Сакралды Атырау



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#123259
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сакралды Атырау (1)

АЛЫП АНА
ҚОРЫМЫ 
Алып ана қорымы – Қызылқоға ауданы Сағыз селосынан оңтүстік-
шығысқа қарай 6 шақырым жерде орналасқан. 18-19 ғасырлар
аралығында пайда болған. Аңыз бойынша, қорымның
«негіздеушісі» (эпонимі) әйел адам, яғни, Алып ана болып
табылады, оның моласы қорымның батыс жағында шырақ және
қадамен белгіленген. Әуелде осында күйдірілген кірпіштен қаланған
кесене болған болуы керек, бүгінде оның тек тікбұрышты ізі ғана
сақталған. Қорымды негізінен әк-құмды тастан жасалған
ескерткіштер құраған тақталы күмбездерден тұрады. Төбесі
күмбезделіп жабылған. Қорымда уақыты шамамен 19-ғасырдың ІІ
жартысына жататын, күйдірілген кірпіштен қабырғалары сыртына
шығыңқы қаланған түрі сирек кездесетін мазарлар бар. Осындағы
құлпытастар безендірілуі мен түрі жағынан әртүрлі болып келеді.
Бұлардың көпшілігіне бедерлі түрде әшекейлер, мәсі, кебіс сияқты
әйелдің тұрмыстық заттары бейнеленген. Алып анада көбінесе Кете
және Адай руының өкілдері жерленген.
СЛУЖБА УБОРКИ "МОЙДОДЫР"


Ж
ұ
бан мазары
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан
солтүстікке қарай 90 шақырым жерде биік төбенің
үстінде орналасқан. Ол ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің
үздік туындысы ретінде республикалық дәрежеде
қорғауға алынған.
Мазардың күмбезімен қоса алғандағы биіктігі 9,05 метр.
Сырты мен іші әшекейленіп, оюланған мазарды салуға
пайдаланған әктас-ұлутас Қобыланды деген жердегі
Таскескен карьерінен жеткізілген. Мазардың ішкі
қабырғалары түрлі-түсті бояумен өрнектелген. Оның
ішінде 5 қабір және Жұбан байдың құлпытасы бар.
Әдебиетте Жұбан мазарын (тамын) 1895 немесе 1898
жылдары Нұғман ұста салған деп жазылған. Алайда,
мазардың ішкі қабырғасындағы соңғы жазуларға
қарағанда құрылысты салушы Шәнен Бекбайұлы
делінген. Дегенмен осындай үлкен ескерткішті тұрғызу
тек ғана ірі байлардың қолынан келген. Сақталған
мәліметтерге сәйкес, Жұбан мазарының құрылысына 20
мың рубль, 10 жылқы, 122 қой, 1 пұт шәй, 15 пұт секер
жұмсалған.


05


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет