Сайыстың тақырыбы: «Информатика лидерлері».
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақпанның 13-18 аралығында мектебімізде «Физика, информатика және математика» апталық өтіп жатыр. Соған байланысты 6 сыныптар арасынан «информатика лидері» атты сайыс өткізгелі тұрмыз.
Сайысымыздың мақсаты: Алған білімдерін пысықтау, қорытындылау.
Міндеті: Оқушылардың ойлау қабілетін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру.
Девиз: Оқу-инемен құдық қазғандай
Енді сайысқа қатысатын топтармен танысып өтейік
1.
2.
3.
Әділқазы алқасы:
Информатика пәні мұғалімі:Алиакпарова Ақмарал
Математика пәні мұғалімі:Махмутова Самал
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
Бәйге
Полиглот
Жұмбақ шешу
Дешифратор
Егер мен болсам…
Оратор
Жорға
Оқушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.
І. Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз-дей отырып,
Бәйге кезеңін бастаймыз.
Оқушылар берілген сұраққа жауап береді ,әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алады.
«Логикалық сұрақтар»
Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай
• Елеуішпен су әкелуге бола ма?
• Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны қанша?
• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
• Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше
стакан қалды?
• Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?
• Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
ІІ. Полиглот
Келді кезек полиглотты шешуге
Жауаптарын үш тілдерде беруге
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
30 ұпай шәкірт саған несібе.
Келесі кезеңіміз «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша жауап береді .
Терезені жабу
( Файл-шығу, файл выход,)
Көшіру командасы
( Түзету –көшіру, Правка-копировать,)
Қиып алу командасы
(Түзету- қиып алу, правка-вырезать,
Сақтау командасы
( файл-сақтау, файл-сохранить,)
Қайта қою командасы
( Түзету-болдырмау, Правка-отменить,)
Болдырмау командасы
(Түзету-қайта қою, Правка-отменить,)
Құжатты ашу
(Файл-ашу, файл-открыть)
Мұғалім:
Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Қиын жұмбақ бәрі бар
Сайыста көңілмен қол соғайық – деп ІІІ - кезең. «Жұмбақ шешу» жұмбақтың жауабын үш тілде айту керек
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)
Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)
Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді....(сканер)
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)
Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені...(кактус)
ІҮ тур. «Дешифратор» кезеңі
Ойынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І командаға
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
ІІ командаға
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
ІІІ командаға 1. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
2. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
4. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)
5. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
6. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
7. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
V. Егер мен болсам…
Егер болсақ мамандықтың иесі
Не істер едің бұл өмірге жүйелі
Ауыр тастан, өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан, баба сөзі киелі
Сайысымыздың келесі кезеңі- “Егер мен болсам…”
Тышқан шаригі кірленіп, жүрмей қалған жағдайда не жасар едің? Ол үшін алдарыңызға мынадай 8 түрлі затты беріп отырмыз. Осы заттарды қалай пайдаланасыңдар. Ойлауға 1 минут уақыт берейік.
1.Табақтағы су
2.Сабын
3.Орамал
4.Ақ бет қағаз
5.Спирт
6.Мақта
7.Отвертка
8.Қайшы
Жауабы: Алдымен тышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабынды суға жуып, орамалға сүртіп, ақ беттің бетіне әбден кепкенше қоямыз. Ал тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз. Тек содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, қолдануға болады.
Мұғалім:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға - деп 3 - кезең. «Физ минутка»
Сендер шаршаған шығарсыңдар. Енді аздап дем алып, кім түсініктерді ойында тыңғылықты сақтай алатынын тексерейік. Бұл ойын «3, 13, 33» деп аталады. 3 дегенде қолды созамыз, 13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе ауыстырып созғандар ойыннан шығады.
V. Оратор
Білімдіден шығады алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең
Компьютердің зияны мен пайдасы.
1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.
VІ. Жорға. Ең қиыны жарыстың жорға келді, Мықтылары қалыпты, жеңсін енді. Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай Осы ойыннан көреміз ерен ерді. Сайысымыздың келесі кезеңі- «Жорға» тақтада берілген тестке джостик арқылы жауап беру
Қорытынды: Әділқазылар жеңімпаз болған оқушыларды I, II, III орынмен марапаттау.
Мұғалім:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |