137
ӛту үшін газ молекулаларын иондарға және электрондарға ыдырату қажет.
Газдар сыртқы ионизаторлардың әсерінен оң иондарға және электрондарға
ыдырайды. Бұндай ионизаторларға от, рентген, ультракүлгін
сәулелері және
т.б. әсерлер жатады.
Газдың атомы (молекуласы) иондалған кезде иондалу жұмысы
атқарылады. Иондалу жұмысы деп электронды атомнан жұлып шығаруға
жұмсалатын энергияны айтады. Біратомды газды соққымен иондау, иондаушы
бӛлшектін келесі кинетикалық энергиясында жүреді:
мұндағы:
- иондалу жұмысы, М – атом массасы.
Газ разряды тәуелді және тәуелсіз болып екіге бӛлінеді. Тәуелді газ
разряды дегеніміз – сыртқы әсер тоқтағанда, газдардан электр тогы ӛту
құбылысы тоқтайтын разряд, осыған қарама-қарсы құбылыс, яғни сыртқы әсер
тоқтағанмен, электр тогы ӛту
құбылыс байқалатын болса, бұл тәуелсіз разряд
деп аталады.
Тәуелсіз разрядтың 4 түрі бар:
1. Солғын разряд - салқын катоды бар разрядты түтікшелерде тӛменгі
қысымда(бірнеше килопаскаль немесе одан тӛмен қысымдарда) жүреді;
2. Ұшқындық разряд - газдардағы қалыпты атмосфералық қысымда, ӛте
үлкен потенциалдар айырмасында жүреді (мысалы найзағай);
3. Тәжді разряд
- қалыпты атмосфералық қысымда, біртекті емес электр
ӛрісінде жүреді;
4. Доғалық разряд – орыс ғалымы В.В.Петров ашқан. Бұл газдық разряд
электродтар арасында аз
потенциалдар айырмасында, бірақ үлкен ток
тығыздығында жүреді.
Плазма және оның қасиеттері
Плазма дегеніміз – оң және теріс зарядтарының тығыздықтары бірдей аса
ионданған күйдегі газды айтады. Плазма – заттың ерекше күйі.
138
Аса жоғары температура салдарынан пайда болатын плазма жоғарғы
температуралық плазма деп аталады.
Плазманың иондану дәрежесі ионданған бӛлшектер санының плазманың
бірлік кӛлемдегі бӛлшектер санына қатынасымен сипатталады. Осы шаманың
мәніне қарап
плазманың әлсіздеу ионданған, жеткілікті түрде ионданған және
толығымен ионданған деп бӛледі.
Плазмада ток тасушылардың концентрациясы ӛте жоғары. Сондықтан
плазманың
электр
ӛткізгіштігі
ӛте
жоғары
болады.
Электронның
қозғалғыштығы
оң
иондардың
қозғалғыштығына
қарағанда
үлкен
болғандықтан, плазмада токты негізінен электрондар тасиды.
Плазманың қасиеттері:
1.Толық иондану кезінде плазманың иондану дәрежесі ӛте жоғары
болады.
2.Иондану кезінде плазмада оң және теріс зарядтар ӛзара тең болады.
3. Плазманың электр ӛткізгіштігі ӛте жоғары болады.
4. Электр және магнит ӛрістерімен күштірек әсерлесе алады.
Достарыңызбен бөлісу: