2. Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан үйреніп
жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз?
3. Жартылай жасанды есірткі – героиннің тағы бір ерекшелігі бірден бой көрсете қоймайды. Шегуші ағзасына мысқылдан сіңіп, әбден бойын игеріп алғанда ғана көрініс береді. Алғашқыда қалай тәуелді болғанын білмей қалады.
Сөйтіп ол ...
Жастары, болашақ мамандары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет.
Мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген тәлім мен тәрбие үрдісі тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың барлығының ісі денсаулық сақтау ұстанымына негізделіп жүргізілген де ғана нәтижелі болады.