Сайыстың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі21,5 Kb.
#33039
  • ««Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» »

  • САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
  • балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

  • І топ:«Білгірлер».
  • Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
  • ІІ топ:«Тапқырлар».
  • Ұраны: «Пайда ойлама ар ойла,
  • Талап қыл артық білуге».

  • Сайыс Қазақ хандығының 550 жылдық және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойларына және 22 қыркүйек Қазақстанхалықтарының тілдеріне арналады

Сайыс жоспары:

  • Сайыс жоспары:
  • І бөлім: Жедел жауап.
  • ІІ бөлім: Тіл – өнер .
  • ІІІ бөлім: Бәрін білгім келеді.
  • ІV бөлім:Қызықты ұйқастар.
  • V бөлім: Өлең-сөздің патшасы.

I КЕЗЕҢ

  • I КЕЗЕҢ
  • «Жедел жауап».
  • Шарты: Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады.
  • І топтың сұрақтары:
  • ҚР – астанасы қай қала?
  • Астана
  • Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым?
  • Президент
  • Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?
  • Юрий Гагарин
  • Қазақтың атақты күрес шебері.
  • Қажымұқан
  • 1маусым қандай мереке?
  • Балаларды қорғау күні
  • Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?
  • Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова
  • Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма
  • Күй
  • 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан женімпазы
  • Илья Ильин
  • ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер?
  • Ш. Қалдаяқов
  • Ж. Нәжімеденов
  • Н. Назарбаев
  • Абайдың шын аты кім?
  • Ибраһим
  • ІІ топтың сұрақтары:
  • ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін ата
  • Ту,
  • Елтаңба, Әнұран
  • Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
  • 1991 жылы 1 желтоқсанда
  • Қазір қай
  • жыл?
  • 2015 жыл
  • Қой жылы
  • Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?
  • Тоқтар Әубәкіров
  • Қазақтың үш биін ата.
  • Төле би
  • Қазбек би
  • Әйтеке би
  • ҚР-ның Тәуелсіздік күні.
  • 1991 жыл
  • 16 желтоқсан
  • Ұлттық валюта қандай, қай жылы айналымға енді?
  • Теңге
  • 1993 жылы 15 қарашада
  • 6 шілде қандай мереке?
  • Астана
  • күні
  • Тудың авторы
  • кім?
  • Шәкен Ниязбеков
  • Елтаңбаның авторлары кім?
  • Шота Уәлиханов
  • Жандарбек Мәлібеков

  • II КЕЗЕҢ
  • «Тіл- өнер»
  • І топтың сұрақтары:
  • Ең тәтті де тіл,...
  • ең ащы да тіл
  • Оқу – білім бұлағы, ...
  • білім-өмір шырағы
  • Жүз сом ақшаң болғанша, ...
  • жүз досың болсын
  • Білім таппай мақтанба, ...
  • өнер таппай баптанба
  • Тіл –
  • қылыштан ...
  • да өткір
  • Отан ...
  • оттан да ыстық
  • ІІ топтың сұрақтары:
  • Шебердің қолы – ортақ, ...
  • шешеннің тілі – ортақ
  • Отансыз адам – ...
  • ормансыз бұлбұл
  • Ер жігіт елі
  • Үшін туады, ...
  • елі үшін өледі
  • Мектеп – кеме, ...
  • білім – теңіз
  • Жақсы жолдас – жанға
  • серік, ...
  • жаман жолдас – малға серік
  • Өнер
  • алды – ...
  • қызыл тіл

  • III КЕЗЕҢ
  • «Бәрін білгім келеді»
  • Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
  • Фонетика нені зерттейді?
  • Тіл дыбыстарын зерттейді
  • Қазақ тілінде неше септік бар?
  • Қандай?
  • 7 септік бар.
  • Атау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік.
  • Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  • Оларды атап бер.
  • 2-ге бөлінеді.
  • Дара және күрделі
  • Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер.
  • Есімдіктер
  • ІV кезең. Қызықты ұйқастар.
  • Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
  • І топтың сұрақтары:
  • Жизнь – өмір, уголь –….
  • көмір
  • Число – сан, кровь – ...
  • қан
  • Молоко – сүт, жди –…
  • күт
  • Человек –адам,
  • шаг – ...
  • қадам
  • Таможня – кеден, пол –...
  • еден
  • ІІ топтың сұрақтары:
  • Возьми – ал, мед – …
  • бал
  • Рыба – балық, народ –…
  • халық
  • Дверь – есік, колыбель –…
  • бесік
  • Город – қала, ребенок – …
  • бала
  • Игра – ойын, шея –…
  • мойын

V кезең. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

  • Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

Қорытынды.

  • Білімнің мініп алып тұлпарына,
  • Қиналмай шықты білім шындарына.
  • Бүгінігі сайысымыз аяқталды,
  • Сөз кезегі әділқазы алқасына.
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
  • РАХМЕТ!!!  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет