Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


Қазақ тілінің араб тілімен байланысы



бет8/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Қазақ тілінің араб тілімен байланысы

Қазақ халқының тілі соңғы аз уақыттың ғана жемісі емес. Бұл тілдің тарихы ежелгі заманнан келе жатыр. Оны біз алдыңғы тарауларда да дәлелдеп өттік. Көз жеткісіз көне дәуірлерде сонау соғдиан тілімен жасасқан қарым-қатысын зерттеп, өзімізше орнықты пікір айтқандай болдық. Содан бері қарай қазақ тілінің ауыс-түйіс жасамаған елі кемде-кем тәрізді.

Әрбір эсер, ықпал әр түрлі бағытта жүретін сияқты. Соның ішінде тарихи қарым-қатынас, оның ішінде діннің әсері де болмақ, соның ең негізгісі тілдің лексикалық қоры мен сөздік құрамында анық көрінеді. Сондықтан басқаларын қоя тұрып, ең әуелі әңгімені тіл қарым-қатысына арнайы тоқталық. Араб тілінің таралу жолдарын тиянақталык.

Ең алғаш язычествода (дінсіздікте) болған, бері келе біраз уақыт ісләм дінін қабылдаған, артынша кейін серіпкен, енді осы күнгі христиан дінінде жүрген шуваштарда да «араб- парсыдан ауысып келген 250 сөз бар, соның үштен екісі арабтікі екен»1, - дейді М.Р.Федотов. Араб тілінің элементтері қазақ тілінен гөрі өзбекте көп екенін Л.З. Рустемов2 те айтқан болатын.

Ендеше, араб дініне ерте кіргендерде (өзбек, татарларда) ол тілдің элементтері өте көп, кейінірек кіргендерде (қазақ, қырғыздарда) азырақ, ал біраз уақыт қабылдап, кейін шығып кеткендерде (шуваштарда) одан да аз, ал тіпті араб дініне кірмегендерде (тува, хакас, қызыл үлыстарында) мүлде жоққа тән (25-ақ сөз).

1 М.Р.Федотов. Вопросы чувашского языкопознания и литературоведения.

«Ученые записки», вып. ХХІІ. Чебексары, 1963.

2 Л.З.Рустемов. Арабско-иранское заимствование. (Автореф. Кан. Дис.).

Алма-Ата, 1963.

Ескерте кететін бір жағдай бар: Мысалы, «VIII-ХІ ғасырларда Багдад шәһәрінде көптеген түркі ғалымдары болыпты, соның ішінде:



  1. Абу Искақ ибн Хасан ибн Қухий әл-Хурайми (VIII ғасырдын аяқ

шенінде Самаркандтан шыққан түрік адамы).

  1. Мүхаммед ибн Мұса әл-Хорезми уә Мәжуси,

  2. Абу-Ғаббас әл-Жауһари (Отырар қаласынан).

  3. Әбу Насыр әл-Фараби (Отырарлық)

  4. Исхақ әл-Фараби (Отырарлық),

  5. Абу-Насыр Исмайл ал-Жауһари (Отырарлық),

  6. Ахмед ибн Мұхаммед Ферғанауи (Ферғанадан шыққан астроном),

  7. Ахмед ибн Абдулла Маруази (Мервтік) т.т.

Тіпті Харун әл-Рашидтің немересі, Мамонның туған баласы Мутасим халифа елу мың түркі әскерін жалдап алған-ды. Сол Мутасимнің бір уәзірі Үтеміш түрік еді»1, - дейді В.А.Эберман.

Шам шәһәрінің (Дамаск-Дамшық) маңында Желли (Желді), Алп-арсын атты түркі қыстақтары бар екен. Халифа әскерінде түркістандьщ әскерлер көп-ақ еді, - деседі («Сафар-наме»),

Халифа Ибрагим ибн Мәһдидің(775-785 Харун әл-Рашидтің ағасы) түрікше сөйлей алатынын ежелгі ғалым Якут айтқан екен2.

Сол ерте кезде-ақ Бағдадта түрікше сөйлесетіндер жиі кездескен. Сондыктан да тарихи қарым-қатысты, мәдени, әдеби, тіл ықпалы мен ауысуын әңгіме еткенде, осы ауыс- түйістің екі жақты екенін есте тұту қажет болады. Ендеше, араб әсерімен келген сөздердің бәрі өзінікі болмауы да мүмкін. Мысалы, дін (религия); бұл арамей тілінде - дин (религия); элем (мир, вселенная); арамейде - алам (мир, вселенная). Көне грек тілінде - джаһаннам (ад), тамұқ, дозақ (геенна, преисподняя). Қазақта - жаныңды жаһаннамға жіберем деп айтылуы да мүмкін. Дафтар (тетрадь), қазақта - дәптер. Осылардың бәрі басқа тілдерден арабқа кіріп, сонсоң бізге араб діні арқылы келгенін атап көрсетеді Л.З.Рустемов 3. Қазақта бәдел қажы бар, бұл Меккеге біреудің орнына барып





1 В.А.Эберман. Записки коллегии востоковедов, т. У. М., 1930, с. 437-438. 2 «Записки коллегии», т.5. Л., 1930, с. 273 (см. Ст. В.А.Гордлевского «К вопросу о влиянии тюркского языка на арабский»).

3 Л.З.Рустемов. Жоғарыда аталған кандидаттық диссертациясының авторефератында.
қайтқан кісі. Арабта ол - бадал (замена, заменитель). Парсыда екі сөз бар: боділ - с сердцем, ал биділ оның керісінше - без серце деген. Қазақта: бедел - авторитет деген мағынада. Тап осы сөзді біз кімнен алдық? Арабтан ба, парсыдан ба? — деген сұрақ туады. Біз парсының

«боділінен» алған болуымыз керек деп айта аламыз.

Арабта шақшақ (болтать), қазақта шақшақ қылу - шағыстыру, сондай-ақ шақша (насыбай сауыты, мүйізден істеледі), парсыда «Худо харра дид, шахаш нә дад» («Бог осла увидел, не дал рога») деген бар, оның қазақшасы «Құдай есекті көріпті, мүйіз (шақ) бермепті. Осыған қарағанда біздегі «шақша», парсының «шах» (мүйіз) деген сөзінен шығуы ықтимал. Бірақ, осы шақ сөзі көне түркі тілінде де бар екен. Бұған «Құдай есекке шах бермепті» дегендегі «шах» бір дәлел болса, осыған қоса

«шақылы қошқар» (мүйізді қошқар). «Шақшам шақша-ақ еді, өзіме жақсы-ак еді, сиыр мүйізі шақысы еді», - деген даукес шешен Нәудің сөзі де бар. Әрине, сөз ауысуы ежелден екі жақты. Оңтүстік қазақтары тал бұтақтарының кесіндісін шақ (шах) дейді. Мұның да (мүйіз) шах дегенмен тікелей қатысы бар. Осы сөзге кішірейткіш-ша қосылып, қазақтың шақша сөзі жасалған.



Оныншы ғасырда арабтың аты-шулы соқыр ақыны Абул-ль-Әлә-әл-Мағарри үш кітап жазып кеткен. Соның біреуі

«Мүлка-с-сабил» екен. «Брошенное на дороге» деген мағынаны білдіреді, яғни «өткен-кеткендер пайдалану үшін өз ойымды өмір жолына сеуіп кеттім»1 деген. Ендеше, біздің ойымызша, қазақта айтылатын себіл (жан себіл дегенде) мен әл-Мағарри айтқан сабил-дің де байланысы болуға тиіс.

Арабта кабаб (жаркое), парсыда да кабаб деген бар. Оны (қуырдақ) қазақ кебеп дейді. Осы екі тілдің қайсысынікі екенін үзілді-кесілді айту ауыр. «Мен кебеп болып отырмын» (қуырылып, шыжғырылып отырмын) дегенде де қолданылады.

Қазақ тіліне арабтан келген ай аттары: «сапар, ережеп, рамазан» болса, жұлдыз аттары: амал, сәуір, жауза (зауза) да дейді, саратан, әсет, сүмбіле болмақ, бірақ осылар парсы тілінде де бар, ал түп атасы гректің 12 айлық зодиакаль есебінен шығуы да ғажап емес. Тіл де, әдебиет те өсе береді, сондай-ақ бір тілден екіншісіне көше береді.






1 И.Ю.Крачковский. Избр. Соч., ІІ. М.-Л., 1956, с. 184.
Араб елінің әйел аттары да тілімізге аз ауысқан жоқ. Мысалы: Шамсия, Қамария, Қадиша, Айша, Қайша, Зейнеп, Бәтима, Рәбиға т.б. Бұлардың ешкайсысы да қазақ тілі үшін не дыбысы, не кұрылысына карай әйел жынысын арнайы көрсетпейді. Сондай-ақдер бесқолданылатын-һал (положение), руһ (дух), һейған (животное) сөздері көптік жалғауымен аһвал, арваһ, һейванат болып тұрса да, оларға -лар үстеліп, ахуалдар, аруақтар, айуанаттар (хайуанаттар) болып, көпшенің екі рет келуімен қолдана береміз. Оның бұрынғысын біліп жатқан ешкім жоқ. Өйткені бұлар да (көпше күйінде) бітеудей түбір есепті қабылданған.

Жоғарыда айтылған пікірлерімізге факт есепті арабтан, парсыдан келген біраз сөздерге тоқталалық. Ол сөздердің Орта Азиядан тыс жатқан түркі тілдеріне қалай тарағанын, қалай айтылатынын көрсетіп өтуді де жөн көрдік.

Қазақта - абы (жрец, провидец) деген сөз бар. Арабта


  • һафиз (оберегающий, хранящий; лицо, знающее наизусть Коран), татарда - абыз, абзи (дядя), шувашта - апас (жрец на молениях) болып, кейбір дыбыстық өзгеріспен қолданылады.

(Абыз) - шаман дініндегі халыктардың молда, сопы, бақсы сияқты адамдардың лауазымы. Ол «абыз» демек, әуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қоятын аты екен», (Абай)... «Қазак тілінің түсіндірме сөздігінде» (I том) абыз сөзі

  • хафез, абид сөздеріне кқтысты дей келіп, оның мағынасын

«оқымысты, білгіш, көреген, сәуегей, балгер» деп түсіндіреді. Түрік тілінде hafiz - құранды түгел жатқа білетін адам; абіт

  • құдайға құлшылық ететін, құдайға сенетін кісі. Түрік тіліне бұл сөздер

араб тілінен ауысқан. Ал, бірақ қазақтағы абыз сөзі, біздіңше, араб тілінен кірмеген, түркі елінің төл сөзі. Абыз (абыс-абуз) сөзі шығыс түркі тілдерінде де бар. Якут тілінде аба, абла, абыс, ап - мағына жағынан бір-біріне өте жақын. Бәріне ортақ түбір - ап. Бұлардың мағынасы: қу, сиқырлы, магия (Пекарскийдің «Якут тілі сөздігін» қараңыз). Қазақ тіліндегі «абызсынып отырғанын көрдің бе?» деген сияқты сөйлемдегі абыз сөзінен әулиелік, сикырлык мағына байқалады. Көне жазу ескерткіштерінде аб (охота) - аңды алдап торга түсіру, сиқырлы, айлалы тәсіл колдану (С.Е.Малов. Пам. др. письм. монг. и кирг. 89); В.В.Радловтың айтуынша алтай тілдерінде ап - екі жүзділік, алдау (В.В.Радлов «Сөздіктерінде»), сонда абыз сөзінің негізгі түбірі сиқыр, тылсым мәнін білдіретін
аб/ап; ыз аффикс болуы ықтимал (салыстырыңыз: жау-ыз)» 1 ,- дейді А.Махмұтов. Аба - облавная охота. Бетпақдаладағы бір топ киікті алыстан торлап алып, әскерлер шеңберін тарылта түседі. Шеңбер ішінде көп киік қалады. Сасқан киік тек хан тұрған (аңдуы аз) жерден атып шығады.

«Сасқан киік ханның басына секірді» дейтін сөйлем осыдан қалған ба дейміз.

Қазақ халқының алғыр ойлы тұңғыш профессорларының бірі Құдайберген Қуанұлы Жұбанов абыз сөзін қобыз сөзімен байланыстырып, татар тіліндегі қобыз, абыз, абзи, абза, абыстайларды - қобыз деп түсіндіре келіп, бұл сөздің қ дыбысы көне заманда, рулық қоғам түсында түсірілген деген пікір айтады2. Сайып келгенде, арабтың хафизы емес, көне түркі сөзі деп дәлелдейді.

Араб тілінен қазақ тіліне келген сөздер аз емес, баршылық. Біз бұл арада тек өзімізден бұрынғы ғалымдардың тіліне тиек болғанына тоқталдық. Ал «бәрекелді, астапыралда, бісміллә» тәрізді құранның көптеген сөздерін қоспадық. Сонымен қатар қазақ тіліне арабтан кірген: жекешесі - сапар, көпшесі - мүсәпір, жекешесі - назар, көпшесі - ынтызар, жекешесі - ілім, көпшесі - мұғалім т.б. тоқталғанымыз жоқ. Сөйтсе де мына бір екі-үш сөздің қолдану тарихына тоқтала кетелік. Қазақта қағба (Меккедегі мешіт, мұсылмандар соған қарап, намаз оқиды) дейді. Арабта - кааба (главная маусульманская святыня, парсыда - қааба (мечеть со священным камнем в Мекке, которая является «главной святыней мусульман»3; марий тілінде - кова, кава дегендер аспан, періште (небо, первый ангел); удмуртта - құдайдың аты «каба пымар» («каба божество» деген магынада). Осындағы пымар - пайгамбар дегеннен де алынуы мүмкін. Өйткені тіл ғалымы Н.И.Ашмариннің айтуынша шуваш тіліндегі пихампар деп қасқырларға әмірін жүргізетін құдайды атайды. Бұл да парсының пайғамбары (пророк) деп түйеді.

Қазақта керемет (чудо, чудесно, превосходно, восхитительно); керемет қуаныш, құдайдың кереметі т.б. Арабта - қарамат (щедрость блогадать; парсыда - карамат (щедрость, великодушие, чудо); татарда - кирмэт; марийде,



1 «Қазақ тілінің қысқаша этимологичлық сөздігі». Алматы, 1966, 17-18 беттер.

2 Х.Жұбанов. Исследование по казахскому языку. Алма-Ата, 1965, с. 314-315.

3 Саади. Гулистан. М., 1957, с. 306.

удмурта - керемет; мордвада - керемет (место пребывания злого духа, место где совершили моления духам, языческим богам). Ертеде, X ғасырдың бас кезінде, отқа, суға, хайуанға табынатын заманда, мордва, шуваштардың Кереметь деген сарайы болған. Олардың онда әлі ісләм дінін қабылдамаған дәуірі, 921-922 жылдарда еді. Осыған куә В.Хлебниковтың мына бір өлеңін келтірейік:


Мордвин, арабов проводник, Сложив оазису моленье,
Здесь стан отдохновенья
Здесь расположим мы свой стан Вблизи столицы государства:

В Булгаре любят персиян,

Но «кереметь» - само коварство1.
«Керемет» деген бір сөздің басқа да ұғымда қолданылуы осы мысалдан көрініп тұр. Сөйтіп бұл сөзді мұсылман дініндегі елдер бір бағытта, ал басқалар екінші салада пайдаланған.

Қазақта алтын - золото, бұл сөз барлық түркі тілдерінде бар, арабта тин - грязь, глина; парсыда тин - глина, земля, грязь; орыс тіліндегі тина да осымен түбірлес-ау сірә. Венгерде (мадиярда) тім - глина; осы ал-тын екі сөзден құралған сияқты, соның бірі ал (алый, яркокрасный), екіншісі тын - тина (глина) болса керек-ті. Шувашта там, тан - глина. Осылардан барып бұларда ылтан немесе ылтам (золото) болған. Ең әуелде золотоның өзі орыс тілінде металдың түсін көрсеткен сөз деседі. Ал сөзі қазақта жиі кездеседі.


Ал қызыл көрінеді қашқан түлкі, Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі?
Осы шумақтағы ал қызыл өте қызыл (яроккрасный) екені ешкімге де шүбә келтірмейді ғой. Сондықтан алтын дегендегі ал сөзі осы болуы ықтимал. Орыс тіліндегі алтынь сөзі де осыдан алыс болмаса керек.




1 Г.А.Федоров-Давыдов. Курганов, идолы, монеты. М., 1968, с. 5.
Қазақта биқасап деген кездеме бар. Ол өзбектерде де шапанның тысы боп қолданылады. «Сокровищница тайн» атты поэмасында касаб деген кездеме аты бар. Бұл жұқа мата. Ал биқасап мұның керісінше - қалың. Сонда алғашқыдағы би (бей) префикс, ол касаб сөзінің алдынан қосылып, биқасаб былайша айтқанда, жұқа емес, қалың кездеме дегеннен барып қалыптасса керек.

Үшінші тарау



АУДАРМА, ОНЫҢ МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК РОЛІ



    1. Аударманың арнаулы тарихынан

Бір халық пен екінші халық жақындасып араласа бастағанда, өзінде жоқты көрші елден алады. Осы ауысудың таянақты тірегі аударма, өйткені «аударушылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары»1, - деп А.С.Пушкин тегін айтпаса керек.

Үстіміздегі дәуірдің III ғасырында «Панчатантра» («Бес бәйіт») атты кітап үнді тілінде жазылады. Аты-жөні белгісіз Кашмир өлкесіндегі бір брахман жазыпты-мыс. Оны үш жүз жыл өткеннен кейін, дәлін айтқанда, VI ғасырда иран тіліне дәрігер Барзуя аударды. Екі жүз жылдан соң (VIII ғасырда) «Кәлилә мен Димнә» деген ат қойып, әлгі «Панчатантраны» араб тіліне Әл-Мукаф ұлы Абдулла аударып береді. Қазіргі күнде тұңғыш жазылған түпнұсқа «Панчатантра» да, Барзуяның аудармасы да ұшты-күйлі жоғалып кетіпті, жалғыз- ақ араб тіліндегі Әл-Мукаф ұлы Абдулла аудармасы «Кәлилә мен Димнә» ғана түп нұсқа болып қалды. Шығыс пен Батыс Европаға осы «Кәлила мен Димнә» қанатын кең жайды. Мұны қорек қылмаған мәдениетті ел жоққа тән.


  1. ғасырдың сом туған ғалымы, дүние жүзіне мәлім Хорезмнің әл-Бируниі осы кітап туралы: «Ғылымның неше алуан саласы Үндістанда екен, онда шыққан кітаптың саны есепсіз көп. Бәрін қамтуға менің, әрине, мұршам келмес, бірақ «Панчатантраны» аударуға өте кұштармын...»2 - деген-ді.

Сол аты-шулы «Панчатантраға» өзінен бұрынғы әйгілі

«Махабхарата» дастанының үш тарауы кіреді. Е.Э.Бертельстің айтуынша, бұл үш тарау «Махабхарата» эпосының 12 кітабынан алыныпты. Олай болса, ой-сананың шеңбері, мәдениеттің ұйтқысы

«Панчатантрадан» басталмайды да, мұнымен аяқталмайды да. Мәдениет желісі үздіксіз созылады, оның түп қазығы аударылып кағыла берсе керек-ті.





1 А.С: Собр. Соч., т. У. М., 1887, с. 23 (Түп нұсқасы: «Перевод- чики – суть подставные лошади просвещания» делінген).

2 Alberunis. Ed…, by. E Sachau. London, 1887, p. 76

89

«Кәлилә мен Димнәның» парсы тіліндегі аудармасын 1144 жылы Низамидин Әбу-л-Меали Насураллах қайта жазып шығады. Он екінші ғасырдың бас кезінде бұл кітапты араб тілінен еврей тіліне Рабби Иоэль аударады. 1263-1278 жылдар шамасында мұны Иоан Капуанский «Адам өміріне өсиет» деген атпен латын тіліне аударады.

XI ғасырдың аяқ шенінде Симеон Сифүлы «Кәлилә мен Димнәны» араб тілінен грек тіліне аударғанда «Стефанит пен Ихнилат» («Жетіскен жан мен із кескіш») деп атайды. Осы грек тіліндегі нұсқа ежелгі славян тіліне аударуға негіз болады.

1762 жыл Россия академиясының аударушысы Борис Волков:

«Үндістан философы Пильпайдың саяси және өсиет мысалдары» - деп, мұны латын тілінен аударып шығады .

«Панчатантраның» негізгі сарыны феодолдық қоғамнан нәр алады, сондықтан XVIII гасырға дейін түрлі халықтар арасында кең өрістеп орын тебеді.

XVI ғасырда Хусейн Ваиз Кошифи парсы тіліндегі аударманы қайта өңдеп, «Әнуари Су хейли» («Бақыт жұлдызы») деп Үндіге қайта апарады. Содан соң Әбуль-Фазыл әлгі Хусейн Ваиздің нұсқасын тағы өңдеп, «Иори Даниш» («Даналықтың алғашқы тетігі») деп жеңілдетіп береді. Парсы тілінен бірнеше рет түрікшеге аударылады. Академик И.Ю.Крачковскийдің айтуынша, солардың ішінен көбірек таралғаны, әрі ең тәуірі «Хумаюн нама» («Патша кітабы») болса керек. Түрікшесінен өзбек тіліне аударған ташкенттік Исаұлы Фазылулла еді (бұл 1888 жылы Ташкентте литографпен басылады). Татар тіліне арабша нұсқадан аударған Ғабдулғалам Фаизханұлы болады. Бұл Қазан баспасында 1889 жылы жарық көреді. Монғол, малай тілдерінде де «Кәлиләнің...» аудармасы бар, - деседі.

«Кәлилә мен Димнәны» арабша нұсқасынан Европа тіліне 1816 жылы түңғыш рет аударған атақты арабист, француз ғалымы Сильвестр де-Саси болды.

1923 жылы И.П.Кузьмин мен академик И.Ю.Крачковский орыс тіліне әлгі «Кәлиләні...» үшінші рет аударып береді.

Академик И.Ю.Крачковский нұсқасынан қазақша 1962 жылы аударылды 1 . Бұдан бұрын да «Кәлилә мен Димнәның» өзінен (араб тілінен) тікелей аударылган екі нұсқа бар, бірі - Сәкен Ғылмановтікі, екіншісі - Ғұбайдулла Ахметовтікі. Бұл екі қолжазба Қазақ ССР Ғылым академиясының






1 «Кәлила мен Димнә», алматы, 1962 (С.Талжанов).

Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы (Сәкен Ғылманов колжазбасы, №335, Ғұбайдулла Ахметов - №1636).

«Кәлилә мен Димнә» орта ғасыр әдебиетінде жиі кездесетін күрделі тақырып, федолизм дәуірінен тиянақты нәр алған шығарма, сөйте тұрып осы күнге дейін ескірмей, өлмей, тарихтың үдере тартқан көшіне ілесіп, қалмай отыруында үлкен себеп бар. Заманымыздың белгілі ғалымы Е.Э.Бертельстің айтуынша: «Бұл кітап әкімдерінің шағым арызға орынсыз сенбеуін, айыптыларды жазалауға төтенше асықпауын ескертеді»1, - дейді.

Көне заманда «Өмір айнасы» атанған, ал орта ғасырда Германияда

«Князь айнасы» болған кітаптардың қатарына осы «Кәлилә...» да кіреді.

«Ақындардың данышпаны ұлы Гете де өзінің даңқты «Рейнек түлкіге» дейтін шығармасын «Кәлилә мен Димнәға» еліктеп жазған еді, бірак өнеге айтып, тақпақтай сөйлеуді оның негізгі арқауы етпеген екен.

«Кәлилә мен Димнә» - шынында да бүкіл әлемдік әдебиеттің байырғы үлгісі», - дейді Е.Э.Бертельс.

Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Дүние жүзінің атақты ғалымдары да бұған ерекше көңіл бөлді. Бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінін ой-санасын өркендетудің тиянақты тірегі аударма екенін олар баяғыда-ак ұккан болатын.

Мысалы, әлемге аян талым, философ, Екінші Ұстаз Әбу- Насыр әл-Фараби (873-950) Шытыстың бірнеше тілін білді, соның ішінде араб тілін өзінің ана тіліндей меңгерді. Грек философтарын зерттеу үшін гректің де тілін әдейілеп үйренді. Осылармен катар ол парсы тілінде өте көркем өлеңдер жазды.

Әбу Райхан әл-Бируни (973-1037) Ибн Синаның замандасы еді, ол да өз еңбектерін, көбінесе, араб тілінде жазды. Басқа тілдерден араб тіліне аударумен ганатынбады, арабтан парсыта да, тіпті санскрит тіліне де аударды. Аударманың халык арасын қосуга дәнекер болатынын түсінді:

«Менің барлык ойым да, жүрегім де тек гылым-білімнің тамырын жаю осыны өзіме бақыт деп есептеймін... Сондықтан үнді тілінен үнемі аудара бергім келеді,..»2 - деген екен Бируни.

Осы арада бір айтатын нәрсе, мына иран тілінің, дэлелдеп айтқанда соғдиян тілінің, ауыс-түйісі сауда-саттықта, кәсіби сөздерде ізін мол қалдырған тәрізді де, ал рухани әдеби мұралар кейініректе мына араб діні, араб мәдениеті арқылы келгендей. Заты, араб халқы Батые Европа мен





1 Сонда, 10-бет.

2 Абу Рейхан Бируни. Индия. Ташкент, 1963, с. 21.
классикалық шығыс арасында тұрған байланыс сияқтанады. Мысалы, көне грек-рим дүниесінде болған ұлы ғалымдардың, Индия нақылдарының бәрі де Батыс елдеріне араб аудармасы арқылы, араб тілі арқылы тарағанын бізден бұрын да талайлар дәлелдеп кеткен. Орны келгенде ескерту жөн, Сократ, Афлатон, (Платон), Аристотель тәрізді философтардың, Саллюстий сияқты тарихшылардың, Птоломей сынды географ-философтардың ойлары да араб аудармалары арқылы дүние жүзіне әйгілі болған. Үстіміздегі үшінші ғасырда үнді тілінде жазылған

«Панчатантра» да Батыс Европаға және мына Орта Азияға араб аудармасы аркылы тарағандай.

Ең алғаш ірі аудармалардың бірі Абу Ждафәр Мухаммед бин Джарин Табаридің (922 жылы өлген кісі) көп томдық «Табари шежіресі» («Летопись Табари») атты еңбегі еді, 963 жылы оны уәзір Мир Абу Али бин Мухаммед Балами араб тілінен парсы тіліне қысқартып аударған болатын.


  1. ғасырда болған белгілі тіл ғалымы Махмуд Қашғари «Девону лугот ат-түрк» деген еңбек жазады, сонда түркі елінің көптеген сөздерін арабшаға аударып берген-ді, сонымен қатар түркі елінің мақал-мәтелдерін де араб тіліне әдемі аударған-ды.

Абулқасым Махмуд бин Умар Замахшари «Фахри Хорезм» («Хорезмнің мақтанышы» — «Гордость Хорезма») аталған еді. Ал Орта Азияда бірінші рет араб-парсы тілдігін «Мұхадиматул адабты» («Введение к изящной словесности») жазды.

«Кәлилә мен Димнә» өзбек (көне өзбек) тіліне XIII ғасырда аударылыпты. Бұл аударманың қолжазбасы Лондон кітапханасында

«Индия оффисте» сақтаулы жатыр.

Ертеде, 1720 жылы, парсы тілінен өзбек тіліне Мухаммед Хорезми

«Осори имомия Анвори Сухайли таржимаси» деп берді.

«Кәлилә мен Димнә» өзбек тілінен бұдан кейін де бірнеше рет аударылды. Мысалы, 1891 жылы Нияз Мухаммед Хорезми, 1898 жылы Кари Фазулла Алмаи аударып берді, бұл аударма 1898 жылдан 1905 жылға дейін үш рет басылып шыкты1.






1 Джуманияз Шарипов. Из истории перевода в Узбекистане. Ташкент. 1968, с. 31-32.
92

Адамзаттың данышпан туған ұлдары: К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И. Ленин - бәрі де аударма мәселесінің көркеюіне атсалысты. Өзінің «Капитал» тәрізді ұлы еңбегі орыс тіліне аударылған К.Маркс аудармашыны автордың саналы әріптесі дегенге дейін дәріптеген-ді, ағылшын тіліне аударылғанда, осы пікірді Ф.Энгельс те қайталады1.

Аударма туралы пікір айтумен қатар, олар өздері де аударған-ды. Мысалы, Ф.Энгельстің өзі де А.С.Пушкин жазған «Евгений Онегин» романының бірінші тарауын қара сөзбен неміс тіліне аударғаны мәлім.

Сондай-ақ В.И.Ленин де аудармаға өзі қатысқан-ды. В.И.Ленин ағалы-інілі Веббовтердің «Теория и практика английского тредюнианизма» деген кітабын, Клара Цеткиннің «Международынй социалистический конгресс в Штутгарте» атты еңбегін, К.Каутскийдің мақалаларын және

«Коммунистік партияның манифесі» тәрізді зор еңбекті орыс тіліне аударып берген-ді.

Ендеше, осының бәрі аударма тарихының алыстан келе жатқанына және қандай маңызы бар екеніне үлкен айғақ бола алады.

Орыс тілінде Гомердің «Илиадасын» Гиедич аударғанда А.С.Пушкин қатты куанған, «Бұл сен үшін емес, орыс халқының игілігі», - деп баға берген. Өзі Ювиналды аударуға кіріскен. Иран ақыны Сағдидің сөзін

«Бахчасарай фонтаны» атты поэмасына эпиграф етіп алған болатын.

«Многие, так же как и я, посещали сей фонтан; но иных уже нет, другие странствуют далече» (Саади), - деп келтірген-ді А.С.Пушкин.

Аудармаға көңіл бөлу бүгін ғана туып отырған жок, бұл - ежелден келе жатқан тиянақты дәстүр. Ол ауыспай мәдениет кенересі көтерілмесе керек.

Әлемге әйгілі араб ертегісі «Мың бір түннен», «Панчатантра» сегіз жүз жыл бұрын жазылды. Сондықтан да «Мың бір түнде» айтылатын қыруар әңгімелердің «Бес бәйіттегі» толғаулармен үндесуі де заңды. Жазба әдебиеті шыққаннан кейін аударманың ізі айқын көрінеді. Сонда еңбегін алғаш жазып қалдырған автор бірінші орында тұрады да, кейінгілерн сол үлгіні қуалайтын тәрізденеді. Мәдениеті мешеу елдің мәдениеті жоғары елден үлгі алатыны да ежелден мәлім.





1 К.Маркс и Ф.Энгельс. Соч., т. ХУ, ч. І, с. 231.
Осы жөнінде «Айқап» журналының редакторы, ақын, жазушы-журналист Мұхаметжан Сералин: «Панчатантраны» ибн Махфа (инб әл-Мүкаффа), VIII ғасырда арабша аударды. Оның түп нұсқасы қазір дүние жүзінде жоқ, бірак араб тарихшысы Табаридің кітабында одан көшірілген сөздер көп»1, - дейді.

«Абулқасым Туей Фирдоуси (944-1020) 76 жасында өлген. Ол Хорасан уәлаятында, Түс шәһәрінде, «Табиран» бөлімінде туған. Осы ұлы шығармасы «Шахнаме» туралы өзі: «Мен өзімнің жырыммен биік сарай салдым, жел, жаңбыр оған жетпестей, өмірі өшіп кетпестей еттім, өлсем де тірі болармын, ақылы барлар оқырлық жыр жазған кітап қалдырдым ғой»2, - депті ақын Фирдоуси.

«Шах-намені» 976-998 жылдары бір мың ауыз өлең етіп Дакики шығарған. Осыған 59 мың ауыз өлеңді Фирдоуси қосқан. «Сонда, бұл

«Шах-наме» 60 мың бәйт, 120 мың жол өлең болады. Оны 999 жылы түрік ханы Махмұт сүлтан Ғазнауиға сыйлыққа тартқан, өзінің қызына жасау етпек болған, - дейді М.Сералин. Совет заманындағы шығыс елін түбегейлі зерттеген ірі ғалым И.С.Брагинский: «Шах-наме» поэмасы ең алгаш 994 жылы жазылып бітті, ал 999 жылы аяқталды деу қате, бұл қатені Британия музйіндегі Иран әдебиеті қолжазба каталогын жасаған Рье деген кісі жіберіпті, әрі қарай «Фирдоуси жалғыз ұлынан айрылып, мезгілінен ертерек қартайды да, отыз бес жыл жазған осы үлы еңбегінің екінші редакциясын 1010 жылы тамамдады. «Шах-наме» 120 мың жол емес, 100 мың жол өлең. Ақын Фирдоуси 1020-1026 жылдары қайтыс болды, оның сүйегін мұсылман діндарлары «кәпір» (еретик) деп танып, жалпы мазарға қойдырмай, өз бақшасына жерлетіпті», - дейді.

Ақын М.Сералин «Шах-намені» ең әуелі бір мың ауыз өлең (екі мың жол етіп Дакики шығарған) десе И.С.Брагинский: «Шах-наме» бұдан бүрын бес рет шыкты дейді. Соның біріншісін: Әбулмуайяда Балхи3қара сөзбен жазды, бірақ ауызекі айтылғаны болмаса, оның түп нұсқасы сақталмаған; Екіншісін: Масғұд Марвази өлеңмен жазды (бұдан қалған






1 Мұхаметжан Сералин. «Айқап», 1914, 145-бет.

2 Фирдоуси. Шах-наме, М., 1957, с. 963-964.

3 Р.Ю.Виппер. История средних веков. М., 1947, с. 133. (Осы тарихшы ғалымның айтуынша Балх – ежелгі Бактра қаласы).
бірнеше жолдар бар); Үшіншісі: «Мансұр шах-намесі»

атанып, 957 жылы қара сөзбен жазылды, мұны редакциялаған Әбумансұр (немесе Сағда ибн Мансұр) әл Мағмари (немесе Муаммари) екен, ал жаздырған Саманид патшасының сановнигі және ірі қолбасшысы Әбумансұр Туси болыпты, сондықтан ол поэма «Мансұр шах-намесі» атаныпты, осы поэмаға арналған «Ескі бет ашар» (Старое предисловие») ғана сақталған. Бұл - тәжік, парсы прозасының көне ескерткіші; төртіншісі: Дакикидің мың ауыз (екі мың жол) өлеңі. Мұны Фирдоуси өз

«Шах-намесіне» енгізген; Бесінші - «Шах- намені» Әбу-әли Мухаммад ибн Ахмад Балхи жазыпты (мұны Хорезмнің аты-шулы ғалымы әл-Бируни (Беруни) келтіріпті (біздің ойымызша осы автордың аты Дакики болса керек). Ал Фирдоуси «Шах-намесі» бұлардың біріне де ұқсамайды.

Осы «Шах-наменің» көркемдігін өте жоғары бағалаған Н.Г. Чернышевский «Повесть ішінде повесть» («Повести в повести» деп атаған екен.

Фирдоусидің «Шах-намесі үш бөлімде жазылған: 1) Соның бірінші бөлімінде мифологиялық (ертегілік) жырда біздің дәуірден бұрынғы 223 жылдан бастап, 782 жылға дейінгі көне дүние уақиғалары шертіледі: темірші Кава бастаған халық көтерілісі әдемі суреттеледі, темірші Кава аждаха -Заххак атты патшаға қарсы шығады. «Авестада» («Забур кітабында) әлгі Заххак - Ажи -Дахак атанады. Фирдоуси оны (Заххакты) арабтың жүгенсіз ханзадасы (царевич-узурпатор) деп ұғады.

«Шах-наменің» осы бөлімінде айтылатын бас кейіпкер Үрістем (Рустам) болады; 2) Екінші бөлімінде (батырлар жырында) үстіміздегі дәуірден бүрынғы 782 жылдан бастап, 50-жылға дейінгі мезгіл баяндалады.; 3) Үшінші тарихи бөлімде - үстіміздегі дәуірден 50 жыл бұрынғы, сонан соң біздің замандағы 651-жылға дейінгі мезгіл әңгіме болады1, - дейді И.С.Брагинский.

Мұхаметжан Сералин келтірген жәйттердің біразын И.С.Брагинский түзетіп отыр. Біз осы кейінгі көрсетілген ғылыми зерттеушінің мәліметтеріне толық қанағаттанамыз.

Махмұт сұлтан Еазнауиға өкпелеп Фирдоуси айтқан екен: «Алпыс мың ауыз өлеңге бір жүтым су берген, заты кұлдан не туар», - деп мыскылдапты. Расында Махмүттың әкесі Себкіткин (Субух-тегин) Бұхар әмірі Ахмет пен Исмағұл





1 Фирдоуси. Шах-наме, М., 1957, с. 5-11.
Саманидің құлы болса керек1. ... Махмұт сұлтан алпыс мың күміс теңге жіберсе керек, ал екінші рауятта алпыс мың алтын теңді түйеге арттырып жіберіпті, бірақ бұл керуен өліктің үстінен шыққан екен», деседі.

Атақты ориенталист ғалым А.Крымскийдің айтуынша, нәсілі түрік Махмұт Ғазнауи өзі парсы тілін білмегендіктен және, парсы жүртын асыра мақтаган «Шахнамені» ұнатпапты. А.Крымскийдің осы сөзін де И.С.Брагинский келтіріпті, әлгі «Шах-наме» дастанына жазған бет ашарында. Бұл тәрізді ғылыми талас-тартыстың бетін ашу үшін тағы бір куәлік берелік. Низами Арузи (түбі Самарқандтан шыққан, Ауғанстандағы Бамиан өлкесінде) қиыр шетте жүріп, 1156- 1157 жылдарда «Собрание редкостей» («Четыре беседы») деген кітабында айтады: «Махмұт султан фанатик еді. «Шах- наме» сынды поэманы жазғаны үшін ол Фирдоусиге жиырма мың дирхем (күміс ақша салмағы - 3,15 грамм, грекше драхма) жіберіпті. Бұған Фирдоуси қатты ашуланып, моншаға барып сыра ішіпті, калғанын моншашы мен сыра сатушыға үлестіріп кетіпті».

Махмұт сұлтанның қатал екенін жақсы білетін Фирдоуси сол күні түнде Ғазна қаласынан қашып шығып, Герат қаласындағы Азрактың әкесі Исмаил Варрактың дүкеніне барып паналапты.

Сонда алты ай жатады да, Гераттан шығып Тусқа2 келеді, соңынан Табаристан 3 патшасы Испахабад Шахрийарға «Шах- намені» алып барады. Махмұт сұлтанға арнап жазган келеке (сатира) өлеңін оқиды:

«Махмұтқа арнаған осы кітапты енді саған арнаймын, өйткені бұл кітап басынан аяғына дейін сенің ата-бабаңның істеген істерін, соларға байланысты ертегілерді баяндайды», - депті Фирдоуси.

Шахрийар ақынды кұрметтей отырып, мынаны айтыпты: «Уа, шеберім! Сенің кітабыңның мән-жәйін дұрыстап жеткізбеген екен, сөйтіп өзіңді даттап, Махмұтты саған қарсы қойган екен. Мұның бәрінен бұрын өзің шиитсің4 ғой,






1 Шығыстың көне тарихында «Алып тегин» (Афросияб қой), Субух- тегин деп атақты қолбасшыларды атаған екен.

2 Тус – Орта ғасырдағы Хорасан округі.

3 Табаристан – Каспий (Атырау) теңізінің түстігінде жатқан таулы және орманды өлке, орта ғасырдағы Мазандаранның аты.

4 Шиит (қазақша-шейт) – ісләм діні екі бағытқа бөлінеді, соның бірі

суниттер, ал екіншісі – шейттер.


пайғамбар әулетіне мұқылас берілген жанкың бұл өмірде жолы болмайды, олардың өздерінің де жолы болмаған-ды. Махмұт - менің әміршім. Ана келеке өлеңнің көзін жоғалтайын маған бер, ол үшін мен де саған бірдеңе сыйлармын. Оның үстіне Махмұт та өзіңді шақырып алып құрметтер, осындай кітапты жазып бітірген сенің еңбегің тегін кетпес»,

-депті.


Екінші күні Шахрийар жүз мың дирхем1 жіберіпті де: «Бір бәйтіңді (екі жол өлеңіңді) мен бір дирхемге сатып алдым. Ана жүз бәйтіңді де маған бер, сонан соң өз жүрегіңді Махмұтпен табыстыр»2, - деген екен.

Шахрийар Махмұттың оң көзі, ұлы ходжасы (ұлы уәзірі) болыпты. Бір жылы Махмұт Үндістаннан Ғазнаға қарай қайтып келе жатқанда, бір қорғанға кезігіпті. Бұл мықты қорғанды мекен еткен бүлікші бар екен. Махмұт әлгі бүлікшіге елші жіберіп: «Ертең тарту-таралғыңды алып менің алдыма кел. Сол үшін қымбатты киім киіп қайтасың», - депті.

Екінші күні таңертең елші қайтып келгенде, тарханда отырған Махмұт оң жағында тұрған ұлы ходжадан (Шахрийардан) «Жауабы қандай болар екен?» - деп сұрапты. Сонда ходжа:

«Егер осы жауабы кесірлі-қатал болса, онда мен алдын ала-ақ айтайыншы,

Менің шоқпарым Афросийабпен қан

майданда кездессін, -

деген екі жол өлеңді айтып жіберіпті. «Өзі жігерді қоздырып, ерлікке шақырады екен, бұл кімнің өлеңі?» — деп Махмұт сұрағанда, Ходжа:

«Әлгі сорлы Әбілқасым Фирдоусидің өлеңі ғой, бишара жиырма бес жыл сарылып отырып, осындай кітапты жазып бітірсе де, сол еңбегі үшін ешбір сый-құрмет көрмей барады-ау!» десе керек. Сонда Махмұт: «Өзім де өкініп жүруші едім, сен бүгін есіме жақсы салдың-ау! Осындай ізгі адам менен жапа көрді. Бұған бірдеңе жіберейін, Ғазнаға барған соң тағы ескертіп көрші!» - депті.

Ғазнада отырғанда, ходжа тағы есіне салыпты, сонда Махмұт:

«Әбілқасым Фирдоусиге арнап алпыс мың динар сыйлық жіберілсін, өзімнің түйелеріме артып Тус шәһәріне апарсын да. Одан кешірім сұрасын!» - депті.





1 Дирхем (грекше – драхма) ежелгі сасани заманындағы күміс ақша.

2 Низами Арузи Самарканди. Собрание редкостей или четырые беседді. М., 1963, с. 82.
Талай жыл ойлаған ойын ходжа (Шахрийар) осылай етіп әдемі орындап шыққан екен. Жүк артып барған керуен аман-сау Табаранға жетіпті. Алайда осы шәһәрге Рубдар кақпасынан (дарбазасынан) кіргенде, дәл сол мезгілде қайтыс болған Фирдоусидің сүйегін Разан қақпасынан шығарып бара жатыр екен1, - дейді.

Бұл уақиғаға көбірек тоқталуымыздың себебі белгілі ғалым А.Е.Крымскийдің (1871-1941) келте қайырған пікірін анықтау үшін еді. Ашығырақ айтсақ, Махмұттың әкесі Себкіткин (Субухтегин) құл емес тәрізді. Егер ол құл болса, онда «Субухтегин» атанбас еді. Екіншіден:

«Махмұт парсы тілін білмегендіктен» деуі дұрыс болмас, асылы

«Шах-намені» теріс түсіндірушілер айыпты шығар. Өйткені өзінің (Махмұттың) оң көзі болған Шахрийар да парсы адамы, түбі Яздигард (Жәзит) Шахрийарға (632-651) Сасани патшалығының соңғы әкіміне барып тіреледі.

«Ғазнаның сұлтаны Махмұт (997-1030) парсы әдебиетіне, парсы ғылымына қорған болды. Өз сарайына парсының ғалымдары мен ақындарын жинады. Оларды айтыстырып, жеңіп шыққанына

«Ақындардың патшасы» деген атақ беруді ұйғарды. Сонда ақындардың арасынан бірінші орынды Абул Қасым Мансур (лақап аты Фирдоуси

«Ұжмақ адамы») алды. «Шах-наме» («Патшалардың кітабы») жырын (эпосын) осы ақын жазды»2, - дейді тарихшы-ғалым Р.Ю.Виппер.

Шынында, Махмұттың сарай ақындары Унсури мен Фаррух тәрізді иран ақындары болатын, міне солардың Фирдоуси мен Махмұттың арасына от жағып шағыстыруы да болса керек. Бұған қосымша Фирдоуси осы «Шах-наме» поэмасында үнемі Туран елін, Афросийаб патшалығын тұқыртып отырады, қан майдандағы жеңіс ылғи ирандікі болады, бірақ Афросийаб патшалығы - Туран елі 400 жыл бойы отырған орнынан қозғалмайды. «Ұжмақ адамы» атанған ұлы ақын Фирдоуси осы қайшылықтан арыла алмаған екен.

«Шах-наменің» әсері барлық елге тиген. Фирдоусиден кейін

«Шах-наме» тәрізді етіп Иран да, Турция да, Азербайжан да, Орта Азияда кітаптар шығарған. Мысалы, Мұхтар Газневидің «Шохрияр-намесі», Ахье Кашанидің «Подшо-намесі», Юсуф Хас Хаджибтің «Кутадгу билик» (кейде «Шоқномаи турки»





1 Там же, с. 81-83.

2 Р.Ю. Виппер. История средних веков. М., 1947, с. 133.

деп атайды) атты еңбегі, Дарвеш Румидтің «Джаһан-намесі», Мұхаммет Салихтың «Шенбани-намесі» - бәрі де осы Фирдоуси үлгісімен жазылған.

Әлішер Навои Фирдоусиді «ғылымның иесі» деп атаған 1 .

«Шах-наменің» тәржімесі барлық мұсылман тілдерінде бар, шығыс халкында грузин тілінде шыққан. Араб тіліне оны Албанди Аласафаһуни тағы аударған. Ағылшын тіліне Аткинсон 1836 жылы аударса, неміс тіліне 1838 жылы Ж.Люль аударса, кейінірікте итальян тіліне Пицци аударған. «Бұдан жиырма бес жыл бұрын Ақмешіт (Перовский) шәһәрінде молла Ораз 2 қазақша аударған екен, баспаға шыккан-шықпағанын біле алмадык», - дейді М.Сералин («Айқап») журналында, 1914).

«Шах-наменің» аудармасы барлык елде бар: түріктің ақыны Шухиддин «Шах-наменің» төрт мың бәйтін өлеңмен аударды, ал 1611 жылы тағы қара сөзбен түгел жазып шыкты. Татардың ақыны Әли Әфәнди қара сөзбен жазып берді. Азербайжанда бірінші болып қара сөзбен 1848 жылы проф. Қазам-бек аударды.

1905 жылдан бері қарай азербайжан ақындары Рашид Афанди, Аббас Назир тағы басқалары да «Шах-наменің» үзінділерін аударып бере бастады.

1682 жылы «Шах-намені» өзбек тіліне «Шахномаи Фирдоуси» деп Хомуши аударды, бұл аударманың негізі қара сөзбен жазған Байсұңқаридің нұсқасы еді3.

Бұл поэманы шығыс тану ғалымы Ф. Рюккерт неміс тіліне, Юлис Моль француз тіліне, Итадо Пинди итальян тіліне аударды, деп ескерте кетеді4, Ж.Шарипов.

«Шах-намені» 1838 жылы неміс тіліне Рюккерт аударса, 1846—47 жылдары В.А. Жуковский орыс тіліне немісшеден аударған екен.

«Шах-наменің» алғашқы аудармасы орыс тілінде XIX ғасырдың бірінші жартысында шықты, мұны Гудна деген кісі француз тілінен аударды, ол нұсқа «Европа жаршысы» («Вестник Европы») атты журналда: а) Фирдоуси — «Махмұтқа







1 Джуманияз Шарипов. Из истории перевода в Узбекистане. Ташкент. 1968, с. 28.

2 Осы Оразға төрт дана етіп аудартқан Лапы деген кісі. Бір данасын

өзінің ұзатқан қызына бас жасау етіпті, - деседі.

3 Дж.Шарипов. Аталған кітабының 29-бетінде.

4 Сонда.
арналған сатира жөне «Шах-намеден» үзінді («Бижан мен Мәнеж 1 уақиғасы») делініп жарық көрді (сол журналдың 1818 жылғы, №23 санында, 193-196 беттерінде). Тағы сол 1818 жылы «Пантеон иностранной словесности» деген журналдың бірінші бөлімінде, 125-127-беттерінде басылды, бұл үзіндіні «Хосровтың (Хисраудың) баласына айтқан сөзі» деп атады (Фирдоусидің «Шах-намесінен»),

Осыдан кейін ширек ғасыр өтті, орыс тіліне аударушылар Фирдоусиді ұмытты да, Сағди мен Хафиз сынды ақындарды аударуға жұмылды2.

Тек қана 1844-1847 жылдарда В.А.Жуковский «Шах- наменің» бір бөлімін «ақ өлеңмен» («белый стихом») неміс ақыны Ф.Рюккерттен орыс тіліне еркін аударып берді. Бұл аударманың аты «Рүстем мен Зураб» болды, сонда Ф.Рюккерт «Суһраб» десе, Жуковскийде «Зураб» боп шықты. Мұны В.Эберман зерттеді»3.

Осы аударманың бет ашарында В.А.Жуковский: «Бұл поэма парсынікі емес. Мұнда айтылатын жақсы уақиғаның бәрі де Ф.Рюккерттікі деуіне қарағанда аудармашы Фирдоусидің данышпан шеберлігін дұрыс бағалай алмаса керек, сондықтан Рюккерттің бұзып атаған атауларын сол қалпынша қабылдаған, сөйтіп Фирдоусидегі Суһраб

- Зураб; Гиз (батырдың аты) - Геф; Забул - Бабул болып кете барған, ешбір тілге аударылмайтын Үрістемнің тақымына басқан сәуегей тұлпарын

«Рахшты» «Гром» («Нажағай») деп атаған»,4 — дейді И.С.Брагинский.

Рюккерт пен Жуковский аудармалары өте еркін кеткендіктен Фирдоусидің эпикалық жырының бағыты сақталмаған. Сонда да

«Шах-наме» поэмасымен осы аудармалар арқылы танысқан атақты демократ сыншымыз Н.ГЧернышевский өзінің «Повесть ішінде повесть» дейтін романында Фердоусиді: «... главная сила и Мильтона, и Шекспира, и Данте, и Фирдоуси, и всех других первостепенных поэтов состояла в том, что они




1 Бижан – Иран елінің батыры Гивтің туған ұлы. Ал Мәнеж Туран елінің патшасы Афросийабтың «асыл текті», әдемі қызы. Осы екеуінің арасындағы махаббат жарланады.

2 См. С.Б.Корнеев Персидская поэзия. Материалы и библиографии русских переводов. «Библиография Востока», вып. 10. М.-Л., (1936). 1937, с. 101.

3 В.Эберман. Арабы и персы в русской поэзии. «Восток». Кн. 3-я М.-Л. 1925, с. 114.

4 Фирдоуси. Шах-наме. М., 1957, с. 23.

были компиляторы народных преданий»1, - деп, данышпан ақындармен қатар қояды.

Бері келе 1877 жылы шыққан «Новоперсидская литература» атты

М.Зотовтың кітабына да Фирдоуси поэмасынан үзінді кірген-ді- 1905 жылы С.И.Соколов «Шах-намені» толық аударуға кірісті, алайда он-ақ мың жол өлеңін ғана аударып берді.

1934 жылы Фирдоусидің 1000 жылдық мерекесі қарсаңында М.Лозинский мен М.Дьяковтар түп нұсқадан аударып, жаңа еңбектер берді.

1943 жылы «Шах-намені» Ц.Бану аударуға кірісті.

1949 жылы В.Сельвинскийдің аудармалары жарық көрді.

1951 жылы «Тәжік поэзиясының антологиясына» В.Левик, В.Звягинцева, К.Липскеров және М.Петровыхтар аударған үзінділер кірді.

1948 жылы «Шах-намені» ақын С.Липкин де әдемілеп аударған болатын.

1957 жылы шыққан «Шах-наме» өлеңдерінің бір томдығына, әлгі шыққандармен бірге Л.Пеньковскийдің де аудармасы кірген екен.

Осылардың бәрінен бұрын XVII ғасырда орыс халқының ескі әдебиетінің ескерткіші «Сказание о некоем славным богатыре Уруслане Залазоревиче» атты жыр шықты. Орыс оқырмандары «Шах-наме» поэмасының мазмұнымен осы жыр арқылы танысты. Профессор Н.Гудзидің айтуынша бұл әңгіме «Шах-намені» мүлде бұзып, өзінше жырлаған. Бірақ біздің дәуірімізге жетпей қалған, түркі тілінде жазылған нұсқаны мегзейді. Кейін осы повесть XVIII ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейін сан алуан өзгеріске ұшырай келіп, ақырында «Повесть о Еруслане Лазаревиче» атанып, орыс халқының ертегіне айналып кетті2.

«Шах-наме» поэмасының бас кейіпкері Рустам - мына повесте Уруслан немесе Еруслан: Рустамның әкесі Жальзар, мұнда Лазарь, Кей-Кавус (патша) - Киркоус: Рустамның көріпкел (сәуегей) тұлпары - Рахш Араш болып алынған. Ендеше ұқсастығы күдік тудырмайды. Алайда бұған «Шах-





1 Аталған кітаптың 23-бетінде.

2 Н.Гудзий. Хрестоматия по древней русской литературе ХІ-ХУІІ веков. М., 1957, с. 439 (отрывки). Полный текст. См.: Н.С. Тихонравов. Летописи русской литературы и древности, т. ІІ. М., 1859 («Шах-наме». М., 1957, с. 21).
намеде» жоқ толып жатқан соны уакиғалар, жаңа кейіпкерлер кіреді. Әсіресе, Рустам өзінің туған баласы Зухрабпен соғысып, оны тек өлтіргеннен кейін таниды, ал мұнда Уруслан өз баласын өлтірмей тұрып, оның қолындағы асыл тастан соғылған білезігінен таниды.

Қорыта айтсақ, парсы әдебиетінің ұлы нұсқасы орыс тіліне, не басқа тілдерге де араб тілі немесе түркі тілдері арқылы жайылуы белгілі тәрізді. Оның себебі VIII ғасырда, парсы елін арабтың өз аузына қаратуы рас. Ал ілгеріректе, - VI ғасырда, түркі елінің уәкілдері де үстемдік кұрғаны байқалады. М.Сералин «Шах-намені» 1914 жылы қазақ тіліне Жуковскийден аударып берген еді. Бұл аударма сол жылы «Айқап» журналында жарық көрді.1

«Қазақ халқына көптен бері таныс ауызша әңгімелер, ертегілер болатын, солардың бәрінде де Рүстем батыр-Рүстем Дастан басты кейіпкер болып жүретін. Осылардың түп негізі Шығыс классигі Фирдоусидің «Шах-наме» атты поэмасынан алынып жырланатын. Мүның жайын туыстас түркі елдері: өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, қарақалпақ халықтары бәрі де көбінше қара сөзбен ертегі, аңыз әңгіме етіп баяндайтын.

Осы «Рүстем Дастан» да «Мың бір түн» ертегісі де қазақ аузында

«Шах-наме» XV-XVI ғасырлардан бері жүрген тәрізді. Солардың бәрі де, біздің осы күнгі түсінігімізге сай келе бермейді. Тек солардың ізімен айтылатын, сөйтіп қазақ елінің төл малындай болып толғанатын. 1961 жылы жарияланған халық ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Рүстем Дастан» поэмасы да көне дәстүрімізге саятын.2 Заты, мұның түп негізі Молла Ораз қолжазбасымен сабақтас болуы ыктимал.

Осыны толық айтып өтуіміздің себебі, араб-парсы әдебиетінің, мәдениетінің бізге бағдарын айқындай түсу болды.

Аударманың практикальщ жағында істелген істер, әлі келешекте істелетін еңбектер адам айтқысыз мол. Бірақ осы күрделі мәселенің бағытын білдіретін теориялық бастамаларды да шола кетелік.

«Аударма теориясын жекелеп жіктеп қарастырғанда,

- дейді Мұхтар Омарханұлы Әуезов, - кейінгі кезде біздің




1 «Айқап», 1914, №22-24; 1915, №2-5, 9-сандарында «Рүстем-Зухраб» деген атпен басылды. Ү.Субханбердина. Әдеби мұра. Алматы, 1970, 7- бетін қараңыз.

2 «Рүстем Дастанды» халық ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуов, Фирдоуси

«Шах-намесінің» ізімен жырлаған.
одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі - аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі - біздіңше, дұрыс бейім аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиет таныту теориясын зерттейтін объекті»1, - деп қарайды...

Мұхтар ағаның негізгі ойы - аударманы әдебиеттану ғылымына жатқызады. Бірақ аударма қасиеттеріне «интонация, ырғақ, образдылық (синонимдердің идиомалардың, мақал-мәтелдердің, афоризмдердің түрліше, астарларымен бірге) секілді элементтер жатады...»2 - дейді тағы М.О. Әуезов. Егер Мұхтар ағаның өзі айтпақшы «синоним, идиома, мақал-мәтел, афоризмдер» аударма саласына кіретін болса, бұлар, әрине, тіл білімінің шеңберінен де шыға алмаса керек-ті. Шынына келсек, әдебиет пен тіл ғылымына, былайша айтқанда бүкіл филологияға ортақ сала - аударма. Оның үстіне аударманың тілдік жағы басым сияқтанады.

1957 жылы Алматыда аудармашылардың бүкіл одақтық бас қосқан мәжілісі өтті. Сонда М.А.Шолоховтың «Тынық Дон» романы жайында, әрине, қазақ тіліне аударылғаны туралы көрнекті сыншы, профессор М.Қ.Қаратаевтың баяндамасы болды. Аудармадағы табыстарымызбен бірге кемістіктерімізді көрсете келіп, баяндамашы аудармалардың теориялық бағыттарына аса назар аударды.3

Бір халық екінші халықты аударма арқылы таныды. Сондықтан да, аудармашыға үлкен міндет жүктеледі. Біз көне замандағы Индия елінің өмірін «Рамаяна», «Махабхарата» эпостарының, «Кәлилә мен Димнә» әңгімелерінің аудармалары арқылы білеміз. Греция халқының тіршілігімен «Илиада» мен «Одиссея» жырларының аудармасы таныстырады. Сондай- ақ қазақ елінің өмірін де орыс тіліне аударылған ұлылы-кішілі туындыларымыз арқылы бөгде елдер білетін тәрізді. Мысалы, «Мен бұрын қазақ деген халықты естіп көрмеген





1 Мұхтар Әуезов. Көркем аударманың кейбір мәселелері. Алматы 1957, 6-7-беттер..

2 Аталған кітаптың 7-бетінде.

3 Мухамеджан Каратаев. Рожденная Октябрем. (Статьи и очерки о казахской литературе). Алма-Ата, 1968, с. 89-119.

103

едім. Жақында ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтің ғажайып кітабын оқып, енді қазақтың кім екенін білдім, тіпті жақсы біліп алдым. Мен қазақ халқының тамаша ақыны, ардагер адамы Абаймен таныстым, оның адал әжесі Зеремен, ақылды анасы Үлжанмен, сүйікті ғашықтары Тоғжанмен, Әйгеріммен, ізгі ержүрек достарымен туысқандай болдым. Бұл геройларды мен мүлде жақсы көріп кеттім, олармен бір түрлі көп жылдар бойы бірге жасасып, қайғысы мен қуанышына ортақ болған тәріздімін. Мен қазір де солардың ортасында жүрген сияқты, сіздің қазақ сахарасының самал желін қазір де жұтқан сияқты сезінем өзімді. Шынында,қазақ халқы дегеніңіз нендей керемет халық еді. Ол туралы

«Абай» романында қандай керемет жазылған! Мен сіздің бақытты халқыңызға мықтап сүйсініп, сіздің өзіңізді мен шын жүректен өмірі өлмес шығармаңызбен құттықтаймын» 1 , - депті Африка жеріндегі Камерун елінің жазушысы Бендамен Мадип (1958 жылы Ташкентте өткен Азия мен Африка елдері жазушыларының конференциясында).

Осындай толғауларды тудырып отырған, аударманың қуаты демекпіз. Тағы қайталап айтсақ, тіл мен әдебиеттің ара қатынасы алыстамайтынын байқаймыз. Тіл дегенде біз халық тілін бүтін организм есебінде зерттеуді мақұл көреміз.

Біздің ойымызша аударма екі түрлі салаға бөлінеді, соның біріншісі, бір халықтан екінші халыққа ауысқанда, мезгіліне, сол елдің үғымына сәйкес аударылады. Бір халықта айтылған ой өңделіп, өз елінің ұғымына бейімделіп, түп нұсқаның ұзын-ырғасы беріледі. Ауыс-түйістің алғашқы сатысы осылай басталады, бұл - аударманың ауызекі тарау түрі.

Екіншісі, бір елде айтылған пікір сол қалпында дәл жетеді, ой ырғағы жоғалмайды. Алдыңғы әдіс ауызша таралады, ал кейінгі әдіс кешеуілдеп туған әдіс, бұл жазба әдебиетте орын тепкен.

Ендігі әңгімені ауызша да, жазба түрінде де кең таралған мысалдарға қарай аударалық, өйткені мысалдар дүниеге көп жайылған ғой. Олардың тілі келте қайырылады, өткір теңеу, эпитеттермен беріледі. Сондықтан қолдан-қолға, ауыздан- ауызға көшіп, жылдам тарайды.

Мысалдар сөз болғанда, біздің ойымызға ең әуелі Эзоп пен Лұқман Хакім түседі. Бұларды грек елінде «Эзоп мысалдары» деп атаса, араб шығысында «Лұқман Хакім мысалдары» деп атайды.



1 М.Қаратаев. Шеберлік шыңында

Эзоп біздің жыл санауымыздан алты жүз жыл бұрын болыпты, ал Лұқман Хакім атынан айтылып жүрген араб әңгімелерінде ісләм дінінің көзқарастары әсіреленеді. Эзоп пен араб дінінің арасы өте алшақ. Ендеше

«бүл қалай?» деген сүрак туады. Бұл сұраққа Рүстем мырза Әлиев былай жауап береді: «Лұқман дүниеде мың жыл өмір сүрген адам, ол Бауырдың ұлы, ал Бауыр Иовтың баласы екен. Дәуіт пайғамбардың заманына дейін атақты данышпан болып келген. Лұқманның мысалдары да, өзі де Эзопқа ұксайды. Екеуінің тағдыры да бірдей. Мысалы, Лұқман да, Эзоп та Мысырда (Египетте) құлдықта жүрген. Бұған қосымша Лұқманның баласы Аннам, Эзоптың баласы Аннус. Оның үстіне «есіктен кірмей тұрып қалай шығуыңды ойла (көзде)», дейтін араб мақалы. Лұқман Хакім атынан айтылады. Мұны грек елінде Эзопқа айтқызады. Осы ұқсастыққа қарап, Шығыстың біраз ғалымы: «Лұқман Хакім мұсылман дінін өз ойына үйлестіріп, жасап шығарған ежелгі Эзоп болса керек»1, - деседі.

Эзоптың «Түлкі мен теке» мысалында: «Бір түлкі байқаусызда шыңырау құдыққа түсіп кетеді, содан шыға алмай дағдарады. Шөліркеген теке сол құдықтың қасына келіп, үңіліп қараса, ішінде түлкі тұр. Сол мезетте: «Су тәтті ме екен?» - деп, ол түлкіден сұрайды. «Ой керемет тәтті»,



  • деп мақтайды. «Секіріп түс те өзің келіп, ішіп көрсейші?»,

  • дейді қу түлкі. Есуас теке құдыққа қойып кетіп, шөлін қандырады, енді айналып қараса шыға алатын түрі жоқ. Сол арада дағдарған сорлы теке түлкімен ақылдасады, құдықтан шығудың әдісін іздейді. «Мен амалын таптым, екеумізде аман-есен құтыламыз. Сен кұдықтың қабырғасына сүйен де, басыңды төмен иіңкіреп тұр. Сонда мен арқаңа қарғып мініп, секіріп далаға шығамын да, сонан соң сені кұдықтан суырып алам», - дейді түлкі. Осы ұсынысты теке куана қабылдайды. Түлкі текенің арқасына аттай мініп алып, оның мүйізіне сүйеніп тұрып, өрмелеп құдықтың жиегінен ұстап, секіріп шығады да, қаша жөнеледі.

«Сөзін осылай опа қылатын неме екенсің-ау» - деп түлкіні кекетеді теке. Түлкі қайырылып тұра қалып: «Досым-ау, сенің сақалыңа біткен жүндей, басыңда ақыл болса, қалай шығуыңның амалын алдын ала ойламай тұрып, атып ұрып, құдыққа секіріп түспес едің ғой», - дейді.




1 Саади Гулистан (пер. С перс. Рустама Алиева. Пер. Сихов. Ан. Старо- стина). М., 1957, с. 308-309.
«Ақылды адам істер ісінің мән-жайын алдын ала топшыласын, содан кейін барып, орындауға кіріссін»1, - дейді Эзоп.

Дәл осы мысалды алты жүз жылдан кейін бірінші ғасырда Римнің мысалшыл ақыны Федр жазған екен. Ол «Түлкі мен теке» атты мысалында:

«Сұм адам пәлеге ұшырағанда, бөтен біреудің пәлеге жолығуы арқылы өзі жөн табуға тырысады. Сондай-ақ, аңдаусызда құдыққа құлап кетіп, соның тік жарынан өрмелеп шыға алмай жатқан түлкіге қаңырағы түтеп, сусаған теке тап болыпты. Жиегіне жақындай келіп, теке: «Қалай суы тәтті ме, ішуге жеткілікті ме екен?» деп сұрапты. «Келе ғой досым, суы өте тәтті, мен рахаттанып іштім, әлі тояттар түрім жоқ», - деп түлкі зұлымдығын ішіне бүгіп, амалын асыра жауап қайырыпты.

Сақалды теке ойланбастан кұдыққа қойып кетіпті. Ал түлкі сол заматта оның ұзын мүйізіне қарғып шығыпты да, сорлы текені құдыктың түбіне тастап, өзі атып-ұрып тысқа шығып жүре беріпті»2, - дейді.

Федрде Эзоп мысалының хикаясы айтылмайды. Тұжырым жасалмайды. Алайда, ой сарыны бір жерден шығады.

Екінші ғасырда өмір сүрген мысалшыл грек ақыны Бабрийдің: «Құз жардың астындағы теке мен түлкі» атты мысалында: «Жаздың ыстык бір күнінде қаталап су ішкісі келген теке құздан секіріп, суы сарқырап ағып жатқан сайға түсіпті. Суын ішіп, шөлі қанып, шөбін жұлып, біраз оттап жүріпті де, енді қайта шыға алмай әлекке түсіпті. Істеген ісіне опық жеп, жәрдем тілеп жалбарыныпты. Текенің зарлап тұрғанын көріп түлкі:

«Ақымақ сорлы-ай! Сақалыңа біткен қылдың мөлшеріндей басыңда ақыл болса ғой, сен осы шыңырау кұзға түспей түрып, қалай шығудың амалын ойлар едің-ау!» - депті.

«Бір іске беттер алдында оның келешектегі нәтижесін болжау керек»3,



  • деп толғайды Бабрий. Ендеше елде күрделі мысал болса, екінші елде келте қайырылатын мәтел түрінде кездеседі.

Сонымен көне Эзоптың осы мысалы Федрге жеткенде мінеліп шығады.

Федр өз ойын алдын ала айтады, қысқартып







1 Басни Эзопа (пер. Ст. И коммент. М.Л.Гаспарова). М., 1968, с. 66.

2 Федр Бабрий. Басни. М., 1962, с. 42.

3 Сонда, 160-161-беттер.

тастайды. Пәле-жаладан құтылу, не біреуді орға жығу сұмның ісі екенін әшкерелейді. Қорытқанда, Эзопқа Федрден Бабрий жақын тұр. Ал, осы мысал арабқа келгенде, Лұқман Хакімнің атынан бір ауыз сөз ретінде айтылып, мақал болып тарайды.

Қазақ елінде бұл мысал «Түлкі мен ешкі» болып атанған. Сонда: «Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай түрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

-Е, түлкі батыр, не кылып, тұрсың?-депті.



-Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі-екең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан

мүйізіне шығып, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан қалыпты1, - деп толғайды.

Осы арада айта кететін бір уақиға бар, Федрдің ұлты - грек, өзі - Италия жазушысы, еңбегін көне италия тілінде жазған адам, ал Бабрийдің ұлты итальян, өзі грек жазушысы. Екеуі де туған ұлтын дәріптемеген. «Ит пен козы» атты мысалында Федр: «Ешкілердің ішінде бір қозы қақтығып жүр еді. Оған бір төбет кездесіп, «Мүнда сенің шешең жоқ, оны бекер іздеп жүрсің», - дейді де, анадай жерде жайылып жатқан қойларды көрсетеді. Құмарлық әуеніне еріп, жүкті болып, азапқа түскен, сонсоң мезгілі жеткенде мені туып, артынша тастап кеткен ананы іздеп жүргем жоқ, тек менің камым үшін туған баласын ашықтырып, қағажу еткен, емшегін үнемі маған емізіп, сусынымды қандырған ананы ғана іздеймін», - дейді.

«Сонда да туған ана артық қой!» дегенде, «жоқ, олай емес. Менің ақ болып, не қара болып туарымды ол білген де жоқ қой, ал колакпандай марка (кебе) табам деп дәмеленіп жүргенде, шүнәмдей копей қозы тауыпты, қолы жеткен табысы сол ма? Содан бері қарай қасапшының пышағынан қорқып, қалшылдап жүруім де сол анамның маған көрсеткен жақсылығы ма екен? Мені ол өзінің қалауы бойынша тапқан жоқ, ендеше жас нәрестені аяп, өз еркімен келіп рақым көрсеткен, мейірбандығын білдірген анадан, әлгі туған







1 «Қазақ ертегілері», 1-том. Алматы, 1957, 208-бет.
ана артық болар ма? Ата-ана деп, елдің емешесі құруы, тек туғандық емес қой, мейірбандық болар»1,-дейді Федр. Ендеше қазақ халқының «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол!» деуі де осы оймен сабақтасатын тәрізді. Әрине, казақ мәтелінде бөгде философияның бар екені де анық.

Әрбір дәуір өзінің мақсатын, өз көзқарасына байланысты өсиетін айтады. Мысалдардың алғашқы шығуы үстіміздегі дәуірден 8-6 жүз жыл бұрын грек елінде болыпты. Бұл кезде грек қалаларындағы ақсүйектер мен қара бұқара халық (демос) өзара ашық күреске шықты. Сонда езілген бұқара халық мысал шығарды. Ақсүйектерге айтатын ойын ашық айта алмай, мысалдап, кінәлап, түйреуге бет алды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет