11
BIRGEMIZ ASYL MURA
Алматы қаласында өткен «Универсиада-2017» 28-ші
қысқы студенттік ойындарында 18-ден 80 жасқа дейінгі
3 000 волонтер жұмыс істеді, олардың 100 волонтері -
шетелдіктер. Қабылдау кезінде 14 мыңнан астам өтінім
берілді. Волонтерлер спортшыларды, қатысушыларды,
төрешілерді және басқа да адамдарды қарсы алды.
Сондай-ақ, волонтерлер баспасөз орталығында көмек
-
тесті, олардың міндеттеріне БАҚ-ты үйлестіру және
журналистермен жұмыс істеу кірді. Ұйымдастырушылар
халықаралық волонтерлерге лайықты жағдайлар жаса
-
ды: тегін тұру, тамақтану, көлік және киім. Волонтерлер
қызметтің 30-дан астам функционалдық бағыттарында
жұмыс істеді: спорттық жарыстарда, кіруді бақылау, та
-
сымалдау, орналастыру, аккредиттеу, қауіпсіздік, меди
-
циналық көмек қызметтерінің учаскелерінде, мәдени
іс-шараларда, атлетикалық ауылда, көрермендермен
жұмыста және т.б. қызмет атқарды.
Өзінің кәсіби көмегін тегін ұсынатын волонтерлер -
әлемнің түрлі елдерінде кең тараған құбылыс. Инже
-
нерлер, сәулетшілер, дәрігерлер, педагогтар, психо
-
логтар, актерлер – олардың барлығы өздерінің кәсіби
саласында волонтерлер болып жұмыс істей отырып,
коммерциялық емес секторды дамытуға көмектеседі.
Волонтерлер онлайн жұмыс істей отырып, өз қыз
-
метін қашықтықтан іске асыра алады. Бұл виртуалды
жобаның бір бөлігі немесе қашықтағы жерден жалпы
жұмысқа үлес болуы мүмкін. Мұндай волонтерлік қыз
-
метке мүмкіндігі шектеулі адамдар жиі қатысады.
Көптеген білім беру мекемелері волонтерлік қызмет
-
пен айналысатын студенттерге балл (кредиттер) есеп
-
теп қосады.
Көптеген ірі америкалық корпорациялар өз қызмет
-
керлеріне ақылы жұмыс уақытында белгілі бір сағат
санын қоғамға қызмет етуге, қайырымдылық жобала
-
рына және т.б. қатысуға арнауға мүмкіндік береді. Жұ
-
мыс беруші қолдайтын, волонтерлердің осы формалды
бағдарламалары - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
шеңберіндегі күш-жігердің бір бөлігі.
Дамушы елдерде волонтерлік қызмет кеңінен да
-
муда. Волонтерлер ағылшын тілін оқытады, балалар
үйлерінде, экологиялық жобаларда жұмыс істейді, ме
-
дициналық мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдарға
көмектеседі. Шетелде волонтерлер ретінде АҚШ, Кана
-
да, Ұлыбритания, көптеген еуропалық мемлекеттердің
азаматтары жұмыс істейді.
Кәсіпқой волонтерлер (ProBono).
Виртуалды волонтерлер.
Қоғамға қызмет көрсету арқылы оқыту.
Корпоративтік волонтерлік.
Шетелдегі волонтерлер.
Ірі мәдени және спорттық іс-шаралардағы
волонтерлер.
Достарыңызбен бөлісу: