«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»


Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда



бет39/101
Дата12.10.2020
өлшемі302,18 Kb.
#68197
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   101
1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда




Пс=Тс-сыз - ӨҚ




мұндағы Тс-сыз.ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚөзіндік құн

2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда




Пб.с.= Тс - Мқк




мұндағы Тссатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқкмүліктің қалдық құны.

3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.

Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:

  • Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;

  • Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша;

  • Мүлікті жалға беру арқылы;

  • Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер;

  • Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с.

Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады:

  • Сотқа кеткен шығындар;

  • Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;

  • Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар

  • Ұрлаудан болған шығын;

  • Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с.

Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда).

Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет