Ізденіс сұрақтары:
1. Интенсивті экономикалық өсудің факторлары қандай?
2. Экономикалық өсудің жанама факторларына не жатады?
3. ҚР үшін өсудің қай типі тән, маңызды?
4. Жұмыс күшіне инвестиция салу бағыттары қандай?
5. Экономикалық өсуді мемлекттік реттеудің қажеттілігі неде?
6. Экономиканы құрылымдық қайта құру ұғымын қалай түсінесіз?
7. Капитал салымдарының тәуекелін қандай шаралар арқылы төмендетуге болады?
Тест тапсырмалары:
1. Интенсивті экономикалық даму - бұл:
A) өндіріс факторларының сандық тұрғыдан артуы, технологиялық базасы тұрақты қалпында қалуы
B) өндіріс факторларының тұрақты қалпында қалып, технологиялық базасын сапалық деңгейін көтеру
C) қосымша жұмысшы күшімен, жерді ұлғайту арқылы
D) қосымша еңбек, капитал ресурстары арқылы ұлғаюын айтады
E) технико-технологиялық базаның сандық деңгейін көтеру
2. Экстенсивті экономикалық даму - бұл:
A) өндіріс факторларының тұрақты қалпында қалып, технологиялық базасының сапалық деңгейін көтеру
B) өндіріс факторларының сандық тұрғыдан артуы, технологиялық базасы тұрақты қалпында қалады
C) жұмысшы күші біліктілігін және жердің құнарлығын арттыру арқылы
D) еңбек, капитал ресурстарын сапалық тұрғыда арттыру
E) технико-технологиялық базаның сапалық деңгейін көтеру
Жаттығу 1. у = A K⁰∙³ L⁰∙⁷ өндірістік функциясы берілген. А параметрі бір жылда 4% өсті. Жұмыспен қамтылғандардың саны сол кезеңде 6%-ға өсті, капитал 3%-ға ұлғайды. Нақты өндіру неше пайызға өсті?
Достарыңызбен бөлісу: |