Салеметсіз бе апай?! Күніңіз сәттілікке толы болсын!!!



Дата07.02.2022
өлшемі101,27 Kb.
#85863
Байланысты:
ыргак
ыргак, ыргак, ыргак

Салеметсіз бе апай?! Күніңіз сәттілікке толы болсын!!!
Тым ерте заманның өзінде-ақ славян халықтары өздерінің көршілеріне жақсы таныс болған жоғары дамыған би өнерімен даңқтары шықты. Ю.А.Бахрушин атап өткендегі біздің дәуіріміздің X ғасырында сол кезеңнің ең қуатты мемлекеті Византияда славяндар император сарайындағы ән және би орындаушылар ретінде дербес топ ретінде штатқа кірді.
Орыстың би мектебі орыс мәдениетінің заңды мақтанышы мен даңқын құрайды. Ол XVII ғасырдың екінші жартысында пайда болды, бірақ би халықтың мерекелер мен әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік мейрам-жиындарда ежелден-ақ өз орнын теуіп, халық театрының басты да айқын көріністерінің бірі болды.
Орыстың ән-би фольклоры кәсіби биден анағұрлым ерте қалыптасты. Оның нысандары халықтың тәжірибелік қызметінің үдерісінде туындады. Әндер мен билер адамдардың тұрмыстық жағдайларын, олардың дүние тану түсініктерін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бейнеледі.Басқа да халықтардың өнеріндегі сияқты бұл нысандар синкретикалық тұрғыда болды: музыка,сөз,би дербес және тәуелсіз түрлерге бөлінген жоқ, бәрі бір уақытта және бірге орындалып отырды. Орыстың халықтық биінің ежелгі түрлерінің бірі- би-ойындар болды, олар еңбек үдерістерін бейнеледі. Бұған мысал ретінде «А мы просо сеяли, сеяли» би ойынын алуға болады, онда орындаушылар бір-бірімен вокалдық-би диалогын орындайды. «Ленок» және «Яр хмель» би-ойындары да тап осындай сипатта болады. Біз үшін осы билер тарихи тұрғыдан және балалар ұжымында зерттеп, үйрену үшін қажетімді де, түсінікті және қызықтылығымен қызығушылығымызды тудырады.
«Сан ғасырлар бойында қалыптасқан би, халықтың әлеуметтік өмірінің нағыз көркем энциклопедиясы болды» - бұл сөздерді орыс биін зерттеуші, «Орыс биінің негіздері» оқулығының авторы А.А.Климов жазған. Орыстың көне биі әнмен тығыз байланысты болған. Бұл байланыс биге мағына мазмұндылығын, сезімділікті және әуезділік пен биязы мәнерлілігін береді. Халық биіндегі ән, әуен негізі қазіргі балет спектаклінің симфониялық музыкасында да сақталған. Сонымен бірге орындау техникасының асқан шеберлігі, билеушілердің жарысқа түсіп батыл билеулер орыс биін ерекшелендіре түседі. Былайша айтқанда орыс адамы би билегенде күнделікті өмірден биік тұрып, үздік болғысы келеді, яғни ол тек көрермен үшін ғана билеп қоймайды, сол би арқылы адамның ішкі және сыртқы сұлулығын бейнелейтін өзінің ойын білдіреді, - міне, орыс халық биінің ең негізгі тәрбиелік мәні де негізі де осында.
Орыстың халық биі әртүрлі бағыттарда дамып отырды.Пұтқа табыну кезінде ол діни әдет-ғұрыптардың қажетті бөлігі болды, табиғат құбылыстарын, жыл мерзімдерінің ауысуымен тығыз байланысты көрсетті. Мысалы, XIX ғасырға дейін Мәскеу және Петербург театрларының сахналарында көктемгі мереке «Семик, немесе Марьино тоғайындағы серуен» деген тақырыппен дивертисмент түрінде қойылды, оның музыкасын композитор С.И.Давыдов жазды. Славяндардың табиғатқа деген көзқарасы мен орныққан пікірі А.Н.Островскийдің поэтикалық «Снегурочка» ертегісінде де көрініс тауып, ол өз кезегінде П.И.Чайковский мен Н.А.Римский-Корсаковты да шабытқа бөледі.
1913 жылы В.Ф.Нижинский И.Ф.Стравинскийдің музыкасына «Весна священная» балетін қойды, ол пұтқа табыну кезіндегі жерге жалбарыну көрінісін көрсетті.
Көптеген әдет-ғұрып ойындары уақыт өткен сайын өздерінің тәжірибелік мақсаттарынан арылып, кейбір селоларда біздің заманымызға дейін алғашқы нысандарын тұрақты сақтап қалды. Халықтық музыка, әндер мен билерді шығарып, дәстүрлердің сақтаушылары –Скоморохтар уақыт өткен сайын кәсіби орындаушылықтың негізін қалады.Скоморохтардың өнері өте әртүрлі болды: олар музыкалық аспаптарда ойнады, ән салды, биледі, драмалық көріністерді, акробатикалық нөмерлерді орындады, жануарларды үйретумен айналысты. Скоморох бишілердің биді орындау техникасы жоғары деңгейде дамыды, олар ойдан шығарған сипаттағы тұтас бір би-пляска көріністерін орындайтын. Орыс жерін кезіп жүретін скоморохтардың труппаларында отбасы мүшелер толық енетіндер де аз болмады.
Міне, сондай скоморохтардың ұрпағы Иван Лодыгин 1629 жылы бес үйренушіні «Биге және әртүрлі тамаша-қызыққа» үйретуді бастады. Оны орыс жеріндегі ең алғашқы ресми түрдегі, тарихқа белгілі би үйретуші деп атауға болады.
Көптеген батыс европалық мемлекеттерде халық биі билеуші таптардың ортасына түскенде әдетте толығымен өзгертіліп отырылды, ал Ресейде XVIII ғасырдың басына дейінгі ол өзінің өзіндік төл ерекшеліктерін жоймай, лексикасымен де, орындау мәнерімен де ерекшеленіп тұрды. Орыс халық биінің негізгі жанрларының бірі – күн құдайы Ярилаға табынудан пайда болған орыстың ең ежелгі халық биі – Хоровод. Уақыт өте келе өзінің діни әдет-ғұрыптың маңызын жоғалтқан хоровод орыстың тұрмыстық биіне айналды.Онда оларға қатысушылар арасында әрбір облыста өзіндік ерекшеліктері бар.Ғасырлар бойы шыңдалып өңделген белгілі бір салт-жораларға бағынатын қарым-қатынастар болады. Хоровод кезінде бірігу, достық, жолдастық сияқты сезімдер айқын көрініс табады. Хороводты орындаушыларды тек жалпы қозғалыс, күй-қалып және бір-бірінің қолдарынан ұстап жүру ғана біріктірмейді, оларды хороводты алып жүретін ән де біріктіреді.
Орыс халқының санғасырлық тарихында хоровод қарапайым халықтың күнделікті өмірінде де үлкен маңызы болды. Хоровод кезінде жас жігіттер би барысында бойжеткендердің өздерін ұстау мәнерлер арқылы олардың мінез-қылықтарын анықтап қана қоймай, өздерін өздері көрсете білуге де тырысты. Хороводта жүрген қыздар сылуша тартылып, «тауыс құс сияқты» қалқып жүруі тиіс, секіріп түсіп жүру әдепсіздікке жататын және көрермендер бойжеткендердің хоровод кезіндегі өздерін өздері ұстау мәнерлерін де жіт қадағалап тұрады.
Хороводтар ою-өрнекті және ойындық болып бөлінеді. Ою-өрнекті хороводтар күрделі суреттермен, қайта тұрып орналасумен ерекшеленіп, қатысушылардың кеңістікте өздерінің назарларын шыңдап, бағыт-бағдарларын тез ажырата білуге көмектеседі. Міне, осындай хороводты бастап, жүргізіп алып кету үшін ою-өрнекті хороводтың жүргізушісінің жақсы дамыған ой-қиялы болуы тиіс және хоровод кеңістігінде өзін еркін сезіне білгені жөн. Сондықтан да хороводты бастап жүргізушілерді тек өзінің деревнясында ғана емес, сол сияқты жақын маңдағы елді мекендердің бәрінде де өте жақсы бағалаған.
Ал, енді ойындық хороводтардың ою-өрнекті хороводтардан айырмашылығы – олардың «суреті» неғұрлым қарапайым, бірақ ол орындаушылардан артистік дарынды мәнерлі қозғалысты талап етеді. Көп реттерде хороводтарды еңбек процесі, тұрмыс көрсетіліп, ерлер мен әйелдердің өзара қарым-қатынастары да ойналған. Атап айтқанда, балалардың орыс биімен таныстығы да осы хороводтан басталады.
Лексиканы күрделендіре отырып, өзінің нысандары мен суреттерін жасап, орындаушыларға өздерінің қиялдары үшін кең мүмкіндік беріп, жеке шеберлікті шыңдаған үстіне шыңдай түсіп барып хороводтан би туындайды. Би бірқатар жеке қимыл-элементтерден тұрады, олар өз ретінде орындаудың өзіндік сипат-мәнерімен ерекшеленеді, онда орыстың ұлттық ерекшелігі бар және сол сияқты билеп жүрген адамның да өзіне тән ерекшеліктерін бере алады. Әрбір бидің өзінің жергілікті ерекшеліктеріне сай стилі, орындалу мәнері, өзінің тақырыбы және өзіндік лексикасы болады. Дегенмен де Ресейдің қандайма бір облысын немесе жергілікті жерін алсақ та, би қандайма атаумен аталса да, орындаушылар киімдері әртүрлі болса да – орыс биі, бәрінен бұрын сол орыстың ұлттық сипатын көрсетеді. Би – орыс адамының көңіл айнасы, онда ерлік пен қайсарлық, көңіл-күй кеңдігі, шынайы көңіл және лирика, албырт жалын, көңілділік көрініс табады. Дәлірек айтсақ, осының бәрі кез-келген орыс адамына тән сипат-қасиеттер.
Плясканың бір түрі – переплясты әдетте ерлер орындайды және ол қозғалыс-қимылдардың аса күрделілігімен ерекшеленеді.
Қимыл-қозғалыстарды үнемі күрделендіре түсу-переплястың бір ғана мақсаты емес- асқан шеберлікпен орындау образ қалыптастырады, орындаушының мінез-қылығын айшықтайды, оның батылдығын,күшін, ерлігін көрсетеді. Пляскамен жарысқа түскен жігіттер өздерінің барлық лайықты қасиеттерін, өзімен жарысқа түскен қарсыласынан артықшылығын көрсетуге тырысады. Әзірленбеген адам бұндай би жарысына қатыса алмайды – перепляс тізелер қимылының қағидаларын талап етеді, сол сияқты шыдамдылық жаттығулары мен ұшқыр қиял да аса қажет.
Жұп болып билеуді әдетте қыз бен жігіт немесе жас жұбайлар орындайды. Бұны қос жүректің сыр шертісуі, әңгімесі деуге де болады. Орыстың халық әндерінде жұп болып пляска билеуді көгершіндермен немесе қос үйрекпен теңейді. Барлық жұптасып билеушілер үшін қойылатын ең басты шарт: орындаушылар би арқылы көрермендерге қарым-қатынас тазалығын, адалдық пен өзара сүйіспеншілікті көрсете білулері керек. Би барысында жігіт пен қыз бір-біріне өздерінің сезімдерінің әртүрлі қырларын-ұялшақтықты, еркелікті, ер мінезді, бірін-бірі сыйлау құрметін көрсетеді. Дейтұрғанмен бір-біріне деген өзара ықылас, тіпті жақын қарым-қатынас бола тұрса да жігіт дәстүрі жұптасып билеу ешқашан қызды құшақтамайды, оның қолынан да ұстамайды, ол қыз болса өзінің қолдарын жігіттің иықтарына салмайды. Жұптасып билеу ер адамның әйелге деген қамқорлығын білдіріп жалпыға бірдей мінез-қылық қағидаларын тәрбиелейді.
Өздерінің жанынан шығарып бейнелеп билеу өнерін жас бойжеткен мен әйел билейді.
Бұндай биді билеу үлкен шығармашылық ой-қиялды, артистік шеберлікті және аса нәзік көркемдік талғамды талап етеді. Мысалы, М.Горкийдің «Балалық шақ» кітабында осындай плясканың сипаттамасы бар. Әдетте әйелдің жеке биі ішкі сезімді, уайымды бейнелеп, ол ән арқылы беріледі. Импровизациямен билеген әйел өзінің асыл сезімдерін би арқылы бейнелеп айтып, сөзбен айта алмайтын сезімдерін жеткізеді.
Ер адамдар өздері билеген жеке биде нағыз шеберлікті, күш пен ер жүректіліктің техникасын көрсетеді. Дегенмен де ерлердің жеке биі жалқау немесе аздап ішіп алған адамды бейнелейтін сынақтық сипатта да болуы мүмкін. Мәселен, «Спиря» ежелгі пляскесінде оны орындаушы асқан орындаушылық шеберлікті көрсете отырып, сау адамдарға ішкен адамның қандай бейнеде болатындығын көрсетуге тырысады – бұның өзі бидің тәрбиелік бағытын көрсетеді.
Билеуші тап арасында халық өнеріне қарапайым халыққа қарағанда бұндай маңызды тәрбиелік рөл бөлінген жоқ. Әрбір бай үйде дерлік өздерінің бишілері мен әншілері болды, бірақ халық өнері оларды тек көңіл көтеру ретінде ғана қабылданып отырылды. Дейтұрғанмен қарапайым орыс әйелдерінің тәрбиесінде болған дворян балалары өздерінің бойларына орыстың ұлттық мәдениетін сіңірмей тұра алмады, олар орыс әндерінің әсемділігіне, орыс биінің батыл да сұлу қимылдарына бей-жай қараған жоқ.
Ресейдің XVII ғасырға таман экономикалық, саяси және мәдени дамуының күшейе түсуіне байланысты халықаралық қатынастар кеңейіп, оның шетелдік мемлекеттермен мәдени байланысы өсе түсті. Орыс елшілері, көпестер мен саяхатшылары батыс еуропаның мәдениетімен таныса бастады. Әсіресе балет өнері ерекше ықыласты тудырды. Балет өнері – музыканың, бидің сан түрлі бейнелі қимылдың тілі болды және ол қандайма көрерменге де түсінікті тіл болатын. Сондай-ақ балеттік көріністердің сән-салтанаты да өзіне тартып тұрды. Бұндай көріністер өзінің күш-қуатын арттыра түскен орыс мәдениетінің даңқын арттыра түскендігі сөзсіз еді. Елдің зиялы адамдары театрдың саяси және тәрбиелік ролін де естен шығарған жоқ. Өнер, соның ішінде би өнері зиялы сипат ала бастады. Петр біріншінің билік басына келуімен ресейде көпшілік балдардың бастауы болған ассамблеялар енгізілді, солармен бірге еуропалық тәртіптер мен ақсүйектік қатынастардың жаңа ережелері енгізіліп, оларды патшаның өзі реттеп отырды.
Ассамблеялар орыс ақсүйектерінің қалыптасып қалған салт-дәстүрлерін бұзып, орыс боярларының мызғымас өмірлік қағидалары – үй ішіндегі ерлер мен әйелдердің оқшауланып тұру салттарын қиратты десе де болады.Ассамблеяның енгізілуімен дворяндардың тұрмысына ресей үшін жаңа билер: салтанатты жәй бассданстар және импровизациялық сипаттағы жылдам билер де енді.
Ассамблеядағы Петрдың қыздары Анна мен Елизавета тұрақты түрде келіп тұрды. О.Всеволодская-Голушкевич өзінің зерттеу жұмыстарында атап өткендей Елизавета жұрттың бәрін би билеу дарынымен ғана емес, әртүрлі импровизациялық қабілеттерімен де таң қалдыратын. Елизавета тек ежелгі хороводтық әндерді, пляскілерді, сол сияқты пляскілерде айтылатын әндерді ғана біліп қойған жоқ, ол өзі «шырқаған», яғни өзі шығарған әндердің авторы да болды, ол әндер халық айтатын әндер қатарына енді. Мәселен, Елизавета «Во селе, селе Покровском» әнінің авторы. Елизаветаның билерге деген қабілетін оның көптеген замандастары да атап өтті. Я.Штелин Елизаветаны «асқан, жетік биші» деп атады.
Уақыт талабына бейімделіп, бағынған дворяндар қауымы өздерінің үйлеріне неміс, француз, ағылшындардан би үйретушілерді шақырта бастады.
Людовик XIV-заманындағы сияқты би үйретушінің міндетіне би үйретуден басқа өздерінің оқушыларының тәрбиесі, олардың бойына еуропалық ақсүйектік қарым-қатынас «политесті» сіңіру міндеті де енгізілді.
Би билеу кезіндегі мінез-қылықтың кейбір ережелері «Юности честное зерцало, или Показание к житейскому обхождению» атты 1754 жылы шығарған арнайы басшылықта жазылып, сипатталды. Бұл жаңалықтың орынды да мақсатқа сай екендігін көрген Петр бірінші бал билерін қазыналық оқу орындарына да енгізді, осымен ол бұндай іс-шаралардың мемлекеттік маңызын да көрсетті. Петр біріншінің дәуірінен бастап барлық оқу орындарында, сол сияқты әскери мектептерде би міндетті түрде оқылатын пән болды. Би оқу пәні ретінде әскери училищелерде 1917 жылға дейін жүргізілді және Кеңестік ресейдің алғашқы училищелерінде оқу жоспарларына енді. Оларды алғашқы оқытушылар шетелдіктер болса, кейін оларды орыс тәрбиелеушілері алмастырды. Бал билерін оқытудың әдістемесі туралы 1794 жылы жарық көрген И.Кусковтың «Танцевальный учитель, заключающий в себе правила и основания сего искусства к пользе обоего пола, со многими графированными фигурами и частию музыки» Бұны қазақ тілінде былай деп түсіндіруге болады: «Көптеген кескінді мүсіндер мен музыка бөлігі бар ерге де әйелге де пайдалы осы өнердің ережелері мен пәндерін бойына жинаған би мұғалімі».
Бұл оқулық би билеуді үйретеді, бірақ оның басты міндеті қоғамда өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Оқулық материалдарына қарағанда сол заманның би билеу техникасы алып күрделі және арнайы оқытуды талап етіп болған: дене тұрқыңды, қолдарыңды қоя білу; аяқтардың негізгі позицияларын білу.Автор да Батистағы сияқты менуэтты үйретуге маңыз береді: «...бұл да нағыз игілікті және маңызды, онымен ол нағыз қиын да, сондықтан да оған тек қажеттілікпен, соншалықты дәл билеп, ұзақ уақыт үйрену қажет».
Хореографиялық өнер тарихында ассамблеяның ролінің маңызы сонда, ол үй ішіндегі әйел мен ер адамдардың бөлек-бөлек тұруын жойды, тұрмыстық биді заңдастырды, биге міндетті түрде үйренуге енгізді, сахналық би нысандарының пайда болуына жол ашты.
Ежелден-ақ сауатсыз крестьяндар және ақсүйектер отбасыларының мүшелері де өмірдің белгілі бір сәттерінде ерекше бір қанағатпен би билеп шыға келетін. Бұл ретте олар қандай биді орындамаса-паңданған менуэт немесе денеңді қоздыратын перепляс болсын, бәрібір олар биден асқан қанағат алатын еді. Ал қандайма болсын істі қанағат сезіммен орындайтын болсаң, онда ол адамға айрықша әсер етіп, оның өз күшіне деген сенімін, жігерін шыңдай түседі. Би билеушілер олардың өмірінде бидің қандай рөл атқаратындығы туралы ойламайтын да шығар. Би қоғамға «шығуға» жол ашып, мейлі ол ақсүйек болсын, немесе шаруа болсын, оған дұрыс жол табуға көмектесті.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет