Саламатсыз ба, құрметті білім алушы! Пәні:Дене тәрбиесі
Топ: ББ-П-17
Күн: 15.09.2020
Пән оқытушысы: Мирзаконыров Б.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика. Қысқа және орта қашықтыққа жүгіру техникасын жетілдіру.
Орта қашықтыққа жүгіруде сөреден шығудын маңызы зор. Оқушылар, әдетте жоғарғы сөрені пайдаланады. Жалпы жоғарғы сөреде тұру кезінде сөре сызығына күшті аяқты, ал екінші аяқты артқа қоюы керек. «Дайындал!» командасын естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді. Жүгірістін басталуында қысқа қашықтыққа қарағанда кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады. Жүгірудің жеңілдігі, туралығы, аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде мүсінді жақсы ұстау-шапшандыққа жүгірудің де, төзімділікке жүгірудің де техникасын үйренгенде жұмыс істеуі керек ететін маңызды кезендер.
Оқушы қозғалысының үнемділігі, эффектілігі сол қозғалыста күш шығаруға сатылап бұлшықеттердің жұмыс істеуін және дем алуын білу керек. Жүгірген кезде оқушының денесі алға еңкейеді 85˚-қа жетеді. Көп еңкейсе адымның қысқаруына әкеліп соғады. Жылдамдықты өзгертсе дененің еңкейуіде өзгереді. Спринтерлік жүгіріске қарағанда орта қашықтыққа жүгіргенде бұрышы 50˚-55˚, яғни ұштылау болады. Орта қашықтыққа жүгіру мынадай сатылардан тұрады: сөреден шығу, мәреден өту, бұрылыста жүгіру. Сөрелік екпіннің мақсаты аз уақыттың ішінде үлкен жылдамдық алу, еркін сілтейтін жүгіріске мүмкіндік туғызу, жылдамдықты пайдалану, жолда өзіне пайдалы қажетті жерді табу. Орта қашықтыққа жүгіргенде жылдамдықты туғызу үшін 30-40 метрлік қашықтық керек.
Оқушыларға дұрыс демалуды үйрету. Орта қашықтыққа жүгіргенде адам ағзасына оттегі қажеттігі өседі. Бұлшықеттерін босату немесе босап еркін жүгіру оқушыларға қиын және басты мақсат болып саналады. Әрбір оқушы өз қозғалысының әдісін жақсарту қажет, соның ішінде жүгіру арқылы келеді. Орта қашықтыққа жүгіру жоғары сөреден басталады. Содан кейін оқушылар бірінші жолға түсуге тырысады.
Қашықтық ұзарған сайын адымның арасы да азаяды. Жүгіру техникасын жетілдіремін деп бірқалыпты шапшандықты ұстап жүгірумен ғана тежеліп қалмау керек. Бірқалыпты шапшандықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде, назарды жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге және тыныс алуға аударған жөн.
Оқушыларды сөре және сөрелік қарқын алуға үйрету.«Сөреге!» командасы бойынша оқушылар сөре сызығында бастапқы қалыпты қабылдайды. Итеретін аяқ сызық бойына қойылады, ал серпімелі аяқ артқа 2-2,5 табанға қойылады. Дене шамамен 40-45˚-қа алға қарай еңкейтілген, аяқтар жамбас және тізе буынында бүгіледі және аяқтарға алшақ қарама-қарсы қалыпты алады.
Оқушылардың назары алға қарай шамамен 3-4 метр жүгіретін жолға бағытталған болуы қажет. «Алға!» командасынан кейін оқушылар белсенді түрде жүгіре бастайды. Сөреден оқушылар еңкейген қалыпта шығып, бірте-бірте денесін тік ұстап жүгіру қалпын алады, ол кезде дененің еңкеюі шамамен 5-7˚- қа тең. Сөренің қарқыны қашықтықтың ұзындығына байланысты.
800 метр жүгіруде оқушылар өздерінің жолдары бойынша 100 метр жүгіреді, мұнда оқушының міндеті жүгіру жолын жылдам жүгіріп өту, яғни жиекте бірінші болып орын алу.
Мұнда мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1) сөрелік қарқынның өзі, ол шамамен 15-20 метрге созылады;
2) белсенді жүгіру, ол оқушының жалпыға бірдей жүгіріп өтуіне дейін созылады, онда жүгіру жылдамдығы бір қалыпты бола бастайды.
Оқушыларға қашықтық бойымен жүгіруді үйрету.Қашықтықтың тіке жолында жүгіру техникасы жүгіру бұрылыстарда жүгіру техникасынан бірнеше өзгешеленеді. Қашықтыққа жүгірудің жақсы техникасы келесідей негізгі белгілермен көрінеді:
- алға қарай дененің азғантай еңкеюі;
- бас тік ұсталады, бет пен мойын бұлшықеттеріне салмақ түсірілмейді.
Мұндай қалыпты ұстау жүгірудің тиімді нұсқасына әрекет етеді, бұлшықеттегі артық кернеуді түсіреді. Жүгірген кезде қолдар 90˚-та шынтақ буынынын бүгіледі, алақан саусақтары сәл ғана жұмылады. Қолдардың қозғалысы маятниктің қозғалысын еске түсіреді, бірақ бұл кезде иықты көтермеу қажет.
Қолдар қозғалысының бағыттары:
1) қолдар алға-ішке қарай шығады, алға қарай қозғалыста қолдың білезігі шамамен дененің ортасына жетеді;
2) қолдарын артқа-сыртқа қарай, жанына қарай алысқа апармау қажет.
Жалпы айтқанда, қолдардың барлығы жанына қарай қозғалыс-тары жүгіру бағытына ыңғайлау қажет, себебі жанына қарай қолдардың артық қозғалысы бүйірлеу бағыттарында дененің теңселуіне әкеледі, ал жүгіру жылдамдығына кері әсер етіп және артық энергия шығындарына әкеледі. Иық сүйегінің қозғалыс бұрышы жүгіру жылдамдығына байланысты болады, яғни жылдамдық неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым қозғалыс өте ширақ болады. Қолдардың алдыңғы, сонымен қатар артқы жағына өте жоғары қозғалысы қате болып табылатынын есте сақтау қажет. Иық сүйегінің ауытқу амплитудасын шынтақ буынының қозғалысы бойынша анықтауға болады: ол жоғары қарай көбірек қозғалысын бастағаннан кейін – бұл амплитуда шекарасы болады.
Орта қашықтыққа жүгірудің қазіргі заманғы техникасы негізіне қозғалыстың үнемділігі, тәуелсіздігі және табиғилығы жағдайы кезінде алға қарай жылдам қозғалу қабілеттілігі жатыр.
Жүгіру техникасы - бұл әрекеттің сыртқы формасын көрермендік қабылдау, ал сонымен қатар жүгіруші қозғалысының сапалы мазмұны, оның алға қарай қозғалуына күшті азғантай шығындау шеберлігі және қажетті бұлшықеттерді кірістіру.
Жүгіру техникасына үйрету жеңіл атлетиканың басқа түрлеріне үйретуге қарағанда ерекшеленеді. Ол мыналарға байланысты, барлық жаңадан айналысушылар қандай да бір дәрежеге жетудің техникасын меңгереді, яғни жүгіре алады.
Осымен байланысты жүгіру техникасына үйретуге көшпес бұрын бірінші сабақтарда әрбір үйренушінің ерекшеліктерімен танысу және жеке кемшіліктерін анықтау мақсатына сай, бұл орта қашықтыққа жүгіру техникасы жөнінде нақты ұзындыққа еліктеу элементін түсіреді. Оқушыларға жүгіру техникасына оқытуда келесідей міндеттерге бөліп қарастырдық.
1 міндет. Оқушыларды орта қашықтыққа жүгіру техникасымен таныстыру.
Бұл міндеттің шешімі оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтаудан басталады. Бұл мақсатта оларға 80-100 метр қашықтыққа орташа жылдамдықпен кезекпен-кезек бірнеше рет жүгіру ұсынылды. Сосын әрбіреуіне неғұрлым өрескел қателіктерін көрсету керек. Кейін жүгіру техникасының ерекшеліктері, жарыстар ережесі түсіндіріледі мұғалім жүгіру техникасын көрсетеді. Жүгіру техникасы туралы түсінік қалыптастыруға кинограммалар, фотографиялар, кинокальцовкалар, суреттер көмектеседі. Бұдан кейін оқушылар 50-100 метр қашықтыққа тағы бір рет жүгіреді.
2 міндет. Оқушыларды тіке қашықтыққа жүгіру техникасына оқыту.
Тіке қашықтыққа жүгіруге оқыту жүгіруді көрсетуден басталады, кейін техниканың кейбір элементтерін дұрыс орындау үшін жағдайлар жасалады.
Жеңіл атлетиканың бұл түрін оқытудың негізгі әдісі –түрлі қашықтық бөліктерінде жылдамдықпен орындалатын көп жүгіру болады, ол алдымен жай қарқында, ал жүгіру дағдыларын меңгеруге қарай неғұрлым жоғары жылдамдықпен орындалады.
Оқушыларға оқыту үрдісінде мұғалім жүгіру техникасына қойылатын талаптар туралы ұмытпауы тиіс:
- тік сызықты бағыттау;
- итеру аяғының толық тік болуы;
- лақтыру аяғы санының алға шығуы;
- тік бағытта лақтыру аяғының, қолдардың еркін және қуатты жұмысы;
- кеуде мен бастың тік жағдайы;
- табанның алға жерге тез және жұмсақ қойылуы.
Қосымша ақпараттар: 1. http://rep.ksu.kz/bitstream/handle/data/701/Abdrahmanov.pdf?sequence=1&isAllowed=y
2. https://stud.kz/referat/show/24829
3. http://netref.ru/abdrahmanov-zikireya-abdrahmanli-docent-armu-cikldi-sport-trle.html?page=3
Бақылау сұрақтары: Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы мен мәреден шығу.