Сайрам аудандық білім беру бөлімі Бұйрық №16 Ақсукент «19» 01. 2009ж



Дата04.08.2017
өлшемі55,86 Kb.
#22989
Сайрам аудандық білім беру бөлімі
Бұйрық №16
Ақсукент « 19 » 01. 2009ж
«Информатика пән мұғалімдерінің

аудандық «Алтын диск» байқауын

өткізу туралы»
Облыстық білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының жоспарына сай информатика пән мұғалімдерінің біліктілігі мен шығармашылығын дамыту ,білім беру мекемелерінде информатика пәнінен шығармашылық пен еңбек ететін мұғалімдерді анықтау және олардың мәртөбесін көтеру мақсатында
Бұйырамын:
1. 2009 жылдың ақпанның айының 10 жұлдызында сағат 10.00 –де С.Сейфуллин атындағы көпсалалы мектеп-гимназия базасында «Алтын диск » байқауының аудандық кезеңі өткізілсін.

2. Бекітілсін:




  • Аудандық байқау ережесі;(қосымша 1)

  • Аудандық байқаудың Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы;

3. Мектеп директорларына:

  • Информатика пән мұғалімдерінің аудандық кезеңіне қатыстыру мектеп әкімшілігіне тапсырылсын:

4. Осы бұйрықтын орындалуын бақылау білім беру бөлімінің бастығының орынбасары М.Асқароваға жүктелсін.

Аудандық білім беру

бөлімінің бастығы: Н.Қаратай

Қосымша 1

Алтын диск” информатика мұғалімдерінің

аудандық байқауын өткізу туралы

Е Р Е Ж Е

Аудандық білім беру бөлімі өткізеді.



Байқаудың мақсаты:

  • информатика мұғалімдерінің практикалық икемділігі мен дағдысы деңгейлерін анықтау;

  • информатиканы оқыту барысында инновациялық идеяларды, формалар мен әдістерді іздеу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы информатика мұғалімдерінің кәсіптік құзырлылығын көтеру;

  • информатика мұғалімдерінің озық іс-тәжірбиесін тарату.

Байқауға қатысушылар

Байқауға ауданның жалпы білім беретін мектептердің информатика пән мұғалімдері қатысатын болады.



Байқауды ұйымдастыру реті мен оны өткізу мерзімдері

Бірінші кезең аудандық білім мекемелері базасында, яғни аудандық/қалалық/ байқау 2009 жылдың 10ақпан айында өткізілетін болады.

Екінші кезең облыстық білім қызметкерлерінің мамандығын көтеру орталығы базасында, яғни облыстық байқау 2009 жылдың 17-19 ақпан айында өткізілетін болады.

Республикалық байқау Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институт базасында 2009 жылдың 13-16 сәуірінде өткізілетін болады.

Облыстық байқауға аудандық/қалалық/ байқауларының жеңімпаздары жіберіледі. Облыстық байқауға қатысушылардың жол-төлем ақылары жіберілетін мекеменің есебінен төленеді.

Байқаудың мазмұны

Байқау барысында білім мекемелерінің қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналардың арасында мамандық деңгейі жоғары шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім айқындалады.

Байқаудың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайтын болады:

-мамандық шеберлігі, оған сәйкестілігі, жекетұлғалық сапасы(шығармашылығы, импровизация және т.б.);

- мұғалімдердің жұмысы мен оқыту технологиясын пайдалану жүйесі;

- педагогикалық қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі.



Байқау финалында мына мәселелер қарастырылады:

  • шығармашылық көрме, өз тұжырымдамасын қорғау (мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесі);

  • панорамалық немесе сынақ сабақ;

  • сыныптан тыс шаралар(бейнеүзінді 15-20 минут);

  • мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен шығармашылық көрмесі;

  • мұғалімнің шығармашылық және мамандық қабілеттерін анықтайтын тапсырмалар( байқаудың қазылар алқасының шешімі бойынша).

Байқауға қойылатын негізгі талаптар

Панорамалық сабақты өткізу барысында негізгі мазмұнды, басты идеяны және өз тәжірбиесі сияқты негізгі педагогикалық іс-әрекеттерінің бағыттарын көрнекі түрінде баяндау қарастырылады.

Байқауға ұсынылатын іс-тәжірбиелер қазіргі сабаққа қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Панорамалық сабақтың ұзақтылығы 30 минуттан артпау керек.

Осы уақыт аралығында автор өз іс-тәжірбиесін теориялық тұрғыдан негіздеп, сабақтың үзінділерін көрсетуі тиіс. Сабақтың мазмұны кескіндермен, кестелермен, көрнекі және дидактикалық материалдармен безендіріліп, копьютермен немесе басқа да техникалық құралдармен көрсетілуі қажет.

Педагогикалық программалық құралдар компьютерде көрнекі түрде көрсетіледі және онда мына мәселелерге баса назар аударылуы керек:



  • оқу мақсаты мен оның негізгі идеялары;

  • оқу мақсатын жүзеге асырудың толымдылығы;

  • программаның безендірілуі;

  • қолданушылық интерфейсі;

  • оқу процесі мен сабақтарға программаның құрылу бағыты;

  • программаның қолдану әдістемесі;

  • программаны қолдануға арналған нұсқаулар.

Информатикадан оқу-әдістемелік құралдарын жасақтауда мына мәселелер ескерілуі керек:

  • курстың немесе оның бөлімдерінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестілігі;

  • материалды ұсынудың толымдылығы;

  • ыңғайлылығы;

  • көрнекілігі;

  • технологиялық сипаттамасы;

  • тираждап шығаруға дайындылығы.



Аудандық байқауға материалдарды тапсыру реті.

Аудандық байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

  • Мектеп басшыларының қолы қойылған аудандық байқауға қатынасу өтініші;

  • Ұзақтығы 30-35 мин. Көлемдегі мұғалімнің іс-тәжірбиесінен бейнематериалдар (қатысушының қарауы бойынша);

  • Әдістемелік құралдар қағаз немесе электрондық түрде тапсырылатын болады.

Материалдар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Компьютерлік программалар облыстық байқауға түскен кезде дискета түрінде тапсырылады.

Жеңімпаздарды мадақтау реті.

4 жүлделі орын белгіленеді: Бас жүлде, 1,2,3 дәрежелі диплом иегерлері.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:



  1. Жаңашыл мұғалім

  2. ғалым мұғалім

  3. ізденгіш мұғалім

  4. шығармашыл мұғалім

  5. программалаушы мұғалім

  6. әдіскер мұғалім

  7. ең жас мұғалім

  8. ең әртіс мұғалім

  9. ең ақылды мұғалім

  10. мұғалім-тьютор

  11. мұғалім-жаттықтырушы

  12. Жаңа ақпараттық технологияны (ЖАТ) енгізуші

  13. Өнертапқыш мұғалім

  14. мұғалім-лирик

  15. мұғалім-оптимист

Ұйымдастыру комитеті

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет