Мақсаты: оқушылардың «денсаулық» ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
денсаулықты күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Құрал–жабдықтар: интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, маркерлер, ватмандар, үнтаспа.
Сабақ барысы: I. Шаттық шеңбері: Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Бір оқушы мына өлең жолдарын мәнерлеп айтады:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа,
Жаныңның саулық рухын аман сақта.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.
Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,
Сол сенің жеткен жерің биік тауға.
II. Әңгімелесу: Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Дені сау адам қандай болады?
Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты өмір сүруге не кедергі болады?
Өздеріңде қандай жағымды және жағымсыз әдеттер бар? Олардың қалыптасуына не себеп болады?