Сакен Жунисов. Жапандагы жалгыз уй



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата17.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#102284
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
(pdf) Cәкен Жүнісов — Жапандағы жалғыз үй.apk

ҮШІНШІ ТАРАУ 
«Малжан  ағашының»  бауырындағы  жалғыз  үйде  Дерягиннің  жасырынып  жатқанына 
біраз күн болып қалды. Бетті  шарпыған жалын орны жазылды. Мойындағы Қызыл шақа 
күлдіреген күйік көкежасық  ешкінің сан етіндегі  кілегей қыртысша тыртиып біткен. Тек 
оң жақ қолының алақаны сәл тыртысып, жаздырмайды. Енді  бір-екі  күннің ішінде көзге 
түспей, Омбы арқылы бір түнде жеріне кетпек. 
Ауруы  жанына  соншама  батпаса  да,  аз  күнде  Дерягин  қатты  жүдеді.  Астан  қалмаған 
дені сау адамға бір орында тапжылмай жата беруден асқан азап бар ма? Оның үстіне ой 
қажытып барады. Тас төбеге шығып алған күн бір араға іліп қойған консерві қақпағындай 
тапжылмайды. Таң атса, күн батпайды. 
Бірақ осы аз күнде совхоз өмірінің календары қарша борап, дала реңі тез өзгеріп кетті. 
Отау  үйдің  терезесінен  қарап  отыратын  Дерягиннің  көз  алдында  қаланған  үйлер  қатар 
түзеп,  көше  боп  тартылып,  ұзап  барады.  Сап-сары  егістік  дала,  шаңы  шыққан  құба  жон 
күз көрпесін жамылып бозаң тарта берді. Қыраттардың арқасында сәскеге дейін дірілдеп, 
толқып  жататын  сағым  тартылған  көл  суындай  суалып  кетті.  Айдау  жолмен  ағылып 
жатқан машиналардың капотының екі жақ қанатын алқам-салқам ашып тастап, көйлекшең 


отыратын  шоферлер  енді  басына  малақай,  үстіне  жылы  фуфайке  киіп  алыпты.  Машина 
радиаторынан  кішкентай  ғана  көз  қалдырып,  қалған  жерін  жылы  сырмақпен  тұмшалап 
алған. Терезе түбіне қонып, шырқ-шырқ шиқылдап отыратын торғайлар да жоқ. 
Алыста  аспан  жиегінде  шудалана  түсіп  жататын  қаз  омырау  ақша  бұлттар  егістік 
даласындағы  бықырлаған  комбайннан,  мың  сан  машина  жолынан  ұшқан  шаңнан 
кірлегендей бозарып, күннен-күнге сабалақ тартып, тұтаса келе күн көзін бүркеп тастады. 
Көп  ұзамай  қара  суық  жел  тұрып,  күз  жаңбыры  басталып  еді,  міне  енді  алғашқы  қар 
түскелі  бір  жұма.  Бүгін  жапалақтап  жауған  қар  үсті-үстіне  төпелеп,  аспаннан  құйылып 
тұр. Жер де, аспан да аппақ. 
Дерягин  кейінгі  кезде  Қарабеттің  тілін  алып,  бұлай  жасырынып  жатқанына  қатты 
күйінетін болды. 
Тордағы арыстанша бөлме ішінде аласұрған Дерягин:  «Бұдан да қамалып жатқанның 
өзі  артық.  Не  деген  су  жүрек  едім»,  –  деп  көзі  қанталап  Япишкина  жататын  қонақ  үйге 
жүгірді. 
Мұнда бұрынғы тіршілік. Есік-терезені қымтап алған Япишкина екі адамға сыра беріп, 
қалталарын  қағып  отырған.  Олар  Дерягинді  көргенде  өре  түрегелді.  Япишкина  да  жаңа 
көргендей амандасып, сыр білдірмеді. 
–  Ой,  Вася,  қайтып  келгенсің  бе?  Бәсе...  Совхозда  машина  жетеді.  Тіпті  менің 
машинамды  алшы,  на  ходу!  Мен  елге  кетем,  тыңды  көтердік,  жетеді  енді,  –  деп  біреуі 
дүниенің бәрін тындырғандай күпсініп еді, екіншісі: 
– Сенің өшіңді де жіберіп жатқамыз жоқ. Сұлтановнаны қуатын шығармыз. Ол кетпей 
тұрып, мен ешқайда бармаймын, әуелі ол, сосын мен, – деп, аузы болжырап, сілекейі ағып 
отыр. Бұл екеуі  де осы совхоздағы ең жалқау шоферлер. Тапқаны таянғанына жетпейтін 
ішкіштер. Алған еңбекақылары Япишкинаға берер қарызына зорға жетеді. 
–  Ағашка,  әнеугі  хаттың  к-копиясы  қайда,  к-копиясы,  Әперші.  Оқысын  В-Вася. 
Әперші.  Сұлтановнаның  аяғы  көктен  келеді.  М-Моргун  да  сосын  бізбен  байқап,  байқап 
сөйлесер. Отыр, Вася. 
– Жоқ, отырмаймын. Карапет қайда? 
– Дядя Карапет пе, – бірінші шофер аузынан түкірігі шашырап, сұқ қолын шошайтты. 
–  Дядя  Карапет,  адам  ғой.  Сен  білесің  бе?  Конечно,  сен  білмейсің.  Сен  ренжіме!  Рас 
айтамын, білмейсің. Ол адам ғой. Сен дегенде жаны бөлек.  Ол үлкен адам. Бәрін біледі. 
Сені аяп, бізге өтініш жаздырды. Ағашка, Аға... әкелші к-копиясын. 
Япишкина ырғала басып, түтігіп тұрған Дерягиннің қасына келді: 
– Вась. Васенька, отыршы. Мен сені сырамен сыйлайын. 
– Ішпеймін, ақшам жоқ, – деді Дерягин кекесінмен. 


– Вась, мен саған сенем ғой, осындағы адамсың, кейін бір есебі болар, отыр, сұп-суық 
бражка, хмелі аз. 
– Жоқ, мен қойғанмын. Врачтар қоспайды, – дей салды Дерягин. 
– Ай, врачтар былшылдай береді, өзіміз талай рет антобус ішкеміз, – деп екінші шофер 
қосылды. – Ахашка, әлгі хатты әкелші. 
– Ол не хат? – деді Дерягин. 
– Қайда қалғанын білмеймін, ауызша айтсаңдаршы. 
– Ендеше мен айтайын. 
– Тұра тур, мен айтайын, – деп екі шофер жарыса сөйледі. 
– Райкомға жаздық. 
– Дядя К-Карапет тура р-райкомға жолдаңдар деді. 
– Совхоздың ең алдыңғы қатарлы... 
– Аға, ең передовой... 
–  Шоферін  үнемі  қысымға  алып  бас  инженер  Сұлтановна  ақыры  директор  Моргун 
екеуі,  да,  Моргун  екеуі  ауыз  біріктіріп,  нақақтан-нақақ  жұмыстан  шығарды.  Жұмыссыз 
қалған Дерягин амалсыздан совхоздан біржола кетті. 
– Бүйте берсе, с-совхозда бір адам қалмайды. 
– Правильно, бір адам қалмайды. 
– Не Сұлтановна тұрсын, не біз тұрайық, – деп мәселені қатты қойдық. 
– Аяғына, совхоз шофер л ары деп өз атымызды тіркедік. 
–  Дядя  Карапет  қол  қойған  жоқ.  Үйткені  ол  шофер  емес  қой.  Бірақ  молодец,  саған 
жаны  ашып  жаздырған  сол.  Правда  сол  адам.  Біз  мақтанбаймыз.  Егер  ол  болмаса  біз 
вообще ни рыба, ни мясо! 
Дерягин тістеніп, ызаланып тұрған. Үй ішіндегілер байқаған жоқ. Япишкина қағазды 
тауып алыпты. 
– Міне копиясы, – деп Дерягинге беріп еді, ызадан булығып тұрған жігіт қағазға көзін 
де салған жоқ, ортасынан дар айырып, лақтырып жіберді. 
– Ва-Вася. 


– Мұның не?! 
– Карапет қайда?! – деп ақырды Дерягин. 
– Бір жаққа кеткен. Әзір келмейді. Оны қайтесің? 
–  Өлтіремін.  Буындырып  өлтіремін!  –  деп  Дерягин  өне  бойы  қалтырап,  үйден  ата 
шықты. 
Япишкина бір тықырдың шындап тақағанын сезіп, үйдегілерді асықтыра бастады. 
Дерягин  көп  ойланбады,  сәті  түсіп,  ауданға  картоп  әкетіп  бара  жатқан  Халелдің 
машинасына отырып кете барды. 
* * * 
Москваның  халық  шаруашылығы  жетістіктерінің  көрмесіне  жолдама  алған  Тамара 
Рубцова  өзімен  бірге  жүретін  шопр  Оспанның  машинасында  келе  жатыр  еді,  жолда 
Володя  Котенокты  көрген  соң,  жерге  секіріп  түсті.  Тап  қазір  киім  киісіне,  түс-әлпетіне 
қарап  қырда  трактормен  жер  жыртқан,  комбайнмен  егін  орған  қыз  деп  ешкім  айтпас. 
Үстінде жағасы алтайы қара түлкі, қиылған мықынмен мықын пальто. Сәнді тігілген түкті 
бөрікше  де  ұнасып  тұр.  Бетіне  опа  жағып,  ұп-ұзын  қайқы  кірпіктерін,  ернін  бояған 
сүйріктей  қыздың  өңін  аша  түскен.  Егер  бір  сәт  кірпік  қақпай,  көгілдір  аспандай  үлкен 
көзін  алысқа  қадап,  жұқа  қара  былғары  киген  қолдарын  екі  жағына  жайып,  қимылсыз 
қатып тұра қалса, тура мұқият жасалған манекен деп қаларлық. 
– О, Тамара, қашан жүресіңдер, подарканы кобірек әкел,  – деп Котенок бас салды.  – 
Сен бізге айтпай қалайын деп жүрмісің? Ол болмайды. 
–  Неге?  Сен  өзің  қазір  ұмытпай  тұрғанда  айтып  қойшы.  Саған  не  әкелейін,  Котенок, 
кішкентай тышқан ойыншықтар әкелсем бола ма? – Тамара қалжыңдап күліп еді, Котенок 
та қоса күлді. 
– Мейлің, не әкелсең де бәрібір. 
Осы кезде бұлардың тұсынан Халел өте берген. Кілт тоқтады да, әуелі шопр Оспанды, 
сосын Тамараны құттықтады: 
– Құттықтаймын, Тамара, жолың болсын! 
– Рақмет! Өзің асығып қайда барасың? 
– Ауданға. Біз қазір картошник болдық қой. Ал, көріскенше сау бол! Жолың болсын! – 
деді тағы да. 
Бір  машина картоп тиеген Халел жапалақтап жауған қар астында ұзай бергенде өкпе 
тұстан біреу қол көтере жүгіріп тоқтатты да, мініп кетті. 


– Ау, анау Дерягин емес пе? О л кеткен жоқ па еді, – деп кабина ішінде отырған шопр 
Оспан орнынан ұшып кете жаздады. Қарсы беттен келе жатқан біреу сол машинаға қарай 
ұмтыла беріп құлады. Машинадағылар аңғарған жоқ. Ұзап кетті. 
Тамара да таңырқап қалды. 
–  Ол  шыққан!  Бағана  шығыпты.  –  Көзілдірігіне  түскен  қарды  сүртіп,  сүзіле  қараған 
Котенок алыстан Дерягинді тани алмады. – Сол болуы да мүмкін. 
–  Қандай  бақытсыз  жігіт  еді.  Сен  оны  кейінгі  кетер  кезінде  көрсең,  қандай  жүдеген. 
Киімі де тозған. 
– Күнде ішіп жүрсе қай адамда құн болушы еді. Оны біреу зорлап па? 
– Әрине оны құртқан осы ішімдік қой. – Тамара мен Котенок машина тасасына қарай 
ықтап еді. 
Шопр Оспан сигналды басып қалды: 
– Тамара, тездет, жолға әзірлену керек. Мен әлі үйіме де барғам жоқ. 
– Казр-казр, дядя Успан, бир минут,  – деп келгелі Халелден үйренген бір-екі сөзімен 
қазақшалап, Тамара қайтадан түсін суыта қарады Котенокқа. 
– Несі аянышты? Өз қара басын алып жүре алмаған жігітке не аяушылық керек? Осы 
совхозда дядя Успаннан кейінгі үздік шофер сол еді. Айына қанша табыс тауып тұрды: үш 
мың, төрт мыңнан айналдырған жоқ па. Бірақ не керек, соның бәрі араққа кетті. Жібі түзу 
киінген де жоқ. Не шешесіне пайдасы жоқ. Ақыры мастықтың салдарынан қылмыс жасай 
жаздап, жұмыстан шықты. 
Котенок ауыр бір күрсінді де, көзілдірігін қол орамалымен сүртіп қайта киді: 
– Тамара, бәріміз тыңға бір келдік. Бәріміз бір кезде жақсы жолдастар ек. Бірақ осында 
келгелі Васяны қамқорымызға алып, қол ұшын бере алмадық. 
– Дардай еркекке не қылған қамқорлық! 
– Жоқ, Тамара. Олай емес. Менің айтайын дегенім де осы еді. Оның осынша көп ішіп 
кеткенін білемісің? Ол сенің күйігіңнен ішіп жүр. Сені сүйгендіктен ішіп жүр. 
Тамара сықылықтап күліп жіберді де, лезде күлкісін тыя қойды. 
– Володя, сен де қызықсың. 
Шынында да Котенок емес, нағыз котеноксың. Біреуді сүйген адам маскүнем болады 
дегенді қайдан естіп жүрсің? Арақтан өш алған адамды көрдің бе? 


–  Эх,  қыздар!  Сендер  жігіттердің  кем-кетігін  көріп,  мінеуге,  сынауға  шеберсіңдер. 
Бірақ  солардың  жақсылық  қасиетін  іздеуді,  ішке  терең  үңілуді  ойлайсыңдар  ма?  Басына 
күн  түскенде:  махаббат  отына  күйгенде  не  қорлық  көргенде  –  әр  жігіт  әр  түрлі  өмір 
кешеді.  Біреулер  таусыла  қайғырып,  сары  уайымға  түсіп  басын  көтере  алмайтын  кәрі 
мысықша жүнжіп кетеді. Енді біреулер ашынып, ойына келгенін істеп, аласұрады. Сырты 
май жаққан тоқаштай жылтырайды, іші көгеріп, шіри береді. Ал тағы біреулер бар: оған 
қиындық та, қуаныш та үйреніскен көршісі. Бір қалыптан айнымайды. Дүниеде не болып, 
не қойып жатқанына есеп те бермейді. Толқын айдаған тығындай тарта береді. 
– Бұл жағын ойламаппыз, – деп Тамараның көзі күлімдеді. – Ал, сонда Вася қайсысына 
жатады, кәрі мысық па, іші көгерген майлы тоқаш па, қалқыған тығын ба? 
Котенок өз сөзіне мырс етіп күліп жіберді: 
– Менің теңеуім онша сәтті болып шықпады-ау деймін. 
– Жоқ, жоқ... 
– Әйтсе де, Вася тоқашқа келеді. 
Екеуі тағы күлді. 
– Олай дейтінім, – деп, Котенок өз сөзін жандандыра түсті. – Вася сырттай қарағанда 
ештемені ойламайтын, алдың-дұлдың парықсыз жан сияқты. Бірақ бәрі ішінде. Ол сенен 
айрылып  қалғанына  кейін  өкініп  жүр.  Өмір  бойы  өкінеді.  Ал  сен  болсаң  тым  құрымаса 
онымен жөндеп бір ауыз тіл қатқың келмейді. Жоқ, Тамара, олай болмайды. Сенің көңілің 
біржола  суыған  шығар.  Сонда  да,  ол  адам  ғой.  Жолдас  қой.  Дұрыс  жолдан  тайдырмау 
біздің міндетіміз. Жо-жоқ... сен қарсы дау айтпа. Менің бар сұрарым сол: Тамара, жаңағы 
Вася  болса  сен  онымен  кетпей  тұрып  сөйлес.  Бар  шындығыңды  айт.  Көзін  аш.  Ол  да 
өмірдегі өз жолын тапсын. 
Жол үстінде құлаған адам тәлтіректей басып орнынан тұрған. Осылай қарай қалбаңдап 
келеді. Мастығын сездірмейін деп, жылдам жүріп кеткенде, еңсесін ұстай алмай, аяқтары 
шатқаяқтап  қалады  да,  бір-біріне  шалынып,  қайтадан  гүрс  етіп  құлайды.  Қайта  тұрады. 
Ақыры жетті.  Қалт тұра қалып, теріс киіп алған малақайының милығына қолын апарып, 
честь берді: 
–  Товарищ,  степной  генерал,  ақсақал!  –  деп,  енді  ширақ  қимылдап  кабина  ішіндегі 
шопр Оспанға қол ұсынды. Анау сәлемін алмады, тыжырынып отыр.  – Ничего! Бывают. 
Бүгін ең соңғы рет. Сосын вот! – алақанының қырымен тамағын кесті. – Ей, богу, ақсақал! 
Бүгіннен  соң  аузыма  да  алмаймын.  Келесі  жылы  сіздің  бригадада  істеймін.  Қолыңызды 
беріңіз. Уағда!.. 
Бұл – Япишкинадан – Қарасай үйінен шыққан жігіт. Бағана Дерягин кіргенде отырған 
екеудің бірі. 


–  Жаңа  жолдағы  машинаға  отырып  кеткен  кім?  –  деді  Котенок  оны  шопр  Оспаннан 
бұрып алғысы келіп. 
– А-а, ол ма? Ол Дерягин, -деп ыржың етті. – Ол қайда кетті білемісің? Дядя Карапетті 
вот! – деп өз кеңірдегін өзі қылғындыра қысты. 
Мастың сөзіне мон бергісі келмесе де Тамара еріксіз араласты: 
– Ол Карапеттің баласы Халел емес пе? Ондағы шаруасы қандай? 
– Мейлі, баласы болса да вот! 
Тамараның өне бойы мұздап кетті. 
– Сен өзің не деп тұрсың?! Дұрыстап айтшы. 
– Не дұрысы керек. Бағана өзі айтқан. Буындырып өлтірем деген. Карапетті де, бәрін 
де... 
Котеноктың  де  көзі  шарасынан  шықты.  Бірақ  Дерягин  тап  ондай  іске  барар  деп 
ойлаған  жоқ.  Тамара  болса,  бұрыннан  Халелді  жазғырып  жүрген  Дерягиннің  сөзінің 
сыңайынан қорқып, шопр Оспанды қоярда-қоймай жолға алып шықты. 
– Қой, оның Халелде не шаруасы бар, – деп шопр Оспан алғашқыда көнбеп еді. 
–  Жаңа  тағы  да  ішіп  алса  керек.  Ішкен  кезде  ол  жынды  адамнан  жаман.  Кім  біледі, 
мерт қып жүрмесін, қуайықшы соңынан, – деген Тамараның үрейлі жүзін көріп шошыды... 
Халелдер кеткелі не заман. Қарасыны да көрінбейді. 
Оның үстіне қар да үдей түсті. 
* * * 
Оспандар ауданға қарай үш-төрт шақырым жер жүргенде, жолдың оң жағындағы егін 
орнынан  бір  қарайған  ноқатты  Тамараның  көзі  шалып  қалды.  Қанша  алыс  болғанмен 
аппақ қардың үстінде ақша беттің ұшындағы қара меңдей анық көрінеді. 
– Дядя Успан, анау дәу де болса машина. Халелдер болмаса игі еді, – деп Тамара өңі 
қуарып, тесіле қарап келеді. 
– Қой, жолдан шығып кетуші ме еді, – деп шопр Оспан дүдәмал жауап берсе де, «кім 
біледі, егер шын  қысастық  ойласа, айдалаға апарып  тастауы да мүмкін» деп түйткілдене 
бергенше  болған  жоқ,  солай  қарай  бұрылған  ізге  тап  болды.  Қар  басса  да,  әлі  өше 
қоймаған  жаңа  із.  Шопр  Оспан  машинаны  жалт  бұрып  ізге  түсті.  Егістік  жерге 
шығысымен  машина  тоңқылдап,  күпшегі  түскен  арбаша  қиралаңдап,  шоқалақтап  қалды. 
Кузов  жақтауы  сықырлағанда  өзінің  бүкіл  бел  омыртқасы  майысқандай  аяп,  машинаны 


баппен, асықпай жүргізетін шопр Оспанда қазір  ол әдет жоқ. Салдыр-гүлдір зымыратып 
келеді. Жаңа Тамарадан: «Олардың араларында не бар еді, Халелде қандай өші бар», – деп 
сұрағанда, қысылшаңға келгенде бар сырын бүкпесіз айтып салған. «Вася мені қызғанады. 
Биыл жаздың басынан бері Халелге тісін қайрап жүр. Бірақ біздің арамызда қызғанарлық 
ештеме  жоқ.  Халел  ақ  көңіл,  адал  бала.  Шынында  да  әлі  бала  ғой.  Екеуміз  құрбы 
сияқтымыз. Арамызда ешқандай жасырын сыр жоқ. Ол қуанса да, ренжісе де маған келіп 
айтады.  Мен  де  сондаймын.  Тіпті  кейінгі  кезде  бір  үйдің  баласындай  болып  кеттік. 
Екеуміз  жасты  болғанмен,  мен  оның  апасы,  ол  менің  інім  секілді.  Вася  оны  түсінбейді. 
Оған менің айтқым келмейді. Айту былай тұрсын, сөйлескім келмейді». Шопр Оспан бұл 
әңгімені  «е,  әшейін  балалық  екен  ғой»  деп  еді,  енді  қазір  «кім  біледі,  жастар  от  басып 
алғанша  білмейтін  ойнақтаған  тайлақ  сияқты  емес  пе»  деп,  алда  қараңдаған  машинаға 
жеткенше  асықты.  Шынында  да  машина  екен.  Жақындаған  сайын  анық  көріне  бастады. 
Бір  күпана  сабанның  дәл  бауырында  тур.  Қыбыр  етпейді.  Маңында  да  ешкім  жоқ. 
Қуғыншылардың тамағы кебірсіп, тыныстары тарылып келеді. 
Енді  бір  кезде,  бұлар  жарты  шақырымдай  қалғанда,  машина  жылжып  жүре  берді. 
Бірден ор қояндай орғып, ар жағындағы жыртылған зябьқа қарай тартып отырды. Зытып 
барады. Солар екеніне енді күмән жоқ. Сабан түбінде Оспандар сәл аялдап қалды. Жерге 
түскен жоқ. Машинада отырып көз тастады. Үлкен бір күпана сабанның жарым-жартысы 
бұзылған. Ту-талақай шашылып жатыр. Бір үйір қасқыр үстіне шығып ойнақтаған секілді. 
Бұл  арада  енді  бөгелудің  реті  жоқ,  қуу  керек.  Халел  аман  болса  олар  қашпас  еді.  Сонда 
оны жазым еткені ме?! О лай деуге көңіл қимайды да, сенбейді де. 
Алда кеткендер ұзап, жыртындының орта тұсына барып қалған. Шопр Оспан кузовтегі 
Котенокқа «мықтап отыр» деп ескертті де, машинаны ытқыта жөнелді. Зябь жыртысымен 
күзгі қара жауын соғып, көп ұзамай қыс қауырт келіп еді. Қойдың басындай ірі түйіршік 
балшықтар  суыққа  қатып,  тастай  боп  қалыпты.  Аударып  тастай  жаздайды.  Селк-селк 
секеңдеп, бар жақтауы дірілдеп, қалтыраған машина зябьтан шығып күзде айырылған тың 
жыртындыға  шыққанда  бұрынғыдан  бетер  кібіртіктеп  қалды.  Жылдамдықты  екіншіге 
қойып ойбайлатып келеді. Күшене тартқан алдағы машина да ұзай алмай, жыртындыдан 
шыққан соң ғана бауыры жазыла жөнелді. Әп-сәтте ақ құйын қарға сүңгіп жоғалып кетті. 
Тек ізі ұлпа қарда сайрап жатыр. Доңғалағы жазық жерге тиісімен Оспандар да құйындай 
ұшты.  Бірақ  қадала  қараған  ізден  анда-санда  көз  жазып  қалып,  бір-екі  айналып  қайта 
табады. Не керек, жапанның сары даласындағы бірі қашқан, бірі қуған машина шимайды 
салып,  іңірге  дейін  қоян  мен  тазыдай  жүйткіді  де  жүрді.  Көз  байланса-ақ  болды, 
Дерягиннен де көз жаздым дей бер. Не де болса іңір қараңғысына дейін тез жету керек. 
– Дядя Успан, жылдамырақ, жылдамырақ, – деп Тамара да алға қарай еңкейіп-еңкейіп 
қояды. 
Дерягин  түлкіше  бұлтақтап  жолсыз  даламен  олай  да,  бұлай  да  қиғашқа  салып  бағып 
еді. Оспан да өкшелеп қоймайтынын сезген соң, аралары алшақтаған бір кезде ауданның 
жолына түсіп алып зарлатты. Сырт қарағанда жер бауырлап ұшқан самолет секілді. 


Шопр  Оспан  да  басты.  Жолға  табаны  тиісімен  жеңілдеп,  даусы  да  жұмсарып  жүре 
берген  машина  уақыт  өткен  сайын  бастырмалатып,  таяна  берді.  Аралары  жақындап 
келеді... Жақындап келеді... 
Ақыры  құйрық  тістесе  жеткенде  ымырт  үйіріліп,  қас  қарая  берді.  Шақырайған  фара 
алдыңғы машинаға түсті. Анадайдан көзге бірден көрінген – кузовте теңкиіп жатқан үйме-
жүйме қаптар. 
– Халелдің машинасында қап бар ма еді? – деді Тамара. 
– Білмедім. Бағана қарамаппын да ғой. Бұрын картопты шөппен қымтап, бос салатын. 
Осы жолы қайдан білейін. Менімше қаппен тасуға тиіс емес сияқты еді. 
– Тым құрымаса номері де көрінбейді-ау, – деп Тамара да ақ қар сылап тастаған кузов 
жақтауына тесіле қарағанша болған жоқ, бір оңтайлы жер келгенде Оспанның машинасы 
алдыңғыны  сүйкей-мүйкей  өтіп,  тап  алдына  кесе-көлденең  тұра  қалды.  Ана  машина  да 
тормозды беріп үлгерді. Қос машина бастары түйісіп, мүйіздері бір-біріне айқасып қалған 
киіктерше  кілт  тоқтады.  Моторлар  да,  шамдар  да  лып  етіп  сөнді.  Бағанадан  бері  құлақ 
түбінде гүрілдеген, зуылдаған, шарылдаған дауыс та жоқ. Дала тымтырыс. 
Қарысқан күректей алақанын жазған шопр Оспан қолын аяқ астында жатқан қайқы бел 
сом  кілтке  апара  берді  де,  қайта  тартып  алды.  Бүкіл  бұлшық  еттері  жиырылып, 
пружинадай секіріп тысқа шықты. Котенок та топ етіп жерге секіріп түскен. 
* * * 
Халел  мен  Дерягин  совхоздан  шыққанда  жапалақтап  жауған  қар  барған  сайын 
қоюланып,  аспан  мен  жер  тұтасып  кетті.  Айдалада  гүжілдеген  жалғыз  машина  жеңіл  ақ 
пердені тұмсығымен сүзіп келеді. 
Дерягин көнетоз қара пальтосының жағасын көтеріп алды. Басында лыпа жоқ, жалаң 
бас. Шалқайта қайырған толқынды қалың шаштың желке тұсы бұп-бұйра. Сұлу шаштың 
сиқын бұзар дей ме, Дерягин сақылдаған сары аяздардың өзінде басына киім киіп көрген 
емес. Қалың ернін одан сайын дүрдите түсіп, ойда отыр. 
Халел  де  үнсіз.  Машина  шынысына  жабысқан  қарды  екі  жаққа  дамылсыз  сырған 
тазалағыштың  астынан  жол  бойына  тесіле  қарап  келеді.  Екеуі  осылай  отырып  кештің 
қалай  түскенін  білмей  қалды.  Қаншама  ұзақ  жүргенде  жолдағы  ауылдардың  біріне 
жететіндей  уақыт  болғанын  да  аңғармапты.  Алдарынан  кесе-көлденең  кең  ақ  жолақ  жол 
кездескенде барып Халел машинаны тоқтатып, тысқа шықты. 
Қар  жауа  борап  тұр.  Бағанағыдай  емес,  жапалақтамайды,  ұсақ  түйіршік  желге  ұйтқи 
бастаған. Демінде әлсіз ысыл бар. Кәдімгі қыс бораны. Жол үстінің қары қызыл асықтан 
келеді. 
Халел қайта отырды да, машинаны шұғыл бұрып көлденең жолға түсті. 


– Адасыппыз. Карьердің жолына түсіп кетіппіз. 
Дерягин  үндеген  жоқ.  Машина  бір  шақырымдай  жүріп,  төбеге  ұрғандай  тоқтағанда 
барып  аласұрды.  Халел  стартерді  қайта-қайта  жанталаса  басады.  Ауыр  жылжыған 
вентилятор  сыр-сыр  етіп  батпаққа  батқан  арба  күпшегіндей  айналмайды.  Мотордың  от 
алар түрі жоқ. 
– Бензиніңді қарашы, – деді Дерягин. 
Халел кілтін қайта бұрап еді, дөңгелек шкаладағы кесірткенің тіліндей нәзік дір етіп, 
нольге барып тоқтады. 
– Бензин таусылыпты. 
Бензин  таусылғаннан  кейін  шоферлердің  амалы  да  таусылады.  Машинаның  әр  жерін 
түрткілеуді  де  қояды.  Түк  қайран  қыла  алмайды.  Алдынан  не  артынан  келер  жолаушы 
машиналардың көмегін күтіп тым-тырыс сарылғаннан басқа шара жоқ. 
Түн тастай қараңғы. Машина шынысына жабысқан қар бірте-бірте қалыңдай берді де, 
іш жағының қырауы бір елі болды. Жүріп келе жатқанда жып-жылы кабина іші енді ызғар 
шашады, темір атаулы қол тигізбейді, қарып жібереді. Башпайдан басталған суық арқаға, 
белдемеге қарай жылжып, Дерягин мен Халел қалтырай бастады. Үстегі  киім жиіркеніш 
тартып, уақыт өткен сайын суық ішке кіріп, дене мұздай берді. 
Дерягин бұрқыратып тартып отырған шылымын тастай беріп, керзі етігімен жыланның 
басын жанышқандай қайта-қайта езгіледі де: 
– Ну, чорт побери, бүгін қайткен күнде де ауданға жету керек еді, – деп, бар өшін екі 
құлағынан алғандай, жалпақ алақанымен отын шығара ысқылап-ысқылап жіберді. 
– Вася, сен осы  совхоздан кетейін деп жүрмісің?  – Халел Дерягиннің жүзіне қараған 
жоқ, қырын отырып қойды сұрақты. 
– Кетейін деп жүргем жоқ. Кеттім, біржола кеттім. 
– Сонда қайда бармақсың, еліңе барасың ба? 
Дерягин ызбарлы мырс етті: 
– Жоқ, түрмеге барам! 
Халел  бұл  сөзді  қияс  жауап  деп  ұқты.  Ел  қатарлы  жұмыс  істегелі  біраз  ысылып, 
өткеріліп,  бұрынғыдан  гөрі  әйтеуір  пысыған  бала  жігіт  енді  қаймықпады.  Қармыжысын 
табан аузында қайтарды: 
– Түрме түгіл, одан әрі кетсең де мейлің. Сен кімге керексің?! 


Мына сөзге намыстанып Дерягиннің тұла бойы қалтырап кетті. 
– Ешкімге керек емес шығармын, әрине. Бірақ кетсем де тегін кетпеспін. Ала кетермін. 
– Қайда, кімді? 
–  Қорықпай-ақ  қой.  Тамара  қалады.  Қидым  саған,  –  осы  сөзді  айтарын  айтса  да 
Дерягиннің кезерген ерні дірілдеп етті. – Бірақ оның орнына сенің әкеңді әкетемін. 
Халел «осы не деп отыр» дегендей оның бетіне қарады. Дерягиннің жүзінен қалжың ізі 
білінбеді. 
– Қайда әкетесің? Өзің не айтып отырсың? 
Дерягин ауыр күрсінді. Енді әлгіндей емес, жуаси сөйледі. 
–  Сенбей  отырмысың?  Жаңа  айттым  ғой.  Түрмеге.  Өзім  барып  түсем.  –  Дерягин 
қайтадан шылым алып тұтатты. 
–  Түсінсем  бұйырмасын,  –  Халел  иығын  қиқаң  еткізіп,  екі  аяғын  бір-біріне  соға 
бастады. Бір  қабат шұлғаумен киген тар етіктің сырты қырауытып, бірте-бірте шаңытып 
келеді. Тас боп қатқан мұздай аяқтан жан кетіп, башпайлар қозғауға келмей қалды. 
Халел  Дерягиннің  неге  келе  жатқанын  да  білмейді.  Бағана  совхоз  кешесінде  қол 
көтеріп тоқтатқанда оны машинаға қалай отырғызғанын өзі де андамай қалған. Совхоздан 
ұзай бергенде сәл үрейленіп, қорқып та отыр еді, бірақ сездірмеуге тырысты. Тек Дерягин 
қашан  сөз  бастар  екен  деп  жол  бойы  күтіп  еді,  ақыры,  міне,  айдалада  тоқтағасын  бір-ақ 
бастады. 
–  Саған  қалайша  машинаны  сеніп  беріп  қойған,  –  деді  Дерягин  шылымын  терезе 
қырауына басып. 
–  Е,  мен  қашан  сенімнен  шығып  ем?!  Оспан  директорға  дейін  барып  машина  алып 
берді. Жандырсаң тағы әперем дейді, – деп Халел қиястанып күліп жіберді. 
– Охо, тағы да жандыру ниетіңде бар екен ғой. 
– Жандырсам, сен төлемей-ақ қой, – деп Халел Дерягинге тіксіне қалды. – Оспанның 
бригадасындағы  шоферлер  ол  машинаны  өз  қаражаттарымен  қайта  құрмақшы.  Рамасы 
бар. Кабинасының сырты бүтін, мотор opнатып, кузовты қондырсақ болып жатыр. 
– Халел, – деді Дерягин тағы да. 
– Иә, мен – Халел. 
–  Сенің  әкең  не  деген  қара  жүрек  адам  еді.  Баласына  да  мейірімсіз  мұндай  жанды 
бірінші көруім. 


– Оны қайдан білесің? 
– Сенің машинаңды жандырған адамды біле тұра айтпаса, оны қалай дер ең?! 
– Әкем қайдан білсін оны? 
– Білгенде қандай. Оны жандырған мен! 
Халел  Дерягинге  жалт  қарады.  Машинаны  жандырған  осы  екенін  іштей  сезіп, 
түйткілденіп жүрсе де, тап өзі мойындар деп ойламап еді, таңданып отыр. 
–  Несіне  бажыраясың?  Мен  жандырған.  Әкеңе  бидай  әкеп  берем  деп  жандырдым. 
Сенбей отырмысың, несіне тесірейе қалдың? 
Халел ащы мырс етті. 
–  Сенемін.  Өзі  дардай  болса  да,  жүрегі  қоянның  жүрегіндей,  арсыз  адамдардың  жүзі 
қандай болады екен деп қарап отырмын. 
– Кім, мен бе? – Дерягин не деп отырғанын өзі де аңғармады. 
Сөз осымен тынды. Дерягиннің мойнына су кетіп, қайтып аузының жігін ашқан жоқ... 
Халел  терең  ойда.  Әкесін  ойлап  отыр.  Ақшаның  жолына  түсіп  кеткен  әке  мінезіне 
түсіне  алмай,  «неден  мұндай  болды  екен»  деп  қайран  қалады.  Әйтеуір,  әкесінің  бар 
арманы байыған үстіне баю, ана бір қол сандықты сықап толтыру екеніне көзі жеткен. 
Ұзақ  үнсіз  отырған  Халел  қалғып,  маужырай  бастап  еді,  өң  мен  түстің  арасында  көз 
алдына сол қол сандық келді. Жәлел суыққа үсіп өлетін жылғы оқиға: күн сәске түс боп 
қалған мезгіл. Халел азан-қазан шудан шошып оянған. Сырттағы сақылдаған сары аяз лық 
етіп үйге кірді. Есік ашылған екен, қайтып жабылған жоқ. Сықырлай басқан қалың киімді 
бір  топ  адам  арыстай  ғып  көтеріп,  Жәлелді  алып  кірді.  Өкіре  құлаған  анасы  Жәміш, 
Ақбөпелер даусы шыға бере Жәлелді құшақтап талып түсті. Дауыстан үрейленген екі бала 
төсағаш астына жып беріп еніп кетіпті. Серейіп жатқан Жәлелде өң жоқ. Үсік шалған өне 
бойы жылы үйге кірісімен долырып, тұлыптай болды. Халел де іш киімімен барып басын 
құшақтай  құлады.  Бірақ  ғұмыры  мұндай  ауыр  қаза  көріп  босамаған,  қиындық  көріп 
жасымаған Халелдің көзінен ә дегенше жас шықпады. 
Қыс  бойы  Омбы  мен  екі  ортада  саудамен  жүретін  Жәлел  боранда  үсып  өлді. 
Жүргіншілер далада шашылған қамыт-сайманын жиып, өзін жалғыз ағаш басында қатып 
отырған жерінен түсіріп алыпты. 
Тірі адамның көзі қандай қайғыда болса да көруінен жазған ба?! Халел аңтарып қалды: 
әкесі Қарасай қорадан кіре Жәлелінің өңіне бір рет тесіле қарап, маңдайынан сипай бере, 
қойнына  салды  қолды.  Бір  бума  ақшаны  төс  қалтасынан  будырата  шығарып,  бүкшендей 
жүріп санап, абдыра ішіндегі қол сандыққа апарып тықты. Тек содан соң барып көзіне жас 
алды.  Бірақ  көп  жылаған  жоқ.  Басқаға  басу  айтып,  сол  күні  кешке  Жәлелді  апаш-құпаш 


жерледі.  Ол  жолы  Халел  әкесін  «ер  адам  ғой,  әйелдей  бос  емес.  Көп  жылағанмен  не 
бітеді? Өлген адам қайтып тірілмейді» деп көз көрген сұмдығын жуып-шайып еді. Бірақ 
Жәлелдің  қойнынан  бір  бума  ақшаны  суырып  алып  тыққан  әкесінің  кейпі  көз  алдында 
мәңгі  қалып  қойған.  Енді  бір  кез  Халелдің  өңіндегі  ойы  түске  айналып  кетті.  Сол  үйдің 
іші.  Ортада  арыстай  сұлап  Жәлел  жатыр.  Еден  телегей-теңіз  қан.  Жәлел  жайрап  жатыр. 
Кеуде  сүйегі  қақ  айырылған.  Әкесінің  қолында  жалақтаған  пышақ.  Оң  қолын  Жәлелдің 
төс сүйегіне сүңгітіп жіберді де, жүрегін суырып алды. Анадай жерде қол сандық тұрған. 
Жез белдеуі жарқылдаған қол сандық бір кезде сары жылан болып кетті. Ысылдап келіп 
аузын  ашқанда,  әкесі  Жәлелдің  жүрегін  бопалақтап  апарып  оның  қып-қызыл  аузына 
көмейлете тастап жіберді. Сары жылан енді тап беріп Халелге ұмтылды. Халел қаша беріп 
етпетінен  құлады.  Үстінен  әлдене  баса  берді.  Жан  даусы  шығып  шошып  оянды.  Екі 
иығынан  жұлқылап  Дерягин  оятқан  екен.  Көзін  ашып  мең-зең  боп  отыр  –  боранды  дала 
қып-қызыл жалын. 
–  Тұр,  Халел,  жерге  түс.  Ұйықтама,  үсіп  өлесің.  От  жағып  қойдым,  жылынайық,  – 
дейді Дерягин. 
Халел  жалма-жан  тысқа  шықты.  Аяғын  зорға  басады.  Екі  аяқтан  жан  кетіп  қатып 
қалыпты. Жол жиегінде от лаулап жатыр. 
–  Вася,  мына  шөпті  машинадан  алғансың  ба?  –  деп  аузы  икемге  келмей,  сөзін  әрең 
құрап отқа қақтана түсті. – Картоп үсіп кетпей ме? 
–  Ештеме  етпейді.  Көп  алған  жоқпын.  Біздің  үсігеніміз  қалай,  картоптың  үсігені 
қалай?! 
Маздап жанған от лезде өне бойын қыздырып, Халел етігін де отқа көміп-көміп алды. 
Жалынның үстіне ұстағанда етікке тұрған қырау шыжылдап, су боп тамшылайды. 
От шоқтанып, қара күлдене бастағанда Дерягин тапап сөндірді де: 
–  Ал  енді  отырмайық,  –  деді.  –  Біраз  жылынып  алдық.  Жүрсек  тоңбаймыз.  Машина 
кездессе кездесті, кездеспесе жолдағы ауылдың біріне жетерміз, аяңдай берейік... 
Суық,  үскірік  боран  қойны-қоныштарына  кіріп,  бойы  жылынған  жігіттерді  лезде 
тоңдыра бастады. Жел дәл қарсы беттен шығып, уілдеп тұр. Бетті қарып жібере жаздайды. 
Қырындай  түсіп,  Дерягиннің  ығында  келе  жатқан  Халелдің  отқа  ұстаған  су  етігі  жүрген 
сайын суыққа қатып, құрыса берді. 
* * * 
Оспандар  Қарасайды  тура  аудандық  милицияға  алып  келді.  Отыздардың  ішіндегі 
капитан  жиырма  қап  астық  тиелген  машинаны  көріп  келісімен  қолма-қол  жауап  алды. 
Оспанға жылы ұшырай отырып сұрақ қойды да, өзі жаза бастады. 
– Бұл адамдарды қалай ұстадыңыздар? 


– Совхоздан шыға беріп ек, шабылған егін ортасындағы бір мая сабанның бауырынан 
қараңдаған  бірдемені  мына  Тамара  көріп  қалыпты.  Жас  адамның  көзі  қырағы  ғой.  Біз 
солай қарай бұрылдық. Қашан қасына таяп келгенше, орнынан тапжылған жоқ. Шынында 
да  машина  болып  шықты.  Айлалап  тұр  екен.  Жақындай  бергенде-ақ  әккі  борсықтай 
жыртындыға қарай жылысып тарта берді.  «Бейуақта айдалада кім жүруші еді, бұл біздің 
іздеп  шыққан  адамдарымыз  болды»,  –  деп  ізіне  түстік.  Машина  құйындай  ұшып  зытып 
барады.  Жеткізер  емес.  Біз  де  қуып  бердік.  Жеңіл  машина  жүк  артқан  машинаны 
құтқарушы ма еді. Біраз қуған соң жетіп-ақ қалдық. Бірақ олар боранда адастырмақ болып 
бұлтаққа  сала  бастады.  Не  керек,  әйтеуір  өлдік-талдық  дегенде  алдына  кесе-көлденең 
шығып  тоқтаттық-ау.  Қарасақ  біз  іздеген  адамдар  емес,  Қарабет.  Машина  толған  бидай. 
Түбінде бір кәкір барын сезе қойдық та, қарсылығына қарамай, осында алып келдік. Бары 
осы. 
– Сіз олардың астық артқан жерін ұмытпайсыз ба? Ертең тауып бере аласыз ба? 
– Тапқанда қандай. Совхоздан үш-төрт шақырымдай жердегі  қара шілік қайда, содан 
тура оң жақ қолда, шамасы үш жүз-төрт жүз метрдей болар. Солай емес пе, Тамара? 
Тамара басын изеді. 
– Сабан астына тыққан астық екенінде күмән жоқ. Айтпады деме, мұның ұрлағанының 
алды-арты бұл емес. 
Тексересіңдер ғой. Көрерсіңдер. Мен білетін Қарабет болса, бұған дейін талай машина 
астықты үктіріп, тоғытып та жіберген шығар-ау. 
–  Ол  жағын  көрерміз.  Ал  енді,  Тамара  Рубцова,  сіз  мына  жерге  отырып  түсінік  хат 
жазыңыз. Содан кейін боссыздар. Бара берулеріңізге болады. 
Қарасайдың  милицияға  түскенін  естіп,  қызы Кәміш  жан  ұшырып  жеткен.  Қосиманов 
кабинетінен шықпай, екі шекесін алақанымен солқылдата қысып, бетінен басып отыр еді, 
Кәміш  баса-көктеп  кіріп  келді.  Әкесінің  тура  аузынан  түскендей  беті  быттиған  толық 
әйелдің  өңі  өрт  сөндіргендей.  Үстіне  іле  салған  жағасы,  жеңі  қырқылған  күзгі  пальто 
тырс-тырс  етеді.  Ербеңдеген  екі  қолды  қозғап  қалса-ақ  қолтығы  дар-дар  сөгіліп  кеткелі 
тұр. Беліне байлаған алжапқышын да шешпепті. Екі қолы баттасқан қамыр. 
–  Көкем  қайда,  –  деп  біреу  жасырып  қойғандай  алақтаған  көзімен  стол  астын, 
кабинеттің бұрыш-бұрышын тінтіп өтті. – Көкем қайда деймін. Әй, сен кереңбісің?! 
– Жетті, жетті, елеуреме. 0, несі ей! Әкеңді бір жерге тығып қойды деп отырмысың. – 
Қосиманов әйелінің жүзіне қарауға жасқанғандай, басын жерден алмады. 
– Осында алып кепті дегені рас па? Сен үйге тлифон соғып неге айтпадың? 
– Немене, сүйінші сұрайын ба? 
– Әй, өзің басыңа қан шауып тұлданып отырсың ғой. 


– Қайны атаң қылмыс жасаса, тұлданбақ түгіл өртеніп кетерсің. 
– Қылмысы несі? Не қылған қылмыс? 
– Жарайды. Мені енді сен тексерейін деген екенсің. Доғар, жетті. 
Кәміш  ботадай  боздап  отыра  кетті.  Әйел  адамның  көз  жасы  крандағы  судай  жақын 
тұратын әдеті ғой. Кәміштің көзінен тарам-тарам жас саулап бетін жуып, кірпігіндегі қара 
бояу  жібіп  иегіне  қарай  сорғалай  жөнелді.  Соңғы  екі  жылдан  бері  Қызыл  жалау 
ауданындағы бастықтардың әйелі қас, кірпігін, ернін бояуды үйреніп алған. Алақанының 
сыртымен  езуіне  қарай  аққан  жасты  сүртем  дегенде,  бет-аузы  қызыл  жоса  болып  шыға 
келді.  Қара  бояу  мен  қызыл  бояу  араласқан  айғыз-айғыз  бетке  көзі  түскенде  Қосиманов 
шыдай алмай сақылдап тұрып күлді. Кәміш одан сайын өкіріп жылады. 
– Неменеге жетісіп күлесің? Көкемді қазір үйге алып жүр. Сенің бастық болғаныңнан 
не пайда, бір әкеңді арашалап алып қала алмасаң, – деп сөйлеп-сөйлеп жылайды. 
Дүниеде  әйел  заты  бір  қасарыспасын.  Қасарысып  тұрып  алса  азуы  алты  қарыс 
еркегіңнің  өзі  ақпандағы  арық  текеше  қалтырап,  оның  ығына  қалай  түскенін  байқамай 
қалады. Кәміш бүкіл конторды басына көтеретін болған соң, Қосиманов не істерін білмей 
сасқалақтап, әйелінің алды-артына шығып: 
–  Қой  енді,  мынауың  масқара  екен.  Мекеменің  адамдарынан  ұят  болды-ау.  Қой 
деймін... Жарайды, әкейді түрмеге жаптырмаймын. Кепілдікке алайын. Баршы енді үйге. 
Тамағыңды әзірлей бер. Қазір алып барам, – деп зорға у атып, кеңседен шығарды. 
* * * 
Қосимановтың  үй  іші  бүгін  қара  жамылғандай  бір-біріне  тіл  қатпады,  кешкі  астың 
шетіне түнере отырып, бір табақ етті шымшылап қана жеп, ерте жатып қалды. 
Ішінде  арыстан  ойнағандай  мазасызданып  Қарасай  дөңбекши  береді.  Бүгінгі  өкініш 
ішін  өртеп  барады.  Астық  орылғаннан  бері  төрт  машина  бидай  үктіріп,  себкрайдағы 
құдасы  Қапыш  арқылы  Омбының  базарына  өткізіп,  ақшаны  күреп  алып  еді.  Мынадай 
қырсық  килігеді  деп  үш  ұйықтаса  түсіне  кіріп  пе?  Боранды  күні  Оспандарды  қай  құдай 
айдап шыға қалды екен? Не іздеп шықты? Қарасайдың сорына қарай шыққан ғой. Және де 
басқа адам болса бір сәрі. Осы өлкеде Күргерей мен Оспанның аузына іліксе, одан аман 
құтылар ма. Бөтен біреу болса, өйтіп-бүйтіп бас сауғалар ма еді. Сол бар болғыр бидайды 
кейінірек алса да болатын еді ғой. Бірақ совхоз пысықсып даладағы сабан атаулыны трос 
салып  трактормен  тартқыза  бастамады  ма.  Егер  ана  бидайдың  үстінен  шықса,  текке 
итжемеде  кететін  еді.  Шіркін,  қып-қызыл  есіл  ақша.  Қойшы,  үйдегі  сандық  та  жетер. 
Қанағат. Мына пәледен құтылса, ар жағы тағы да бірдеме болар. Бірақ бұдан құтылу үшін 
де  біраз  шығындалуға  тура  келеді-ау.  Қап,  кім  көрінгеннің  аузын  майлап,  көмейін 
тығындайтын болды-ау. Құтылу, ақша. Ақша, құтылу. Осы екі сөздің маңында басы қатып 
жатқанда,  төргі  бөлмеден  күңкілдеген  дыбыс  келді.  Әуелі  сыбырлап  сөйлесіп  еді,  келе-
келе ағаш үйді басына көтеріп самбырлап кетті. Күйеу баласы мен қызы. 


Қарасай  аяғының  ұшымен  басып,  жармалы  есіктің  босағасына  таяп,  тың  тыңдады. 
Күйеу баласының бірінші сөзін құлағы шалғанда-ақ Қарасайдың іші мұздап қоя берді: 
–  Сенің  әкең  деп-ақ  өлетін  болдым.  Былай  да  таяуда  орнымнан  түсемін.  Енді  ұрыны 
қолдаймын деп сотталып кетер жайым жоқ. 
– Сонда сен көкемді айдатып жіберіп, үйде шалжиып жатпақпысың? 
– Айдалмақ түгіл, одан әрмен кетсін! 
–  Е-е,  солай  де.  Сенің  екі  иығыңа  пагон  тағып,  қарағұсша  қомданып  құр 
күпсінгеніңнен  не  пайда,  бір  әкеңді  сақтап  қала  алмасаң,  –  деп  қызы  намысына  тие 
сөйледі. 
–  Немене,  мен  пагон  тақсам,  сенің  әкеңнің  қылмысын  жасыру  үшін  тағыппын  ба? 
Жетеді,  осы  күнге  дейін  қанатымның  астына  алып,  бүркеп  келгенім.  –  Қосиманов 
кереуетті сықыр еткізіп бір жамбасына аунап түсті. 
– Несін бүркедің? Көкем не бүлдіріпті? 
–  Нені  бүлдірмепті?  –  Қосиманов  қайта  аунады.  Жана  теріс  қарап  жатса  керек.  Енді 
қызына  бетін  бұрған  сияқты.  Даусы  ащы  шығып  қыза  сөйледі.  –  Сен  не  білесің?  Қазан-
ошақтың  басынан  басқа  не  көрдің?  Сенімен  отасқаннан  бері.  мені  шатастырып,  үнемі 
жарға итеріп келе жатқан сенің әкең емес пе? Не бетіммен жер басып күн көріп жүрмін?! 
Сонау  колхоз  құрылғаннан  бері  алысып  келеді.  Ана  жылы  нақақтан-нақақ  жала  жауып, 
талайды айдатып жіберді.  Оған қараңғы, надан мен де сендім. Соғыс жылдары партияға 
амалдап  өтіп  алып,  колхозшыларға  қылмағанды  қылды.  Онда  да  мені  арқаланды. 
Постоялда  отырып  алып  та  колхозды  сүліктей  сорып  келді.  Оған  да  менің  беделімді 
салды.  Үнемі  сыртымнан  сатады  да  жүреді.  Жылда  он  бес-жиырма  қара  семіртіп 
тоғытады. Жем тегін. Колхоздікі. 
–  Еһ,  жылқы  семіртсе,  сен  үшін  семіртеді.  Ана  бала-шағаң  жылда  қай  соғымыңның 
етін жейді? Несіне мысық бола қалдың? 
–  Мен  алсам,  ақшама  алам.  Қай  уақытта  ақша  алмай,  тегін  беріп  еді.  Енді  сен  мені 
араластырайын дедің бе? 
– Менсіз-ақ араласып жүрсің ғой. 
– Жетті, доғар. – Қосиманов біраз үнсіз жатты да, қайта сөйледі. – Рас айтасың, Кәміш. 
Мен  шынында  әбден  былығып  болдым.  Шіркін-ай,  әу  баста-ақ  әкеңнің  бетін  тойтарып 
тастауым  керек  еді.  Бірақ  не  керек,  бәрі  кеш.  Қалайша  қара  басып  соның  дегенімен 
жүргенімді білмеймін. 
– Ештеме жоқ, бүлініп-жарылатын. Соншама таусылатындай не боп қалды? 


–  Не  боп  қалды...  Әй  сен  өзің  әлі  беріде  жүрсің  ғой.  Ертең  көрерсің  не  болғанын. 
Совхоз  астығын  –  халықтың  маңдай  терін  ұрлаған  ұры  шалқасынан  түсіп  шалжиып 
жататын шығар... Жетті енді, ұйықта. 
Тым-тырыс.  Қарасай  босағаға  жабысып  тұр.  Не  болса  да  енді  ұйықтағандарын  күтті. 
Тастай  қараңғы  бөлме  ішінде  қызыл-жасыл  көбелектер  ұшып  жүргендей,  көзінің  алды 
бұлдырап, басы айналып барады. Қарасай тізесін бүгіп, жүресінен отырды да, көзін тарс 
жұмды. Әлден уақытта төргі бөлме тағы күңгір ете қалды. Қызының даусы.  «Уһ!»  – деп 
кеудесі қарсы айырылардай күрсініп, сұрағандағысы бір-ақ қауіп: 
– Сонда көкемді шынымен соттай ма? 
Қарасай елең етіп басын көтеріп алды. 
– Соттамағанда курортқа жіберер деймісің. Бүкіл елдің бар түпкірінен, бар ұлттан кәрі 
де,  жас  та  келіп  еңбек  етіп,  халық  игілігі  үшін  жұмыс  істеп  тырбанып  жатқанда,  өзінің 
қарақан  қара  басын  ойлап,  солардың  маңдай  терін  ұрлап,  ақшаға  айырбастаған  адамға 
қандай  аяушылық  болмақ.  Не  жетпеді?!  Пиғылының  жамандығынан  ана  Халелді, 
Ақбөпені,  Диканы  да  қуып  жіберді.  Олардың  дәнемесі  кеткен  жоқ.  Өз  қолы  өз  аузына 
жетіп адам болды. Солардың табысы-ақ шаш етектен еді ғой. Сенің әкең ылғи арамдықпен 
ғана баюды ойлайщы. Жалғыз астық қана емес, ертең қорасын тінткенде көрерсің:  «Ана 
бір әйел екеуі  үй саламыз деп құрылыс материалдарын жинап жүр»,  – деген сигнал бар. 
Оны қайдан алады, ұрламағанда?! – Қарасайдың басы зеңгіп кетті. Көз алдындағы қызыл-
жасыл домалақтар құжынап, жыбырлап, тамағы құрғақсып, тынысы тары л а берді. – Егер 
соның бәрі шықса, кемінде он не жиырма жыл арқалап кете барады. 
– Енді сен де әкеден безген соң, басқа кім аясын?! О, сорлы көкем! Сор маңдай болдың 
ғой, – деп Кәміш солқылдап жылады. 
–  Менен  енді  еш  қайырым  жоқ.  Бар  жақсылығым  сол  –  қашан  ісі  тексеріліп 
сотталғанша, үйде кепілдікте ұстай тұрам. Ол үшін араға түсіп шыжылдайтын жайым жоқ. 
Қайта, партия алдында бұрынғының бәрін айтып, кешірім сұраймын. Ақталамын. Кешсе – 
одан басқа тілегім де, арманым да жоқ. 
Қосиманов  ауыр  дөңбекшіп,  екінші  қырына  ауысып  жатты.  Қайтып  үндеген  жоқ. 
Жылап-жылап, Кәміштің де үні өшті. 
Қарасай  тапжылмай  ұзақ  отырды.  Түн  ортасы  болды-ау  дегенде  барып  күйеу  баласы 
мен қызы талып ұйықтап кетті. Қосиманов қатты қор ете қалып басылды да, біраздан соң, 
от алған машинадай, қайтадан қорылдап, тәтті ұйқыға кірді. Осы бір сәтті күткен Қарасай 
да лып етіп орнынан көтерілді. Лезде буынып-түйініп алды да, есікті еппен ашып, тысқа 
шықты. 
Дала борасын. Ызғырық жел секілді қиыршық өткір қарды ұйтқытып, борап тұр. Бетке 
инеше қадалады. Көшеде баяу ысылдап, суылдаған бораннан бөтен бейсауат үрген иттің 
даусы да естілмейді. Қызыл жалау қалың ұйқыда. Қосиманов үйінің батысындағы түрме 


ауласының  биік  қақпасы  ғана  желге  қозғалып,  миды  шағардай  сақыр-сақыр  етеді. 
Қарасайдың  денесі  түршігіп,  қалтырап  кетті.  Енді  көп.  ойлануға  уақыт  жоқ.  Қара  түнді 
жамылып, боран астында ұрланып, жөнеле берді. Қашып кетті. 
* * * 
Таң сібірлеп атып келеді. Дала бозамық тартып, ақтаңдақтана бастады. Аспан жалтыр, 
ашық  болатын  түрі  бар.  Ұйтқи  борап,  ышқына  соққан  кешегі  үскірік  боран  толастаған. 
Жол сорабына түскен күртік қар қатайып, шыңылтырланып қалыпты. Таңдайланған жал-
жал  оқаптың  ара-арасымен  ирелеңдеп,  жаяу  сырғыма  жүріп  жатыр.  Қызыл  жалаудан 
шыққан  жалғыз  із  шұбатылып  ұзап  барады.  Машина  ізі.  Кабина  ішіндегі  екеу  –  совхоз 
шаруасымен келіп қайтқан жолаушылар. Сыртта, қаз-қатар қойған қағаз қобдишалардың 
арасында бұғып отырған жалғыз: қашқын – Қарасай. 
Жан-жағынан  гуілдей  соққан  ызғырық  жел  өне  бойын  қалтыратып,  қобдишалардың 
ығына  бұқтыра  түседі.  Бәрінен  де  іштің  қалтырағаны  жаман  екен.  Шыңылтыр  карды 
аспанға атып зымыраған машина жүрісі Қарасайға өгіз аяңындай көрініп, әлсін-әлсін арт 
жаққа  жалтақтап  қарай  береді.  Сонау  артта  қалған  белеңнен,  көлденең  жатқан  қырқадан 
белдігінде қызыл жолағы бар жеңіл  машина  қылт  етіп шыға келетіндей зәре жоқ. Күйеу 
баланың  түндегі  сөзінің  төркіні  жаман.  Қаматпай  тынар  емес.  Қазір  жолда  жетіп  ұстаса, 
мүрдем кететінінде дау жоқ. 
«Апырмай,  –  деді  Қарасай  іштей  күйзеліп,  –  шынымен  өлімге  қиғаны  ма?!  Мүмкін 
«айырылып  қалдым,  іздеңдер»  деп  ертеңдер  ғана  жоқтау  салар.  Оған  дейін  мен  де 
құтылып  кетер  ем.  Күйеу  баланың  беделіне  қарап,  ешкім  мені  іздемес  те.  Ана  жылы  да 
әупірімдеп қалып ем». 
Қарасайдың есіне өткен бір жылдардағы оқиға түсті. 
Күргерей қарт, Жантас сұрап қолқалаған соң, ол оқиғаны да жыр ғып айтып берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет