Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратыңыз



Дата12.02.2023
өлшемі29,5 Kb.
#168404
түріСабақ
Байланысты:
салалас карт


Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратыңыз:


(қарсылықты)
Қар еріді, бірақ жер көгере қоймады.
Мәтінді аудару маған қиын болды, алайда мен оны аудардым.
Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім.
Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді.
(ыңғайластық)
Асан аттарды іздеп кетті де, Үсен жарты жолдан үйге қайтты.
Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.
Маған ойыншық берді, ағама доп берді.
Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады.
(кезектес)
Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.
Оқу залында кейде кино болады, кейде қызықты баяндама оқылады.
Теледидардан хабарды біресе орыс тілінде берді, біресе қазақ тілінде берді.
Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.
(талғаулықты)
Не шөп жоқ, не қамыс жоқ.
Бұл жерде я мен тұрармын, я сен тұрарсың.
Ертең үйге дәрігер шақырту керек немесе ауруханаға бару керек.
(себеп-салдар)
Жүріп келе жатып сөйлеу қиын ғой, сондықтан бұлар үндемей келеді.
Мен сабаққа бара алмадым, өйткені ауырып қалдым.
Біздің ауылға жету қиын, себебі автобустар аз жүреді.
(түсіндірмелі-іліктес)
Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.
Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын.
Менің ашуланғаным сонша, Асанды ұрып жібере жаздадым.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратыңыз:
(Шартты )
Жақсы өмір сүру үшін, жақсы жұмыс істеу керек.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Ата-аналар жиналса, жиналыс болады.
Жолдасың ақылды болса – мақтан, жолдасың ақылсыз болса – сақтан.
Жазда жаңбыр көп жауса, егін жақсы шығады.
Егін жақсы шықса, халық тоқ болады.
Сабақ оқығанда, бес алар едің.
Сабақ оқымай, бес алмайсың.
(Мезгіл)
Қазақ тілі мұғалімі келгенше, оқушылар үйге берген тапсырманы қайталап оқыды.
Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.
Жиналыс біткен соң, біз үйге қайттық.
Жазира сабақта болғанда, біз оны көшеде күттік.
(Себеп-салдар)
Мұғалім келмегендіктен, сабақ болмады.
Күн жылы болмай, біз серуенге шықпадық.
(Қимыл-сын)
Сыныптардың есіктері ашылып, оқушылар тысқа шығып жатыр.
Арман келмей, жұмыс бітті.
(Мақсат)
Аудармашы болу үшін, тілдерді жақсы білу керек.
Ол оқу үшін, қалаға келді.
Баласы оқуға түссін деп, әкесі көп кітап әкеліп берді.
(Қарсылықты)
Көп кітап оқысам да, көп нәрсені білмеймін.
Әркім әр түрлі айтқанмен, бәрінің ойы бір жерден шықты.
Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет