Сайыстың тақырыбы: Білім-сарқылмас бұлақ,өнер-өмірлік мұрат



Дата15.09.2017
өлшемі151,71 Kb.
#32937
Сайыстың тақырыбы:Білім-сарқылмас бұлақ,өнер-өмірлік мұрат

Сайыстың мақсаты: оқушылардың бойына сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу;

Сайыстың жүрісі:

Атам қазақ сонау заманнан бері ақылды бала өсіріп,дұрыс тәрбие беруге көп көңіл бөлген. «Балаңды өз тәрбиеңмен емес,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»деген.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы-ата-анасы. «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер»дегендей,баланың бағын ашуда бастапқы баспалдақта ата-ананың тәрбиесі ерекше орын алады.Балаңыз өзіңізге ұқсап,әрбір іс-әрекетінен үлкенге құрмет,кішіге ізет байқалып тұрсын деп тәлейік!Ата-ананың тәрбиедегі бағыттарын,жақсы ниет,бастамаларын отбасы мен мектептегі байланыс жалғастырып,одан әрі дамытып жатса,нұр үстіне нұр емес пе?

Құрметті ата-аналар,бала бойына сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу-біздің басты мақсатымыз.ендеше ,

Білгенге білім-байлық,бағасы артық

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай

Үйренсең өнер-білім өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің бағасындай,-деп «Білім-сарқылмас бұлақ,өнер-өмірлік мұрат» атты сайысымызды бастаймыз!

Бүгінгі сайыстың мақсаты -оқушылардың білімін,ой ұшқырлығын,жылдамдығын,тапқырлығын,шешендігін,икемділігін байқау.

Әділқазылармен таныстырайын Төлепова.А

Сымбат

Таласбаева Фариза



1.Топты таныстыру,ұраны,әні

2. «Тәрбие тал бесіктен» үйтапсырмасы



3. «Көңілді әзіл»бөлімі

4. «Білімді мыңды жығар»деп аталады,бұл сайыста оқушылар қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілдерінен,математикадан берілген сұрақтарға жауап береді.

Тіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,

Өйткені атаң менен анаң сүйген.

Ал мұны біліп қана қойсаң күнә,

Мұрат ет жалғастырып балаң сүйген,-деп қазақ тілінен берілген тапсырмаларға жауап беріңіздер.

1-топ:бағасыз,апар,әдептілік,жиырма бестей

2-топ:шипалы,білезік,тоқсан,белгіледі

3-топ:қара көк,аяқ-табақ,алтау,шуламайды

«Үш тұғырлы тіл»-біздің ұранымыз,

Сәуле апайдан көп сұрарымыз

Орыс тілін меңгеріп тиянақты

Қатесіз берейікші біз жауапты.

Оқушылар,қазақша берілген мәтінді орыс тіліне аударады.

Үш тұғырлы тілдің бірі-ағылшын

Арамыздан тілші ұлдар табылсын

Шетел тілін меңгерсек тереңірек

Жемісін болашақта біз көрер ек,-деп енді сіздерге ағылшын тілінде мәтін берілген.Сол мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Төрт амалды қолданған,

Төресі ол ғылымның

Математика деп ұғам

Қиынның нағыз қиыны,-деп математика пәні бойынша логикалық сұрақтарға жауап берсеңіздер.

1.Бөлменің 4бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.Барлығы бөлмеде неше мысық отыр?(4)

2.1т мақта ауыр ма,10ц темір ауыр ма?(тең)

3.Алты аяқ,екі арқа,бір бас.Бұл не?

4.Төрт қайың өсіп тұр.Әрбір қайыңда төрт-төрттен үлкен бұтақ бар.Әр бұтақта төрт-төрттен алма бар.Барлық алма саны қанша?

5.Бес бірлікті пайдаланып 100санын жаз.

6.қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?(құс жолымен)

7.Ағаш үстінде 100торғай отырады.Аңшы 10торғайды атып алады.торғаүйдың қаншасы қалады?(10торғай)

8.үстел үстінде үш стакан шие тұр.Марат 1стакан шиені жеп қойды.Неше стакан қалды?(3стакан)

9.Тауық бір аяғымен тұрғанда 4кг,ал екі аяғымен тұрғанда неше кг?(4кг)

Жан ана жарық күн жанарың,

Бір сенде кеңдігі даланың.

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сеземін көктемнің самалын.

Әлемге тыныштық тілеген

Жан ана жаныңа гүл егем

Балалық жүрекпен айтылған

Махаббат белгісі бұл өлең.

Құрметті ата-аналар, ендігі бөліміміз жүректен жүрекке деп аталады,балаларыңыздың ақ жүреғінен шыққан ыстық лебізін қабыл алыңыздар.Берілген әріпті падаланып анаңызға жақсы лебізіңді арнаңыз.

Ата-аналар,сіздер де балаларыңызды еркелетіп, жылы сөздеріңізді арнасаңыздар.

Ата салтым-асыл мұрам,ардағым

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім

Өткенімді бүгінменен жалғадым,-деп салт-дәстүр,әдет-ғұрыпқа байланысты сұрақтар беріледі.

Базарлық-алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.

Байғазы-балалардың,жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай,заттай сыйы.

Сүйінші-шын қуаныштың белгісі.

Үш байлық:денсаулық,ақ жаулық,он саулық

Бес дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ

Бес асыл іс:талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым.

Оқимыз жақсы сабақты

Пісіреміз дәмді тамақты

Тәлім берген біздерге,

Рахмет үлкен сіздерге,-деп біздің аспаздардың да өнерін тамашалаңыздар.Сіздерге жеміс-жидектерді ұсынамыз.ол жеміс-жидектерді сіздерге

Аслан,Руслан,Бекарыс атты ұлдарыңыз арнайы әзірлеп ұсынады.

Оқушылар дайын болғанша мәнерлеп оқу сайысын тамашалаңыздар.

Екпін Гүлназ «Туған жер»

Жүсіп Ақерке «Қазақ тілі»

Сираж Айбек «Мен қазақ»

Ендігі сөзді әділқазыдар алқасына береміз.

Құрметті ата-аналар,бүгін сіздер балаларыңыздың білімін,өнерін көріп тамашаладыздар.Бүгінгі сайысымыздың негізгі мақсаты:әдептілікке ,үлкенді,ата-ананы сыйлауға үйрету,мейірімді ,тіл алғыш елгезек болуға ,халқының салты мен дәстүрін қадірлеуге,білімді болуға,өз ұлтының нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.

 

 

2016 – 2017 оқу жылында ҰБТ –дан оқушылардың білім сапасын іске асыру жоспары



 

Мақсаты: 11 «А» сынып оқушыларын сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ –ны жақсы тапсыруға ықпал ету.

 

Міндеттері: Құзыреттілігімнің өсуінің соңғы нәтижесін анықтау;



 Оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына бағытталған оқу тәрбие үрдісінің сапалы көрсеткіштерін бақылау;
 

Өткізілетін іс-шара Мерзімі Жауапты Қорытындылау нысаны

 1.

Оқу жылының білім



 

сапасын болжау Жыл бойы

 

 

20 ұпай



 2.

Аралық бақылау тесті өткізу

 

Жыл бойы


 

МолдыбаеваӘ.М.

 

Апта сайын



 3.

Тест нәтижесін жәнеқорытындысын талдап отыру

 

Жыл бойы


 

МолдыбаеваӘ.М.

 

Апта сайын



 4.

Пән бойынша әр оқушыға жеке түзету жұмыстарын енгізу.

 

Жыл бойы


 

МолдыбаеваӘ.М.

 

Мониторингөткізу



 5.

қателерінеталдау жасау Жіберілген.

 

Уақытында



 

МолдыбаеваӘ.М.

 

Апта сайын



 6. оқушыларменжеке жұмыстар өткізу

Төмен ұпай жинапотырған

 

Үнемі


 

МолдыбаеваӘ.М.

 7.

ҚР

 



БҒМ білім беру мен тестілеудің мемлекеттікс тандарттарының ұлттық орталығы шығарған оқу –әдістемелік құралменжұмыс істеу

2016 – 2017 оқу жылында ҰБТ –дан оқушылардың білім сапасын іске асыру жоспары

 

Мақсаты: 11 «А» сынып оқушыларын сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ –ны жақсы тапсыруға ықпал ету.



 

Міндеттері: Құзыреттілігімнің өсуінің соңғы нәтижесін анықтау;

 Оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына бағытталған оқу - тәрбие үрдісінің сапалы көрсеткіштерін бақылау;



қ/с

Өткізілетін іс-шара

Мерзімі

Жауапты адам

1

Қазақ тілі пәнінен қосымша сабақтар өткізу

Жыл бойы

Өтесова.А


2

Тест нәтижесін және қорытындысын талдап отыру




Үнемі

Өтесова.А

3

Мониторинг жүргізу

Үнемі

Пән мұғалімі

4.

Төмен ұпай жинаған оқушылармен жеке жұмыс жүргізу

Үнемі

Пән мұғалімі

5

БҒМ білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы шығарған оқу –әдістемелік құралмен жұмыс істеу



Үнемі

Пән мұғалімі

6

Ата-аналармен байланыста болу

Үнемі

Пән мұғалімі

7

«Алтын белгі» үміткерлерімен жеке жұмыс жүргізу

Үнемі

Пән мұғалімі













Бекітемін: Бекітемін:

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:

Абдирахманов.О Бимағанбетова.А

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 7-сыныпқа дайындалған билет сұрақтары
1-билет


  1. «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Қозының батырға тән мінездерін талдап жазыңыз(эссе)

  2. Зат есім,түрлері,түрленуі

2-билет
1.Дулаттың «Аягөз,қайда барасың?»өлеңіне арқау болған қандай мәселелер екенін талдап жазыңыз.(эссе)

2.Сын есім,түрленуі

3-билет

1.Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға»өлеңіндегі автор ойын талдап жазыңыз.(эссе)



2.Сан есім,түрленуі

4-билет


1.Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?(эссе)

2.Есімдік,түрленуі

5-билет

1.Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын»өлеңіндегі автор ойын талдап жазыңыз.(эссе)



2.Көсемше,түрленуі

6-билет


1.Жамбылдың «Аттандыру» өлеңінде қоштасу сарыны бар екенін дәлелдеп жазыңыз.(эссе)

2.Есімше,түрленуі

7-билет

1.І.Жансүгіровтің «Бөбек бөлеу»өлеңіндегі айтайын деген өзекті ойын анықтап жазыңыз.(эссе)



2.Осы шақ,түрлері

8-билет


1.Туған жер-алтын бесік(эссе)

2.Рай,түрлері

9-билет

1.М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі Көксеректің түз тағысы екенін дәлелдеп жазыңыз(эссе)



2.Келер шақ,түрлері

10-билет


1.Астана-тәуелсіздіктің жемісі(эссе)

2.Өткен шақ,түрлері

11-билет

1.Ғ.Мүсірепов әңгімесі неге «Ананың анасы» деп аталған?(эссе)

2.Сөз тіркесі туралы түсінік

12-билет


1.Салтым-асыл қазынам(эссе)

2.Сөз тіркесі,тұрақты тіркес,күрделі сөздер

13-билет

1.Аян бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді байқадыңдар(эссе)

2.Сөздердің байланысу тәсілдері

14-билет


1.Ұстаз-ұлы тұлға(эссе)

2.Сөздердің байланысу түрлері,қиысу

15-билет


  1. Дулаттың «Аягөз,қайда барасың?»өлеңіне арқау болған қандай мәселелер екенін талдап жазыңыз.(эссе)

  2. Матасу,меңгеру

16-билет

1.Ана-өмір шуағы(эссе)

2.Қабысу,жанасу

17-билет


1.Кім болам?(эссе)

2.Дауысты,дауыссыз дыбыстар.Түрлері.

18-билет


  1. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі Көксеректің түз тағысы екенін дәлелдеп жазыңыз(эссе)

  2. Буын,түрлері

19-билет

1.Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын»өлеңіндегі автор ойын талдап жазыңыз.(эссе)

2.Сөз мағыналары.

20-билет


1.Туған жер-алтын бесік(эссе)

2.Сөздердің қолданылу аясына қарай түрлері.




Дайындаған: Пән мұғалімі : Өтесова.А
Каталог: uploads -> doc -> 123b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
123b -> Мектеп директоры: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
123b -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерге сенсорлық құрылғы туралы түсіндіру; Дамытушылық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет