Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет21/70
Дата31.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#166969
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

2. Молекулалар массасы мен ӛлшемi.
2.1 Салыстырмалы молярлық және молекулалық масса. Авогадро 
саны. 
Молекулалық физика
– физиканың әр түрлі агрегаттық күйдегі 
заттардың физикалық қасиеттерін олардың молекулалық құрылысы негізінде 
зерттейтін саласы. Молекулалық физиканың ең алғаш қалыптасқан бӛлімі – 
газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы. Бұл теория 1858 – 60 жылдары 
Дж.Максвеллдің, 1868 жылы Л.Больцман және 1871 – 1902 жылдары Дж.Гиббс 
еңбектерінің нәтижесінде классикалық - статистикалық физика болып 
қалыптасты. Молекулалардың ӛзара әсері (молекулалық күштер) жӛніндегі 
сандық мәліметтер капиллярлық құбылыстар теориясында: 1743 жылы А. 
Клероның, 1805 жылы Т.Юнгтың, 1806 жылы П.Лапластың, С.Пуассонның, т.б-
дың классикалық еңбектерінде дамытылып, беттік құбылыстар теориясының 
жасалуына негіз болды. Голланд физигі Я.Ван-дер-Ваальс нақты газдар мен 
сұйықтықтардың физ. қасиеттерін түсіндіру үшін молекула аралық ӛзара әсер 
ұғымын (1873) пайдаланып нақты газдардың күй теңдеуін (Ван-дер-Ваальс 
теңдеуі) қорытып шығарды. 1906 жылы француз физигі Ж.Перрен мен швед 
ғалымы Т.Сведбергтің, 1904 – 06 жылы поляк физигі М.Смолуховский мен 
А.Эйнштейннің микробӛлшектердің броундық қозғалысына және заттардың 
молекулалық құрылысына арналған зерттеу жұмыстары кез келген заттың 
молекулалардан тұратындығының айғағы болды. Осы мақсатта кӛптеген 
ғалымдар алғашқыда заттарға түсірілген рентген сәулесінің дифракциясын, 
кейіннен электрондар мен нейтрондар дифракциясын пайдаланып, нәтижесінде 
қатты денелер мен сұйықтықтардың құрылысы жӛнінде нақты мәліметтер алды. 
Кванттық механикада молекула аралық ӛзара әсер туралы ілім 1927 жылы 
Ф.Лондонның, 1927 жылы В.Гейтлердің, 1930 жылы П. Дебайдың, 1937 – 39 
жылы М.Борнның еңбектерінде дамытылды. 19 ғасырда Я.Ван-дер-Ваальс пен 


58 
У.Томсон (Кельвин) байқаған және Дж.Гиббс пен 1937 жылы Л.Ландаудың 
еңбектерінде дамытылған бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге ауысу 
теориясы фаза түзілудің қазіргі теориясына айналды; сӛйтіп ол молекулалық 
физиканың маңызды жеке тарауы болып қалыптасты. Я.И. Френкельдің, 
Дж.Берналдың, т.б. еңбектерінде статистик. әдістің заттардың құрылымы 
жӛніндегі кӛзқараспен біріктірілуі сұйықтықтар мен қатты денелердің 
молекулалық физикасының дамуына үлкен әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет