, орыс тіліне ертеде кірген арабтың ежелгі мухаяры ғой»3, - дейді И.Ю.Крачковский.
Сөйтіп, бір тілден екінші тілге көшіп, онда өзгертіліп айтылып, артынан ескі орнынан алыстап кететін, кейде тіпті, төркіні танымайтын халге жететін сөздер, сөйлемдер, шығармалар болады. Бұлар шу дегенде шеттен келсе де, тілге үйіріліп, сіңіседі де, соңынан сол халықтың байырғы сөздері болып кете барады. Оларды арнайы зерттегенде ғана төркінін тауып, айтып жүреді. Мысалы, Москвадағы «Арбат» мейманханасын, оның төркіні «Алтынорда» саудагерлерінің
«аялдамасы» еді деп, осы күнгі жұртшылыққа ұқтыру қиын.
1 И.Ю.Крачковский. Избр соч., т.У. М., 1958, с. 13.
2 Аталган кітаптың 9-бетіндегі эпиграфты қараңыз.
3 Сонда, 14-бет.
Бұл тәрізді жеке сөздер былай тұрсын, тіпті күрделі шығармалар да, неше түрлі нақылдар мен ғылыми трактаттар да араб елінен шығып, басқа халықтарға мол тараған, соның ішінде орыс халқына да түсі-түрін өзгертіп келіп, байырғы өз мүлкіне айналып кеткендері аз емес. Мысалы,
«христиан дінінің алғашқы кезеңінде Киевтік Русь еліне «Варлам мен Иосаф туралы повесть» атты шығарма келген, бұл әңгіме Будда өмірінің бір тарауы еді, ол Индиядан шығып, пехлевилік Иран тілі арқылы VIII ғасырда арабқа аударылған, соңынан грузин тіліне көшіп, христиан дініне бейімделген. XI ғасырдағы грек аудармасы, өзінен бұрынырақ жайылып кеткен славян тіліндегі туындыға тиянақтайтын еді. Осындағы біраз нақылдар - ілгеріде бұлғар тілінде болғаны мәлім. 1182 жылы Кирилл Туровский ежелден белгілі орыс тілінің байырғы материалы есебінде өз әңгімесіне өзек етіп алған. XIII-XIV ғасырларда мұның аудармасы Русь еліне қолжазба күйінде тараса керек-ті. 1681 жылы осы повесть Москвадағы «Жоғарғы типографияда» («Верхняя типография») С.Ушаковтың гравюрасымен басылып шықты. Ал акын Симеон Полоцкий осы басылуына өзінің өлеңін - «Иосафтың сахараға кіруі» деген монологын қосып жіберген. Артынан, 1708 жылдарда Бірінші Петрдің қарындасы - Наталья Алексеевнаның театрында «Варлам мен Иософ» жөніндегі пьеса қойылған. Бұл тіпті XVIII ғасырда да әлденеше рет көшіріліп, талай-талай өзгеріске ұшыраған повесть. Сөйтіп, дүние жүзіне араб аудармасы арқылы тараған шығыстың гүлі бөгде ауа райына кездесіп, өзінің ежелгі кейпін өзгерткен екен1, - деп толғайды академик И.Ю.Крачковский.
Арабтың бір сөзі әр заманда әр елден келіп, не Батыстан, немесе Шығыстан енеді де, өзінің көне қалпын өзгертіп, неше алуан саққа жүгіреді. Әредік сөздер былай тұрсын, тарихи өзекті ескерткіштер де осындай күйге ұшырайды. Ал енді XVIII ғасырда «Данышпан Пильпайдың мысалдары» деген кітап француз тілінен орыс тіліне аударылған, бірақ мұның москвалық Русь еліне ежелден мәлім «Стефанит пен Ихнилат» екенін (баяғы «Кәлилә мен Димнә» екенін) оқырман жұртшылықтың бірде-біреуі ұғына алмай қалған2 , - дейді тағы И.Ю. Крачковский.
Айта берсек мұндай «қозы қоспай» адасулар толып жатады. Тіпті, беріде «еврей тілінде шыққан «Логика Авиасафа»
1 И.Ю.Крачковский. Аталған еңбек, 25-26-беттер.
2 Сонда, 26-бет.
деген кітаптағы «Авиасаф» есімінің Әбу Насыр екенін ұғып, атақты Шығыс тану ғалымы П.К.Коковцов мұның әлемге әйгілі X ғасырдың философы Әбу Насыр әл-Фараби екенін ашқан болатын»1, - дейді ол. Сонда ғалым П.К.Коковцов еврей тілінде «р» дыбысының жоқтығынан
«Әбу-Насыр» — «Авиосаф» атанды деп топшылайды. «Араб әдебиетін, араб тілін зерттеуге шұғылдану Россияда Петр заманында да болды. 1722 жылы Еділ өзенін жағалап, Петр Персияға жорыққа аттанды, сонда Еділ бойында ойранға ұшыраған бұлғарлар (шуваш, башқұрт, татарлар) моласына араб, татар, армян тілінде жазылған ескерткіш сөздерін көшіртіп алып, елу шақтысын орысшаға аудартқан еді. Осы тапсырманы орындағандар Ахуан Қадырмамет Сүйіншәлиев пен Юсуп Ижбулатов және армян адамы Иван Васильев еді»2, — дейді И.Ю.Крачковский.
Бұған қарағанда араб мәдениетін зерттеу орыс халқында, әсіресе, бірінші Петрге қандай мақсатпен керек болғаны айқындала түседі. Заты, көршілес екі халық бірін-бірі анық біліп отыруы керек екенін байқатады. Қалайда араб әдебиетінің зерттелуі орыс тілінде XVIII ғасырдың өзінде де бірталай сатыға жеткен тәрізді. Ол заманда дұрыс түсінгендер де, теріс баққандар да болса керек. Мысалы, Г.Кер (1692-1740) деген аудармашы-ғалым 1724 жылы араб цифрларының Индиядан келгенін дәлелдепті, ғылым тарихында оның осындай дұрыс айтылған пікірі өзшен
көп кейін бағаланыпты да қабылданыпты. Ол ғалым
Г. Кер өлерінің алдында (1735 жылдар шамасында) Абу-л- Еазының
«Родословное древнетюрк» деген кітабын шағатай тілінен аударады. Ғылым академиясының конференциясында
Самарканд обсерваториясында жасалған Мұхаммед Тарағай
Ұлықбектің астрономиялық кестесін латын тілінде оқып шыққан екен3. Сонымен қатар, 1769 жылы «Поденщица» атты Василий Тузов шығарған сатиралық журналда араб, парсы, түрік, татар сөздерін орыс тілімен салыстырған мақаланы да ұшыраттық, сонда арабтың харам сөзі орысша храм, қажы
- ханжа болып кетеді. Бұлардың мүмкін, алыс та болса ауыс- түйісі бар да
шығар. Ал енді арабтың есім деген сөзіндегі с
1 Сонда, 28-бет.
2 Сонда, 32-бет.
3 Бұлда сонда.
әрпі бертін келе түсіп қалып, орысша имь болып, соңынан имяға айналған деуі өте сорақты байлам1, - дейді академик И.Ю.Крачковский.
Қорыта айтқанда, араб әдебиетін, тілін зерттеу дүние жүзіндегі елдердің бәрінде, соның ішінде, орыс халқында да болған. Оның үстіне араб әдебиетіне орыс халды сын көзімен қарап, қажетін алып, керексізін тастайды, әйтеуір терең зерттеп, түбегейлі ұғынуға тырысады.
Біздің қазақ елі араб халқымен қоян-қолтық алысып, көзбе-көз сөйлесіп, көрші отырысып көрген емес. Қазақтар араб әдебиетін өзгелерден үйренді, араб тілін бітеудей қабылдады. Арабтың «алгебра, алкоголь, зенит, химия (алхимия), адмирал, изафет, магазин» деген сөздерін біз орыс сөздері деп келдік2, өйткені оларды орыс тілі арқылы білуіміз де рас болатын.
Қазақ халқына көп жайылған, ауыздан ауызға тараған «Қорлан»
өлеңіндегі:
Құранда бір аят бар - Хазірет Ясин,
Кім жаман болсын дейді жар жолдасын. Тақтайда ләуһіл - махфуз жазбаған соң, Ей, кұрбым, оның несін қайғырасың?! -
құран (парсыда: фурқан «ақты қарадан айыру» д.м.) қазақтағы парқы, фарықы - айырмасы деген сөздермен түбірлес тәрізді. Аят, хазірет, ясни, ләуһіл, махфуз деген сөздерді айтушы да, тыңдаушы да түсінбейді және ойдың кілті де оларға тірелмейді, бұлар тек бос сөздер тәрізденіп жүре береді.
Әуелі аят, хадіс сөздің басы, Қосалық бәйітсымал келді арасы, -
деп Абай біліп айтқан ғой.
Бері келе қазақ елінен араб әдебиетін, дінін терең зерттеген, жете білуге тырысқан оқымысты адамдар шықты. Олар араб еліне барып, Мекке мен Мәдинеге тәуеп етіп, қажы болып қайтып жүрді. «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасы аударылды.
1 И.Ю.Крачковский. 5-том., 49-бет.
2 Л.З.Рустамов. Арабско-иранское заимствование в казахском языке. Автореф. Канд. Дис. Алма-Ата, 1963, с. 4; Р.В.Виппер. История средних веков. М., 1947, с. 130.
Ол 1923 жылы «Шолпан» журналына басылды1. Ол кезеңде қазақ тілінде жазылған поэмалар болды. «Мұңлы Мэриям», «Бақытсыз Жамалдар» жайылды. Араб тілінен, әдебиетінен хабары жок, оріс тіліне, әдебиетіне бейім авторлар, әлгі поэмалардағы махаббат сарынын европалык ұғымға шендестірді. Дәлірек айтсак, «Бақытсыз Жамалда» (күйкілеу берілсе де) Л.Н.Толстой әңгімелерінің кейбір ырғақтары сезіліп тұрады. Л.Н.Толстойдың бір әңгімесінде мойына қызыл орамал байлаған қыз боранда ығып өледі, сонда бірнеше күн соққан боран толастап ашылады да, бір бұтаның басына ілініп қалған қызыл орамал табылады.
Бұл әңгіме оқырманды толғантады. Қыздың өлгенін өз тұсынан ойлап табуға баулиды. Ал «Бақытсыз Жамалдың» бетін бірнеше күн соққан боран да жасыра алмайды, жолаушылар үстінен шығады. Әрине, авторға да, оқырманға да бұл өте жеңіл, бәрі даяр, ойланып жатудьщ қажеті болмайды.
«Ләйлі-Мәжнүн» поэмасында ұшырайтын махаббат ырғақтары қазақ халқының төл әдебиетінде біраз орын тепті.
Қорыта айтқанда, казақ әдебиеті екі елден нәр алды, аға буындары араб, кейінгілері өзекті Европа әдебиетіне - орыс әдебиетіне бет бүрды. Осы кейінгі бағыт күшейді де, араб әсері ығыса түсті. Сонда да болса ілгеріде орын тепкен араб әдебиетінен нәр алу аз болған жоқ. Алайда, араб әдебиетінің әсері бізден гөрі Орта Азияда - өзбек елінде күшті сақталды.
Біріншіден, баяғыда Күтәйбе иба Мүсілім 705-715 жылдары Хорасаннан келіп, Бүхараны, одан Самарқантты алды, бірак Андижан, Фергана, Қоқанд уәлаяттарын түргеш ханы Сұлухан араб басқыншыларынан қорғап қалды, ол Шашты да (Тәшкенді де) арабка бермеді. Сұлуханның ордасы Суябта («Су жап») Шу алаңында Таразда болатын. X ғасырға дейін араб діні Сырдариядан бері аса алмағандай, өйткені «арабтар ол кезде шабылуға шықпады, ылғи қорғаныста болды, тіпті Шу өзеніне таянған да жоқ2, - дейді В.В.Бартольд. Сұлуханды 748 жылы арабтар өлтірді, оны араб, парсылар «Әбу Мазақым» («бұзақылардың әкесі) деп атаушы еді.
Себебі саманидтер тұсында да, караханидтер дәуірінен кейін де араб тілі әдеби тіл болды. Өзбек ана тілінің өз правосын
1 Мұны Ташкентке алып келіп жариялатқан Мұхтар Омарханұлы Әуезов еді.
2 В.В. Бартольд. Соч., т. V, с. 45.
алуы Ақсақ Темір билеген кезде еді. «Іс қағаздары, көпшілік алдында сөйлейтін сөздер тек қана түркі тілінде болсын! Арабша жазған немесе сөйлеген адамның басы сол тұрған, отырған жерінде алынсын!»1 - деп, жарлык жариялады Темір. Сөйсе де өзбек тілінде ілгеріде орын тепкен араб-парсы тілдерінің әсері көп болуы заңды.
Түрікпен халқының жағдайы мүлде басқа. Ол көшпелі ел еді. Сондықтан бері келгенше, Махтум Кули мен Молла Кеминеден басқа сауатты азаматтары да некен-саяқ болып келді. Қырғыз елі осы күнгі мекеніне кешірек келгендей.
Алтай өңіріндегі ісләм дінінде жоқ түркілердің тілінде араб-парсыдан барған 25-ақ сөздің болуы да осыған айғақ. Оның өзінде де араб-парсы керуендері апарды ма, жоқ, мына көрші отырған ісләм дініндегі түркі елдері жеткізді ме, әлі күнге анықтала коймаған.
Екіншіден, Шыңғыстың немересі Бати (орысша - Бату) хан шабылуға кіріскенде, 1241 жылы монғолдың қаһарынан қорыққан Алтынорда кыпшақтары (половцы) Венгрияға жер ауыпты. Венгрия королі оларды жақсы қарсы алып, Паннони өңірінде көшіп-қонып жүруіне рұқсат еткен. Венгрия королінің бұл қылығына ашуланып, Бати мынадай хат жіберген.
«Сен менің құлдарымды - «кумандарымды (қыпшақтарды) қол астыңа алып сақтап отырсың... Бұйырамын саған, оларды асырап-сақтама, солар үшін мен жау болып жүрмейін саған! Есіңде болсын, сенен гөрі қашып құтылу кумандарға оңай, олар да үй де, күй де жоқ, шатырға паналап көшіп кете алады, ал сенің мекен-жайың, салған сарайың, қалаларың бар, ендеше менің тегеурінді білегімнен құтыла қою өзіңе қиын тиер»2, - деп ескерткен екен.
Ендеше, бір елге екінші ел тиісіп, өзіне қаратып алуға келгенде тырнақты алдымен қалаларға, орнықты мекені бар елдерге салатын сияқты. Сондықтан көшпелі түрікпен, қарақалпақ, қырғыздардан бұрын Хиуа (Хорезм), Бұхара, Самарқант, Ташкент (ескі Шаш-кент), Отырар, Түркістан, Тараз тәрізді қалалары бар елдерді бұрынырақ келіп қамау заңды. Бұған тарихтың өзі - айғақ. Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғысхан бағыттары да осыны дәлелдейді.
1 Арминий (немесе Герман) Вамбери. Очерки Средней Азии. М., с. 111. 2 Г.А.Федоров-Давыдов. Курганы, идолы, Монеты. М., 1968, с. 87-88; В.В.Бартольд. Соч. Т.У. М., 1968, с. 511
X ғасырдың басында (921) Еділ бойындағы Бұлғар еліш (татар, башқұрттар) Бағдадтың халифасы Мұхтадирге Абдул, ибн Башту (лақап аты Хазарин) елші боп барады. Ол - Бұлғар ханы Әлмұсадан (Алмуш) хат апарды. Сол хатта: «Мұсылман дінін қабылдаймын, сондықтан ісләм дінін уағыздайтын мешітте құтпа (дұға) оқитын ғұламалар жіберуіңді өтінемін
- деп жазған Әлмұса, осы хатқа Мұхтадир халифа қаты риза болған.
Өйткені, Әлмұса тәрізді мықты хан арқылы терістікте жатқан Сырдария бойындағы ешкімге бағынбайтын оғыздарды, жауынгер халық - русьтерді өз аузына қаратып алуды көздейді.
Мұхтадир халифа 921 жылы 21 июнь күні Әлмұсаға елі жібереді. Оқымысты араб Ахмед ибн-Фалдан осы елшін хатшысы болып кетті. Олар Бағдадтан шығып, Бұхара, Хорезі Үстірттегі оғыз ұлыстары, жауынгер печенегтер (қыпшақта аркылы Еділ бойындағы Әлмұса хандығының астанасына - Бұлғарға 922 жылы әрең жетті1.
Әлмұса ханның қол астындағы Суварлардың біраз мұсылман дініне кіруге көнбей көше жөнеледі де, бары Кама өзенінің жиегіндегі Елабұға (Алабұға) қаласына, оған жақын тұрған Сайтан қаласына барып орнығады (заты осылар шуваштар болса керек-ті). Әлмұса ханның тұсында шуваштардың Кереметь деген сарайы болыпты. Оларды қазір жер бетінде бірде-бірі жоқ. Бұларды жердің астына тауып алып, зерттеп, дәлелдеп жүрген Г.А.Федоров-Давыдов тәрізді археолог-ғалымдар.
Сөйтіп, осы ғылым табыстары тиянақталған болса, ара әдебиетінің, дінінің, қай елде, қай жерде күшті болғані оның негізгі себептері айқындала түсер еді. Бұлғар еліні сапына шуваштарды қоспауымыз В.В.Бартольдтің пікіріне қосылуымыздан. Оның айтуынша: орыс халқы 1551 жыл шуваштарды дінсіз ел (язычник) деп таныған екен. Екіншіден шуваштарда мұсылман елдерінен ауысқан сөздер бар, бірақ бөгде мағынада қолданылады, мысалы, қасқырға әмірі жүргізетін кұдайды (пихампар) (паре, пайғамбар - пророк өлген кісінің жанын «киремет» (араб, қарамат - чудо) де айтады. Осыларды тіл маманы ғалым Н.И.Ашмарин келтіреді «Егер шуваштар Еділ бойындағы бұлғарларға жататын болса; онда қала тұрғындары болар еді, ол қалада тұрып мынадай
1 В.В.Бартольд. Аталған кітаптың 510-бетінде.
сөздерді ата-бабаларынан үйренген болса, онда осылайша теріс бағып, жабайылыққа айналмас еді, мұсылман елінде мұндай тағылықты ұшырату мүмкін емес. Ендеше осы күнгі шуваштар қала тұрғындары емес, ағаш ішінде өсіп, өнген, қаладағы мұсылман мәдениеті бойына дарымаған халықтар»1 - дейді академик В.В.Бартольд.
Қыпшақтарды Батыс европалықтар куман деп атайды, ал кейде
«половецтер - печенегтер» деп атаған. Қалайда Әлмұсаның X ғасырда мұсылман дінін қабылдауы анық. Ол кездегі кыпшақтардың күшті болуы да даусыз. Мысалы, XI ғасырда Византия ғалымы Феофилатк Болгарский: «Печенегтердің шабуылы жайдың оғындай, ал олардың қашып құтылуы ауыр және жеңіл: ауырлығы сол - олардың олжасы көп, жеңілдігі сол - қашуы жылдам. Тарпа бас салғанда үнемі, ешбір із-түзін, хабарын білдірмейді, ал қашқан мезетте кейінгі жұрттың естіп-білуіне мүмкіндік бермейді. Негізінде - олар бөгде елдерді ойранға ұшыратады, ал өзінде мекен жоқ... Бейбіт өмір оларға бақытсыздық, ал соғысуға немесе біреуді кескілеуге ыңғайлы жағдай туа қалса, қуанғаннан
«қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» болады. Пәленің ең үлкені сол, олардың (қыпшақ, куман, половец, печенегтердің) көптігі көктемде быжынаған арадан да анағұрлым астам, олардың мың немесе неше он мыңдаған әскері барын әлі де ешкім біле алмайды»2- деп жазады.
Ендеше бір елді екінші ел аузына қаратқанда, ең алдымен ірі қалалары бар, тұрақты отырған елге көз салады. Арабтар да жолшыбай үстіртте көшіп жүрген гуаздарға (оғыздарға - түрікмендерге) аялдамай, Еділ бойындағы Бүлғар, Сувар қалаларына өтіп кетуі - осыған дәлел. Башқұрт деген сөз: башы (бас) және кұрты - (қасқыр) деген сөздерден кұралған. Академик В.В.Бартольд та осылай түсіндіреді. Ендеше башқұрттың «бас қасқыр» - атануы да сол ерте отырықшы ел болып, үлкен қалалар, қорғандар салып, мықты бекінуінде ме, қалай деген ойға келеміз.
Ал ендігі айтарымыз, бір елді екінші ел шауып-шаншып билегенде, қылыштың жүзі, мылтықтың дүмімен билеу орашолақтық тәрізді, артында терең із қалдыра алмаса керек.
«Монғол шапқыншылығы монғол елінің тағдырынан гөрі түрік халқының көркею жағдайына көп әсер етті. Монғолияның
1 Сонда, 510-бет.
2 Г.А.Федоров-Давыдов. Курганы, идолы, монеты. М., 1968, с. 48.
батысында кұрылған монғол мемлекетінің тілі бірте-бірте түрік тіліне айналды. Шыңғыс хан патшалығына зор-зор үш мемлекет бағынды, соның бірі - Орта Азияда, екіншісі -түстік Россияда, үшіншісі - Персияда болды: монғол дәуірінде осы мемлекеттердің әсері - түрік руларынан, ұлыстарынан, бүтін халықтарынан құралды да - бәрі де монғол атанды»1,
- дейді академик В.В.Бартольд.
Осыған қосымша тағы бір тиянақты пікірді ұсынып көрелік. Мысалы, орыс халқының басына 240 жылдай әңгір-таяқ ойнатқан монғолдар еді. Соған қарамай, олар орыс тілінде ешбір із калдырмады: «Екі ғасыр бойы татар (монғол) шапқыншылығы зар илетсе де, біздің ата-бабамыз орыс құдайына өз тілінде дұға оқыды. Өр көкірек, озбыр, жауыз әкімдерді өз тілінде қарғап-сілеп, біріне-бірі өздерінің мұң-мүддесін өз тілінде шертті»2, - деп А.С.Пушкин тауып айтқан болатын.
Бұлғар, татар, башқұрт тарихтарын революциядан бұрын да татар тілінде зерттеген ғалымдар болған, келешек буын олардың еңбектерін де пайдалануы қажет. Олар - Ғайнулла Ахмеров 3 , Г.Баттал 4 , Ибрагим Хальфин бин Исхақтар5 еді.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша тағы бір дәлел келтірелік:
«Арабы, турки, татары, моголы, последовательно завоевавшие Индию быстро ассимилировались с коренным населением»6, - дейді К.Маркс.
Осы күнге дейін қазақ халқы туралы әрбір ғалымдар әр жағдайда неше пікірді айтқанымен, қазақ халқының үзақ ғасырлық тарихын түбегейлі зерттеп, арнайы айтылған қорытынды тұжырым әлі аз. Сондықтан осы зерттеу еңбегімізде, әліміздің келгенінше, тарихтың ұзын бойында казақ халқы қандай елдермен карым-қатынас, әдебиетінде, тілінде қандай іздер қалғанын айтып өтуді парыз көрдік. Сөйтіп, табыстарға жетіп, үдере өсіп келе жатқан бағдарын баяндап келеміз.
Тілді халық жасайды, тіл мамандары сол халық тілінің нормаларын жіліктеп, заңдылығын ашады, ал әдебиетшілер
1 В.В. Бартольд. Аталган еңбектер, 211-бет.
2 А.С.Пушкин. Собр. Соч., т.У, СПб., 1887, с.20.
3 Гайнулла Ахмеров. Болгар тарихы. Қазан, 1912.
4 Г.Баттал. Татар тарихы. Қазан. 1917.
5 Н.А.Баскаковү Введение в изучение тюрских языков. М., 1962, с.16.
6 К.Маркс и Ф.Энгельс. Избранные произведения, т. І. М., 1955. С. 311.
сол халық тілінде мәңгі өлмес еңбектерін жазып қалдырады. Бәрінің де батынатыны - халық тілі. Ал халык тілінде өткен өмірдің тарихи таңбасы тұрады. Марксизм-ленинизм классиктерінің идеялары да осыған саяды1.
Біз тіл мен әдебиетті бірінен-бірін ажырата қарамаймыз. Екеуінің түп қазығы бір.
Араб тілі мен әдебиеті қазақ еліне қай жақтан келгені айтылды. Екі ұдай соққан лептің тарихи беті ашылғандай болды.
Араб тілінен басқа елдерге ауысқан жеке сөздерді зерттегенде, көзге оқшау көрінетін жәйттер бар. Мысалы, араб пен парсы тілдерінде жүрген ортақ сөздердің жігін айыру қиын. Бұл пікірді бізден бұрын да талай ғалымдар айтқан. Өйткені, мың жыл бұрын, былай айтқанда VIII ғасырда, парсылар араб дініне кіре бастады. Парсыда мұсылман дінінің екі саласы (сектасы) қазірде де бар. Соның бірі - суниттер. Бұлар Мұхамметке табынады, ал шеиттер Әзірет-Әліге (Әлиге) бағынады. Екеуі де мұсылман дінінде. Олай болса араб тілін, дінін Орта Азия елдеріне парсылар әкелуі де мүмкін, ал кейініректе - Әбу-Мүсілім, ибн Кутейба тұсында, Хорасан, Мары, Бұхара, Самаркант шәһәрлері күшейген заманда ісләм дінін ирандықтар «Бұхара-и шәрифтен» («Священная Бухара») қайыра алуы да ғажап емес, өйткені Меккеден кейінгі мұсылман дінінің тұрлаулы орталығы «Бұхара-и шәриф» болғаны анық. Сондықтан да орта Азияға ісләм дінін таратушылар: - караханидтер, семанидтер, Махмуд Еазнауи, оғыз сұлтандары мен Хорезм шахтары болғаны да өтірік емес.
Сонда да кейбір парсы сөздері сонау соғдиандар (бұлар Орта Азияға үстіміздегі дәуірден әлдеқайда бұрын келген ғой) тұсында келген тәрізді. Түбегейлі айтарымыз, қазақ елі араб дінін қаусыра меңгермеген, іші-тысына түгел жете түсінбеген ел. Тек сырттай дарыған. Қазақ елі тек жеке сөздерін бітеудей алып пайдаланған сияқты. Түсініксіз араб дінінен гөрі, қала тіршілігіне, мешіт-михрабтарға бейімделген мұсылман дінінен гөрі, ежелгі көшпелі тұрмысқа жақырынақ тұрған, табиғат кұбылысына
лайықталған шаманизм (тәңірге табыну) діні өз күшін сақтағандай.
1 К.Маркс и Ф.Энгельс. Соч. Т. ХХУІІ, с. 88.
Қазақтар («кұдай сөзі» атанған төрт кітапты да біледі: «Зенд - Авестаны») көне иран тілінде жазылған Зороастра дінінің кітабын «Забур» деп атайды. Еврей тілінде жазылған Мұса дінінің кітабын «Библияны» («Тәурет») деседі. Христиан дінінің Иса пайғамбардың атымен шыққан
«Евангелия» кітабын «Інжіл» дейді. Ал ең соңғы Иса дінінен 622 жыл кейін шыққан араб тілінде пайда болған дін кітабын - «Құран» деп ұғады. Кейде құранды «Кәләм шәриф» («Әулие сөзі») деп те атайды. Бірін-бірімен салыстырып, сын көзімен қарап зерттеген де емес. Ендеше, қазақ халқы шын мағынасында діндар-фанатик ел болмауы да осыдан шығар. Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радловтар айтқан болжамдар да осы жағдайларды тиянақтаса керек-ті.
Достарыңызбен бөлісу: |