балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
І топ:«Білгірлер».
Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
ІІ топ:«Тапқырлар».
Ұраны: «Пайда ойлама ар ойла,
Талап қыл артық білуге».
Сайыс Қазақ хандығының 550 жылдық және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойларына және 22 қыркүйек Қазақстанхалықтарының тілдеріне арналады
Сайыс жоспары:
Сайыс жоспары:
І бөлім: Жедел жауап.
ІІ бөлім: Тіл – өнер .
ІІІ бөлім: Бәрін білгім келеді.
ІV бөлім:Қызықты ұйқастар.
V бөлім: Өлең-сөздің патшасы.
I КЕЗЕҢ
I КЕЗЕҢ
«Жедел жауап».
Шарты: Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады.
І топтың сұрақтары:
ҚР – астанасы қай қала?
Астана
Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым?
Президент
Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?
Юрий Гагарин
Қазақтың атақты күрес шебері.
Қажымұқан
1маусым қандай мереке?
Балаларды қорғау күні
Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?
Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова
Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма
Күй
2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан женімпазы
Илья Ильин
ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер?
Ш. Қалдаяқов
Ж. Нәжімеденов
Н. Назарбаев
Абайдың шын аты кім?
Ибраһим
ІІ топтың сұрақтары:
ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін ата
Ту,
Елтаңба, Әнұран
Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
1991 жылы 1 желтоқсанда
Қазір қай
жыл?
2015 жыл
Қой жылы
Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?
Тоқтар Әубәкіров
Қазақтың үш биін ата.
Төле би
Қазбек би
Әйтеке би
ҚР-ның Тәуелсіздік күні.
1991 жыл
16 желтоқсан
Ұлттық валюта қандай, қай жылы айналымға енді?
Теңге
1993 жылы 15 қарашада
6 шілде қандай мереке?
Астана
күні
Тудың авторы
кім?
Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары кім?
Шота Уәлиханов
Жандарбек Мәлібеков
II КЕЗЕҢ
«Тіл- өнер»
І топтың сұрақтары:
Ең тәтті де тіл,...
ең ащы да тіл
Оқу – білім бұлағы, ...
білім-өмір шырағы
Жүз сом ақшаң болғанша, ...
жүз досың болсын
Білім таппай мақтанба, ...
өнер таппай баптанба
Тіл –
қылыштан ...
да өткір
Отан ...
оттан да ыстық
ІІ топтың сұрақтары:
Шебердің қолы – ортақ, ...
шешеннің тілі – ортақ
Отансыз адам – ...
ормансыз бұлбұл
Ер жігіт елі
Үшін туады, ...
елі үшін өледі
Мектеп – кеме, ...
білім – теңіз
Жақсы жолдас – жанға
серік, ...
жаман жолдас – малға серік
Өнер
алды – ...
қызыл тіл
III КЕЗЕҢ
«Бәрін білгім келеді»
Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
Фонетика нені зерттейді?
Тіл дыбыстарын зерттейді
Қазақ тілінде неше септік бар?
Қандай?
7 септік бар.
Атау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік.
Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Оларды атап бер.
2-ге бөлінеді.
Дара және күрделі
Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер.
Есімдіктер
ІV кезең. Қызықты ұйқастар.
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
І топтың сұрақтары:
Жизнь – өмір, уголь –….
көмір
Число – сан, кровь – ...
қан
Молоко – сүт, жди –…
күт
Человек –адам,
шаг – ...
қадам
Таможня – кеден, пол –...
еден
ІІ топтың сұрақтары:
Возьми – ал, мед – …
бал
Рыба – балық, народ –…
халық
Дверь – есік, колыбель –…
бесік
Город – қала, ребенок – …
бала
Игра – ойын, шея –…
мойын
V кезең. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.