Салеметсіз бе


Жаттығу 2.ҚР экономикасы өсуінің негізгі мәселелерін тізіп шығыңыз және түсіндірме беріңіз. Жаттығу 3



бет3/3
Дата23.12.2021
өлшемі31,27 Kb.
#128325
1   2   3
Байланысты:
тақырып 3.1

Жаттығу 2.ҚР экономикасы өсуінің негізгі мәселелерін тізіп шығыңыз және түсіндірме беріңіз.

Жаттығу 3.Экономикалық өсу моделдерін тізіп шығыңыз және әрқайсысына сипаттама беріңіз.





Жаттығу 4 .Қазақстандық өсу моделі қандай? Индустриалды–нновациялық бағдарламаның маңызын көрсетіңіз.
Негізгі түсініктер мен терминдер

Жалпы ішкі өнім; Жалпы ұлттық өнім; Жеке табыс; Жиынтық сұраныс; Жиынтық ұсыныс; ЖҰӨ-нің дефляторы; Қолда қалған табыс; Макроэкономика; Таза ұлттық өнім; Тұтыну бағаларының индексі; Ұлттық есеп жүйесі; Ұлттық табыс, Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

Дәріс мәнмәтіні

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

инфляция мен инфляция қарсы саясат;

экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

экономикалық дамудың циклдары;

ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады. Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ баға индексі

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

• жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

• кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпыинвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

• тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

• таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт.

2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.

Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады:

• өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады;

• өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.

• Егер АД<АS, бұл жағдайда:

• өндірісті қысқарту қажет болады;

• өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.

• Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

2 сұрақ. Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

• Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

• Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

• Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

• Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

• қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

• ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

• жұмыс күшінің санының өсуі;

• капиталдың көлемі өсуі.

3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.


Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

• Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

• Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

• Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

• Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

• Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

• Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

• Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

3 сұрақ. Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

3 сұрақ. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

5. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

Шаруашылық белсенділігін ынталандыру

Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.



Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет