Сальмонеллездердің таралуына суда жүзетін құстар жұмыртқасының маңыздылығын ескере отырып, сальмонеллез оқиғалары тіркелген шаруашылықтардан алынған өнімдер сауда торабына жіберілмеу.
Сүт шаруашылықтарындағы шаралар ет шаруашылықтарындағы шараларға ұқсас. Сүтті зарарсыздандырудың негізгі әдісі — пастеризация, оның әр түрлі режимдерін қолдануға болады. Әсіресе пастеризацияланған сүттің ластануы қауіпті. Сүтті сату мен тасымалдауға қатысы бар адамдардан, ыдыстардан және кеміргіштерден жұғуының алдын алу.