«Салауатты тамақтану салауатты өмір негізі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 12-13 қазан 2011ж. өткізілді. Бұл конференцияға Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы, ҚР ДСМ СЭМБ мониторингі мен санитариялық-сараптаудың ғылыми-тәжірибелік орталығының ат салысуымен өткізілді.
Салауатты тамақтануды халық арасында тиімді насихаттаудың оңтайлы әдістерін кафедра қызметкерлері аймақтық салауатты тамақтану орталығының мамандарына шебер кластар көрсетіп отырады.
Ғылыми жұмыстар бойынша «ҚР Остеопороздың алдын алудың кешенді бағдарламасын жасау» ғылыми техникалық бағдарламасы бойынша «Интерфакс Қазақстан» кешенінде 14 маусым, 25 қазанда екі рет баспасөз мәжілісі өткізілді.
Баспасөз мәжілістерінде жалпы Қазқстан республикасы халқының 40-49 жастағы 47%, 50-59 жаста 37% ересек адамдарда қалыпты, ал остеопения жағдайының 50-59 жаста 39%, 60-69 жаста 43%, остеопороз 70 жастағы қарттарда 53% анықталғаны мәлімденді.
Салауатты тамақтануды насихаттауда студенттер арасында 4 олимпиадалық сайыстар өткізілді. Сайыс барысында медициналық жоғары оқу орнында білім беру әдістері мен жаңа инновациялық технологиялар, заман ағымына сай келешек қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін арттыруға ықпалын тигізетін компетенцияларды игеруін қамтамасыз етеді.