Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


ИЛАД, ШАДИРАМ ЖӘНЕ ИРАХТ ЖАЙЫНДА



бет22/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ИЛАД, ШАДИРАМ ЖӘНЕ ИРАХТ ЖАЙЫНДА

ПАТША Дәпшәлім философ Бейдауаға қарап: «Таянатын тірегі жоқ аланғасар асығыстық туралы толғаған әңгіменді мен өте жақсы ұктым. Сен маған енді мынаны баяндашы: мемлекетін нығайтып, мекендеген өлкесін сақтау үшін, қол астындағы еліне беделін арттыру үшін патша не істеу керек екен? Оны осы мақсатқа жеткізетін нәрсе ақылдылық па немесе халқының мұң-мүддесін жоқтаудағы батылдық па, тіпті болмаса шексіз шүлен жомарттық па», - деген сұрақ қойыпты.



Сонда философ Бейдауа: «Бұған жету үшін ақыл мен сабыр керек, барлық игілі істің қол жеткісіз шыңы да, тегеурінді тиянағы да осы екеуі болмақ. Ақылды адаммен, жанашыр доспен, ысылған білгір жанмен кеңесіп отыру да осы сапқа кірмек. Сабыр түбі сары алтын, сол арқылы дүйім ел рақатқа батпақ. Мұны әсіресе патшалардың ескергені жөн. Бұдан жақсы, бұдан жемісті еш нәрсе жоқ. Жаны ізгі, саналы да ұғымды және тіл алғыш әйел еркектің ырысы. Ақылдасатын саналы адамы жоқ, үнемі есуастармен бас қосқан ел көсемі, қаншама қаймықпайтын ер жүрек болса да, оның ісі оңалмайды, құрттай нәрсенің өзі оған қиын-кыстау болып көрінеді де тұрады, достарының ессіздігінен, өзінін жете түсіне алмауынан барып, сен оның орынсыз катесін де, әлсіздігін де біле қоясың. Ал енді осы адамға кейде тағдырдың өзі себебін тигізеді, дұрыс бағытқа

да түседі, сәттілікке ұшырап жолы да болып жүреді, бірақ бәрібір, сайып келгенде, оның ісі оңалмайды, ол опық жейді. Ал, енді, керісінше әлгі адамның өз дарыны болса, қасында тағы жақсы уэзірі отырса, тағдыр да көмек етсе, міне сонда ғана ол жауларын да жеңбек, бақталастарды да аяғының астына баспақ, қайғысынан қуанышы үстем болмақ. Біздің естуімізше мұндай уақиға синді патшасы Шадирамның, оның жұбайы Ирахттың, құпия сырды сақтаушы уәзір Иладтың басынан өтсе керек», - деді.

Патша: «Ол қандай уакиға болды екен?» - деп сұрады. Сонда философтың келтірген нақылы мынау еді:

- Баяғыда өте ізгі, мінезі жұмсақ, әдепті және данышпан, төрт

құбыласы түгел, мейлінше діндар Илад деген адам болыпты. Бір күні Шадирам патша өзінің салтанатты сарайында ұйқтап жатып, сегіз түрлі түс көріпті, сонда әрбір түсінен кейін шошып ояна беріпті. Таңертең брахмандарды шақырып алып патша көрген түсін баяндапты да жорыңдар -деп әмір етіпті, әлгі брахмандар тәркі-дүние тақуалар екен. Сол брахмандар: - О, патша ағзам! Осы күнге дейін кұлағымыз естімеген таңғажайып кереметті көрген екенсің! Егер осы түсің туралы біздің пікірімізді білгің келсе, онда алты күнге мүрсатана беріңіз, ойланалық, жетінші күні келіп жориық. Сені кауіп- қатерден құтқару қолымыздан келсе, аянбадық, оны біз орындап шығалық1, - депті.

Патша: «Жарайды, айтқандарыңыз болсын. Өз ойларыңызша нені қажет деп тапсаңыздар, дәл солай істеңіздер», - деген екен.

Жарайды - десіп олар да шығып кетіпті. Соңынан өзара жиналысып әлгі брахмандар ақылдасыпты:

- Біздің он екі мың адамымызды кеше ғана қырып тастап еді ғой.

Енді ол түсінен қорыққанын көңірсітіп, бар сырын ақтарып отыр, уысымызға өзі келіп түсті. Оған біз де ауыр сөздер айталық, қатты қорқытып айтқанымызды істетелік, сөйтіп кегімізді алалық. Жанындай жақсы көретін туған-




1 Бұл әңгіме – «Кәлилә мен Димнәда» кездесетін негізгі будда дінінен шыққан, брахман дініне көрнеу қарсы жазылған, некен-саяқ әңгімелердің бірі. Осында ұшырайтын кейіпкерлердің есімдері де әр жерде әр түрлі айтылады, біріне бірі ұқсамайды.

туысқандарыңды, уәзірлеріңді біздің әмірімізге шығарып бер делік. «Біз көп кітапты ақтарып аштық, сонда туыстарыңды дарға асудан өзге сенің басыңа төнген пәленің бетін қайтарар еш нәрсе таппадық», - деп соғалық. Егер ол: «Сендер кімге құрық салып тұрсыңдар?» - десе, біз: «Өзіңнің әйелің Ирахтты, оның туған баласы, өзіңнің мұрагерің Жувейірді, ісіңді басқарушы уәзірің Иладты - өйткені ол залым да ақылды той, сонсоң хатшың және жансыз тілшің Кальді мегзеп отырмыз. Сонан кейін біз қолыңдағы семсеріңді, майданға мініп шығатын шаңқаң боз піліңді, оған қоса тағы екі үлкен піліңді, сапарға шыққанда салт мінетін жүйрік атың мен желмаяңды алғымыз келеді. Одан әрі зәкүншік атабектің Кинан Абизунды алмақпыз. Сен олардың қанын қарасуға төк, біз сені сол судың ішіне отырғызамыз. Осы судан сені суырып алатын мезгіліміз жеткенде, біз - брахмандар төрт жақтан түгел жиналамыз да, алдыңа барып дұға оқып үшкіреміз, әулие суымен, хош иісті маймен жуып-шаямыз. Көзіңе көрсетіп алдын ала сақтандырған пәле-жаладан, құдай сені аулақ қылсын деп тілейміз де осының артынан сені өз сарайыңа жөнелтеміз. Осыны өз еркіңмен құмарта ұмтылып, орындап шықсаң, онда баспалап төніп тұрған зор пәледен, үлкен бақытсыздықтан кұтыласың, өлген адамдардың орнына солар сиякты басқаларды тауып аласың. Егер сен мұны істемесең, онда белгісіз бір дұшпан сені жақын арада ұстап алып өлтіреді де патшалығынан ажыратады, сөйтіп, мүлде тұкымың құрып кетеді. Міне, біз осыдан қорқып тұрмыз, - делік. Осылай ұйғарып, өзара келіскеннен кейін брахмандар патшаның үйіне кіріп: «Сіздің көрген түсіңіз жөнінде бар ақылымызды сарп еттік, кітаптарымызды аудара қарап, ақтара төңкердік, ақыр аяғында көзімізге шалынғанды өзіңізге жеке отырып айтуға ұйғардық», - депті. Патша тілектерін қабылдап оңаша шығыпты, олар өздерінің құрып алған жоспары бойынша әлгі сөздерін баяндап өтіпті.

Патша: «Шырақтарым-ау, сендердің мына тілектеріңді орындаудан өлгенім артық қой. Өзімнің жанымнан қымбат көретін адамдарды өлтіруге қалай бармақпын, мұндай қылмысты, мұндай күнәні қалай істемекпін! Бәрібір өлімнен қашып құтылу жоқ, патшалық құрып мен де мәңгі отырмаспын. Өз өлімім де, сүйікті адамдарымнан айрылу да - бұл екеуі маған бірдей ауыр», - депті.

Сонда брахмандар: - Ашуланбасаңыз, ашып айталық, пікіріңіз қате. Өз жаныңды есіркемей, мұндай кезеңде басқалардың қамын жеу мақұл емес. Мейлің сен өз басыңды не ірі, не ұсақ деп бағаларсың, онда жұмысымыз жоқ, ал бірақ біздің ойымызша оған ешбір теңдес табылмайды, ешкім орнын баса алмайды, әлде сен осыны да білмейсің бе? Ант ішіп айталық, егер сен біз атаған адамдарды сол өз жаның үшін құрбан етсең, ең жақсы, ең игілі іс осы болады. Сонда ғана өз мемлекетіңді басқарып патшалық құрасың, ісің оңалады. Қу жаныңның қамын көзде, одан басқаны ойлама, бәрін де құрбан ет, өйткені оған тең келетін еш нәрсе жоқ, - депті.

Брахмандардың сөзі қатал екенін, өзі жөнінде жүгенсіз кетіп, ауыр тілек білдіріп отырғанын патша көрген мезетте, орнынан түрегеліпті де сарайына жөнеліпті, етпетінен түсіп, қалың қайғыға ұшырап дөңбекши беріпті: көрнеу келген ажалға қарсы бару керек пе, жоқ брахмандардың тілегін орындап, жақын жандарын өлімге қию керек пе?! - Қалай істеу дұрыс?

- міне ол осыны ойлапты. Патша осылайша толғанып бірнеше күн

жатыпты. «Патшамыз қайғы-қасіретке ұшырады, оның басына бір ауыртпалық кезікті-ау!» - деген аңыз ел-жұртқа жайылып кетіпті.

Патшаның осы халге ұшырағанын білгенде Илад та ойланып, толғана бастапты. Ол тапқыр да, саналы да, көпті көрген жырынды және өте сұңғыла адам екен. Илад сонда:

- Өзі шақырмай, небір сылтау таппай тұрып, патшаға құр қол кірудің



жөні жоқ. Одан да патшамыздың әйелі Ирахтқа барғаным дұрыс болар, мән-жайды содан сұрап білейін, - депті. Ол Ирахтқа келіпті де: - Болмашы іске бет алғанда да патшаның менімен ақылдаспаған кезін көрген емен. Мен оның құпия сырының сақтаушысы едім, басына не кезіксе де ол маған бүкпей айтушы еді. Кейде бір ауыр уакиғаға ұшырай қалса, соған қарсы тұрып, шыдай білуші еді, маған ғана сырын ашып айтушы еді, сонда әлім келгенше сылап-сипап оны мен ғана жұбатушы едім. Брахмандармен оңаша отырғанына міне тура жеті күн болды. Жұрттан оңаша шығып, солармен жасырын сөйлесіп отыр, өзінің құпия сырын айтып қоя ма деп қорқамын, оларды патшаның досы деп мен сенбеймін. Не болды екен, қандай пәлеге кезігіпті, брахмандар не айтыпты, барып сұрашы

сен! Мен баруға сылтау таба алмай отырмын, сондықтан сен бәрін біліп келші, маған хабарын берші. Өтірік-өсекті әдемілеп жеткізіп, біреуге пәле жабуға, патшаны арбап көзіне шөп салуға, оны пасық жолға итеруге, міне осыған ғана- олардың қабілеті жетеді деп есептеймін. Патша шын қаһарына мінсе ол ешкімге көңілін аудармайды, ешкімнен ақыл сұрамайды, еш нәрсені ойламайды да, міне оның үйреншікті мінезі осы ғой. Сол мезетте келелі істің де, болмашы істің де оған бәрібір. Брахмандардың жүрегінде сақтаулы жатқан кешілмейтін кек, кетпейтін ыза бар, сондықтан оған жақсы ақыл айтпайтынына күдіксіз сенем, патшаны құртуға тырысады, пәлеге ұшыратады, егер мұршалары жетіп, меңгере алса оны өлімге де айдайды, - деді.

Ирахт тұрып: «Патша мен екеуміздің арамызда бір жайсыз әңгіме бар еді, ол өз айыбын мойнына алғанша, менің оған барғым келмей тұр», - дегенде.

Илад: «Мұндай күн туғанда кек сақтама. Сенен басқа ешкім оны басып кіре алмайды. «Басыма уайым-қайғы түскенде, соның бәрінен тек Ирахт келгенде ғана айығамын», - деп әлденеше рет айтқанын естіп едім. Сен тезірек барып, әңгіме айтып алдандыршы, осы жабырқаудан құтқаршы, себебін тауып есіркеші, жүрегін жұбатшы», - деді.

Осыны естігеннен кейін Ирахт патшаға қарай бет алды, кіріп барып бас жағына отырды:

- Уа, бақытты да, даңқты да асыл діндар патшам, ахуалың қалай? Брахмандар саған не айтты? Сен қалың кайғыда, қатты уайымда отыр екенсің, оны өзім де көріп тұрмын. Ендігі істейтін әрекетің сені осы уайымнан ажыратып, қуанышқа бөлейтін болса, орындашы соны, тіпті ол істің пайдасы тек біздің көзіміздің жоғалуына байланысты болса да тартынбашы! Егер бізге ренжитін болсаң, сені ырза ете аламыз, жолыңа құрбан болып та қуандыруға көнеміз, - деді ол.

Сонда патша: - Сүйікті қосағым-ай, еш нәрсені сұрамашы менен! Тек жанымның жарасын ұлғайтасың ғой. Мұндай қанды жорық, ұлы қауіпті сенің білуің кажет емес, - деді.

Ирахт тұрып: - Ия, солай ма, сенің берген жауабың, мені оны естуім рас па, көзіңе енді мен солай көріндім бе? Пәлеге душар болған патша, өзінің қайғысына ортақтасып, қамын

жейтін, жаны ашыр достарымен, шын сүйетін адамдарымен ақылдасуы керек қой, сен әлде соны білмейсің бе? Күнәқар жан мейірімнен күдер үзбейді, бірақ қылмысты қылық жасағанына өкінеді ол. Қауіп-қатерге билетуден еш нэрсе өнбейді, оған тек дұшпаның сүйінеді де досың күйінетін болады. Көпті көріп ысылған, тәжірибелі даңғыл адам басына түскен айнымалы тағдырына көне алады, өткінші жақсылыққа да қызбайды, өйткені: өзін сабырға билетеді, - деді.

Патша: «О, сүйікті қосағым! Менен еш нәрсе сұраушы болма! Сенің білгің кеп тұрғаны менің құруым, сенің балаңның, менің толып жатқан сүйікті адамдарымның өлімі ғой. Сендерден айрылсам менде тәтті өмір жоқ, сендерден қалып қандай қызық көрмекпін? Брахмандар сені және достарымды өлтіру керек дегенді айтады. Бұл сұмдық қой, жанымды жегідей жейтін ауыртпалық осы», - деді.

Ирахт: - Ей, патшам, қайғыға ұшыратып, құдай жаныңа жамандық бермесін! Өзімізді жолыңа құрбан етіп, қорғаушы болуға даярмыз. Сенің өмірің мен денсаулығыңа мұның бірі де тең келмейді. Тәңірі тағалам көмек берсін, кейінгі алған әйелдерің мені жоқтатпасын. Бірақ мен өлгеннен кейін де брахмандардың сөзіне сенбегейсің, олармен ақылдаспағайсың, сенімді адамдарыңмен ақылдаспай тұрып, ешкімнің қанын жүктемегейсің. Кісі өлтіру үлкен уақиға, ауыр күнә ғой, өйткені өлген адамды қайта тірілте алмайсың, бұрынғылар айтыпты: егер сен бір тас тауып алып, ол тастың асыл екеніне көзің жетпесе, соның тазалығын айыра білетін кісіге көрсет, олай істемей тұрып, аңдаусызда айрылып қалма деген екен. Брахмандардың да, баска дұшпандардың да мейірін қандырма. Олардың ешқашан саған іші жылымайды, осыны біл! Күні кеше он екі мың адамын дарға астың, сол қылығыңды олар ұмытты деп ойлайсың ба? Ант ішіп айтайын, көрген түсіңді баяндап, құпия сырыңды ашпауың керек еді ғой! Сенің құрып суалуыңды тілейді, жақсы көретін жандарыңның көзін жойғысы келеді, ақылды ғалым, данышпан уәзірлеріңнің тамырына балта шаппақ, майданға шыққанда салт мінетін тұлпарыңды мерт қылмақ, міне, сенің түсіңді олар осылай жорып отыр ғой. Бәрін қойып сен енді Кинан Абизунға бар, түсіңнің жөнін айт та, не істеу керек деп ақыл сұра! Ол даңғыл дана да, сенімді

де адам. Нәсілі брахман бола тұрса да оның мінез-құлқы, адамшылығы күллі елден артық. Ол асқан сопы, заңға да жүйрік. Брахмандардың айтқанын Абизун да айтса, онда өзің ойланарсың, ал егер пікірлері үйлеспей екі дай шықса, үндеуші де болма, асықпай қимылда, - дегенді айтты.

Патша мұны естігенде әйеліне сұқтана қарап ырза болды, атын ерттетіп мінді де, Кинан Абизунға қарай жылдам жөнеп берді. Келіп аттан түсті де, сәлемдескеннен кейін басын төмен салып, кідіріңкіреп тұрып қалды. Сонда Кинан Абизун: «О, патшам, не болды саған? Түсің неге мұнша бұзылып кетті, үлкен қайғыдасың ғой, басыңдағы дулығаң мен тәжің неге көзіме көрінбейді?» - деп сұрады.

Патша оған: - Бір күні түнде сарайда ұйықтап жатсам, төменнен құлағыма сегіз дыбыс келді, әрбір дыбыстан шошып оянып, қайта ұйықтай беріппін. Сөйтіп, сегіз түс көрдім де осыларды брахмандарға баяндадым. Үлкен пәлеге ұшыраймын ба деп қорқам: не майданда соғысып жүріп өлем, немесе патшалығымнан айрылып жұрдай болам дегенді айтты.

Сонда Кинан Абизун: «Бұған уайымдама да қорықпа! Енді сен өлмейсің, қауіптеніп жүрген пәлеге де, бақытсыздыққа да ешқашан ұшырамайсың, патшалығынды да еш пенде ала алмайды. Ал көрген сегіз түсіңе келсек, сен ол түстеріңді маған түгел баяндашы, мен жорып көрейін», - депті.

Көрген түсін патша айтып бітіргенде, Кинап Абизун тұрып: - Сен түсіңде құйрығынан шаншылып, тік тұрған екі қызыл балық көріпсің, оның мәнісі Гамиюн1 патшасынан елші келеді екен, ол құны төрт мың қадақ алтынға татитын, меруертпен апталып, жакұтпен күптелген екі сауытты әкеліп алдыңызға тартады екен. Аркаңнан ұшып шығып, екі үйрек алдыңа кеп қоныпты, оның мәнісі - дүниеде ешбір адам көрмеген керемет екі атты, Бальх2 патшасынан біреу әкеліп, саған сыйға тартады екен. Сол аяғыңның үстінде жорғалаған жылан көріпсің, оның мәнісі Сахин патшасынан бір елші саған темірден құйып жасаған, дүниеде адам көрмеген бір қылыш әкеп тартады екен. Түсінде тұла бойың қып-қызыл қанға боялыпты, енді оның да жоруын айтайын: Саған Касирун патшасынан елші келіп, көргенде көз






1 Патшалардың есімдері әр жерде әр түрлі аталады.

2 Вальх – қаланың аты. Әмударияның оңтүстігінде жатқан, ежелгі Бактрия өңіріне кіретін облыстың да аты.

тұнатын, қараңғыны жарық ететін, құлпырып тұрған шекпен әкеп береді екен. Түсіңде суға түсіп шомылыпсың, оның жоруы мынау: Раз пат-шалығынан біреу саған патшаның киімін әкеп тартады екен. Түсіңде сен ақбас таудың төбесінде тұрыпсың, оның мәнісі Кабдур1патшасынан бір елші саған алтын тәж әкеліп сыйласа керек. Бір аққұс келіп сенің басыңды тұмсығымен шоқып кетіпті, ол түсіңді мен бүгін жори алмаймын. Ол саған зиян жасамайды, одан ешбір жамандық та көрмейсің, алайда жақсы көретін жандарыңның біріне өкпелеп, көңілің қалуы мүмкін. Осы елшілер мен жаушылар сенің алдыңа бүгіннен санағанда, тура жетінші күні келеді, - депті.

Патша тыңдап болып, Кинан Абизунға басын иіп тәжім етіпті де шығып кетіпті. «Абыздың айтқанын сарапқа салып көрейінші», - депті ол ішінен. Дәл жетінші күні патша өз киімін киіп, құлпыра зейнеттеніп, мәжіліс бөлмесіне келіп отырыпты да игі жақсылары мен әкімдеріне кіруге рұксат етіпті. Міне, енді Кинан Абизун айтқан сыйлықтар келіп сонда алдына тартылыпты. Елшілер мен жаушыларды, олардың әкелген сыйлықтарын көргенде патшаның қуанышы қойнына сыймапты, сонда ол өзіне-өзі: - Түсімді брахмандарға аңғырт айтып, нысаналы ойын ұқтым, олар да маған өз мақсатын орындатқысы келді. Егер құдай тағаланың мейірімі түсіп, өзі қорғамағанда, Ирахт арқылы ақыл айтқызып, хал-ахуалімді жеңілдетпегенде мен құрып едім, тіршілігім жойылып еді-ау! Сондықтан жанашыр жақын адамның, сенімді достың адал пікірін, үйреткен ақылын әркім-ақ тыңдау керек екен. Ирахттың айтқан пікірін, ұсынған жоспарын қабылдадым да игілікке жеттім, алдын болжайтын қырағы, жақсылықты ғана тілейтін шын достар арқылы мемлекетім де нығайып отыр. Кинан Абизунның да данышпандығы және сөздерінің шындығы маған енді айдан анық болды, - деді. Осыдан кейін патша Жувейірді, Иладты, хатшысы Кальді қасына шақырып алды да:

- Мына сыйлықтарды қазынаға апарып салудың бізге керегі жоқ. Ол дұрыс емес! Уа, достарым, мен үшін өлімге басын байлаған сендер ғой, маған кеңес берген Ирахт қой, соны пайдаланған соң патшалығымның өмірі ұзарып, істелген істің






1 Сахин, Касирун, Раз, Кабдур – патшалардың аты, олардың мәнісі әлі толық анықталған жоқ.

338


арты қайырлы болып, ұлан-асыр қуанышпен аяқталып отыр, сондықтан осы сыйлықтың бәрін сендерге үлестіріп бермекпін,

- деді.


Илад тұрып: - Өзіміз арқылы болған жақсылыққа біздей құлдардың мардамсуы лайық емес, өйткені патшасының жолына құлдар үнемі құрбандыққа шалынуы қажет. Ал енді мына тартылған сыйлықтарға келсеніз, оған да біздей кұлдардың жақын баруы орынсыз ғой. Туған балаңыз, Жувейір, міне бұл сыйлық тек соған ғана лайык, тек соның алғаны мақұл, - деді.

Сонда патша: «Бұл жөнінде біз келелі даңққа, зор игілікке жетіп отырмыз, сондықтан, ей, Илад, сен қымсынба, өз үлесіңді ал да көсегеңді көгерт, мейіріңді қандыр», - деді.

Илад: «Патшаның-ақ дегені болсын, сөйтсе де ол өз қалағанын алдымен алсын. Патшам осы тілегімді орындасын»,

- деді. Сонда патша шаңкан боз пілді алды да, Жувейірге екі аттың бірін

берді. Асыл темірден құйылған қылышты Иладқа сыйлады, екінші атты хатшы Кальге берді, ал патшалар киіп шығатын зейнетті киімді Кинан Абизунға жіберді. Әйелдерге лайық сыйлықтарға, басқа киімдерге, тәжге келгенде патша Иладқа бұрылып:

- Мыналарды көтеріп соңымнан ер, әйелдерге қарай баралық, - деді. Сонсоң патша Ирахт пен Куркананы1 шақырды. Әйелдері қасына келіп отыра бергенде: - Ей, Илад! Көйлек пен тажды Ирахттың алдына тартшы, қалағанын таңдап алсын, - деді. - Сонда Ирахт тәжді көріп, қызыға қарады, оның әдемілігіне таңыркады, артынша көзінің киығын Иладқа тастады, осы екі сыйлықтың қайсысы артық, соны нұсқауын күтті. Илад көйлекті көрсетті де, ал деп ымдады. Кенеттен бұларға патшаның назары түсіп кетті, ол Иладтың ымдағанын да байқап қалды. Көзінің киығымен Иладтың ымдағанын патша сезіп қойды, осыны аңғарды да Ирахт оның нұскаған көйлегін тастай беріп тәжді қолына алды. Бұдан кейін Илад қырық жыл өмір сүрді, бірдемені ишараттады деп күдіктенбеу үшін ол патшаға кірген сайын Ирахтқа назарын аудармайтын болды. Егер Ирахт пен Илад ақылды болмаса, өлімнен екеуі де қашып құтыла алмас еді.

Бір түнді Ирахтпен, екіншісін Курканамен кезек өткізетін патшаның әдеті болушы еді. Сондай бір кезекті түнінде





1 Куркана – патшаның екінші әйелі.

патша Ирахтқа келді. Ол басына тәжін киіп, палауды алтын табаққа салып патша отырған үйге кіріп келді. Табақты әкеліп патшаның алдына тосты. Тартылған тағамды ол жей бастады. Ирахттың басына киген тәжді көргенінде Куркананың жүрегіне қызғаныш кірді, сонда ол сыйлыққа алған көйлегін киіп күндей жарқырады. Сөйтіп патшаның жанынан сылаң етіп өте шықты. Осы арада Курканаға патша құмарта кызықты да Ирахтқа бұрылып: - Біздің қазынамызда жоқ, осындай көйлекті тастай беріп, тәжді таңдап алдың-ау сен, ақымақ екенсің, - деді.

Куркананы мақтап, өзін одан кем тұтқанын естігенде Ирахт терісіне сыймай қатты ашуланды да, қолындағы табақпен патшаны баска періп кеп жіберді. Күріш патшаның басына төгіліп, тұла бойына түгел шашырады, осы қылық Кинан Абизун жорымай кеткен түстің тиянақты белгісі тәрізді болды. Патша сол мезетте Иладты шақырып алды да:

- Ей, Илад! Дүниені билеген патшаны қомсынып, мынау әйелдің істеп тұрған бейбастық қылығын көрмейсің бе? Апар да оның басын кес, рақым етуші болма! - деді.

Ирахтты ертіп Илад патшаның үйінен шықты да өз қабырғасымен кеңесті: - Патшаның ашуы басылғанша Ирахтты өлтірмей кідіре тұрайын! Ізгі санасы мен ақыл-парасатын алсақ, әйелдердің арасында бұған тең келері жоқ, патша әйелдерінің ішіндегі ең қылықтысы да, данышпаны да осы Ирахт. Бұдан ажырағанына өзі де көп шыдай алмас. Осының игі көмегімен көп адам ажалдан құтылды, ол ізгі істер жасады, біз де әлі одан талай нәрсені үміт етеміз. Біраздан кейін: «Өлтірмей кідіре тұруға әлің келмеді-ау!» деп патшаның мені жазғырмасына да көзім жетпейді ғой. Оның қандай ойы бар екенін білмей тұрып, мен Ирахтты өлтірмейін. Егер Ирахттың өлгеніне өкініп, уайым жесе, сонда мен оған тірі алып барайын, сөйтіп үш түрлі келелі істі орындап шығайын. Соның бірі - Ирахтты ажалдан құтқару, екіншісі - патшаның уайым-қайғысын жұбату, үшіншісі - осы қылық арқылы өзімнің атағымды жұртқа жаю болсыл. Ал егер патша оны елең қылып есіне алмаса, жарлығын сонда ғана орындайын, - деді. Илад оны ертіп жасырынып үйіне келді де, патшаның әйелдерін басқарып жүретін екі малайға тапсырды, істің немен тынарына көзі жеткенше, Ирахтты мәпелеп күтуді, құпия ұстауды өз үй ішіне де қадағалап айтты. Сонсоң қылышын

қанға бояп, қайғыра қамығып, патшаның алдына келді де: Ирахт жөніндегі бұйрығыңды орындадым, - деді.

Кешікпей-ақ патшаның ашуы толастады. Сонда Ирахттың сұлулығын, терең ақылын, сабырлы көпбістігін, өзіне үлкел пайда тигізгендігін есіне алды да патша енді мол қайғыға килікті. Бірақ тырысып, шыдап бақты. Ирахт жөніндегі жарлығымды рас орындадың ба, жоқ па? - деп Иладтан сұрауға да бата алмады. Иладтың ақылдылығын білгендіктен, Ирахты ол өлтіре қоймаған шығар деп үнемі үміттене берді. Сұңғыла Илад істің жайын түсіне қойды да: - Тәңірі тағалам патшаның басына қайғы салмасын, ол еш нәрсеге уайым жемесін! Уайым- қайғының ешбір пайдасы жоқ! Олар тек денені жегідей жейді де жанды титықтатады. Патша қайғырса, жанындағы адамдар да қасіретке ұшырайды, ал дұшпандары қуанып, табалай түседі. Дұшпанның осы табалауын естігенде, әлгі өз адамдары білімі мен ақылын оларға қарсы көрсетпей тоқтай алмайды. Шыдай тұршы, патшам! Көзің көрмейтін нәрсені көксеп, уайым жемеші! Егер патшам қаласа, мен осыған ұқсас бір уақиғаны шертер едім, - деді.

Патша: - Ал, айтшы енді! - дегенде, Иладтың келтірген нақылы мынау болды: - Баяғыда, біреуі еркек, біреуі ұрғашы екі көгершін ұясын бидай мен арпаға толтырыпты. Бір күні еркегі ұрғашысына айтыпты: «Біз даладан жем тауып жеп жүрміз ғой, ендеше, ұядағы азығымызға әзірше тимелік. Ал ертең қыс түскенде, даладан еш нәрсе табылмаған мезгілде, ұяға жинаған қорымызды сонда бастап жеуге кірісеміз.

Ұрғашысы бұған көніпті де: Ойың дұрыс екен, біз солай істелік, дегенің болсын! - депті. Ұясына әкеліп үйген кезде бидай мен арпа дымқыл екен; бұлар ұя толғанша кептеп тыға беріпті. Содан кейін еркегі бір жаққа кетіпті де, кешігіп көпке дейін келмепті, Жаздың күні екен, сондықтан жел кағып кеуіп кетіпті де, үйілген дән азайып қалыпты. Еркегі сапардан қайтып келіп, үйілген дәннің азайғанын көріпті де: - Ұядағыны жемеуге уәделесіп едік қой, сен неге шыдамай жеп қойдың? - дегенде, ұрғашысы: «Мен бір түйір де дән жегем жоқ!» - деп ант су ішіпті. Еркегі оған сенбей, әйелін шоқып өлтіріпті. Күз түсіп, жауын жауыпты, әлгі дәнге су тиіпті де ісініп, ұя қайта толыпты. Еркегі ұяның лық толғанын көріп, қатты өкініпті де:
- Сені қанша іздесем де, енді қайтып таба алмайтын болсам, онда өмірдің маған керегі не? - деп әйелінің жанына барып жоқтаса керек.

Жазалап жапа шектіруге асығудың кажет емес екенін ақылды жан біледі, әсіресе өзінің жазалағанына еркек - көгершіннің өкінгені тәрізді өкіну каупі төнсе, сонда түсінеді,

- депті. Менің тағы бір естігенім бар, баяғыда бір қап бұршақ арқалаған

адам жыныс ағаштың ішіне кіріпті. Қабын жерге қойып, өзі ұйқтап кетіпті. Сол арада өсіп тұрған ағаштың басынан сырғып түсіп, бір маймыл бұршақты алақанын толтыра уыстап алып, ағаштың басына өрмелеп қайта көтеріліпті. Сол кезде бір түйір бұршақ қолынан суысып түсіп кетіпті, маймыл іздей бастапты, бірақ таба алмапты, осылай әуреленіп жүргенде уысындағы барлық бұршағы шашылып бітіпті.

- О, патшам, сенің он алты мың әйелің бар, бірақ солармен алданғың

келмейді де енді қайтып қолыңа түспейтінді іздейсің- ау, - депті.

Осыны естіген кезде патша шошып кетіпті, Ирахттың өлгенін сезіп, Иладқа қарап:

- Менің саған берген жарлығымды, аңдамай айтқан бір ауыз сөзімді

таптындырмай-ақ орындапсың ғой. Істің мән- жайын тексермей, бір ауыз сөзге жармасыпсың-ау! - депті.

Илад: - Бір сөзді екі айтпайтын, қиғаш-қайшы сөйлемейтін тек жалғыздың өзі ғана.

Патша: - Ол кім екен?

Илад: - Ол құдай, оның сөзі үнемі бір қалыпты, айтқаны айнымайды.

Патша: - Жувейірдің шешесі Ирахтты өлтіргенім үшін менің қайғым өте зор.

Илад: - Дүниеде екі-ақ адам қайғыруға тиіс, соның біреуі күнде күнә жасайтын жан, екіншісі ешкімге ешқашан жақсылык ойламайтын адам, өйткені, қуаныш пен рақат бұл өмірде өте шолақ, ал істеген қылығы үшін жазалануға кіріптар болғанда, оның өкініші өлшеуге келмейтін ұшан-теңіз.

Патша: - Егер Ирахтты тірі көрсем, мен енді ешқашан, еш нәрсеге қайғырмас едім.

Илад: - Екі-ақ адам қайғырмауға тиіс, соның біреуі үнемі ел болып есіркейтін сүйкімді жан, екіншісі еш уақытта күнәға батпайтын адам.

Патша: - Бұрын көргенім болмаса, енді қайтып Ирахтты маған көру жоқ шығар, сірә.

Илад: - Еш уақытта көрмейтін жан да екеу-ақ: соқыр мен есуас. Соқыр аспанды да, жұлдызды да, жерді де көрмейді, ол алыс пен жақынды да, алдындағысы мен арттағысын да ажырата алмайды; сондай-ақ есуас адам да ақылдыны ақымақтан, сұлуды сұмпайыдан, жауызды игі жақсыдан ажырата алмайды, ол көре де білмейді.

Патша: - Егер Ирахтты көрсем, қуанышым қойныма сыймас еді!

Илад: - Көзі бар адам мен ақылды жан, міне осы екеуі ғана көре алады. Жарық дүниені және оның ішіндегі бар нәрсені көзі бар жан көреді, сондай-ақ күнәлі мен күнәсізді ақылды адам ғана ажыратады, ол келешек өмірді де біледі, қай уақытқа дейін өзінің аман-есен жүретіні де оған белгілі, сондықтан ол даңғыл жолмен тура тарта береді.

Патша: - Ирахттың дидарын көріп мен ешқашан тоймаған болар едім дегенде.

Илад: - Тоймайтын екі-ақ адам бар, біреуі дүниені тырнақтап жиып, баюдан басқаны ойламайтын адам, екіншісі - тапқанын түгел жұтып қойып, өзінде жоқты жұрттан тіленетін жан, - депті.

Патша: - Ей, Илад, екеумізге айрылысу керек екен! Сендей адамнан сақтану мақұл ғой, қашқақтап алыс жүрген дұрыс шығар, сірә, - дегенде.

Илад: - Екі-ақ кісіден қашқан жөн, соның біреуі - о дүниеде сопылық та, күнәқар қылық та жоқ дейтін адам, ал екіншісі - өз еншісіне тимеген затқа оңаза көзін жазбайтын адам, оның жаны емінеді де тұрады, ондай адам өтірік-өсектен құлағын да тыя алмайды, біреудің әйеліне құмартуын да қоя алмайды, күнәға соқтыратын ашқарақ қылықтан жүрегін де айныта алмайды. Дозақ отының зәрінен қорқып тәуба қылу, міне осыларға жарасады, - депті.

Патша: - Сенің істеген ісіңнің салдарынан мен құлазып тұл қалдым, — дегенде Илад: — Құлазып тұл қалатын үш-ақ нәрсе, олардың бірі - өзеннің сусыз арнасы тұл, екіншісі - иесіз ел тұл, үшіншісі - күйеусіз қатын тұл. Қолынан не жақсылық, не жаманшылық келмейтін ез адам да осы қатарға кіру керек, - депті.

Патша: - Жауап беруге шеберсің-ау, Илад! - дегенде.

Илад: - Ойдағыдай жауап қайыра алатын үш-ақ адам, соның бірі - өз қазынасынан ел-жұртын жарылқап, сыйлық үлестіретін патша; екіншісі - өзінің нақ сүйері, бекзат туған адамына қыбын тауып қызмет істейтін қылықты әйел, үшіншісі - тәңірінің жазған заңын дұрыс үйрететін ақылды ұстаз, - депті.

Патша: - Ей, Илад, сен осы жұбатуыңмен-ақ мені қайғыға белшемнен батырдың-ау! -дегенде.

Илад: - Біреудің сырты сұлу, өзі семіз - құр аты болса, бірақ сол аты мініс бермейтін жабы болса, міне сол адам ғана қайғыруға тиіс; көжесінің суы көп, еті аз сондықтан тағамының дәмі жоқ адам қайғыруға міндетті; кімде-кім көптің көзіне түсетін әдемі әйелге үйленсе, оған өзі жаға алмаса, сөйтіп үнемі сол әйелден сөгіс еститін болса, міне, сол адам ғана қайғыруға тиіс, сонымен, сайып келгенде, қайғыратын осы үшеуі! -депті.

Патша: - Ирахтты өлтіруің қате болды ғой, дегенде.

Илад: - Үш-ақ адам орынсыз қате жасайды, соның бірі үстіне ақ киім киіп көрік басатын ұста; екіншісі үнемі сәнденіп, аяғына жаңа етік киіп келіп су кешетін тері илеуші; үшіншісі

- бүлдіршіндей жап-жас сұлу қызға үйленіп, сонсоң өз үйінен безіп,

алыс сапарда көп жүретін саудагер, - депті.

Патша: - Ей, Илад, сен нағыз ауыр жаза тартуға лайықты жан екенсің!

-дегенде.

Илад: - Үш-ақ адамды жазалау керек, соның бірі күнәсізге азап тартқызған күнәқар жан; екіншісі шақырылмаған тамаққа өздігінен ұмтылатын сұғанақ адам: үшіншісі - өздерінде жок зәру затын достары сұраса, бірақ сол ділгәрліктің мәнісін аңғармаса және сұрап та білгісі келмесе, міне осы адамды жазалау керек, - депті.

Патша: - Ей, Илад, сені тегі ақымаққа санау дұрыс шығар!

- дегенде.

Илад: - Ақымаққа саналатын ұш-ақ адам, соның бірі - бүкіл бала-шағасымен тар үйде тұратын ағаш шебері, өйткені ертеден кешке дейін ағаш сүргілеп үйін жоңқаға толтырады да, аядай үйдің ішінде айналатын жер қалдырмай қояды, екіншісі

- ұстарамен кызмет істейтін, бірақ оны ықтияттап ұстай алмай, адамның

денесін жаралайтын дәрігер; үшіншісі - өз үйіне, өз отанына қайтқысы келмей, дұшпандарының арасына барып

қонақтаған жолаушы; себебі ол жат елде жүріп өлсе дүниесіне, бар мұрасына бөтен адамдар не болады, байлығы да солардың қолында қалады, ал сонсоң өзін мүлде ұмытып кетеді, - депті.

Патша: - Менің ашуым басылғанша, сенің күтуің керек еді, - дегенде.

Илад: - Биік таудың басына өрмелеген адам, балық аулаған адам, ауыр іске бет алған жан, міне осы үшеуі ғана күтуге тиісті, - депті.

Патша: - Шіркін-ай, Ирахтты енді бір көрсем-ау, - дегенде.

Илад: - Қолы жетпейтінді арман ететін үш-ақ адам, соның бірі - тақуалықтан жұрдай болған арамза, сөйте тұрып, өлгеннен кейін діндарлардың қатарына кіріп, солар сияқты жарылкануды дәме қылатын жан; екіншісі - өзін-өзі ізгі туған бекзат жанға санайтын сараң; үшіншісі - әділетті аттап халықтың қанын жүктейтін жауыз бұзық, сонда да ақыретте рақатқа батып, жарылқанатын мейірімді, рақымшыл ізгі сопылармен бірге болудан да үмітін үзбейтін адам, - депті.

Патша: - Ирахтты өлтіру арқылы мен өзімді-өзім михнатқа ұшыраттым-ау! — дегенде.

Илад: - Өзін-өзі михнатқа душар ететін үш-ақ адам, соның бірі - сақтанбай құр қол жауға шауып, майданда босқа өлетін жан; екіншісі - баласыз қу бас, не туған туысы жоқ саяқ жүрген бай, сонда да ол тоймайды, жұрттың мүлкіне өте жоғары баға қойып, одан алым түсіріп, олжаға батады, сондықтан ол көлденең көпшіліктің қаңкуына ұшырайды; үшіншісі - өзі жеңілтек, әрі бұзықтыққа бейім тұратын жас әйелге үйленген лақса кәрі шал, өйткені әлгі әйел үнемі оның өлімін тілейді, жас күйеуге шыққысы келеді, сөйтіп әлгі шалдың осы әйел түбіне жетеді, - депті.

Патша: - Ей, Илад, қаймықпай батыл сөйлеп тұруыңа қарағанда, сенің көзіңе мен, сірә, жексұрын-ақ көрініп тұрмын- ау! - дегенде.

Илад: - Қожайынын жексұрын көретін үш-ақ адам, соның бірі - кірісетін жеріне де, кіріспейтін жеріне де килігіп, білетінін де, білмейтінін де сөйлей беретін көке мылжың; екіншісі - ескі кожайынына өзінің жинаған мүлкінен бөліп беріп, көмек көрсетпейтін жаңадан байыған құл; үшіншісі - кожайынына дау

айтып, онымен таласуды жақсы көретін және таласқанда қыр көрсетіп өктемдігін білдіретін тағы сондай бір құл, - депті.

Патша: - Илад, сен мені келемеждеп, күліп тұрсың-ау! Ирахтың өлмегенін тілер едім, - дегенде.

Илад: - Үш нәрсені келемеждеуге болады, кімде-кім: мен қалың қамауды бұздым, қан майданда кескілесіп, талай елді тұтқынға алдым десе, бірақ оның денесінен соғыстың қанды ізі көрінбесе, міне, осы адам келемеждеуге лайық; шариғат заңын жетік біледі, өзі сопы, әрі діндар деген адамның мойны жуан, өзі пасық күнәқардан да семіз болса, міне сол адамның өзі туралы айтқан сөзіне күдіктене қарап, оны да келемеждеуге болады, өйткені тағат қылып, құдайға жалбарынған жан былшиып семірмейді, ол арық болады; сонымен қатар өзі әуелі сумақай бола тұрып, күйеуі бар бөгде әйелге өсек таңатын жез өкшені де келемеждеуге болады, - депті.

Патша: - Ей, Илад, сен қасарысып көнбейтін қиқарсың- ау! - дегенде.

Илад: - Шайтанмен ерегісіп мылжыңдасқандай, киқарсып көнбейтін үш-ақ адам, соның бірі - жарыместі мәмілеге келтіруге тырысқан, соның сөздерін санатқа алып және өзінің ақымақ ойларын сарапқа салып, онымен ертеден қара кешке дейін ерегісіп сабылатын есуас жан, қазір мұның оған кесірі тимесе де, соңынан өкінеді. Кімде-кім жарым естің ашуын қоздырып, оған шабуыл жасап, оны жәбірлеп қаңқу етуге тырысса, міне сол адам қыңыр қимылдап өзін гана жәбірлейді. Кімде-кім сырын алмаған бөгде біреуге өзінің құпия сырын ашса, келелі істерімен таныстырса, оны өзіндей көріп, мүлде сенсе, бұ да қыңыр, қиқар адам, - депті.

Патша: - Мен өзімді-өзім азапқа салдым-ау! - дегенде.

Илад: - Өздерін азапқа салатын адам да екеу-ақ, соның бірі - артына бұрылмай тек шегіншектей беретін жан. Ол кейде сүрініп кетіп құдыққа кұлайды, ал кей кезде шыңырауға шым батып өледі. Екіншісі - «Мен жауынгер жан емеспін» дейді де ешкімнен сақтанбайды, сөйтіп басқаны да адастырады. Жау көрінген кезде ғана қашып құтылуға тырысып, басын тауға да, тасқа да ұрады, - дегіті.

Патша: - Ей, Илад, достығымыз үзілді-ау, сірә! - дегенде. Илад: - Сүйіспеншілігі жылдам қожырайтындар да үшеу-

ақ, соның бірі - досымен көптен бері кездеспеген, онымен хат жазысуға да, не былай қатыспасуға да мүмкіндігі болмаған адам; екіншісі - біреуді біреу жақсы көріп сыйласа, бірақ мұнысы оның қадір-қасиетіне сай келмесе және ол тиісті түрде осы қылықты қабылдамаса, тек қана келекелеп күле қараса, міне бұлардың да сүйіспеншілігі баянды болмайды; үшіншісі - кедейдің бай достары болса, олар ырзық-несібелі, қуанышты, мәз-мейрам болып тұрса, әлгі кедей байлардан қимас затын сұраса, артынан өзі оның қаруын қайтара алмаса, міне, бұлардың достығы да тез қожырамақ, - депті.

Патша: - Ей, Илад, Ирахтты өлтірген қылығыңнан сенің жеңілтектігің көрініп-ақ қалды-ау!- дегенде.

Илад: - Қылтың-сылтың мінез көрсетіп, жеңілтектігін білдіретін де үш-ақ адам, соның бірі - әділдікті білмейтін, өзімен бәсекелесіп жүрген кісіге дүние-мүлкін сеніп тапсыратын жан. Екіншісі - мен батылмын, мен батырмын, дос табуға, мал-мүлік жинауға өте ептімін, ғимараттар салуға да, келелі істерді орындауға да шебермін деп жұртқа жар салатын, алайда осының бәрін жалған айтатын өзі жарымес және қоян жүрек ақымақ адам. Үшіншісі - қызба құштарлықтан мүлде қол үзіп, сауапқа бататын рухани ізгі жолға түстім деп соғатын, бірақ құдай жолын, шариғаттын заңын сақтамай ылғи әуейіліктің соңында сергелдеңде жүргенін күллі ел білетін кісі, міне, бұ да жеңілтек адам болады, - депті.

Патша: - Ей, Илад, сен ақылдан адасқан адамсың! - дегенде. Илад: - Ақылды деуге сыймайтын да үшеу-ақ, соның бірі

- биік жерде отырған етікші, өйткені қолынан не пышағы, ие басқа бір

аспабы түсіп кетсе, ылғи соны жерден көтеріп алуға алданып, әуреге түседі де, істеп отырған ісінен қалады; екіншісі -инесіне ұзын жіп сабактаған тігінші, өйткені сол ұзын жіп ылғи оралып қалып, оның жұмысын тоқтатуға себеп болады; үшіншісі - келген-кеткеннің шашын алғанда жан-жағына алақтай беретін, сөйтіп шаштың сәнін кетіріп сөгіс еститін шаштараз, - депті.

Патша: - Нақылыңды сен күллі елге түсіндіріп, үйреткің келеді,

сонымен бірге мені де түсіндіре кетуге тырысасың,

- ғой, - дегенде.

Илад: - Дүниеде үш адам көп білемін деп ойлайды, ал шынында олар да үйренуге міндетті, соның бірі — цимбал мен лютияні1, дабылды қағып, солардың дыбысын сырнайдың күйіне, не баска бір әннің ырғағына жеткізуге тырысып, әуреленетін жан; екіншісі — бейнеленуінің жалпы нұсқасы тәп- тәуір, бірақ қолданған бояуы нашар суреткер; үшіншісі - ешбір істі үйренуге мұқтаж емеспін, өйткені қандай қол-өнері, қандай жұмыс болса да — бәрін өзім білем деп өзеурейтін адам, бірақ өз сөзінің байыбына бармайтын, атап айтқанда, өзінен жоғары адаммен, не өзінен сәл төмен адаммен қай уақытта қалай сөйлесуді білмейтін жан, - депті.

Патша: - Ирахтты өлтіруің теріс болды-ау! - дегенде.

Илад: - Теріс қылық жасайтындар төртеу, соның бірі - оқыс сөйлейтін, үнемі өтірік айтатын адам; екіншісі - өзінен жоғары кісіге қызмет өткергенде, майданға шыққанда, қарапайым жұмыс істегенде шабан қимылдап, тамақты жылдам ішетін жан; үшіншісі - күнәға батпай тұрып, өз ашуын өлшей алмайтын адам; төртіншісі - күрделі іске қадам басып, сонсын оны аяқтамай тастай салатын патша, - депті.

Патша: - Менің қағидалы әдетіме лайық қызмет істесең, сен Ирахтты өлтірмеген болар едің-ау дегенде.

Илад: — Қағидалы әдетке лайық кызмет істейтіндер де төртеу-ақ, соның бірі - тамақты дәл мерзімінде даярлап әкеліп, дер кезінде мырзасының алдына тартатын адам; екіншісі - өзіне рұқсат етілмеген бөгде әйелдерге көзін салмайтын, еншісіне тиген бір әйелді ғана қанағат ететін жан; үшіншісі — келелі істі бастарда, данышпан адамдарымен ақылдасатын патша; төртіншісі - өз ашуына не болатын адам, - депті.

Патша: - Ей, Илад, осы мен сенен қорқам, - дегенде.

Илад: - Қорықпайтыннан қорқатындар да төртеу-ақ, соның бірі шынашақтай қыштақ ағаштың басына отырып, аспан жерге құлап кетер деп қорқып, бір аяғын жоғары көтереді екен. Сонда: - егерде аспан жерге құлардай болса, аяғымен тіреп тоқтатайын, дейді екен. Екіншісі — егер екі аяғын бірдей басса, жер ойылып кете ме деп қорқып, бір аяғын үнемі көтеріп жүретін тырна; үшіншісі - жерден қүм теріп жейтін күрт, ол өмірі тоя жемейді, өйткені жердің кұмын тауысып алып, аштан





1 Цимбал, лютия – музыкалық аспаптар.

өлем деген қорқыныш билейді, үнемі қайғырып қамығуда болады. Төртіншісі - жарғанат, бұл да тектен-текке қорқады, өйткені өзінше құстың ішіндегі ең әдемісімін деп ұғады, сондықтан біреу-міреу ұстап алып асырар деп қорқады да, күндіз ұшпайды, - депті.

Патша: - Ирахтты қалай да иесіз тастамай өлтіруге серт беріп пе едің?

-дегенде.

Илад: - Иесіз тастамауға серт берерлік төрт-ақ нәрсе бар, соның бірі - мырзасының тақымына басқан, жанына балайтын жүйрік аты; екіншісі - жер жыртканда жегетін өгізі; үшіншісі - күйеуін жанына балап жақсы көретін - адал да ақылды әйелі; төртіншісі - мұқияттап кызметті әділ істейтін, шын сөйлейтін, мырзасынан қоркатын құл, - депті.

Патша: - Осы елдің ішінде Ирахтқа ұқсаған ешбір жанды көрмедім, - дегенде.

Илад: - Ешкімге ұксамайтын төрт-ақ адам бар, соның бірі неше алуан еркекті көріп-көріп, ақырында бір еркекке тоқтап, қанағаттанған әйел; екіншісі - өмір бойы өтірікке дағдыланып, ақырында шын сөйлеуге бет алған адам; үшіншісі - бұрынғы паң мінезін жұмсартып, дұшпанымен бітімге келген, өркөкірек менмен жан; төртіншісі- өзінің жаратылысын өзгертіп, жақсылыққа беттеген шексіз-шетсіз тәкаппар адам, - депті.

Патша: - Шіркін-ай, осының бәрін бұрын білсемші, ал қазір түк мәні де жок, пайдасы да аз! - дегенде.

Илад: - Болар істің мазмұнын үш жағдайда ғана алдын ала түсіну қажет, соның бірі - дұшпанынан өзінің күші де, жауынгерлігі де басым екенін әрбір адам шайқас басталмас бұрын білу керек; екіншісі - кім де кім бір қымбат нәрсені даулап соттасқанда, өзіне сенсе, бірак ақыл айласы олқы соқса, онда ең әуелі ол әділ билік айтатын қазыны іздесін, сол қазы кішіпейіл және білгіш, ешкімге тартпайтын, пара алмайтын болса даугер мен екі арасына дұрыс кесім шығарады ғой; үшіншісі - егер біреу дегдар адамды конаққа шақырса, онда беретін тамағын тағы баска керек-жарағын алдын ала дайындауға тиіс, сонда ол қонақ келіп қалған мезгілде әуреге түсіп асықпайды, үй ішін де сабылтып әлекке түсірмейді, - депті.

Патша: - Ей, Илад, сен күнәні де, тәубені де түсінбейсің- ау, сірә! - дегенде.

Илад: - Күнә мен тәубе жөнінде толғана алмайтын төрт- ақ адам, соның бірі - өлім аузында жатқан ауру; екіншісі

- қожайынынан қорқатын құл; үшіншісі - жаумен бетпе-бет тұрған жан;

төртіншісі — жазықсыз жәбірленген, қарғысқа ұшыраған, өзінен жоғарыға басын имейтін сотқар адам, - деді.

Патша: - Ей, Илад, сен рақымсызсың! - дегенде.

Илад: - Төрт адамда рақым жоқ, соның бірі - жазаланып денесіне түгел жара түскен жан; екіншісі - өзін үздік бағалайтын сұмырай; үшіншісі - ұрлыққа үйренген адам; төртіншісі

- жылдам ашуланатын, біреудің өтінішін шабан қабылдайтын жан, -

деді.

Патша: - Ей, Илад, сірә, саған сенуімізге болмас! - дегенде.



Илад: - Төрт нәрсеге сенбеу қажет, соның бірі - шағатын әпжылан, екіншісі - қауіпті жыртқыш аң, үшіншісі - жауыз күнәқар, төртіншісі - өлім аузындағы тән, - депті.

Патша: - Дегдар адамдарды келекелеп күлу лайық емес қой, дегенде.

Илад: - Әмірші ұлық патшаны, кұдайға табынатын сопыны, пасық сиқыршыны, ішмерез және тойымсыз оңаза жанды, міне осы төртеуін келекелеп күлуге болмайды, - деді.

Патша: - Ей, Илад, Ирахттың өлімінен кейін біздің дос болуымыз лайық емес, — дегенде.

Илад: - Күн мен түн, сопы мен дінсіз, жарық пен караңғы, жақсылық пен жаманшылық, міне осы төртеуі бірі мен бірі достаса алмайды, - деді.

Патша: - Ей, Илад, саған ешкім еш уақытта сенбеуі керек,

- дегенде.

Илад: - Қараңғыға, өтірікшіге, екі жүзді адамға, пейілі арам зорлықшыға, міне осы төртеуіне сенбеу мақұл, - деді.

Патша: - Ішінде Ирахт жоқ, он алты мың әйелімді көргенде, менің қайғым күшейіп, өршелене түседі, - дегенде.

Илад: - Жалғанда қайғырып, жоқтауға тұрмайтын төрт- ақ жол бар; соның бірі - үйлесе алмай, күйеуіне күнде қарсы келетін әйел; екіншісі - өзінің, жасауын ала қашатын, жеңіл мінезді және әулекі зұлым әйел; үшіншісі - ар-намысынан жұрдай болып, адаскан әйел; төртіншісі - еріне көнбейтін, мінезі қатал, айтқан тілді алмайтын әйел, - депті.

Патша: - Ирахтты және оның ақылын жоқтап уайымдай берем, мұндай ахуал менің басымда бұрын болған емес, - дегенде.

Илад: - Өзі әдепті, нәсілі дегдар әйел; өзі ақыл-ды, мінезі майда, ойы терең және мейірбан, асылтастай кіршіксіз таза, жүрегі адал әйел; мінсіз қылығы бар әйел; тағдырдың өзі жарылқаған жан; ерінің тілін алатын, ырзалыгын әйгілеп оған жағып отыра-тын әйел,- міне осындай бес түрлі сипаты бар әйелді жоқтап, уайымдауға болады, - деді.

Патша: - Кімде-кім Ирахтты қолыма тірі әкеп берсе, менен сол адам өзінің калаған дүниесін алар еді, - дегенде.

Илад: - Ақшаны өз жанынан артық көретін бес-ақ адам, соның бірі - жүлде алу үшін майданға шығатын, арпалысқа кіргенде бәйге алудан өзге ойы болмайтын жан; екіншісі - қолы кесілсе де, өлім жазасы төніп тұрса да, соған қарамастан құлыпты бұзып үйге түсетін, жол тосып жолаушыны талайтын кезеп ұры; үшіншісі - байлық іздеп теңізді кезетін саудагер; төртіншісі - тұтқынның күн санап көбеюін көксейтін, солардан олжа тауып күнелтетін абақты күзетшісі; бесіншісі - парақор қазы, - деді.

Патша: - Ей, Илад, Ирахтты өлтірдің де, сен өзіңе қарсы менің өшігуімді нығайта түстің-ау! - дегенде.

Илад: - Төрт түрлі өшпенділік өмірі бітпейді; мысалы: қасқыр мен қозының, мысық пен тышқанның, лашын мен құрдың, құзғын мен жапалақтың арасындағы кикілжің өмірі өшпесе керек, - деді.

Патша: - Ей, Илад, сен өлтірдің де Ирахттың тамаша көркемдігін жойдың-ау! - дегенде.

Илад: - Жеті түрлі адамның қылығынан жұртқа зиян келеді, соның бірі - шариғатқа жетік және тақуа, бірақ өзі туралы аңыз тарап, әйгілі болуынан сескеніп, сол білгенін ешкімге паш етпейтін адам; екіншісі - тартқан сыйының қадірін білмейтін, оспадар өтірікшіге жақсылық көрсететін патша; үшіншісі - кұлдарына әділеті жоқ, қатал және мейлінше мейірімсіз мырза; тәріншісі - бұзақы тентек баласына жақсылық істейтін, жауыз қылығын көргенде зекіп тастаудың орнына, жаба тоқып, кешіре беретіп ана; бесіншісі алдамшы опасызды адал деп сенетін адам; алтыншысы өзінің досын мінеуге асығатын жан; жетіншісі


- құдайды да, оған нанатын жақсы кісілерді де сыйламайтын адам, - депті.

Патша: - Ирахты ойлап уайымдағанда ұйкым ашылып кетеді, - деді.

Илад: - Ұйқтай алмайтын да алтау-ақ, соның бірі - талай жанды жазықсыз өлтірген қанды қолдың өткенді ойлап мазасы кетеді, екіншісі - сақтайтын сенімді кісісі жоқ, зор байлықтың иесі; үшіншісі - өзі көксеп жүрген дүние-мүлікке ие болу үшін өтірік жала жауып, біреуді орнынан тайдырған адам; төртіншісі

- өзіне де ауадай қажет ақшаны еріксіз беруге мәжбүр болған жан;

бесіншісі-азып-тозып бұзылған әйел; алтыншысы-сүйген досынан ажырасу қаупі төнген адам, - деп жауап қайырды.

Патша: - Ей, Илад, сенің маған көрсетер мейірімің жоқ па? - дегенде. Илад: - Мейірімсіз жан бесеу-ақ, соның бірі - тілі удай, ызақор патша; екіншісі - ақшаға жалданып өлікті арқалаған адам; үшіншісі - біреуді бас салып талап алу үшін іңір қараңғысын күткен ұры; төртіншісі - жұртты

түзу жолдан тайдырып, арамдыққа беттететін азғырушы әзәзіл; бесіншісі

- өзінде жоқты алуға үнемі есі кетіп, емешесі құрып тұратын, міне сол тілегіне жету үшін не өзін, не біреуді мерт қылмай тынбайтын содырлы сотқар адам, - деді.

Патша: - Мен Ирахттың өлімін тілеген жоқ едім-ау! - дегенде.

Илад: - Мынадай жеті нәрсені ешкім тілемесе керек, мысалы, жастық пен көркемдіктен қожырататын кәрілікті ешкім тілемейді, тамырдағы қанды тоқтатып, тәнді жүдететін ауруды кім тілесін, данышпандардың біліміне кесірін тигізетін, оның байсал-байыпты дұрыс билік шығаруына зақым келтіретін алқым ашуды да ешкім тілемейді, ақыл-сананы азайтатын, денсаулықты бұзатын алдын ала қам жеу, міне, мұны да ешбір жан көксемейді; зияны тиетін суықты да тілемейді; бар денені жабырқататын аштық пен шөліркеуді де аңсайтын адам болмаса керек; адамзаттың тұқымын құртатын ажалды да ешкім тілемесе керек, - деп жауап қайырды.

Патша: - Ей, Илад, сен Ирахтты алдаусыратып өлтірдің де түбіне жеттің-ау! - дегенде.

Илад: - Алдау сегіз түрлі болады: әділеті жоқ патшаның әкімдігі алдамшы; біліміне сай қылық жасамайтын

данышпанның сөзі алдамшы; күн мен айды бөліп тастап, жұлдыздарды санап шыққан есепшінің есебі алдамшы; күнәқардың күнәсі алдамшы; қараңғы түндегі ұрлық алдамшы; таласып отырып айтқан әйелдің сөзі алдамшы; әділдік туралы баяндаған брахмандардың әңгімесі алдамшы; жол күзеткен аңшылардың түсі алдамшы, - деді.

Патша: - Ей, Илад, бұдан кейін екеуміз, сірә, істес болмасақ керек, - дегенде.

Илад: - Сегіз адаммен істес болмау мақұл, соның бірі

- орынсыз өрескел ақыл беруші; екіншісі - ешбір іске тұрағы жоқ, адам; үшіншісі өзін үнемі жоғары санайтын өркөкірек жан; төртіншісі - өз пікірін ғана жәуіттейтін өтірікші; бесіншісі

- өзінен ақшаны артық бағалайтын сараң; алтыншысы - өз әліне қарамай

ауыр жұмыска кірісетін әлсіз жан; жетіншісі

- міні сорайып көрініп тұратын оспадар адам; сегізіншісі - өз туысымен үнемі таласып, кескілесіп өтетін жан, - деді.

Патша: - Ей, Илад, жарар енді, осы ісім жөнінде сен менің жүрегімдегі күдікті әбден күшейтіп болдың ғой! - дегенде.

Илад: - Адам он түрлі жағдайда танылуға тиіс. Батыл адам майданда танылады; әскери істі жетік білетін шебер жанды соғыс үстіндегі әдіс-айласы танытады; бөгде біреу мен қарым-қатыс жасап, соған көрсеткен биязылығы арқылы қожасы құлын таниды; патша өзінің момындығын, білімін, ақылын ашуы арқылы танытады; көпес өзінің ізгі қылығын сыбайластарына көрсеткен әділдігі арқылы танытады; ал оның сертті сөзіне беріктігін несиелі қарызын мезгілінде төлеу арқылы жұрт түсінеді; туған туыс бірін-бірі жаппай жәбірленген кезде, соны ортақтаса көтеру арқылы таниды; ақылды жанның саналы тапқырлығы ауыр пәлеге кезіккенде ғана байқалады; дарқан адамды мырзалығы, ізгілігі, аямпаздығы арқылы біледі: құлқынын көздеп, күн көргіш тамақ іздеп, қылмысқа бармауы арқылы кедей де өзін-өзі танытады, - деді.

Патша: - Ей, Илад, осынша ашуымды көре тұрып, сен менің алдымда тағы сөйлемексің бе? - дегенде.

Илад: - Үнемі ашулана беретін жеті адам: соның бірі - асығыс қимылдайтын, сіркесі су көтермейтін шыжалақ патша; екіншісі алды-артын байыптай алмайтын, мешеу қимылдайтын патша; үшіншісі - ізгілікке ұмтылмайтын ақылды жан;

төртіншісі - ізгілікті іздейтін жарымес; бесіншісі - пара алуды сүйетін қазы; алтыншысы - біреудің дүниесіне мырза, бірак өзінікін қызғыштай қоритын сараң адам; жетіншісі - осы сұм дүниеде алғыс алуды көксейтін жүлдеге құмар алаңғасар жан, -деді.

Патша: - Ей, Илад, сен мені де, өзіңді де алдадың-ау! - дегенде.

Илад: Өзін де, өзгені де алдайтын сегіз кісі, соның - жұртқа көп нәрсені үйреткісі келетін, бірақ өз ақылы шарын адам; екіншісі - салмақты да ақылды, бірақ ол ақылын халыққа үйретпейтін тымырсық жан; үшіншісі - өзі иеленуге тиіс емес, колы жетпейтінді көксеген адам; төртіншісі шеннен шыққан тәкаппар, пасык, дінсіз, жаны ашитын ақылды достарымен кеңесудің орнына өзі білермендікке салынатын жан, бесіншісі - өзінде ақыл жоқ, алды-артын бағу бойына бітпеген, сонда да игі жақсылар мен патшаларды шырғалауға тырысатын адам; алтыншысы

- өзінен анағұрлым білімдіні тойтарып бет қаратпайтын, оның сілтеген бағытын қабылдамайтын, сөйте тұрып білімді аңсайтын адам; жетіншісі - жүрегіндегі махаббатын сарка білдіріп, тектеусіз сенетін адал қарым- қатынас жасамай тұрып, патшаларға жалбаңдап қыбын табуға ұмтылатын жан; сегізінші - үнемі өтірік айтатын, пасық мінезді көке мылжың, үйретуші ұстазынан үлгілі тәрбие алуға тырыспайтын, міне, осындай үй басқарушысы мен қазынашысы бар патша, - деді.

Осыдан кейін Илад үндемей қалды, патшаның Ирахтты сағынуы күшейе түскенін және оны көруге қатты ынтыққанын ол жете түсінді де: - Көруге сонша сусаған, ынтыға сүйген ғашық жарын патшаға мен қазір-ақ әкеп берер едім, тек қана көп сөздер айтып, көп нәрсеге көндіріп, ұзақ уақыт алдандырғаным үшін мені жазаламай кешірсе екен. Жер бетінде саған тең келетін, сен сиякты патша жоқ, бұрын да болтан емес және ешқашан болмайды да, өйткені сені ашу жеңіп, ізгі ақылыңнан адастыра алмады. Сонымен қатар елеусіз орным, шағын ғана ақылым бар мендей жан сонша өсиет айтқанда, тықыршып мазаң кетіп, қалпыңды бұзбадың, ақыл мен саналы ойың көмек берді, қатты сүйгендіктен нәзік ұғып, дүние әлемнің қамын жедің, ешкіммен ізгі қарым-қатысыңды өзгертпедің, басыңа келген ауыртпалыққа

жұлдызыңның оңынан тумай, солынан тууы себепкер болып кезіккен болмашы уакиға, көңілсіз жағдай еді. Бұл тәңірінің саған өзі арнап жіберген еншісі еді, тағдырдың күн ілгері жазуы болатын-ды, сені ұлы бақытсыздыққа душар етті, сол ауыр халге сен осылай кезігіп едің; бірақ енді торықпа да, қамықпа, істің ақыры қайырлы болғанына қанағат қыл да, жаныңды тишықтырып, осыған жұбана біл! Сенен гөрі жаратылысы басқа жандар болса, өздерін күдіктенуге, менменсуге билетіп, мендей сорлыны өлтірген болар еді, масқаралап, абыройсыз, атақсыз етіп көзін мүлде жояр еді ғой. Патшаға қанша жаны ашыса да, көп нәрсені білетін сұңғыла көреген шебер болса да, бәрібір әлгі адамды орнынан тайдырып, қаңғыртып: қуып жіберер еді. Бірақ осыны істеп, одан құтылған күні, өздері опық жеп, уайымдар еді, алайда сол уайымдаудан ешбір жеміс, ешбір пайда шықпас та еді, тек бақытсыздығын күшейтіп, жабығып, камығуын ұлғайтар еді. Ей, патшам, менің мына күйкі түріме, болмашы сияғыма қарамастан, ізгі табиғатың мен телегей-теңіз ақылыңа билетіп, өзіңді-өзің ұстай білдің, ұзақ айткан әңгімемді шыдап тыңдадың. Сені қалтқысыз сүйгендіктен, қайғыға қимадым, тіліңді алмай осы қылықты істедім, мені жазаға тартуыңа, атып өлтіруіңе өзім сылтау тауып бердім, соның бәрін істеп, міне мен қазір алдыңда отырмын, сонда да сен мені өлімге бұйырмай тұрсың ғой, ендеше сол үшін: патшам, мен саған үлкен алғыс айтам,- деді.

Жувейірдің шешесі Ирахттың тірлігін естігенде патша қатты қуанды да Иладқа карап: - Саған ашуланбай сабыр еттім, өйткені сен мені шексіз жақсы көресің, керек сөзіңді бүкпей шын айтасың, осыны білдім, сенің ізгі ақылыңа сүйендім де Ирахтты өлтірмес деп сендім. Егер Ирахт менің басыма лаң салса, өрескел сөзге барса, ол маған дұшпандык істеу үшін, ие зиян келтіру үшін барған жоқ еді. Мұның бәрі тек қызғанудан туды ғой. Айып менде екенін білдім, ендеше, оның қылығына ашуланбай-ақ көтеруім керек еді. Рас, Ирахт жөніндегі бұйрықты саған орында деп берген жоқ едім, міне соны да сенің түсінетініңді білдім. Бірақ сені өлтірмегенімді мойныма алсам, жазалайды деп қорықтың, сөйтіп патшаны күдіктендіріп көп әуреледің. Алайда ондай қылық жасаудан, ондай ойға барудан, құдай сақтасын, мен аулақпын. Сенің алғыс аларлықтай еңбегің сіңді, бар да Ирахтты ертіп кел, оны өзіме қайырып бер, - деді.

Илад: патшаның үйінен шықты да Ирахтқа барып, салтанатты киіміңді киіп, сәнденіп шық дегенді айтты. Ирахт таптындырмай орындады да, Илад оны патшаның алдына алып келді. Патша әйелін көргенде қатты қуанды да: - Тілегеніңді істе. Бүгіннен былай бетіңнен қақпаспын, тілегіңді түгел орындармын, - деді.

Ирахт сонда: - Тәңірі тағалам ұзағынан сүйіндірсін, патшалығыңның өмірін ұзаң қылсын! Пейіліңді кеңге салып, егер өзің аямаған болсаң, онда бүгін маған істеген ісің жөнінде сен қатты күйзеліп өкінбес пе едің? Ал егер сен еш уақытта мені есіңе алмасаң, онда шынында да, өзіңнің өткен өмірің бойынша өліп кетуге лайық едім. Мені өлтіруден тоқталып, сенің аяуыңа Илад өзінің аянышын еселеді, егер сенің кең пейіліңе сенбесе, сонымен қатар өзі де аямаса, әділдік пен адамгершілік істемесе, онда сенің жарлығың орындалар еді де мен құрып суалған болар едім, - деді.

Патша енді Иладқа бұрылып: - Сен маған сондай жақсылық істедін, ол үшін алғыс айтуым керек шығар және мұндай жақсылықты ешбір патша өзінің құлдарынан бұл жалғанда көрмеген болар. Ирахтты өлтірмей қайта оны өмірге жетектеп әкеліп, өлгенімді тірілтіп, өшкенімді жандырдың, маған қайта сыйладың, ешкім ешқашан маған осындай пейілін көрсеткен емес. Дәл бүгін мен саған шын разымын, - деді.

Илад сонда: - Мен кұлыңмын ғой, не айтайын, өзің де көріп отырсың, сайып келгенде өкінішке душар етіп, сергелдең мен уайымға соқтыратын осындай келелі іске беттегенде күні бұрын асықпасаң екен, міне, менің бар тілегім осы. Мен бұл әңгімені козғап отырғам жоқ, мұндай істі жер бетінен іздеп табу да қиын ғой, - деді.

Патша: - Ей, Илад, сен шындықты айттың-ау!

Нұсқағаныңның бәрі дұрыс, айтқаныңды түгел қабылдадым, басыма түскен мына бақытсыздык тәрізді ұлы уақиғада осы сиякты етіп сенің тілегіңді орындамасқа, сірә, болар ма екен, осыдан кейін мен үлкенді-кішілі істің қайсысында болсын, сенімен ақылдаспай, алды-артымды әбден зерттемей ешбір қадам жасамаспын-ау! - деп серт берді.

Сонсоң патша баяғы көйлекті Ирахтқа кигізді де, ойнап- күліп әйелдерінің сарайына жөнелді. Осының артынан баяғы

брахмандарды, патшаның үй ішін, туған туыстарын қырғызуға ынтыққан адамдарды өлтіру жөнінде патша Иладпен ақылдасты, олардың біразын қырды, біразын дүние-мүлкінен ажыратты, қалғандарын жер аударды. Мемлекеттің игі жақсылары мен патшаның көңілі тойып, мейірі қанды, олар тәңірісін мактады; оның даңқын аспанға көтерді. Үздік ақылы мен үлкен сақтығы үшін Кинан Абизунға алғыс айтты, өйткені соның шарапаты тиіп патшаның өзі де, оның елден ала бөтен жақсы көретін әйелі де, балалары да, игі уәзірлері де ажалдан аман қалды.

Ізгі сана, асқан ақыл мен білгірлік жөнінде баяндалатын тарау осы

еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет