9
BIRGEMIZ ASYL MURA
Волонтерлерді
ұйымдастырудың қажеті жоқ,
олар өздері бәрін
біледі.
Өз қызметін шын мәнінде өз беттінше, мысалы, көршілеріне көмек көрсете отырып ұй
-
ымдастыратын волонтерлер бар. Алайда, іс-шараларды өткізу, жобаларды іске асыру үшін
жоспарды белгілеу, жауапкершілікті бөлу, орындалуын қадағалау маңызды – осыншама мін
-
деттерді шешу үшін бір-екі адам қажет. Сондықтан Қазақстанда
әкімшілік функцияларды
жүзеге асыратын, адамдарға волонтерлер болуға көмектесетін, үйрететін, қолдайтын және
олардың қызметін үйлестіретін түрлі ҮЕҰ бар.
Волонтерлік көп уақытты талап етеді.
Бұл волонтерде уақыттың болуына, сондай-ақ волонтер айналысқысы келетін қызмет түрі
-
не байланысты. Аптасына бір сағат жануарларға арналған баспанада иттерді серуендетуге
көмектесуге болады немесе аптасына үш рет балалар үйлерінде тоқу бойынша сабақтар
өткізуге немесе жылына бірнеше рет мәдени не спорттық іс- шараларды ұйымдастыруда қа
-
тысуға, тіпті бір рет ҮЕҰ үшін веб-сайтты тегін әзірлеуге болады. Не істеуді ұнататынын не
-
месе кәсіби және сапалы түрде не істей алатынын және басқа адамдарға қанша бос уақыт
арнауға дайын екенін түсіну жеткілікті. Волонтерлердің бір сағаты да маңызды!
Волонтер бірден бүкіл әлемді құтқаруы тиіс!
Барлығына бірден көмек көрсету мүмкін емес. Бұл кез келген адам, волонтер және тіпті
халықаралық ұйым үшін аса ауыр міндет. Егер волонтерлер өз бетінше әрекет етсе, тіпті
бір отбасына да көмек көрсету маңызды. Егер волонтерлер ұйымнан жұмыс істесе, онда
үйлестірушілер
нақты міндет қойып, жауапкершілікті барлық
қатысушылардың арасында
бөледі.
Волонтерлер не үшін керек?
Мемлекет осы мәселелердің барлығын шешуі тиіс.
Мемлекеттік бағдарламалар барлық мақсатты топқа жетпейтін немесе халық шенеуніктер
-
ге сенбейтін жағдайлар болады, сонымен қатар мемлекеттік көмек берілмейтін (азаматтығы
жоқ адамдар) халық топтары бар. Дәл осындай жағдайларда волонтерлер немесе қоғамдық
ұйымдар пайда болады. Волонтерлер мемлекеттің серіктестері болып, бірлескен жобалары
мен бастамалары арқылы қоғам мен мемлекет арасында сенім атмосферасын құрады.
№5 аңыз
№6 аңыз
№7 аңыз
№8 аңыз