«КӘЛИЛӘ МЕН ДИМНӘ» ТУРАЛЫ
СОНАУ көне заманда жазылып, ғасырлар бойы халық қазынасына айналып келе жатқан шығармалар некен- саяқ. Miнe, соның бірі, бірі де болса бірегейі, осы «Кәлилә мен Димнә» десек қате баспаймыз. Бұл кітаптың алғашқы нұсқасы «Панчатантра» («Бес бәйіт») болып 111 ғасырда, үнді тілінде, Кашмирде жазылыпты. Жазган брахманның аты-жөні белгісіз. Мүмкін, үнді елінің ескіден келе жатқан данышпандығын жинап қорытқан болар. Бір жылдың ішінде осынша мол, мәңгі өлмейтін, дүниежүзілік өмір тәжірибесін әр саладан толгап шығу бір адамның қолынан келе қоюы да оңай емес! Осы «Панчатантраны» алтыншы ғасырда парсы тіліне Барзуя деген дәрігер аударыпты, сегізінші ғасырда Әл-Мукаф ұлы араб тіліне аударады. «Кәлипәні» аудару арқылы оның аты дүние жүзіне жайылады. Айдай әлемге мәлім «Мың бір түннен» сегіз ғасыр бұрын жазылып үш ғасыр бұрын араб тілінде жарық көреді. Біздің болжауымызша мұның түпнұсқасы көне санскрит болса керек, бірақ кесіп-пішіп айта алмаймыз, өйткені зерттеген бұрынғы аты шулы ғалымдар: «Әл- Бируни де, Бузурджмихр де, Захау да, академик Крачковский мен Бертелъс те анықтап мынандай тілде жазылды деген байлам жасамайды, оның үстіне алғашқы «Панчатантра» да, Барзуяның аудармасы да бізге жеткен жоқ. Кейінгі аудармалардың бәрі де араб тіліндегі «Кәлилә мен Димнәні» тірек етеді. «Панчатантрадаты» екі кейіпкер «Каратака мен Даманака» («Құзгын мен Жуасытқыш») араб тілінде «Кәлилә мен Димнә» (екі шибөрі) болып шыққан. Осы араб тілінен көне еврей тіліне, грек тіліне аударылады. 1762 жылы ескі латын тілінен орыс тіліне - мұны Борис Волков аударады, бірақ бұдан бұрын грек тілінен көне славян тіліне аударылған екен. Ал 1923 жылы академик Крачковский мен Кузьмин екеуі қайта аударып, толықтырып бастырған осы еңбек орыс тіліндегі үшінші нұсқа, 1816 жылы француз тіліне Сильвестр де Саси аударыпты. 1888 жылы өзбек тіліне ташкенттік Фазыл-улла Иса аударса,
408
бұдан бір жыл кейін - 1889 жылы татар тіліне Рабдулгаллам Фаизхан ұлы аударады. «Кәлилә мен Димнә» дүние жүзіндегі мәдениеті дамыған елдің бәріне әйгілі шығарма. Сондай-ақ қазақ тіліне де біз мұны бірінші рет аударып отырғанымыз жоқ.
«Кәлилә мен Димнә» кітабының кейбір тараулары қазақ тілінде бұрын да болды. Мысалы, Жәнәнгер ұлы Шады төре жазган «Бәлгүм бағұр» атты қысаның 22 бетінде мынадай сөз бар.
«Ат қойған «бәһәр дониш» бір кітаптың айтқанын білдірейін айлап ызхар»1.
Аударып отырғанын өзі де жасырмайды. Бұл хисса таза қазақ тілінде жазылмаған, мұнда араб, парсы, түрік сөздері аралас кездесіп отырады. Осы тараудың ішіндегі басты кейіпкер - Бәрхаман. Мұны автор қате түсініп отыр, «брахман дініндегі бір адам» деудің орнына оны кейіпкердің аты деп ұққан. Ал бірнеше тілде жазылса да, қазақ аударып отырғаны айқын сезіледі, өйткені әлгі Бәрхаманның әйелін суреттегенде:
«Бар еді бір катыны оның және, Сұлулык суретіне жоқтұр шама, Жүзі гүл, шэші сүмбіл, лебізі бүлбұл,
Келмеген ондай әйел бұл жәһәнға», - депті.
Осы хиссаның 22-бетінен 46-бетіне дейін «бес қатынның хикаясы» айтылады. Күйеулерін алдаған бес қатынның мекерлігін «бес бәйіт» деп атайды, онысы «Панчатантраға» («Бес кітап-бес әңгіме») мезгеп отырады, оның үстіне осы «Бес бәйітте» ұшырайтын әңгімелердің көбі
«Кәлилә мен Димнәда» («Панчатантрада») кездеседі.
1917 жылы Сәкен Сейфуллин «Қалтасында біреудің» деген өлең жазды, оны «Парсы ақыны Шайх-Сағдиден», деп өзі көрсеткен екен. (Ал, Сағди XIII ғасырдың ақыны «Кәлилә
1 Бертельс келтірген «Ийари даниш» («Даналықтың алғашқы тетігі») пен мына «Бәһәр дониш» («Данышпандықтың тетігі») екеуі сабақтас шығармалас тәрізді.
мен Димнәдан» мың жыл кейін туған ғой). Сол өлеңінде Сәкен:
«Қалтасында біреудің Жұпары болса сақтаулы, Жұпарын ол дауыстап Көрмейді лайық мақтауды. Мақтамай-ақ әркімге Жұпардың өзі-ақ білдірер. Үндемей-ақ төңірекке
Тәтті иісін жайып сіңдірер!1 - дейді.
Осыны Сәкеннің Сағдиден алуы даусыз, ал «Кәлилә мен Димнәда» бұл сөзді егеуқұйрыққа құзгын айтады.
Өзбек жазушысы Абдулла Каххар «Қыштақ» әңгімесінде «Үлкендігі шынашақтай қыштақ деген торғайды білесіз бе? Аяғы қылдай... Сол торғай «аспан түсіп кетсе тіреп қалайын» деп ұйқтағанда аяғын көтеріп жатады екен» - дейді. Осынша күрделі повестке өзек болған мына сюжет «Кәлилә мен Димнәда» да бар. Қазақ тілінде аңыз болып тараған ескі әңгімелердің нұсқасы да осы кітапта айтылған екен. Бір кезде Крылов мысалдарының аудармасы шықты, сонда «Көпірден өтіп бара жатқан ит аузындағы еттің көлеңкесін көріп суға түсіп кеткенде еттен де айырылып, Судан да түк таппағанын» оқыдық. Міне, осы әңгіме «Кәлилә мен Димнәда» кездеседі. Баяғыда,
«Айданарлы-Құдайберлі» дейтін нақыл әңгіме болушы еді, сол әңгімеде айданар мен Құдайберлі дос болады, ақырында Құдайберлінің жалғыз баласын айданар жұтып қояды да, Құдайберлі айданардың құйрығын кесіп тастайды. Сонда «балаң есіңе түскенде сен кешіре алмассың, ал құйрыгым есіме түскенде мен кешіре алмаспын», - дейді де айдаһар досынан ажырайды. Осы уақиға мұнда «Патша мен Фанза құс» болып аталады. Екеуінің мағынасы бірдей. Әрине, «ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» қой, бірақ осыларға сүйеніп тікелей аударма деген шұғыл байламға әзірше келе цою да қиын, зерттей түсуі керек сияқты. Екінші жағынан алсақ, өмір шындығы туғызған кейбір нақылдар, әр елде өзінше шешімін табуы да кәдік емес пе? Ал, бірінен бірі туды деген пікірді қолдасақ, онда
1 Сәкен Сейфуллин, 1 том, 1960, 90 бет.
түп қазығы осы кітап болатыны сөзсіз өйткені бұл үшінші ғасырдың жемісі.
«Кәлилә мен Димнәні» ілгеріректе араб тілінен қазақ тіліне Сәкен Ғылыманов пен Ғұбайдулла Ахметов аударған екен, бұл екі кісінің қолжазбасы (араб әрпінде) қазір Қазақ Ғылым Академиясының кітапханасында сақтаулы. Танысқысы келетін ғалымдар мен әдебиетшілер көруіне болады. (Сәкен Ғылымановтың қолжазбасы № 335, Ғұбайдулла Ахметов -№1636).
Енді бір айтатынымыз: араб тілінен аударылған нұсқа бола тұрып, орыс тілінен неге аударып отырмыз? Міне, бұл сұрауға жауап берелік. Біріншіден — көркемдік жағына көңіл аудармай, олар жолма-жол, сөзбе-сөз аударуға тырысқан тәрізді. Екіншіден
—мұсылман дініне үйлеспейтін жерлерін «жоныңқыраған» немесе біржола аттап өткен екен. Үшіншіден - араб тілінен аударылған нұсқа көбінесе Крачковский текстіне сәйкеспейді, ал академик Крачковский
«Панчатантраны» зерттеген көп материалдарға сүйеніп, араб тіліндегі
«Кәлилә мен Димнәні» түзеткен де, жөндеген де, толықтырған да сияқты. Дін жолына мұқылас бағына қоймаған қазақ жұртшылығына шаманизм де, маздеизм де, брахманизм де, ислам да — бәрібір ғой, сондықтан Крачковский пайдалы болар деген үмітіміз зор.
Аудару үстінде қиындықтар да болмай қойған жоқ. Мысалы, араб тілін жетік білмеуіміз көп ақсатты. Екіншіден, аңдар мен құстардың, хайуандар мен адамдардың, қалалардың түрлі-түрлі аталуы бір талай қиындық туғызды. Сәкен Ғылыманов «Кәлилә мен Димнәні» ен әуелі «екі күзен» дen аударып, артынан «түз иті» деп өзгертіпті. «Шакал» деген сөзді аударып отыр, ал оның аудармасын біз шибөрі деп алдық. Кітапта кездесетін кісі аттарын біз де Крачковский бағытына сүйеніп өзгерттік. Мысалы:
Кабарионды - Кинан Абизун, Коракнаханы - Куркана, Хаймонды -Гамион, Сенжинді - Сахин,
Казопды - Касирун, Рэнзипді - Раз,
Жувираны - Жувейір - деп алдық.. «Байдаба, Бәйдәбә» деген есімді, біз «Бейдауа» - («дауасыз») деп алдық, осыны дұрыс деп білеміз, өйткені бұл кітапта айтылған аттардың бәрінде де белгілі мағына бар, оның айтқан сөзі қате кетпейді, ол дауасыз, ол орындалмай қалмайды.
Қорыта айтарымыз - екі мың жыл бойы дүниежүзілік мәдениеті дамыған елге үлгі өнеге есебінде таралып кеткен «Кәлилә мен Димнәні» қазақ тілінде шығаруға өте ынталанып кірістік. Бұл жөнінде барымызды кейінгі ұрпақтардың алдына тартып отырмыз. Бұл «Кәлилә мен Димнәнің» орыс тілінде үш аудармасы болса, «Гамлеттің» отыз аудармасы бар. Ендеше, заман ілгерілеп, мәдениет дамыған сайын тіл де, талғам да жаңғыра бермек, олай болса сол түлеп, жанарған өскелең дәуірге сай өз аударушысын күтетін, адам өмірі бар жерде ескірмейтін кітап. «Кәлилә мен Димнә» өзінің тиісті аударушысын сол кезде де табар деп сенеміз.
Аңдар мен құстарды, хайуандарды сөйлете білген «Кәлила мен Димнә» - адамдар туралы тілі ұүтаң талай шығармадан озық өмір сүрері анық. Бұл жайында Бертелъстің, Крачковскийдің, Бахнудтің, Бузурджмихрдің айтқандары айғақ бола алды. Орта Азияның X ғасырдағы атақты ғалымы Бируни де өзінің «Үндістан» атты шығармасында: «Ғылымның неше алуан саласы Үндістан елінде екен, онда шыққан кітаптың саны есепсіз көп. Бәрін қамтуға менің, әрине, мұршам келмес, бірақ «Панчатантраны» аударуға өте құмармын...» деп тегін айтпаған шығар. Бұл кітап біздің жаңа өсіп келе жатқан әдебиетімізге үлкен үлгі.
412
МАЗМҰНЫ
Бірінші бөлім
АУДАРМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
КІРІСПЕ 4
Бірінші тарау: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАСҚА КӨРШІ
ЕЛДЕРМЕН ӘДЕБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫСЫ
Қазақ әдебиетінің иранмен байланысы 21
Қазак әдебиетінің монғолмен ауыс-түйісі 28
Қазақ әдебиетінің арабпен байланысы 31
Екінші тарау: ҚАЗАҚТАРДЫҢ БӨГДЕ ХАЛЫҚТАРМЕН ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫСЫ
Қазақ пен иран тілдерінің байланысы 53
Қазақ пен монғол тілдерінің байланысы 70
Қазақ тілінің араб тілімен байланысы 82
Үшінші тарау: АУДАРМА, ОНЫҢ МӘДЕНИ - ӘЛЕУМЕТТІК РОЛІ
Аударманың арнаулы тарихынан 89
Мысалдардың шығуы жайында 108
Мәтел болып кеткен мысалдар 124
Екінші бөлім
КӘЛИЛА мен ДИМНӘ
Е.Э. Бертельстің алғы сөзі 143
Қолжазбаны кұрастырушының алғы сөзі 151
Бахунд Сахван ұлының алғы сөзі 153
Дәрігер Барзуя туралы 185
Әл-Мүкаф ұлының осы кітапқа жазған кіріспесі 200
Арыстан мен бұка туралы 209
Димнә ісінің тексерілуі туралы 255
Құзғын мен әккі көгершін, егеуқұйрық пен тасбақа жэне ақбөкен туралы277 Жапалақ пен құзғын туралы 296
Маймыл мен тасбақа туралы 321
Сопы мен атжалман туралы 329
Илад, Шадирам мен Ирахт жайында 331
Мысық пен егеуқұйрық туралы 357
Патша мен Фанза-құс туралы 363
Арыстан мен тақуа шибөрі туралы 368
Жиһанкез бен зергер, барыс пен маймыл және жылан 379
Шаһзада мен беделді адамның, саудагердің, диқаншының балалары жайында
.............................................................................................................. 383
Аңшы мен қаншыр және шибөрі туралы 389
Сопы мен қонақ жайында 392
«Кәлилә мен Димнә» кітабының қорытындысы 393
Көгершін мен түлкі және көкқұтан туралы бір сөз 394
Тышқан патшасы және оның уәзірлері туралы 397
«Кәлилә мен Димнә» туралы 408
Достарыңызбен бөлісу: |