152
ӛздік индукция электр қозғаушы күші тізбектегі ток күшінің ӛзгеру
жылдамдығына тура пропорционал болады:
Фуко тогы
Үлкен шомбал ӛткізгіштерді айнымалы магнит ӛрісінде орналастырғанда
пайда болатын индукция тогын Фуко тогы деп атайды. Үлкен ӛткізгіштердің
электрлік кедергісі аз болады, сондықтан бұл ӛткізгіштердегі
Фуко токтары
үлкен мәнге жетеді. Фуко токтарының жылулық әсері индукциялық пештерде
қолданылады. Индукциялық пештердің кӛмегімен
металдарды вакуумда
балқытып, қоспасыз ӛте таза металдар алынады. Трасформаторларда Фуко
токтарының әсерінен энергияның шығындалуын азайту үшін ӛзекшелерді
изоляцияланған жұқа пластиналардан құрайды. Айнымалы ток жүретін
ӛткізгіштердегі Фуко тогы Ленц ережесіне сәйкес ӛткізгіш
ішінде токты
азайтатындай, ал ӛткізгіш бетінде токты күшейтетіндей түрде бағытталады.
Нәтижесінде ӛте жоғары жиілікті айнымалы ток ӛткізгіштің беткі қабаттарымен
жүреді. Бұл құбылыс скин-эффект деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: