Дезинфекция – АІИ оқиғалары бар бөлімдерде: науқастың бөлінділері, төсек жаймалары, ыдыстары, ванналар, күту заттары, әр қолданған соң баланы орайтын стол, еден, жинау инвентары және т.б. зарарсыздандыру. Қорытынды дезинфекция – АІИ жойылған соң немесе науқас ауруханадан шыққаннан соң атқару
Тағам өнеркәсібінің қызметкерлері және соларға теңдес адамдарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу.
Ауруханадан шығару –клиникалық сауығу және бір реттік бактериологиялық тексеруден соң, ал тағам өнеркәсібіндегілерді және оларға теңдестерді емдеу курсы аяқталғанына екі күн өткен соң, нәжісін екі рет бактериологиялық тексергенде, теріс нәтиже болған жағдайда.
Науқаспен жанасқандар оқшауланбайды.
Балалар мен оларды күтуші аналарда АІИ болған жағдайда – жұқпалы аурулар бөлімшесіне (ауруханаға) ауыстыру.
Ауруханаішілік сипатты топтық ауруларда, осы инфекцияның бұрқетпесі болса, науқастарды сол жерде қарау үшін жұқпалы ауруларды қарайтын дәрігерді шақырып, арнайы бөлімше ұйымдастыру. Бұл бөлімшеге бұрқетпелік жағдай басылғанша жаңадан науқастанғандарды қабылдамау.